Мотивациялық қозғаушы | Қонақтармен амандасып алайық, бір –бірімізге жақсы тілек, көңіл күй тілейік. Жарқырап күнде ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз нәзік қыздармыз! Қайырлы күн! Біз ержүрек ұлдармыз! Қазір жылдың қай мезгілі? Аптының қай күні? Қиялдау. Балалар мен сендерге су патшалығынан келдім. Сендер теңізге барып көрдіңдер ме? Суға түскенді, су жағасында болғанды ұнатасыңдар ма? Теңізге балалар кіммен баруымыз керек екеннін білесіңдер ме? Теңізге үлкен адамдар бірге баруымыз керек. Теңіз жағалауын ластамау керек екенін есте ұстайық. Себебі онда біздің көптеген достарымыз тіршілік етеді. Олармен сендер алда кездесетін боларсыңдар. Меніменен бірге су патшалығына саяхатқа барғыларың келе ме? Ендеше саяхатымызды бастайық. Толқындардан өтейік, Толқындарға жетейік. Су түбіне үңіліп, Су әлемін көрейік. Қане балалар бәріміз көзімізді жұмып теңіздің түбінде жүргендей ойлайықшы. Су тап – таза екен. Теңіздің түбінде біз балдырларды көріп тұрмыз, неше түрлі балықтарды көрдік, және теңіз жәндіктерін кездестірдік. Бақылау. Жақсы балалар енді көзімізді ашайық біз су түбінде не бар екен? Балдырларды. Өте дұрыс айтасыңдар, олардың түсі қандай екен? Балдырлардың түсі жасыл екен, балдырдың емдік қасиеті де бар екен. Тағы нені байқадық? Балықтардың бірнеше түрін кездетірдік. Дельфиндер, киттер де бар, олар балалар балықтар емес олар жануарларға жатады екен. Себебі олар балаларын сүтпен қоректендіреді. Біздер балықтың етін жеуді жақсы көреміз бе, балықтан түрлі тағамдар жасауға болады. Олар да су түдінде мекендейді. Тағы да нені кездестірдік? Теңіз жәндіктерін. Теңіз шаянын көрдік. Теңіз шаянын кейбір елдерде балалар тағам ретінде де қолданады екен. Шаян теңізде кері қарай жүзеді екен. Балалар енді су қандай екен соны айтайықшы? Су тап-таза, мөлдір, сұйық, суды балалар қатыруға болады. Ойнайық та ойлайық. Суды ұстайықшы. 1-2-3 Шаян сияқты жүзейікші.1-2-3 Енді балықтар сияқты алға жүзейік. 1-2-3 | Амандасады. Жаз. Бүгін күн – жұма. Иә. Балдырларды. Балықтарды. Теңіз жәндіктерін. Балдырларды. Түсі жасыл. Балдырдың түсі жасыл. Акула, кит. Теңіз шаянын. Су түссіз, мөлдір. |
Іздену – ұйымдастырушы | Құммен ойын: мен сендерді енді су патшалығында ойналатын ойынға шақырамын. Ол «Пішіндер жасау» деп аталады. Менің қолымда теңіз түбінде мекендейтін манағы біз көрген жәндіктердің және балықтардың пішіндері бар. Енді сендер сол пішіндерді құммен толтырып балықтарды, теңіз шаяндарын жасауларың керек. Қане ойынға дайынбыз ба? Пішін, пішін, пішіндер Пішінге құмдар салайық Дайын болшы пішіндер Біз қуанып қалайық! Ой жарайсыңдар, енді балабақшамызға қайтатын уақыт болған сияқты, мына әдемі музыка әуенімен жолға шығайық. Толқындардан өтейік, Толқындарға жетейік. Бақшамызға кешікпей, Уақытында жетейік. Міне балалар көңілді әуенмен балабақшамызға да жеттіп қалдық. Қорыту. Сұрақ – жауап: Сендерге саяхат ұнады ма? Саяхат несімен ұнады? Судың түсі қандай? Балдырдың түсі қандай? Тағы нені кездестірдік? Қандай теңіз жәндіктерін көрдік? Құммен ойнағанда не жасадыңдар? Теңіз жағасында өзімізді қалай ұстауымыз керек? Сонымен балалар біздің бүгінгі су патшалығына саяхатымыз аяқталды. Менімен бірге су патшалығына саяхаттағандарың үшін, рахмет | Иә. Иә. Тап-таза. Жасыл. Дельфин, кит Теңіз шаянын Теңіз жәндіктерін. Теңіз жағасын ластамауымыз керек. |