kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Су – тіршілік к?зі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Балаларды? су туралы т?сініктерін ке?ейту, суды? адам ?міріндегі ма?ызын т?сіндіру. Суды? иіссіз, т?ссіз, д?мсіз екендігін балалар?а зерттеу ар?ылы к?рсету.?Балаларды? с?здік ?орларын, зейіндік ?абілеттерін, ойлау, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.Балаларды суды ?ор?ай білуге, суды  ластамау?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Су – тіршілік к?зі» »

ортаңғы тобында ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: «Су – тіршілік көзі»

Білім беру салалары: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас», «Шығармашылық», «Денсаулық».

Бөлімдері: «Экология негіздері», «Қоршаған ортамен таныстыру», «Тіл дамыту»,

«Көркем әдебиет», «Жапсыру».

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: Балалардың су туралы түсініктерін кеңейту, судың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Судың иіссіз, түссіз, дәмсіз екендігін балаларға зерттеу арқылы көрсету.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың сөздік қорларын, зейіндік қабілеттерін, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Балаларды суды қорғай білуге, суды ластамауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Табиғат бұрышындағы гүлдер, аквариум, бұлақ, сылдырлаған судың дауысы, тұз, құмшекер, түрлі көлемді тастар, қасық, стакан, түрлі түсті қағаз, қылқалам, желім.

Үштілділік компонеттер: Су – вода - water, ауа – воздух, жер – земля.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

1.Ұйымдастыру кезеңі

- Қайырлы таң балалар! Қайырлы таң қонақтар!

- Балалар барлығыңызды шеңберге шақырамын:

Табиғат біздің – Анамыз!

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз!

- Балалар, құлақ салып тыңдаңдаршы бұл ненің дауысы?


- Жарайсыңдар балалар,бұл сылдырлаған судың дауысы. Бүгін балалар, бар тіршілікке нәр беретін, барша тіршілікті жандандыратын тіршілік көзі - су туралы әңгімелейміз. Су орысша –« вода», ағылшын тілінде - «water». (Жылаған дауыс естіледі)

- Балалар, қараңдаршы бізге кім келгенін? Бұл өзен – көлді мекендейтін кішкене бақа «Ква - ква» ғой. Сәлеметсің бе Ква – ква?! Қайырлы таң! Достым сен неге көңілсізсің? Біздің балаларға қарашы біздің балалар көңілді.

«Ква – ква»:

- Сәлем балалар! Здраствуйте ребята! Hello! Балалар сендер көңілдісіңдер, ал менің көңіл көтеретін уақытым жоқ. Мен мекен ететін өзеннің маңындағы бұлақтың көзі тастан бітеліп қалып, біз мекендейтін өзенге су бармай тоқтап қалды, ал менің бауырларыма су өте қажет. Балалар сендер де маған көмектесесіңдер ме?

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешімен өлең жолдарын қайталайды.



Балалар таңдана тыңдайды.

- Бұл сылдырлап аққан судың дауысы.




- Су – вода – water



Балалар таңырқай қарайды.






- Сәлем достым!

- Здраствуй!

- Hello!




- Әрине, біз саған көмектесеміз Ква – ква!


Іздену-ұйымдастырушы

- Иә,балалар, бұлақ баға жетпес құндылық. Бұлақтың көзі бітелсе маңайындағы барлық өзендер мен көлдер құрғап қалады, осыған байланысты халқымызда: «Бұлақ көрсең көзін аш» - деген сөз бар.Әрине, біз балалармен саған көмектесеміз!

«Ква – ква»:

- Рақмет, достарым сендерге,менің бауырларым қуанатын болды. Балалар маған сендермен бірге жүрген қызықты болды, мен бауырларыма барып оларды қуантайын. Сау болыңдар балалар!

- Жарайсыңдар балалар, сендер қайырымды іс жасадыңдар! Сендер тек өсімідіктер мен жануарларға көмектесіп қоймай, адамдарға да көмектестіңдер, адамдар да өзен – көлдердің суын пайдаланады.Судың пайдасының зор екенін келесі аялдамадан да байқаймыз.

Балаларға теледидардан слайд тамашалату.

- Көрдіңдер ме балалар табиғаттағы барша тіршілік сумен жанданады, су арқылы нәр алады.

- Біздің келесі аялдамамыз табиғат бұрышына да келіп жеттік балалар.

- Балалар, табиғат бұрышында бізге су керек пе?

- Балалар, гүлерге тағы не керек?

- Балалар, біздің аквариуміміздегі балықтарымызға да су қажет, олар сусыз тіршілік ете алмайды. Көрдіңдер ме судың біздің күнделікті өмірімізге пайдасы зор екенін.

«Шығармашылық» орталығында

- Балалар, жаңбыр жауғанда жерде су пайда болады, ал сол судан жаңбыр пайда болады (Жоғарыда бұлттың суреті тұрады).

- Балалар жоғарыға қараңдаршы бұлттарымыз көңілсіз тұр екен, бұлттарға көмектесіп, көңілді тамшыларды жапсырайықшы.

- Алдымен ақ парақты тігінен алып, бұлтымызға желім жағып, парақтың ортасына бұлтымызды жапсырамыз, бұлтымызды жаапсырған соң көзін, аузын жапсырамыз, жұмысыздың соңында көңілді тамшыларымызды жоғарыдан төменге қарай жапсырамыз.

Балалардың жұмыстарын қарау, мадақтау.

(Күннің күркіреген дауысы естіледі).

- Балалар, қараңдаршы біздің көнілді бұлттарымыздан ақ жауын жауып жатыр, ой балалар біз жауыннан жауырап қалған сияқтымыз, ауырып қалмау үшін алдын – алу шараларын жасайық! Сергіту сәті.

- Балалар біздің күнделікті өмірімізде су керек пе екен?

- Балалар кім су туралы тақпақтар біледі?

- Балалар сумен ойнағыларың келе ме? Ендеше судың қасиеттерін білу үшін тәжірибе жасап көреміз бе? Ендеше төрт топқа бөлініп жұмыстанайық.

I – топқа «Су – сұйық зат».

Балалардың алдына екі стакан қойып, біреуіне су құйямыз.

- Балалар бұл әрекеттен нені байқаймыз?

- Суды қандай түсті деп ойлайсыңдар?

- Судың түсін біз қазір екінші тәжірибемізден көреміз.

ІІ – топқа «Су түссіз, мөлдір».

Үстелде көк түсті қағаз бен сүт құйюлы стакан, су құйылған ыдыс тұрады.

- Балалар, мына қағазымыз қандай түсті?

- Қараңдаршы, суды біз көк түсті дей аламыз ба?

Мына ыдысымыздағы сүттің түсі қандай?

- Суды ақ түсті деп айтуға болама?

Бұл тәжірибемізден шығатын қорытынды:

- Су түссіз, мөлдір.

- Сендер білесіңдер ме, балалар, судың түсін өзгертуге болады екен, дәлелдеу үшін үшінші топтың балаларын тыңдайық.

ІІІ – топқа «Судың түсін өзгертуге болады».

Үстел үстінде 2 су құйылған, стакандарға зеленка мен марганцовка салып көрсетемін.

- Қарайықшы балалар, қазір мен мына стакандарға сиқырлы крисстал (марганцовканы салу),суымыздың түсі өзгерді ме?

- Ал енді балалар, екінші ыдысымызға зелёнканы құйямыз. Судың түсі өзгерді ме?

- Бұл тәжірибемізден шығатын қорытынды? судың түсі белгілі бір бояғыш қосқанда ғана түсін өзгертеді.

ІY – топқа «Су - дәмсіз».

- Мен сендерге судың дәмін татып көруді ұсынамын.(Балаларға қайнаған су беріледі). Суымыздың дәмі қандай ащы ма әлде тәтті ме?

- Олай болса балалар сендерге кішкене тәжірибе өткізіп көрсетеді. Суға тұз бен қант қосу арқылы тәжірибе жасап көрсетеді.

- Балалар, судың дәмін қараңдаршы суымыздың дәмі өзгерді.Бұдан шығатын қорытынды : суға белгілі дәмдеуіштер қоссақ дәмін өзгертеді.


Балалар бұлақтың айналасын тастан тазалайды.







- Сау бол!

Балалар Ква – квамен қоштасады.











Балалар теледидардан слайд тамашалайды.


- Әрине су керек, су болмаса біздің гүлдеріміз құрғап солып қалады. Гүлдерді жиі сумен суарып, күтім жасауымыз керек.

- Шуақты күннің көзі мен таза ауа.

Балалар аквариумның жанына тоқталады.





Балалар жоғарыға қарайды.


Балалар жұмыстана бастайды.



Балалар өз жұмыстарын тақтаға іледі.


Балалар қимылдармен сауықтыру шараларын жасайды.


- Иә, керек, судың пайдасы зор.

- Біз суды ішеміз, суға шомыламыз, ыдыс – аяқ, ойыншықтар жуамыз.

Балалар су туралы білетін тақпақтарын айтады.

Бейбіт:

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Тазалықтың досы –

«Су» - дегенім осы!

- Иә.

І топ балалары:

- Су – сұйық зат, суды ыдыстан ыдысқа ауыстыры құйюға болады,судың көлемі болмайды.

ІІ – топ балалары:

- Ақ, мөлдір түссіз, көк түсті.


-Көк түсті.


- Жоқ.

- Ақ түсті.

- Болмайды, судың түсі жоқ мөлдір.



ІІІ-топ балалары:

- Иә.


- Иә, өзгерді.





- Судың түсі белгілі бір бояғыштар қосқанда ғана түсін өзгертеді.








ІY-топ балалары:

- Судың дәмі болмайды, су дәмсіз, суға басқа бір зат қосқанда ғана дәмі өзгереді.




Рефлексивті

қорытындылаушы

- Балалар, сендерге сумен ойнаған ұнады ма?

- Келіңдер балалар, шеңберге тұрайық! (Сылдырлаған судың дауысы шығады).

Су:

- Мен бар тіршілікке нәр беретін, тіршілік көзі – сумын. Балалар судың не үшін керек екенін білесіңдер ме?

Су:

- Жарайсыңдар балалар! Сендер кішкентай болсаңдар да барлығын біледі екенсіңдер. Ал сендер білесіңдер ме суды үнемдеу қажеттігін?

Су:

- Естеріңе сақтаңдар, өмір нәрі су, сусыз тіршілік жоқ! Өздерің көзін ашқан таза бұлақтан су ішіп нәр алыңдар.

- Балалар, бүгінгі оқу әрекетімізде не істедік?

- Ква – кваға көмектестік. Суға тәжірибе жасадық, судың дәмсіз, иіссіз, түссіз екендігін білдік.

- Дұрыс айтасыңдар балалар. Күн мейірімін шашса, жаңбыр жерге нәр береді. Жаңбыр арқылы, су арқылы жер бетіне тіршілік тарайды, барша тіршілік сумен жанданады.

- Иә, ұнады.


Балалар шеңберге тұрады.



- Иә,біз суды ішеміз, суға шомыламыз, ыдыс – аяқ, ойыншық жуамыз, су - барша тіршіліктің көзі.

- Иә, білеміз! Суды төкпей – шашпай үнемдеп қолдануымыз қажет.

Балалар бұлақтың суын ішеді.


- Ква – кваға көмектесіп, бұлақтың жағасын қоқыстардан, тастардан тазаладық. Суға тәжірибе жасадық, судың дәмсіз, иіссіз, түссіз екендігін білдік.

- Судың барша тіршілік көзі екенін, су барша тіршілікке нәр беретіндігін білдік.

Күтілетін нәтиже:

Бала білуі керек: Адам өміріндегі судың маңызды орынға ие екендігін біледі;

Баланың игере алуы:Судың иіссіз, түссіз, дәмсіз екендігін зерттеу арқылы игеруі керек;

Бала меңгеруі тиіс: Балаларды суды қорғай білуді, суды ластамауды меңгереді.




Оқу іс-әрекетінен түсірілген фото суреттер


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Су – тіршілік к?зі»

Автор: Рахметова Ару Есжановна

Дата: 30.05.2015

Номер свидетельства: 216465


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства