kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Су-?мірді? н?рі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Таным

Б?лімі: ?орша?ан ортамен танысу

Та?ырыбы: Су-?мірді? н?рі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Су-?мірді? н?рі"»

Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі: Мусулманкулова Т.Қ.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техникалық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Су-өмірдің нәрі

Мақсаты:

  1. Білімділік: су мен оның табиғатта алатын орны туралы түсініктерін қалыптастыру.

  2. Дамытушылық: балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Судың қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

  3. Тәрбиелік: суды ластамауға, үнемдеуге, сонымен қатар, жанашырлық, қамқорлық қасиеттерге баулу.

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау.

Үштұғырлы компонент: су – вода – water, жаңбыр – дождь – rain.

Көрнекіліктер: глобус, слайд, тәжірибеге қажетті ыдыстар, су.

Тәсілдері кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады.

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа бізге дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

Балалар шеңберге тұрады

Ұйымдастыру ізденіс жүргізу














































































Рефлексия-түзету жұмыстары.

Тәрбиеші балаларға бүгінгі сабақ жай сыныпта емес, зертхана сыныбында өтетінін хабарлайды(слайд 1). Сыныпқа хат келгенін хабарлап, оның ішінде жұмбақтар жатқанын айтады. Оқиды:

1.Еш тесікте тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды.(су)

2.Ойдым жерде жатады,

Күн суытса, қатады.

Аспанға да ұшады,

Жерге де сіңіп қатады. (су)

Ағып жатқан судың дауысын естіртедім(слайд 2).

-Не естідіңдер?

-Дұрыс, балалар, бұл ағып жатқан судың дыбысы.

- Судың жер бетінде қоры көп. Олар өзендер, көлдер, теңіздер, тіпті құдықта судың қоры (слайд 3,4).

- Біздің қаламызды екіге бөліп ағып жатқан өзен бар. Ол қалай аталады? Дұрыс, Ертіс өзені үлкен болғандықтан суы мол болып келеді(слайд 5).

Балаларға глобусты көрсету.

-Глобуста көк, көгілдір түспен не белгіленіп тұр? Салыстырып көрейік. Жер көп пе әлде су көп пе?

- Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен, қармен жерге түседі, бұлақ болып өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып, аспанға көтеріледі, жер бетіне жаңбыр болып қайта оралады(слайд 6).

Сөздік жұмысы: су – вода – water,

жаңбыр – дождь – rain.



- Ал, біз су, жаңбыр, тамшы туралы қандай өлең тақпақ білеміз?



- Біздің суымыз жай су емес, ол «сиқырлы су».

Тәжірибелер:

  1. Судың түсі қандай? Бояуларды қосқанда түсі өзгереді –Қорытынды: су түссіз.

  2. Су – мөлдір.Стаканға тас салып көру. Қорытынды: су мөлдір.

  3. Су иіссіз. Орамалдарға су мен әтір себу. Қорытынды: су иіссіз.

  4. Су – дәмсіз. стакандағы суларға қант пен тұз салып дәмін тату. Қорытынды: су- дәмсіз.

  5. Судың тұрақты пішіні жоқ. Әр ыдыстарға құйып көру. Қорытынды: су аққыш.

Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды созайық.

Су ішінде қалықтап,

Кәне жүзіп алайық.

Оңға, солға бір қарап,

Орнымызды табайық

- Су – тіршілік атаулының бастауы. Адам тамақсыз өмір сүре алмаса, сол сияқты сусыз да өмір сүре алмайды(слайд 7).

Суды біз не үшін пайдаланамыз, қай уақытта қолданамыз? (слайд 8)

Қауіпсіздік мектебінің ережелерімен таныстыру:

  1. Өзендерден, жылғалардан ағып жатқан суларды ішуге болмайды.

  2. Суды үнемдеп таза ұстау керек, ластауға болмайды.

Нақыл сөздер:

«Су ішкен құдығыңа түкірме»

«Сусыз – тіршілік жоқ» (слайд 9)



Дидактикалық ойын: «Суды тап»

Шарты: Жыл мезгіліне арналған суреттерден судың қандай күйге айналғанын табу керек (слайд 10).



Қорытындылау

Балаларға қорытындылауды ұсынады,

-Бүгінгі сабақта не істедік?

- Қандай іс-әрекеттер ұнады?

- Сонда бүгінгі сабақ бойы не жайлы айтылды? жауаптарын толықтырады.

Балаларды мақтап, мадақтап белсенділік танытқан балаларға «Ең ақылды» жұлдызшасын беру.

Балалар назарларын тәрбиешіге аударады.





Жасырған жұмбақты ойланып шешуге тырысады.




-Ағып жатқан судың сылдыры



Суреттерге көңіл аударып тәрбиешіні тыңдайды.

-Ертіс өзені. ол Қазақстандағы ең үлкен өзен.


Балар жауап береді:

- глобуста суды көрсеткен.

- Су көп.




Балалар сөздерді хормен және жекелей айтады.


Дарын:

Жау-жау, жаңбыр,

Жау жаңбыр.

Жауған жаңбыр – жауған нұр.

Жердің шаңы басылсын,

Гүлдің аузы ашылсын.


Аяулым:

Жаңбыр жауды себелеп,

Жасырынды көбелек.

Аспан кетті күркіреп,

Бұл не деген керемет.


Еркеназ:

Асау тамшы орғыған,

Алақанға тұрмайды.

Атып тұрып орнынан,

Айдында тулайды.


Досжан:

Мөлдір, мөлдір

Сылдыр су.

Сылдыр суда бетіңді жу.


Балалар тәрбиешімен бірге тәжірибе жасайды.




Қимылдармен сергіту сәтін жасайды.






Сұрақтарға жауап беру барысында өз ойларын білдіріп, мысалдар келтіреді: тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз, бақшаны суғарамыз, жуынамыз, кір жуамыз.

Балалар жекелей тапсырманы орындайды.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Өз пікірлерін айтады.

Қайталап айтып жаттайды.




Ойынға белсенді араласады.




Балалар өз ойларын айтып қорытындылайды. Жұлдызша алғандарына риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар су мен оның табиғатта алатын орны туралы біледі.

Түсініктері бар: судың пайдасы мен қасиеттері туралы түсініктері бар.

Орындай алады: Тәрбиешінің сұрақтарына жауап бере алады. Суды ластамауға, үнемдеуге, сонымен қатар, жанашырлық, қамқорлық жасай алады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Су-?мірді? н?рі"

Автор: Мусулманкулова Тогжан Казбековна

Дата: 11.05.2016

Номер свидетельства: 325628


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства