«Спорт – денсаулық кепілі!» (спорттық сайыс )
Жүргізуші: Армысыздар апайлар, балақайлар! Бүгінгі,,Спорт — денсаулық кепілі" атты сайысымызға қош келдіңіздер! Балалар, денсаулығымыз зор болсын десек, өзіміз сұлу, сымбатты әрі күшті болу үшін әрдайым спортпен дос болу керекпіз. Бүгінгі сайысқа «Гүлдер» және «Сәйгүлік» атты топтар жарысайын деп тұр. Екі топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерден өтеді. Бүгінгі спорттық сайыс 6 кезеңнен тұрады. Жүргізуші: 1-сайыс.Сайысқа қатысатын топтар өздерін таныстыру. «Гүлдер» Қатар өскен құрдасқа Жарыс ұнап тұрмасқа Қуып жету жақсы ғой Озып шығу бір басқа «Сәйгүлік» Ал, кәнеки босқа біздер тұрмайық Күш жеткенше намысты бермей қорғайық Балалармен бір сәтке біздер бірігіп, Бүгін бізде бала болып ойнайық