kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сөйлеуді дамыту:"Жабайы аңдар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл конспект  сөйлеуді  дамыту  оқу  қызметі бойынша ІІ кіші топ балаларына арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сөйлеуді дамыту:"Жабайы аңдар"»

Білім саласы: Қатынас

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»


Мақсаты: жабайы аңдар тақырыбына сай зат есім, сын есімдерді сөйлеу тілінде

қолдануды үйрету. Сөздік қорды толықтыру, грамматикалық тұлғаларды

қалыптастыру. Қимыл – қозғалыс үйлесімділігін музыкамен, сөз тіркестерімен

сәйкестендіре білуді үйрету.

Арт аппарат мүшелерінің қимылдарын, дұрыс тыныс алуды жетілдіру. Зейінін

қалыптастыру, жалпы және ұсақ моторика қимылдарын жетілдіру.

Көрнекі құралдар: лирикалық әуендер, суреттер, үй, шамдар, қоянның

маскалары,сылдырмақтар


Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру. Балалар музыкамен залға келеді.

- Балалар біз бүгін қысқы орманға серуенге барамыз.орманда нелер тұрады?(аңдар)

- Орманда қандай аңдар тұрады? (аю,қоян, түлкі, кірпі, қасқыр)

- Біз қазір аңдардың қалай жүретінін көрсетеміз?

- Аю қорбаңдап жүреді? (Әр аңның қимылына сай музыка ойналады)

- Түлкі сумаңдап жүреді?

- Қоян секіріп жүреді?

- Кірпі жыбырлап жүреді?

Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Онда мен сендерге аю және оның қандай

үй тұрғызғаны жайлы ертегі айтып беремін. Ол үшін бәріміз сиқырлы сөзімізді айтайық.

2. «Бір, екі, үш. Кел ертегі бізге кел».( жай музыка ойналады)

- Бұл ертегіде кім тұрады? (аю)

- Аю қандай? (үлкен, қоңыр,маймақ)

Ал ертегімізді бастаймыз Орман. Қыс. Орман іші қараңғы суық.

3.Тыныс алу жаттығуы. Боран соғып, жел уілдеп тұр.У – у –у.( музыка ойналады)

Қысты қалай өткіземін, не істеймін деп аю көп ойланады.

Ойлап – ойлап өзіне үй жасап алғысы келеді.Үй жасау үшін құрал – саймандар керек.Аю

өзіне керек құралдарды жинай бастайды. Бірақ аю өзіне қандай құралдар керек екенін

білмейді. Оған көмектесеміз бе?

4. Артикуляциялық жаттығулар.«Күрекше», «Ара», «Балта» (суреттер көрсету)

Аю құралдарын алып үй салуға кірісті.

(музыка ойналады)

Балғаны алып қағамын Жұдырықты бір – біріне соғу.

Үйді салып аламын, Екі қол саусақтарының ұштарын бір –біріне тигізіп, төбесіне ұстау

Биік үйді тұрғызып, Тіке қолды жоғары көтеру

Өзім сонда тұрамын. Қолды шапалақтау.

Аю өзіне не тұрғызды?

- Үй қандай?

- Үйдің несі бар?

Үй биік, үлкен. Бірақ үй қараңғы екен, шам жағайық.

5. Тыныс алу жаттығуы «Шамды жағамыз»

6.Аю өзі үйінде тұрып жатты.Үйі жып –жылы, енді ол ормандағы достарын ойлады.

Орман суық достары тоңып далада жүр. Аю достарын үйіне шақырады.(Үйдің

терезесін ашады)

Алдымен үйіне қоянды шақырады.

Қоян тұрды ұйқыдан

Бойын жазды, керілді.

Бетін жуды, мұрнын жуды.

Оң құлағын жуды, сол құлағын жуды

Әдемі көйлегін киді,

Бәтеңкесін киді.

- Аюдың үйінде қай аң тұрады?

- Қоян қандай?

Сосын аю үйіне түлкіні шақырды.Түлкі көңілсіз келе жатты, кенет ол қояндардың иісін

Сезіп қуанып, қояндарды іздей бастайды. Бұл кезде қояндар үй алдында билеп жүрді.

7. Қимылды ән «Сұр көжек»

- Түлкі қандай?

- Құйрығы қандай?

- Түлкі қайтіп жүреді?

- Сәлематсың ба түлкі, сен неге көңілсізсің?

- Сәлематсыңдар ма, мен орманда тоңып қалдым, әрі ойнайтын достарым жоқ.

- Түлкі сен енді ренжіме, одан да қояндармен бірге ойын ойна.

8. Ойын «Қайтала»( фонематикалық есту қабілетін дамытуға.)

Мен сылдырмақпен қандай дыбыс шығарсам, сендер соны қайталайсыңдар.

Түлкі: Мына қояндар өте жақсы ойнайды екен, мен қасқырды шақырып,

келейін,сосын бәріміз бірге тұрамыз.

Енді аю қонаққа кірпі досын шақырды.

9.Саусақ жаттығуы «Кірпі»

Үстінде көп инесі,

Басында бар түймесі,

Жатса доптай домалақ,

Жүре берер домалап.

Аюдың үйінде қандай аңдар тұрады? (қоян, түлкі, кірпі,аю).Аңдар көңілді олар ән

салып, би билейді.

Орманда біз тұрамыз

Би –билеп, ән саламыз.

Жылы үйде бәріміз

Тату – тәтті тұрамыз

Балалар осымен ертегіміз аяқталды. Ертегіде қайда бардық . Орманда нелер тұрады?

Бүгін бәріңде сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сөйлеуді дамыту:"Жабайы аңдар"

Автор: Кондыбаева Лаура Абдигапаровна

Дата: 08.04.2020

Номер свидетельства: 545856


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства