kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сөйлеуді дамыту Ұлы Жеңіс Жасасын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сөйлеуді дамыту Ұлы Жеңіс Жасасын»

46 «Балбұлақ балабақшасы»





Бекітемін:

__________ әдіскер

А.Т.Имангалиева









9 мамыр мерекесіне арналған сабақ жоспары

Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!»

Ересектер тобы



Тәрбиеші: Таменова С.Ж.















Ақтау қаласы-2019ж.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар. Сабақтың барысы: Тәрбиеші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 74 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасында жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында миллион қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанды қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәмбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы. Арылтып жаудан жеріңді, Табанға шаншып өлімді. Жеңіспен желпіп өмірді, Оралды ерлер көңілді. Десеңдер бұл қай күні, Тоғызыншы мамыр күні! -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем. -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Үш ай бар. Айларды атайықшы? -Наурыз,сәуір,мамыр. -Балалар , біздің мемлекетіміздің аты қандай? -Қазақстан. -Қаламыздың аты қандай? - Ақтау -Өте жақсы балалар. -Балалар біз жақында 1-мамыр ынтымақ, бірлік достық күнін тойладық. -Балалар біздің бүгінгі сабағымызда біщдің әрқайсымыздың жадымызда өшпес із қалдырған Ұлы Жеңіс күніне байланысты болады. Жеңіс күні бүкіл бүкіл адамзат аңсаған күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр азаттық күрестің айбынды күні. -Балалар, батыр деп біздер кімдерді айтамыз? -Елін ,жерін қорғайтын адамды. -Дұрыс айтасыздар, батыр деген олар дұшпанға қарсы тұратын елін, жерін қорғайтын батыр ағаларымызды айтамыз. -Ендеше балалар, батырлар елін, жерін немен қалай қорғағандарын білесіңдер ме? -Қару жарақтармен,автомат, пулемет. -Жарайсыңдар. Соғыс кезінде неше түрлі қарулар болған, соның ішінде пулеметті жақсы меңгеріп еліміздіқорғаған батыр ержүрек апаларымыз апаларымыз Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова. -Балалар Отан-жеңіс туралы тақпақтарын айтады. Алихан: Қызарып күн батса да, Ағарып таң атсада, Күзетіп жүр қас қақпай, Шекарада сақшы аға! Айдар: Жауды ықтырар айбаты, Сүйсініңдер қараңдар. Бейбіт өмір солдаты- Ер теңізші ағам бар. Нұржанат: Олар сонау ерлердің Алып берген жеңісі Біз солардың бөбегі, Біз солардың, жемісі. Тәрбиеші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз. Сергіту сәті: Мен қолдарымды созамын Суға сүңгіп аламын Суда жүріп жүземін Оң қолымды бір қағып Сол қолымды бір қағып Қолдарымды қатайтып Мен азамат боламын. Қорытынды: -Балалар бүгінгі сабақат ақадай мәлімет алдыңдар? -Малика: 9 мамыр мерекесі Ұлы Отан соғысы туралы мәлімет алдық. -Қазақтың қандай батыр қыздарын білеміз? Айша: Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова. - Қазақтың қандай батырларын білеміз: Айару: Бауыржан Момышұлы. Тәрбиеші: Әр адамның өмірдегі ең қымбаты-елі, жері, Отаны. Отан-ана. «Отан үшін отқа түссең күймейсің, суға түссең де батпайсың» Отан сенің қорғанышың. Ал біздің Отан-Қазақстан. Қазақстанның жері қаншалықты ұлан-байтақ. Қазақстан-көп ұлтты ел.



















46 «Балбұлақ балабақшасы»





Бекітемін:

__________ әдіскер

А.Т.Имангалиева









7 мамыр мерекесіне арналған сабақ жоспары

Тақырыбы: «Біздің әскер»

Ересектер тобы



Тәрбиеші: Таменова С.Ж.















Ақтау қаласы-2017ж.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мақсаты: Әскер қатарындағылар Отанымызды қорғайтын әскерде танкішілер, ұшқыштар, теңізшілер бар екендігі туралы түсініктерін кеңейту. Әскер қызметі туралы алғашқы түсініктер беру. Жауынгерлер мықты, епті болуы үшін жаттығады, нысананы дәлдеп атуды, қиындықтарды жеңуді үйренеді. Қазақстан Ресрубликасының әскеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу және мықты әрі батыл жауынгерлерге ұқсау, тілегін ояту. Әдіс-тәсілдер: Сурет көрсету, әңгіме, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау. Көрнекі құралдар: Біздің әскер туралы суреттер, отбасылық суреттер. Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері: «Солдат болам мен ертең» Гүлдей жайнап, Күндей жайнап, Мен ержетіп толамын. Әжем айтқан дәу жігіт боп, Ағалардай боламын, Бір, екі, үш... Бойға жинап күш, Шынығамын таңертең. Ағалардай Отанға, Солдат болам мен ертең. Тәрбиеші: Көңілдіріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр-Қазақстан Республикасының Қарулы күштер мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Көқ туым иілмесін, жығылмасын. Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп, Қазағым, сен қашанда тұғырдасың! -Балалар 7 мамыр мерекесі туралы тақпақтарын айтады. Айбат: Отан үшін жанымызды береміз, Отан үшін барлығына көнеміз. Отаның да, ананың да алдында, Осы өмірде парызды өтеп кетеміз. Ердәулет: Сарқылмайтын қуатым, Тірегім сен Отан. Мәңгі соғып тұратын, Жүрегімсің сен Отан. Жанат: Асыр салған таласып, Біз туған ел-баласы. Қандай байтақ-Отаным. Жан-жағыңа қарашы. Сергіту сәті: Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.

Қорытынды: Әр адамның өмірдегі ең қымбаты-елі, жері, Отаны. Отан-ана. «Отан үшін отқа түссең күймейсің, суға түссең де батпайсың» Отан сенің қорғанышың. Ал біздің Отан-Қазақстан. Қазақстанның жері қаншалықты ұлан-байтақ. Қазақстан-көп ұлтты ел.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сөйлеуді дамыту Ұлы Жеңіс Жасасын

Автор: Калдыбай Жадыра Жұмағалиқызы

Дата: 13.01.2020

Номер свидетельства: 535514


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства