kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Си?ырлы пішіндер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: «Таным».

?.О.І.?:  ?арапайым математика

Та?ырыбы: «Си?ырлы пішіндер»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Си?ырлы пішіндер»

Білім беру саласы: «Таным».

Ұ.О.І.Ә: Қарапайым математика

Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді қолдана отырып кезкелген затты құрастыруға үйрету.

Міндеті: Қиял, болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау, таным өнерін сөздік қарым-қатынаспен байланыстыру. Тәрбиелік білімдерін жүйелі түрде көрсете алуға баулу және тапқырлық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Геометриялық пішіндер, үлестірілмелі материалдар, ҚР картасы, 1-ден 5-ке дейінгі сандар.



Іс-әрекет

кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Танымдық

оятушылық:










Ұйымдастыру,

ізденушілік:
































Жұмбақ:






















Сергіту сәті:























Ревлексивті түзетушілік:

Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

Елімізде тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң, балабақша!

Қайырлы таң, апайлар!

Қайырлы таң, достарым!



Осы кезде есік қағылып басқа планетадан келген өзге ғаламшардың адамы келіп кіреді.

-Амансыңдар ма?

-Өзгеғаламшарлық: Жер шарындағы бір мемлекетте ЭКСПО-2017 өтетінін естіп соған қатысуға ниет етіп едек. Бірақ қатысу үшін жүктелген тапсырмаларды орындау барысында қиындықтарға тап болдық және де сол ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі қай елде болатынын біле алмадық. Соған көмектесіңдер

Тәрбиеші: -Ее, онда сіз жақсы келдіңіз. Бүгін біздің топта қарапайым математикадан сиқырлы пішіндермен заттар құрастырғалы жатырмыз.

Өзгеғаламшарлық: -Онда менің сендерге қоятын шартым бар. Сендер ЭКСПО көрмесі өтетін орынды табу үшін мына сандықшадағы тапсырмаларды орындауларың керек.

-Тапсырманы орындаймыз ба?

-Онда біз қазір сиқырлы математикалық әлемге барамыз. Ол үшін үш топқа бөлінеміз. Қызыл төс белгі таққандар қызыл пішінге, көктер білгі көк пішінге, сары белгі таққандар сары пішінге орналастыру. Тапсырманы дұрыс орындаған топқа ұпай саны беріледі. Сабақтың соңында көп ұпай жинаған топқа мақтау қағазы және сыйлықтар беріледі. –Қане, балалар пішіндерді есімізге түсірейік.



  • Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,

Менің атым ... .... .... .

  • Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,

Бірден білер құлақ асқан сөзіме.

  • Теледидар таныс екен баршаға,

Ал пішіні ұқсайды ғой ... ... ... .

-Пішіндерге байланысты кім тақпақтар біледі?

Тапсырма орындау:

1-тапсырма: Бос тұрған торкөзге тиісті пішінді дұрыс қойсаңдар мына ғажайып картаның бір ұяшығы ашылады.

2-тапсырма: Мына үлкен үш шеңбердің біріншісінде аю, екіншісінде қоян, үшіншісінде кірпі тұрады.

  • Аю сопақша затты ұнатады;

  • Қоян үшбұрышқа ұқсас затты ұнатады;

  • Ал, кірпі болса, домалақ заттарды ұнатады:

Қолды жоғары көтеріп «бір» дейік,

Көп отырып қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық басты бұрдық «екі» деп,

Әрбір бала қозғалыспен жетіледі.

Аяқ артта, басты бұрып «үш» дедік,

Тағы басқа жаттығулар үстедік.

-Ал, балалар картаның екі ұяшығы ашылды, енді қалған екі ұяшық қалды.

-Үшінші ұяшықтағы тапсырма мынадай:

3-тапсырма: «Кім жылдам» геометриялық пішіндерден заттарды құрастыру.

-Ал енді ақырғы ұяшық қалды.

4-тапсырма: «Қатесін тап» ойыны.

Таңбаға сәйкес заттарды санмен орнына қоямыз.

-Біз балалар барлық тапсырманы дұрыс орындадық, ұяшықтың бәрі ашылды.

-Балалар мынау таныс мемлекет қой. Бұл қай жердің картасы?







-Елбасымыз кім?

-Отан туралы кім тақпақ біледі?

Жеңімпаз топтың алғырлығын бағалап, алғыс хат тапсыру.

Өзгеғаламшарлық: -Жақсы балалар мен енді экспокөрмесі өтетін мемлекетті таптым. Енді қайтайын көрмеге дайындалайын.

-Балалар апайларға рахмет айтайық.

Жақсылыққы құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүрекпен

Бізді жақтап отырған

Апайларға мың алғыс.







Шеңберге тұрып қайталап айтайық.












Балалар амандасады.


















Иә,орындаймыз

Үш топқа бөлініп орындарына отырады.








Дөңгелек



Үшбұрыш


Шаршы

Балалар тақпақ айтады.


Балалар бос торкөзді толтырады.

Тақтаға әр топтан 2баладан шығып тапсырманы орындайды.











Балалар тапсырманы орындайды


Мынау біздің еліміз Қазақстан Республикасы.


Нұрсұлтан Назарбаев







Жақсылыққы құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүрекпен

Бізді жақтап отырған

Апайларға мың алғыс.




Күтілетін нәтиже:

Балалар геометриялық пішіндерді ажырата алады, түстерін біледі, геометриялық пішіндерден әртүрлі бейнені құрастыруды үйренді.

Тапсырмаларды дұрыс орындауды, топ болып жұмыс жасауды меңгереді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Си?ырлы пішіндер

Автор: Зиядина Жа?ылг?л ?алиас?аровна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327214


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства