kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Си?ырлы г?лдер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балалар?а ?орша?ан орта туралы ж?не г?лдер мен оларды? т?рлері туралы білім беру.Г?лдерді? атауларын, сырт келбетін, жеке б?лшек атауларын д?рыс айтуын, оларды баптап, к?ту ережелерімен таныстыру. ?сінді отыр?ызу жолын к?рсету.?орша?ан орта?а жанашырлы?пен ?арау?а,г?лдерді ж?лмау?а,оларды ?рдайым суарып т?ру?а, таби?атты аялау?а, с?юге ?йрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Си?ырлы г?лдер"»

Тәрбиеші: Черкасова Гульмира Муратовна

Күні:

Тобы: «Қуырмаш»ІІ кіші топ. Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Сиқырлы гүлдер.

Мақсаты: Балаларға қоршаған орта туралы және гүлдер мен олардың түрлері туралы білім беру.Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын, оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсету.Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға,гүлдерді жұлмауға,оларды әрдайым суарып тұруға, табиғатты аялауға, сүюге үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Гүлдер туралы тақпақтар жаттау.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Дала гүлдері мен бөлме гүлдерінің суреттері,үнтаспа,

Сөздік жұмыс:

Әдіс тәсілдері:Жұмбақ жасыру,әңгімелеу,түсіндіру, көрсету,практикалық жұмыс, сергіту сәті, дидактикалық ойын,сұрақ-жауап.

Қостілділік компонент:Көктем-весна,гүлдер-цветы.

Іс-әрекет кезеңі  

Тәрбиешінің әрекеті  

Балалардың әрекеті

Себепті қызығушы-лығын ояту кезеңі

Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.


Үнтаспа тыңдату.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Аттарың атайықшы.

-Балалар көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Көктемде күн жылынады,қар ериді,құстар ұшып келеді,шөптер шығады,ағаштар бүршік жарады,гүлдер өсіп шығады.

Шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын қайталайды.



Үнтаспаны тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Іздену ұйымдастыру-шы


-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын,ал сендер жауабын табыңдар.

Жұмбақ жасыру.

Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң сәні бұзылады.

Бұл не?
-Дұрыс таптыңдар.

-Балалар,гүлдер дала гүлдері мен бөлме гүлдері болып бөлінеді.

-Дала гүлдері олар дала да,орманда өседі,ал бөлме гүлдері олар бөлмеде өседі.

Слайд дала гүлдері мен бөлме гүлдері.

- Балалар өсімдіктер бізге не үшін керек?

-Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек.

-Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері болады.

-Ендеше, бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз.

Слайд бөлме гүлдері.

- Енді балалар,мына экранға назарымызды аударайық, міне, мынау фикус гүлі.Оның жапырақтары үлкен,түсі жасыл болады.Ал мынау, алоэ өсімдігі,оның жапырақтарының түсі де жасыл болады.Жапырақтары тікенді болып келеді, бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэның емдік қасиеті бар, дәрі-дәрмек. Егерде, жүгіріп бара жатып, жарақат алған жағдайда осы алоэ кескінін кесіп алып, жарақат алған жерге тигізіп бір-аз уақыт ұстап тұрсақ жазылады екен.

-Ал мынау қазтамақ гүлі. Гүлінің түсі қызыл, хош иісті болып келеді екен. Міне, өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен. Енді, гүлдің сырт келбетімен танысайық. Тамыры – сабағы – жапырағы.

-Балалар гүлдердің аттарын қайталап айтайықшы.

Балалар, ендеше осы айтып отырған гүлдеріміз біздің бөлмемізде бар ма? Мұқият қарайықшы, кім көріп тұр?

Ғажайып сәт:Осы мезетте Карлсон ұшып келеді. Үнтаспаға жазылған ұшақ дыбысы жіберіледі.
Карлсон: Сәлеметсіздерме, балалар. Үйіме, үйдің шатырына ұшып бара жатып(қолмен жоғары жаққа көрсетеді), сендердің терезелеріңнен өте әдемі бөлме өсімдіктерін көріп, жақынырақ көруге келдім. Мен де үйіме гүл өсіргім келеді, бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін.

- Карлсон, сен мұңайма. Балалармен бірге отырып көріп,үйренуіңе болады.
-Балалар әуелі Карлсонға гүл туралы тақпақтарымызды айтып берейікші.


Айсезім:Қызыл – жасыл гүл егіп,
Баптап, күттік, түрлеттік,
Қалмасын деп қуарып,
Апта сайын суардық.


Алида:Арасында гүлдің,
Ойнап бүгін жүрдім
Қызыл, көкшіл, сары
Әп- әдемі бәрі.
Қарақат:Үйде тұрып өсетін,
Әкеп гүлдің көшетін
Топырақты салдым да,
Отырғыздым қалбырға.


Қостілділік компонент:Көктем-весна,гүлдер-цветы.


Карлсон: Жарайсыңдар балалар.

-Енді орындарымыздан тұрып денемізді сергітіп алайықшы.

Карлсон: Балалар, мен сендермен бір денемді сергітіп алғым келіп тұр.

-Балалар, бір сәт біз де гүл болып жайқалып тербелейікші.

Сергіту сәті

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғалып


-Енді Карлсонға өсінді отырғызу жолын көрсетейік. Балалар, жақсы көріну үшін қасыма, үстелге жақынырақ тұрыңдар.


Практикалық әрекет: Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет. Ыдысты алып, ішіне жай даладағы топырақ емес, құнарлы топырақ саламыз, жақсы өсу үшін. Содан соң, топырақ ортасына құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғызамыз (тамырын көрсету).

-Балалар, гүл отырғызып, тек осылай қоямыз ба екен?
- Дұрыс айтасың, балалар егерде біз тамақ ішпесек не болады екен бізге?
-Әлсізденеміз, ауырып қаламыз екен. Ал, егерде тамак ішсек, күшіміз көп болады, бойымыз өседі. -Сол сияқты өсімдіктер адам сияқты тамақ ішпесе, ауырып қалады. Су құйып, күтіп,баптап тұру қажет екен.


Күту ережелері:
-Гүлдердің жапырақтарының шаңын сулы мақтамен сүрту керек.
-Жапырақтары ұсақ өсімдіктерді су шашатын ыдыспен бүркеп-шашып жуамыз.

-Суды жапырақтарына тигізбей топырағына құямыз.

-Жарайсыңдар, бәрін көріп, ұғып алған екенсіңдер.

Карлсон-Балалар мен сендерге бір қызық ойын алып келдім.Ойнағыларың келе ме?

Дидактикалық ойын: «Гүлдер құрастыр»

Ойын шарты:Жерде шашылған гүлдер күлтешелерін түстеріне байланысты гүлдер құрастыру керек.



Жұмбақтың шешуін табады.





Тәрбиешіні тыңдап отырады.







Гүлдермен танысады.






Экранға назар аударады.











Гүлдердің аттарын қайталап айтады.

Бөлмедегі өсімдіктерді тауып көрсетеді.


Карлсонға назар аударады.













Тақпақтарын айтады.













Көктем-весна,гүлдер-цветы-деп қайталап айтады.











Сергіту жаттығуын орындайды.









Тәрбиешіге көмектеседі.



Даян:-Жоқ, гүлге су құю керек.


Рашида:-Ауырып қаламыз.








Гүлдердің шаңдарын сүртеді,оларға су құяды.






Гүлдерді құрастырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?

-Гүлдің сырт келбеті қандай?

-Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?
- Балалар, жаңағы отырғызған гүлімізді Карлсонға сыйлайық. Келісесіңдерме?
Карлсон: -Рахмет, балалар, сендер әдепті, білімді екенсіңдер. Бөлме өсімдік туралы көп мағлұмат алдым, енді менде гүлдерімді күтіп, баптап тұрамын. Сауболыңдар!!! (ұшыпкетеді).




-фикус,алоэ,

қазтамақпен таныстық.

-Тамыры,сабағы, жапырағы, гүлі болады.
-Бізге қуаныш сыйлайды. Дәрі – дәрмек. Бөлменің ауасын тазартады.—
-Ия.

-Сауболыңыз!!!


Күтілетін нәтиже :

Нені білуі керек:Табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы.

Нені игерді:Бөлме өсімдіктерін күте білу дағдыларын іс жүзінде.

Нені біледі: Қоршаған орта туралы және гүлдер мен олардың түрлері туралы.














«Бекітемін»

МКҚҚ «Алтын ұя»бөбекжайының

әдіскері______________



Тақырыбы:



«Сиқырлы гүлдер»

(Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті )





















































Өткізген: «Қуырмаш» ІІ кіші топ

тәрбиешісі Черкасова Г.М.




2016 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Си?ырлы г?лдер"

Автор: Черкасова Гульмира Муратовна

Дата: 17.04.2016

Номер свидетельства: 319633


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства