Дәлелдеу -ояту | Шаттық шеңбері Балалар шеңбер бойымен тұрады. Қане балалар бір бірімізбен амандасып алайық. Сендердің алдарында «көңіл күйдің бет бейнесі» жатыр,қолдарына алып ,өздерінің қандай көңіл күймен бастайтындарын бір біріне көрсетіңдер. | Балалар бір біріне жылы көңіл күймен күліп тұрған бет бейнені көрсетіп,болайықшы жақсы дос деп бір бірімен құшақтасады. |
Ұйымдастыру- іздену | Балалар бүгін біздер математика сабағымыз қызықты өту үшін сайыс ұйымдастырамыз.Ол үшін екі командыға бөлінеміз Бірінші тапсырма: «Ғажайып пішіндер»туры Сендерге құрастыратын бейнелеріңді жұмбақ түрінде айтамын. Шелек қалпақ басында Сәбіз екен танауы Қыста қардан туатын, Тауып көрші сен оны. Екінші тапсырма: «Ойылшылдар»туры. «Ғажайып пішіндер».Геометриялық пішіндерден әртүрлі пішіндерді құрастыру. Үшінші тапсырма: «Білгіштер»туры. Геометриялық пішіндер карточкіде қалай орналасқан солай қойып шығу керек. Төртінші тапсырма: «Ойла да ойна» туры Сиқырлы нүктелерді қосу арқылы геометриялық пішінді көруге болады. Сергіту сәті: Бойынды сергек тік ұста, Емін еркін тыныста Деміңді ішке тез ал да. Сол қолынды соз алға Қол ұшына қара да, Ұшбұрыш сыз ауада Оң қол да бос тұрмасын, Шеңбер сызып зырласын. Бесінші тапсырма: «Жүйріктер» туры Жаңа технологя бойынша балалар компьютірден көрген пішіндердің қандай геометриялық пішін және түсін айту керек. Алтыншы тапсырма: «Көңілді пішіндер» туры. 1Балық қандай пішіндерден құрастырылған? 2Машина қандай пішіндерден құрастырылған? Жетінші тапсырма: «Шапшандар»туры Алдарына әртүрлі пішіндер беріледі,осы пішіндерді бөліп салу керек. | Бірінші команда: «Алғырлар» тобы,екінші команда «Тапқырлар»тобы. Балалардың жауабы:қар адам дөнгелек, ұшбұрыш,тіктөртбұрыштарды пайдаланып қар адамды құрастырады. Балалар күнді ( дөңгелек, сопақша),үй (Төртбұрыш,үшбұрыш).шырша,гүл,ұя т.б пішіндерді құрастырады. Балалар алдарындағы карточкіге қарап дәл сол бойынша әртүрлі пішіндерді қойып шығады. Әр балаға алдында ақ бетте орналасқан нүктелер беріледі,сол нүктелерді қарандашпен қосу арқылы әртүрлі пішіндерді көруге болады. Балалар сергіту жаттығуын жасайды. Қолмен ауада сызу арқылы жаттығу жасайды Ұшбұрыш қызыл түсті,сопақша сары түсті,тіктөртбұрыш көк түсті т.б Балық (сопақша,дөнгелек,ұшбұрыш),машина (тіктөртбұрыш,дөнгелек,төртбұрыш). Балалар төртбұрышты,үшбұрышты,дөңгелекті, Сопақшаны әр қорапшаға бөлек салады. |