Т?рбиеші: Балалар ?демі к??іл-к?ймен ?она?тармен амандасып алды?. Енді мені? ж?мба?ымды шешеіп к?рі?дерші.
Ж?мба?:Аяз ?ысып, ?рнек сызып.
Терезені торлайды
?ар?а омбы?ып, бет домбы?ып,
Балдыр?андар ойнайды.
Б?бектерім, айты?даршы,
Б?л ?ай кезде болады?
(?ыс)
Балалар: ?ыс
Т?рбиеші: Д?рыс, ал ?ыста ?андай ?згерістер болады?
(Балаларды? жауаптары.)
Т?рбиеші: Б?гін балалар с?рсенбіні? с?тті к?ні, аптаны? ?шінші к?ні.
Балалар, бізге кона? келе жатыр?ан сия?ты, ол кім екен?
(ішке ?уенмен математика ханшайымы келеді)
Математика ханшайымы: С?леметсіздер ме, балалар?
Мен сендерге ??р ?ол келгенім жо?, си?ырлы санды?шамды ала келдім. Оны? ішінде сіздерге арнал?ан сый бар, ал оны алу ?шін бірнеше тапсырмалар орындауымыз керек. Дайынбыз ба?
Балалар: И?
1- тапсырма: 1- ден, 3-ке дейін санау, салыстыру.
«к?п», «аз»
1-доп, 2-аю, 3-алма ?алташы??а 2 с?бізді, 3- са?ырау??ла?ты салу
Просмотр содержимого документа
««Си?ырлы ?орапша тапсырмалары» »
Наурзалина Нұрсұлу Касымқызы
№ 26 «Үміт» балабақшасының
тәрбиешісі
Кіші топқа арналған « Математика» сабағы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу әрекеті: Математика
Тақырыбы: «Сиқырлы қорапша тапсырмалары»
Сабақтың мақсаты: Балаларға санауды, геометриялық пішіндермен таныстыру,
үйрету. Түстері мен оның айырмашылығын табуға
дағдыландыру, ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың әдісі: көрсету, санату
Сабақтың көрнекілігі: сандар, геометриялық пішіндер, әр түрлі көрнекіліктер, сиқырлы қорапша.
«Шаттық шеңбері»
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Тәрбиеші: Балалар әдемі көңіл-күймен қонақтармен амандасып алдық. Енді менің жұмбағымды шешеіп көріңдерші.
Жұмбақ: Аяз қысып, өрнек сызып.
Терезені торлайды
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
(қыс)
Балалар: Қыс
Тәрбиеші: Дұрыс, ал қыста қандай өзгерістер болады?
(Балалардың жауаптары.)
Тәрбиеші: Бүгін балалар сәрсенбінің сәтті күні, аптаның үшінші күні.
Балалар, бізге конақ келе жатырған сияқты, ол кім екен?
(ішке әуенмен математика ханшайымы келеді)
Математика ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар?
Мен сендерге құр қол келгенім жоқ, сиқырлы сандықшамды ала келдім. Оның ішінде сіздерге арналған сый бар, ал оны алу үшін бірнеше тапсырмалар орындауымыз керек. Дайынбыз ба?
Балалар: Иә
1- тапсырма: 1- ден, 3-ке дейін санау, салыстыру.
«көп», «аз»
1-доп, 2-аю, 3-алма Қалташыққа 2 сәбізді, 3- саңырауқұлақты салу
Тақпақтар: 1- саны.
Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрмын.
2- саны.
Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым.
Бірді-бірге қосқанда,
Мен шығармын шырағым.
3- саны.
Екіден соң әрқашан,
Үш саны мен тұрамын.
Орныма мен барамын
Үш ойыншық саламын.
2 тапсырма: «Геометриялық пішіндер».
Ойыншықтар арқылы сұрау. Қандай геометриялық пішінге ұқсайды: доп- дөңгелек, үшбұрыш- үйдің шатыры, төртбұрыш-кубиктер.
( аттарын, түсін сұрау)
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам құрастырады?»
үй шырша Күн
3- тапсырма:
Биік- аласа, ұзын- қысқа ұғымдарын қайталау.
Ағаштарды биігіне байланысты салыстыру. Ортаға екі баланы шақырып, бойларын салыстыру. Екі түсті лентамен ұзын-қысқаны айыру.
Тәрбиеші: Балалар, біз сиқырлы қорапшаның барлық тапсырмасын дұрыс орындадық.
-Еске түсірейікші, сіздерге қай тапсырманы орындаған ұнайды?
(Балалар жауаптары)
Математика ханшайымы: Рахмет сіздерге балалар, барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар. Ал мынау сіздерге сыйлығым. Тәттілер мен жұлдызшаларды таратып береді.
Сергіту: «Жүректен- жүрекке»
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.
Наурзалина Нұрсұлу Касымқызы
№ 26 «Үміт» балабақшасының
тәрбиешісі
Кіші топқа арналған «Тіл дамыту» сабағы
Тақырыбы: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»
Мақсаты: Балаларға ертегіні мазмұндап беру.
Ертегіні зейін қойып тыңдауға үйрету.
Ертегі арқылы тіл байлықтарын дамыту.
Жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ертегіге қажетті декорациялар, ертегі кейіпкерлері.
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері.
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу-өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла
Біз қандаймыз? ( тәрбиеші)
Біз күштіміз! (балалар)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
-Бүгін аптаның нешінші күні, қалай аталады?
-Жылдың қай мезгілі?
-Кай ай?
-Көктем туралы кім тақпақ біледі?
Аружан: Көктем күні күркіреп.
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
( Осы кезде әдемі әуен ойнап, ішке ертегі ханшайымы кіреді)
ІІ. Негізгі бөлім.
Ертегі ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ертегі ханшайымымын сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
-Иә
-Олай болса , мен сендерді сиқырлы кілемшемен ертегілер еліне апарамын.
( Балалар сиқырлы кілемшеге отырып ертегілер еліне саяхатқа шығады.)
Ханшайым: Балалар, біздің алдымыздан көп нәрселер жолығады, олардың бізге көп тапсырмалары бар, ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ:
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды.
(күн)
Күннің тапсырмасы:
Ертегілер нешеге бөлінеді?
Қиял-ғажайып, салт-дәстүр, жануарлар туралы ертегілер т.б
Кейіпкерлер мінездеме беріңдер?
Жағымды кейіпкерлер, жағымсыз кейіпкерлер.
Аспанға жайып қойған,
Ақ мақтам ғайып болған.
( бұлт)
Бұлттың тапсырмалары:
Ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақ білесіңдер ме?
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған
(мысық)
Кезікті бір жануар,
Арқасында тауы бар.
(түйе)
Құйрығы жерге тимейді,
Жотасы күнге күймейді
(балық)
4.Далада жүр шапқылап,
Керемет тыс сақ құлақ
Тек есектен басқа да,
Оған ұқсас жоқ құлақ
(қоян)
5.Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай
(әтеш)
6. Екі айыр құйрығы,
Киек мұртты қанаты
Ұшқырлардың жүйрігі
(Қарлығаш)
Ханшайым: Рахмет балалар! Біз ертегілер еліне келдік. Шаршаған боларсыңдар, бойымызды бір сергітіп алайық.
-Дұрыс. «Отбасы» . Біз бүгін бәрімізге қымбат сүйікті отбасымыз туралы әңгімелейміз.
Отбасы деген сөзді қалай түсінеміз?
Отбасын неліктен жақсы көреміз? (балалардың жауаптары)
(Осы кезде ішке қолында сиқырлы қорапшасы бар қыз бала кіреді.)
Қыз: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сіздердің отбасыларың мен жақындарың менен сиқырлы қорапша беріп жіберді, соны алып келдім.
Тәрбиеші: Рахмет саған көп-көп. Қазір біз ашып көреміз, бізге не беріп жіберді екен.
Ең алдымен сендердің жақындарың керемет сыйлық беріп жіберіпті. Соны тыңдап көрейік. (Үнтаспаға немесе қағазға жазылған отбасы мүшелерінің еркелетіп айтылған сөздері оқылады.)
Тәрбиеші: Тамаша балалар! Атамыз бен әжеміз, әкеміз бен анамыз бізді жылы сөздермен еркелетеді. Кейде тіпті атымызды да еркелетіп, айтып жатады.
Өлең оқу: «Кім ойлап тапқан?»
Сөздерді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды,
Кімнің ойлап тапқанын.
«Күнім», «Жаным» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді
«Ботақаным» дегенді
«Қошақаным» дегенді
«Айналайын» дегенді
«Толғанайын» дегенді
Ойлап тапқан аналар.
«Ойын». Балалар дөңгеленіп тұрады, тәрбиеші допты лақтыру арқылы оларға кезек-кезек сұрақ қояды.
Отбасы мүшелерін ата?
Сен отбасында кімді жақсы көресің?
Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?
Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?
Отбасыңда кімге сыйлық сыйлағың келеді? т.б.
(Балалар отырады.)
Тәрбиеші: Ата мен әке – ер адамдар, аға мен іні ұл балалар. ана мен әже -әйел адамдар, әпке мен сіңлі қыз балалар. Отбасында барлығы бір-біріне көмектеседі, қамқор болады.
Әңгімелесу.
Тақпақтар:
Ата-анамнан басталар,
Әжемнен қосталар,
Отбасым мыналар
Ең жақын адам бпр
Әкем мен анам бар
Бір туған ағам бар
Бір туған апам бар,
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін еремін.
Әкемізге еркелеп,
Анамызды тыңдаймыз.
Әжем айтар ертек көп,
Атамызды сыйлаймыз.
Елге мәлім атағы,
Белуардан сақалы.
Таусылмайтын өлеңі,
Хикаясы, мақалы.
Атам менің тың әлі,
Аңға жиі шығады.
Іше ғой! Жей ғой! Тоя ғой !
Жылама көкем қоя ғой
Тойлардан сарқыт тасыған,
Шықпайсың әже қасынан
Дастархан болып жайылған
Әжеңдей кім бар мейірбан?!
Өзіңдей жақсы көретін,
Аямай барын беретін.
Жан ағаң сенің қамқоршың,
Үлгісің өзің теретін.
Үйрене берсең ағадан,
Дегейсің ғой «Бәрін таба алам!»
Мен ініммен татумын,
Еркелеймін ағама.
Бірге туған жақынмын,
Қыл өтпейді арадан.
Бар әкеміз- тәтеміз,
Еркелеткен кішіні.
Болса жаңсақ қатеміз,
Кешіреді түсініп.
Әр бала өзінің отбасымен түскен суреттерін әңгімелеп береді.
Сергіту сәті.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң-тозаңды қуамын.
Мақал- мәтел.
Атадан-өсиет,
Анадан – қасиет.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Бала бауыр етің.
Отбасыңа өрт салма,
Өзегіңе дерт салма.
Әке- асқар тау,
Ана-ағып жатқан бұлақ,
Бала -жағасындағы құрақ.
Әкесіз бала- панасыз,
Құлыпсыз есік панасыз.
Күннен жылу тарайды,
Анадан мейірім тарайды.
Тәрбиеші тақтаға күнді іліп оның шуағына балалардың айтқан жылы сөздерін ілу.