Просмотр содержимого документа
«Шы?армашылы? саласы, Жапсыру о?у іс-?рекеті, Тыш?ан іні»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:Жардемова Ж.С.
Тақырыбы:Тышқан іні.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Жапсыру.
Мақсаты: Жәндіктер туралы білімдерін нақтылау, тышқанның мекені туралы түсінік беру, тышқанның дене бөлшектерімен таныстыру, жапсыру реттілігін қалыптастыру, жапсыруды талғаммен орындай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Жәндіктер туралы түсінік беру.
Балалар, кәне бәріміз шаттық шеңберге тұрып, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Туған жерді аялап,
Жүрейікші жараса.
Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңберін тәрбиешінің көмегімен іс-қимылмен көрсетіп жасайды.
Ұйымдас-
тырушы-
лық
ізденіс
кезеңі
Балалар, тыңдаңдаршы, ненің даусы?
- Балалар, мысық не істегенді жақсы көреді?
- Мысық ыстық пештің түбінде жатқанды ұнатады, тышқан аулағанды ұнатады.
Сөздік жұмыс:
Тышқан іні.
- Балалар, орманда жүрген тышқанды жапсырғыларың үйренгілерің келе ме?
- Ендеше бірінші тышқанның денесін жапсырамыз.
- Денесін жапсырып болған соң құлағын жапсырамыз. Балалар, тышқанның құлағы үлкен бе, әлде кішкентай ма?
- Содан соң құйрығын жапсырамыз. Құйрығын қараңдаршы ұзын екен. Балалар, Сендер тышқанның қайда мекен ететінін білесіңдер ме? Тышқанның іні болады. Тышқан інді жерден қазып, өзіне үйшік етіп жасайды. Біз де тышқанға ін жасап берейік. Іннің аузын дөңгелектеп жапсырамыз.
Көптілділік компонент:
Тышқан-мышъ-mouse
Ін-нора- nora
Мысық-кошка-cat.
Сергіту сәті.
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан»
Балалар дауысты тыңдайды, «мысықтың даусы» және «тышқанның» деп жауап береді.
Пырылдап ұйықтағанды жақсы көреді.
Қайталайды:
Тышқан іні.
Иә.
Кішкентай.
Қайталайды:
Тышқан-мышъ- mouse.
Ін-нора- nora.
Мысық-кошка-cat.
Балалар сергіту сәтін іс- қимыл арқылы көрсетеді.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Іс-әрекетті
бақылау кезеңі
Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс- әрекеті ұнады ма?
Қандай әсер алдыңдар?
Тышқан қайда мекендейді екен?
Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер тышқанды әдемі жапсырған екенсіңдер.
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын мақтап мадақтап қортындылаймын.
Иә, ұнады.
Жақсы.
Өзі қазған інінде.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Кеңістікті бағдарлай отырып жапсыруды;
Қандай түсініктерді игерді:Мысық пен тышқанның қасиеттерін;