Білім беру бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» орыс халық ертегісіМақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелеріне сәйкес баға беруге үйрету. Балаларды ертегінің мазмұны мен ертегі кейіпкерлеінің жан құбылысын сезінуге сұрақтарға жауап беруге үйрету, білімдерінкеңейту, ертегі кейіпкерлерінің мәнеріне келтіріп ойлау қабілеттерін дамыту. Достыққа мейірімділікке тәрбиелеу.
Бүгінгі үкнді жақсы көңіл күймен қарсы алып, бүгінгі күн барлығымыз үшін сәтті болсын!
« Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жұректің жылуын,
Апаймызға силайық»
-Жарайсыңдар балалар.
Кәне енді барлығымыз орнымызға отырайық.
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер шешуын табуға тырысып көріңдер.
«Жиіп теріп болатын
Қамба астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?»
-Күз мезгілінде неше ай бар екен балалар?
-Кәне кім атап береді, қандай айлар бар екен?
-Балалар , күз мезгіліне байланысты кім тақпақтар біледі?
-Сырым, кәне сен айтып берші
1. Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға,
Әкежан шақырады біздерді.
Ғажайып сәт:Ертегілер әуенімен топқа ертегі әжей келеді.
Тәрбиеші:-Балалар, бізге ертегі әжей қонаққа келді.
-Ертегі әжеймен амандасайық.
-Сәлеметсіз бе? – Ертегі әжей қош келдіңіз.
- Ертегі әжей:
Сәлеметсіңдер ме, балалар, Мен ертегілер елінен келдім, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Қандай ертегі білесіңдер? – жарайсыңдар сендер көптеген ертегі біледі екенсіңдер, мен сендерге құр қол келгенім жоқ.
Мен сендерге жұмбақ жасырам сендер жауабын табыңдаршы?
1.Өзі айлакер, өзібір қу
Жүрген жері айқай да шу
2. Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызғанып
-Балаларға ертегіні слаид арқылы көрсету.
Қуанышты көңілмен шеңбер бойында қимыл-қозғалыстармен жасайды.