Мотивациялық ой қозғайтын . | Шаттық шеңбер. (балаларды шеңберге тұрғызу) Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіп қалыпты. Қане, бәріміз қо нақтармен амандасайық. -Бүгін барлығың әдемі болып кетіпсіндер Ал сендердің көңіл-күйлерің қандай ? -Ал енді балалар,сыйқырлы сөздерді отанымызға, елінізге, ата-анамызға арнайық. - Мен сендерге сәттілік тілеймін, әрқашан күлімдеп жүріңдер және жақсы жұмыс ізтеңдер. | Алдымызда біздердің, Көп таныс пен қонқтар Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Бар адамды ардақтап, Бас иеміз біз Сәлеметсіздерме, қонқтар! Сол сәттегі коңіл күйлерін айтады. «Тілек арнау» Еліміз тыныш болсын! Нанымыз көп болсын! Аспанымыз ашық болсын! Ата-анамыз аман болсын! Деніміз сау болсын! Көк туымыз биік болсын! Достарымыз көп болсын! Туыстарымыз есен жүрсін! Бәріміз тату, дос болайық. |
Ұйымдастырушылық ізденушілік . | «Кіріспе әңгіме» - Балалар, бір жылда неше мезгіл бар? - Жылдың төрт мезгілін кім айтады? - Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінің айларын кім айтады? - Көктемде қандай мерекелер бар? - Қазір көктем мезгілінің қай айы? - Бір аптада неше күн болады? - Бүгін аптаның қай күні? - Ертең қай күн болады? - Кеше аптаның қай күні болды? «Ғажайып сәт» (Қонаққа қарлығаш ұшып келеді) - Балалар, бізге қонаққа қарлығаш ұшып келді, бізге бір хат әкелген сияқты. Тыңдағыларың келеме? Тәрбиші «Жыл мезгілдері» атты ертегіні оқып береді. Тәрбиеші ертегінің мазмұнына байланысты балаларға күн бейнеленген суретті көрсетеді. - Бұл ең үлкен және қайырымды күн. Тағы ол қандай? «Салыстыр және ата» ойыны - Мен сөйлемнің басын бастаймын, ал сендер аяқтайсыңдар. Күн сары........ сияқты. Күн дөңгелек ........ сияқты. Күн мейрімді ........ сиқты. - Көктемге күн қалай көмектеседі? Ол не істейді? Қане, тыңдайықшы. Мүмкін бізге дыбыстар көмектесетін шығар? (табиғат үні жазылған үн таспа қосылады) - Сендер не тыңдадыңдар? (шу, судың сылдыры, құстардың дауысы, т.с.с.) - Осының дыбыстарды қай мезгілде естуге болады? - Балалар, қарлығаштың сендерге бір өтініші бар, көктем жайлы әңгіме айтып беруді сұрап жатар. Суретпен жұмыс. -Суретке қарап әңгіме құрастырып береміз. Сергіту сәтімен тіл ұстарту. Жел үрлейді у-у-у Құйын келіп билейді зу-зу-зу, Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу, Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду. -Қарандаршы, конвертте тағы суреттер бар. (көктемнің алғашқы белгілері бар суреттерді көрсету) Тірек суреттермен жұмыс. (Cуретте күн, қар, жылғалар, құстар, шөп, гүлдер бейнеленген) -Көктемде тағы қандай құбылыстар, өзгерістер болады? -Қандай еңбек түрлері басталады? - Балалар, ал сендер көктем жайлы тағы не білесіңдер? Айтып беріңдерші. -Ал енді балалар, үстел жаққа өтіп, жайғасамыз. -Жұмысымызға кіріспес бұрын есімізге түсірейік, әріппен дыбыстың айырмашылығы қандай ? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? Айырмашылығын айтайық. -Мына суретке қарайық, ненің суретің көріп отырсындар ? ( ағаш салынған ) -«Ағаш» деген сөзге дыбыстық талдау жасайық. -«Ағаш» деген сөзде неше дауысты дыбыс бар? Осыған байланысты қандай ереже білеміз? -Сөзді буынға бөліп көрейік. 1-ші буынды, 2-ші буынды айтып беріндер. -«Ағаш» деген сөз жуан немесе жіңішке естіле ме? -Жіңішке айтылатын сөздерге мысал келтірейік. Сызбамен жұмыс. -Сызба арқылы сөйлем құрастырамыз. -Сөйлемнің айтылуына қарай неше түрі бар ? Мысал келтіріндер. Дидактикалық ойын: «Суретшілер» -Қазір біз барлығымыз суретшілер боламыз.Жай суретші емес «сыйқыршы» суретшілер. Суретіміз «Көктем» тақырыбына болады.Өздеріне ұнаған бір қыйылған суретті алып, тақтаға магнитпен жапсырасындар.Сол суретке байланысты сөлем айту керек. (күн, бәйшешек,еріген қар, жаңбыр, құстар, ағаш, гүлдер, шөп, шалшық су, жылғалар) | Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар қуанады. Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. Балалар өздерінің мысалдарын келтіріп, сөйлемдерді аяқтайды. Балалар үн таспаны тыңдайды. Балалар өздерінің естігендерін айтып береді. Жауап береді. Балалар суретті сипаттап шағын әңгіме құрастырады. Балалар дем алады, дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Суретті мұқият қарайды. Көрген суреттерге сөйлемдер құрастырады. Балалар құбылыстармен еңбек түрлерін айтады. Көктем гүлге толы болса, Күз жеміс-жидекке мол болады. Сәуірде су көп болса, Мамырда шөп көп болады. Сәуір болса,күн күркіреп. Күн күркіресе, көк дүркірер. Көктем келді шуақты, Балаларды қуантты. Алақай-ау, алақай! Көктем қандай көңілді! Балалар-ау,балалар! Шақырады далалар. Көктем келді гүл алып. Құстар келді жыр салып . Балалар үстел басына барады. Естеріне түсіріп, қойылған сұрақтарға жауап береді. Суретке назар аударады. Балалар үстел үстінде текшемен белгілеу арқылы дыбыстық талдау жасайды . Буынға бөледі шапалақ арқылы.Буындарды атайды. Ойланады, жауап береді. Жіңішке айтылатын сөздерге мысал келтіреді. Сызбаға сүйеніп, сөйлем құрастыру. Хабарлы, лепті, сұраулы түрлеріне мысал келтіреді. Балалар қызығып ойынға қатысады. Жапсырған суретке байланысты сөйлем айтады. |