kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Щ дыбысы ж?не ?рпі" ашы? саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас мамандар?а арнал?ан саба? жоспары.  Саба?та  жа?а технологиялар ?олданыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Щ дыбысы ж?не ?рпі" ашы? саба? жоспары»

Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

а)білімділігі: Щ дыбысының баспа жазба түрімен таныстыру. Щ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөз ішінен дыбыстарды ажыратып, оны дұрыс дыбыстату, көркем жазуға үйрету.

ә)тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, әдептілікке, тазалыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылығы: Ой – еркін, ойлау қабілетін сөздік қорын, қиялын, зейінін дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекіліктер: щ дыбысы мен әрпінің жазылуы, щеткалардың суреттері, схемалар.

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру.

- Оқушылармен амандасып, оқу – құралдарын түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық.

Қуанамыз арайланған ақ таңға,

Қуанамыз жақсылық боп жатқанға,

Қош кепсіңдер, алғашқы ашық сабаққа,

Сәлем беріп, бас иеміз сіздерге.

- Қазір бізде қандай сабақ?

- Сауат ашу.

- Сауат ашу сабағынан біз не үйреніп жатырмыз?

- Әріптерді.

- Осы әріптердің ережесі бар, кім айтады?

- Әріп дегеніміз не?

- Әріпті көреміз, жазамыз.

- Осы әріптер не істейді?

- Дыбысталады.

- Дыбыс дегеніміз не?

- Дыбыстарды біз айтамыз, естиміз.

III. Үй тапсырмасын тексеру.

- Өткен сабақта қандай әріппен  таныстық?

- Ээ.

- Э дыбысы қандай дыбыс?

- Дауысты.

- Бағандағы сөздерді, оқушыларға бір – бірден оқыту.

Сөздердің мағынасын түсіндіру.

- Электр – жарық көзі.

- Элеватор – мол астықты сақтайтын ғимарат.

IV. Үй тапсырманы пысықтау.

Э дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі екен.

Экскаватор

Экспресс

Элеватор

Экипаж

Экран

V. Жаңа сабақ.

- Суретке назар аударайық?

- Бұны бір сөзбен қалай атайды?

- Күн тәртібі.

- Осы суреттің ішінде ерекше болып тұрған қай сурет?

- Бұдан нені байқап отырсыңдар?

- Жуынғанда нелерді пайдаланамыз?

- Сабын, орамал, щетка, тіс пастасы, сусабын.

- Осы сөздердің ішінен щетка  сөзіне назар аударайық.

- Щ әрпінің баспа және жазба түрін көрсету.

- Щ дыбысы орыс тілінен енген әріп.

- Щетка сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

- Щетка (щет-ка, 2 буын,  5 дыбыс).

- Щетка сөзінде щ әрпі қай жерінде келіп тұр.

- Тағы қандай щетка түрлерін білеміз.

- Суреттерін көрсетіп тіс жуатын, киім тазалайтын, үй ақтайтын, үй сыпыратын.

- Бұлардың барлығы бізге күнделікті өмірде қажет.

VI. Оқулықпен жұмыс.

Бағандағы сөздерді оқып, мағыналарын түсіндіру.

Щетка   ащы    тұщы     борщ 

VII. Дәптермен жұмыс.

Енді дәптерімізге щ әрпін жазып үйренейік.

Щ – әрпін ауада жазып үйрету.

VIII. Сергіту минуты.

Орнымыздан тұрайық
Қолды белге қояйық.
Бір отырып,бір тұрып
Демімізді алайық.
- Үлгі дәптермен жүмыс.

- Көркем жазу.

ІХ. Дымбілместің тапсырмасы.

Дымбілместің  қатесін   табу.

Щ – әрпі біз өтіп кеткен қандай әріпке ұқсас.

Ш – әрпіне.

Ш – Щ

...ар,       а...ы,       ...етка,      тұ...ы,        ...ана

X. « Көршіңді тап!» ойыны.

Оқушылардың қолдарына геометриялық фигуралардың бөлшектері таратылады.   Сол бөлшектерден фигуралар  құрастырса сөздер шығады.

Бұр  -  шақ,    тұ  -  щы,   а -  щы, ә  -   теш,   тұ – щы.

XІ. Қорытынды.

« Жарайсың» сөзін сұрақтарға жауап беру арқылы шешу.

1.Бүгін қандай әріппен таныстық?

2.Щ – қандай дыбыс?

3.Щ – дыбысы бар сөз ойла.

4.Щетка сөзін буынға бөл.

5.Щетканың түрлерін ата.

6. Щ әрпі сөздің қай жерінде кездеседі?

7. Бүгінгі сабақ ұнады ма, несімен ұнады?

XІ. Үйге тапсырма.

Щ әрпіне байланысты сөздерді оқу.

XІІ. Мадақтау.  Жұлдызшалармен












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Щ дыбысы ж?не ?рпі" ашы? саба? жоспары

Автор: Жаксыбаева Инабат Жанболатовна

Дата: 13.05.2016

Номер свидетельства: 326129


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства