Саба?ты? ма?саты:Ба?дарлама бойынша берілген ертегілерді? мазм?нын пысы?тау. ?й жануарлары жайында т?сінік беру, білімдерін тияна?тау. Берілген тапсырмалар бойынша балаларды? ой-?рісін, ?иялын, с?здік ?орын дамыту, сипаттап байланыстырып с?йлеуге да?дыландыру.
Саба?ты? барысы: Залда музыка ойнап т?рады. Зал?а кірген балалар отыр?ан ?она?тармен амандасады.
Т?рбиеші: Балалар ?азір ?ай мезгіл?
Балалар: К?ктем мезгілі.
Т?рбиеші: К?ктем мезгілінде ?андай ?згерістер болады
Балалар ?ар еріп,к?н жылынады, ??стар жыжы жа?тан ?шып келеді. А?аштар б?ршік жарады,жерге ш?п шы?ады.
Т?рбиеші: Ш?пті? т?сі ?андай
Балалар: Жап-жасыл. Жер бетіне жасыл кілем т?селгендей болады.
Осы кезде есік ?а?ылып хат тасушы а?ай кіріп келеді,балалармен амандасады. Хат тасушы а?ай асы?ып келе жатып «Си?ырлы ?обдиша» тауып ал?анын айтады. Сендерге саба??а керек болып ?алар деп ал?анын айтады. ?обдишаны т?рбиешіге береді.
Т?рбиеші: Си?ырлы ?обдишаны алып ішін ашады. Си?ырлы ?обдишадан ?ткен саба?тарда ?тілген ертегілерді? суреттері шы?ады. Суреттер бойынша ертегілерді еске т?сіру(Бауырса?, ?ш аю, ?йшік, Жеті ла?) Со?ынан шал?ан ертегісіні? суреті шы??анда,т?рбиеші балалар?аертегіні? суретін к?рсете отырып ?айталап о?ып береді.
Т?рбиеші: ?ане балалар енді осы ертегіні б?гінгі бізді? ?она?тарымыз?а ж?не хатшы а?ай?а арнап к?рініс етіп ?ойып берейік. Балаларды? ?здеріне тиесілі ролдеріне еніп, оны іскерлікпен орындау?а бейімдеу ж?не ба?ыттау.
Балалар ше?берді айнала ж?ріп ?р жануарды? ?имыл-?оз?алысын келтіреді.
Т?рбиеші: Балалар?а ертегі кейіпкерлеріні? суреті басыл?ан а? ?а?аз бен т?рлі-т?сті ?арындаш таратады. Балалар басыл?ан суретті шапша?ды?пен ?арындашпен бояулары тиіс.
Саба?ты ?орытындылау.
Т?рбиеші: Балалар б?гін біз к?птеген ертегілерді есімізге т?сірдік. «Шал?ан» ертегісіні? б?гінгі бізді? ?она?ымыз хатшы а?ай?а к?рініс етіп ?ойып бердік. Балалар біз осы шал?ан ертегісінде ?андай ?й жануарларын кездестіреміз?
Балалар: Ит,мысы?,тыш?ан деп жауап береді.
Т?рбиеші: Мен сендерге ?й жануарлары туралы ж?мба? жасырайын,соны? шешуін тауып к?рі?дерші деп балаларды? назарын саба??а аударады Жасырыл?ан ?р ж?мба?ты? жауабына та?па? айтады.
Ж?мба?тар.
Адам?а серік,
К?зетке берік. (Ит)
?зі жап-жас м?рты бар
Ет пен с?тке ?мтылар.
Тастамайды жылы ?йді,
Т?кті тонын ш?п-ш?бар. (Мысы?)
?арны то?, ?ай?ысы жо?.
Мысы? ?уса жетпейді. (Тыш?ан)
?зі жуас, ?зі момын.
Бір шешпейді тонын. (?ой)
Та?па?.
?арап с?т пен ?айма?ты,
К?зін шо?тай жайнатты.
Тыш?ан к?рсе ты?ыршып,
Бола ?алар айбатты.
Мияу?аным мысы?ым,
Тыным таппас пысы?ым.
Ырылдаса к?шігім,
З?ресіні? ?шуын.
Т?рбиеші: Балалар б?гін сендер «Шал?ан» ертегісіні? ?ойылымын ?ойды?дар, ж?мба? шешті?дер, та?па? айтты?дар. Хатшы а?ай сендерге д?н риза, ол сендерге арнап сыйлы? ?келіпті.
Балалар: Хатшы а?ай?а ризашылы?тарын білдіріп, рахмет айтады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың мақсаты:Бағдарлама бойынша берілген ертегілердің мазмұнын пысықтау. Үй жануарлары жайында түсінік беру, білімдерін тиянақтау. Берілген тапсырмалар бойынша балалардың ой-өрісін, қиялын, сөздік қорын дамыту, сипаттап байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Сабаққа қажеттікөрнекіліктер:Алдыңғы сабақтарда өткен ертегілердің суреттері ,көрініске керекті құралдар, жұмбақ, тақпақтар, ақ қағаз,түрлі-түсті қарындаштар.
Сабақтың барысы:Залда музыка ойнап тұрады. Залға кірген балалар отырған қонақтармен амандасады.
Тәрбиеші: Балалар қазір қай мезгіл?
Балалар: Көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады
Балалар Қар еріп,күн жылынады, құстар жыжы жақтан ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады,жерге шөп шығады.
Тәрбиеші: Шөптің түсі қандай
Балалар: Жап-жасыл. Жер бетіне жасыл кілем төселгендей болады.
Осы кезде есік қағылып хат тасушы ағай кіріп келеді,балалармен амандасады. Хат тасушы ағай асығып келе жатып «Сиқырлы қобдиша» тауып алғанын айтады. Сендерге сабаққа керек болып қалар деп алғанын айтады. Қобдишаны тәрбиешіге береді.
Тәрбиеші: Сиқырлы қобдишаны алып ішін ашады. Сиқырлы қобдишадан өткен сабақтарда өтілген ертегілердің суреттері шығады. Суреттер бойынша ертегілерді еске түсіру(Бауырсақ, Үш аю, Үйшік, Жеті лақ) Соңынан шалқан ертегісінің суреті шыққанда,тәрбиеші балаларғаертегінің суретін көрсете отырып қайталап оқып береді.
Тәрбиеші: Қане балалар енді осы ертегіні бүгінгі біздің қонақтарымызға және хатшы ағайға арнап көрініс етіп қойып берейік. Балалардың өздеріне тиесілі ролдеріне еніп, оны іскерлікпен орындауға бейімдеу және бағыттау.
Балалар шеңберді айнала жүріп әр жануардың қимыл-қозғалысын келтіреді.
Тәрбиеші: Балаларға ертегі кейіпкерлерінің суреті басылған ақ қағаз бен түрлі-түсті қарындаш таратады. Балалар басылған суретті шапшаңдықпен қарындашпен бояулары тиіс.
Сабақты қорытындылау.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз көптеген ертегілерді есімізге түсірдік. «Шалқан» ертегісінің бүгінгі біздің қонағымыз хатшы ағайға көрініс етіп қойып бердік. Балалар біз осы шалқан ертегісінде қандай үй жануарларын кездестіреміз?
Балалар: Ит,мысық,тышқан деп жауап береді.
Тәрбиеші: Мен сендерге үй жануарлары туралы жұмбақ жасырайын,соның шешуін тауып көріңдерші деп балалардың назарын сабаққа аударады Жасырылған әр жұмбақтың жауабына тақпақ айтады.
Жұмбақтар.
Адамға серік,
Күзетке берік. (Ит)
Өзі жап-жас мұрты бар
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйді,
Түкті тонын шұп-шұбар. (Мысық)
Қарны тоқ, қайғысы жоқ.
Мысық қуса жетпейді. (Тышқан)
Өзі жуас, өзі момын.
Бір шешпейді тонын. (Қой)
Тақпақ.
Қарап сүт пен қаймақты,
Көзін шоқтай жайнатты.
Тышқан көрсе тықыршып,
Бола қалар айбатты.
Мияуқаным мысығым,
Тыным таппас пысығым.
Ырылдаса күшігім,
Зәресінің ұшуын.
Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер «Шалқан» ертегісінің қойылымын қойдыңдар, жұмбақ шештіңдер, тақпақ айттыңдар. Хатшы ағай сендерге дән риза, ол сендерге арнап сыйлық әкеліпті.
Балалар: Хатшы ағайға ризашылықтарын білдіріп, рахмет айтады.