kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Шал?ан" ертегісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 «Шал?ан ертегісі» 
Ма?саты: балаларды? с?йлеу, ойлау, есте са?тау ?абілеттерін дамыту мен ?атар тілін, с?з ?орын жетілдіру, жан – жа?ты білімдерін ке?ейтіп, ?зін – ?зі к?пшілік м?дени ортада, ?депті, ?демі болу?а ?йрету, досты? пен сыйласты??а ?йрету. 
К?рнекіліктер: адам мен а?дарды? бет перделері 
?діс т?сілдері: с?ра?, жауап к?рініс. 
Іс ?рекет кезе?дері Т?рбиешіні? іс ?рекеттері Балаларды? іс ?рекеттері 
Д?лелі – себеп кезе?і 

Рефлексия т?зету кезе?і ?йымдастыру кезе?і: 

Жылулы? ше?бері: 
Амандасу р?сімі: 

(Біреу есік ?а?ады) 
- Балалар бізге ?она??а ?оян келді. Амандасайы?. 

- Балалар, ?арандаршы мынау не? 
- К?к?ністер туралы ?андай та?па? білеміз? Кім айтады? 

- ?азір мен сендерді «Шал?ан» ертегісін к?руге ша?ырамын. 
Автор: Атай шал?ан егіпті. Шал?ан ?йдей болып ?сіпті. Атай шал?анды жерден суырып алма? боп, шал?алай тартады. Олар тарт?ылайды, былай тарт?ылайды, суыра алмайды. 
Атай ?жейді ша?ырады. ?жей атайды?, белбеуінен ?стайды, атай шал?анны? желегінен ?стайды. Олар тарт?ылайды, былай тарт?ылайды, тартып суыра алмайды. ?жей немере ?ызын ша?ырады. Немере ?ызы ?жейді? белінен ?стайды. Атай шал?анны? желегінен ?стайды. Олар тарт?ылайды, былай тарт?ылайды, тартып суыра алмайды. Немересі к?шігін ша?ырады. 
К?шік мысы?ты ша?ырады. Мысы? к?шікті? ??йры?ынан ?стайды, к?шік немере ?ызды? етегінен ?стайды, ?ыз ?жейді? белінен ?стайды, ?жей атайды? белбеуінен ?стайды, атай шал?анны? желінен ?стайды, олай тарт?ылайды, былай тарт?ылайды,суыра алмайды. 
Мысы? тыш?анды ша?ырады, тыш?ан мысы?ты? ??йры?ынан ?стайды, мысы? к?шікті? ??йры?ынан ?стайды, к?шік немере ?ызды? етегінен ?стайды, ?ыз ?жейді? белінен ?стайды, ?жей атайды? белбеуінен ?стайды, атай шал?анны? желінен ?стайды, ?атты тартып ?ал?анда, шал?анды суырып алыпты. 

-Балалар біз ?андай ертегіні тамашалады?? 
-Шал?ан ?айда ?сті? 
-Ол ?андай болды? 
-Атай?а кімдер болысты? 
-Міне ?андай тату – т?тті отбасы! Бір – біріне к?мектесіп, ?з туыс?андарына ?ам?орлы? к?рсетеді. 
-Ал сендар бір – бірлерімен доссы?дарма? Ендеше дос болайы?! 
Тыныс алу жатты?уы: «Балал ?теш ?анат ?а?ады» 

. Ата шал?ан егіпті, 
Шал?ан ?п – ?лкен болып ?сіпті. 
Шал?анды ата тартыпты 
Ж?лалмапты, к?мекке ол ша?ырды 
?йде ж?рген кемпірін 
Кемпір шалдан тартады,ж?лалмады 
Шал?анды 
Екеуі тартты ыр?ады ж?лалмады ой-ой....... 
Ша?ырады к?мекке немересін 
Келеді екен ж?гіріп немересі к?мекке 
Ж?лалмапты шал?анды ой-ой....... 
Ша?ырады к?мекке к?шіктерін ?здері 
Келеді енді к?шігі 
Ары-бері ыр?ады ж?ла алмады шаршады 
Ойланып олар т?рады, енді ?айтіп ж?лады 
Т?сіп кетті есіне ?йде ж?рген мысы?ы Арлы-берлі ыр?ады, ж?лып алды 
Мысы? келді к?мекке 
Т?к шы?пады тарт?анмен 
Ойланайы? балалар енді та?ы кім ?алды? 
А-А мында екен тыш?анда, ша?ырайы? к?мекке, ол да келді к?мекке. 
Арлы-берлі ыр?ады, ж?лып алды шал?анды 

Фланелеграф ойыны «?оянны? ?йшігі» ертегі кейіпкерлерін орындарына д?рыс ?ою. 
Балалар хормен, ?имыл іс ?рекет ар?ылы к?рсетеді. 
С?лем са?ан алтын к?н! 
С?лем са?ан к?к аспан 
С?лем са?ан жер ана 
С?лем са?ан достарым 
С?леметсізбе ?она?тар 
Жылуыма жылу ?ос?ан, 
Міне мені? ?олым. 
- С?леметсі?бе ?оян! 

- К?к?ністер (картоп, с?біз, ?ызылша, пияз, шал?ан) 
Балалар бір бірден та?па? айтады 
Картоп: 
Мен ?ялша? картоппын 
Мен емеспін ма?танар 
Мені жа?сы к?реді 
?лкендермен балалар 
?ызана?: 
Піскен кезде?ызана? 
К?з тастар ?ызыл т?сімен 
Бар ма адам с?йсінбей 
Томат шырыны? ішпеген . 
Пияз: 
Боламын мен д?мдеуіш, 
Барлы? барлы? та?ам?а . 
К?к?ністер ішінен 
Мен пайдалы адам?а . 
?ыры??абат: 
Ма?тан?аннан не пайда 
Менсіз д?мді щи ?айда 
Мені ?осса самса?а 
Б?рі жейді тамсана! 
С?біз: 
Кім бар с?біз шырынын 
Жастайынан ішпеген 
Мені жеген адамдар 
Кем болмайды к?шке де 
Шал?ан: 
Кім білмейді шал?анды ? 
Талайлар ма?ан та? ?алды. 
Б?ріне сый боламын 
Тауып к?р менен дарханды ! 

Балалар орынды?тарына жай?асып отырады, к?ле?келі шал?ан ертегісін к?реді. 

-«Шал?ан» ертегісі 

-ба?шада 
-?лкен 
-?жей, немере ?ызы, т.б. 

?олды бос жіберіп, тік т?рамыз. ?олымызды жо?ары к?теріп,жанымыз?а ?стап, жамбас?а ?ойып ?анат ?а?амыз. Демді ішке тартып «Ку-ка-ре-ку»-деп ша?ырамыз. 

Сергіту с?т: 

(ары-бері, іс-?имылмен к?рсетеді) 

( ?олдарын был?ап ша?ырады) 

(?имылмен к?рсетеді) 

(бастарын ?стап ойланады) 

( ?имылмен к?рсетіп ша?ырады) 
(?шеуі шал?анды тартады) 

.(бастарын ?стап ойланады) 
( ?ол был?ап ша?ырады) 

(к?шікті? даусын салады) 
( к??іл-к?йлерін білдіреді) 

(ойланып к?реді) 
(мысы?ты ша?ырады) 

(мияу-мияу ?ане деп тартысады шал?анды) 
(ренжиді) 

(бастарын ?стап ойланады) 

(?уанып ша?ырады) 
(??лайды,?уанады) 

Балалар орындап шы?ады

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Шал?ан" ертегісі »

Фариза,Фаризажан,Фариза қыз.


( Ән байқауы)


Мақсаты : Атыраудың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың оқушылардың ақынның өмірі мен шығармашылығы,поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру,ақынның ірілігі мен парасаттылығын айқындай түсу.

Көрнекілігі : ақын портреті,ақын шығармаларының жинағы.

Жүргізуші : Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Фариза,Фаризажан,Фариза қыз» атты ән байқауымызға қош келдіңіздер!

Көпір болып жалғасқанмен келешекке

Жіңішке қыздың жолы не десек те.

Тумаппын жаман ер боп тымқұрыса

Қалпағын кейбіреудің жұлып алып.

Жүргізуші : Құрметті қонақтар ! Жүректерді жан жылуымен ерітіп,поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып,қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері,Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау облысы Нобобогат ауылында 25 желтоқсанда дүниеге келген.Фариза Оңғарсынова өзінің қауырсын қаламымен ақ жүрегін өлеңмен,кісілік келбетін әлдеқашан түгендеген ақынның бірі.

Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы : махаббат,замана,уақыт тынысы,туған жер,туған ел туралы болды,-дей келіп енді келесі кезегімізді ән байқауына қатысатын оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

1-оқушы Күзембаева Жанар 9 б сыныбы

2-оқушы Қуанышұлы Асылан 9ә сыныбы

3-оқушы Нұрберген Диана 8 а сыныбы

4-оқушы Төлегенов Асылбек 6 а сыныбы

5-оқушы Жағалбай Әсем 5 а сыныбы

6-оқушы Сисенғалиев Ержан 5 а сыныбы

Жүргізуші : Мен саған ғашық емес ем

Сен үшін сонау алыстардағы елес ем

Осынша мені арман қып келдің неге сен?

Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой демесең

Мен саған ғашық емес ем.

Бас иген көп-көп балаларға паңдана

Асқақтау басып бақытты болдым

Сонда да жан жүрегімді толтырар бір жан жетпей

Жүрді ғой демесең,

Мен саған ғашық емес ем.

-деп таң қаласың,еріксіз бойлай түсесің,ақындығына бас иесің.Ақынның сырласы да,досы да поэзия ,-дей келіп осы ән байқауына қатысатын оқушылардың өнерін сараптайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.Тәжіғұлова Жарқынай-Мектептегі тәрбие жұмысының орынбасары

2.Жакупбекова Рымкеш -ән-саз пәнінің мұғалімі.

3.Реукенова Нұргүл-қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Жүргізуші : Енді ортаға байқауға қатысатын оқушымыз Күзембаева Жанарды шақырамыз.

1.Күзембаева Жанар әні «Қыздарға әсемдік жарасады»

2.Төлегенов Асылбек әні «Достар»

3.Қуанышұлы Асылан әні «Фаризажан»

4.Нұрберген Диана әні «Қыздар,қыздар,Арулар»

5.Жағалбай Әсем әні «Ана махаббаты»

6.Сисенғалиев Е.ржан Әні «Туған жерге сағыныш»


Жүргізуші: Қыз –тағдыр

Көміліп көк теңіздей мұңға жаным

Бойымда кейде менің толар ағын

Сыйлымын сонда-дағы өкінішті-ақ

Өзімнің жігіт болып тумағаным.

Қашанда намыссыздық па теңі

Пысықай бала да оны шектетеді.

Аузынан сөзі түскен жігіт үшін

Отырам намыс қысып,қаным қайнап.

Туған ел

Аймалайды өпкен желі.

-дей отырып, әділқазылар әділ шешімін шығарғанша ,оқушыларға Фариза ақынның қандай ерекше қырларын білесіңдер деп сұрақ қойғымыз келеді?

1-оқушы - ақындық.

2-оқушы –ұстаздық

3-оқушы - жазушылық

4-оқушы –аудармашылық ( Чили ақыны Неруданың өлеңдері)


Жүргізуші : Фариза Оңғарсынова -өмірге оң көзбен қараған,жамандық атаулыны,оның ішінде адамдардың бойындағы салқындықты,екіжүзділік,жігерсіздік сияқты босаңдықты жан-жүрегімен жек көрген ақын.


Жандар қанша күлкісі де шектеулі

Біледі олар тасадан көсектеуді.

Жанашырлық түгілі ондайлардың

Кіммен сәлемдесуі-есептеулі

  • дей келіп әділқазыларға сөз береміз.


Әділқазылар алқасының мүшесі –Жакупбекова Рымкеш апайға сөз береміз.


Марапатталады :

1-орын Күзембаева Ж

2-орын Қуанышұлы А

3-орын 1-ші-Нұрберген Д.

2-ші Төлегенов А.

Ынталандыру 1-ші Жағалбай Ә.

2-ші Сисенғалиев Е

Қорытынды:

Жүргізуші : « Фариза,Фаризажан ,Фариза қыз» ән байқауын қорытындылай келе «Ақын орны қаламы қандай биікке көтеріп шығарса, сол жерде. Ондай орын әсіресе биікте көп», - деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, әрдайым біздің ақын апамыз Фариза қаламы мұқалмай, әлі де сан-салалы тың тақырыптағы еңбектерімен оқырман жүрегіне жол таба берсін деп қорытындылаймыз. Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет,сау-сәлематта болыңыздар!


































Е.Өмірбаев атындағы орта мектеп










« Фариза,Фаризажан,Фариза қыз »











Өткізген : Жакупбекова Р.

Беришбаева А







2014ж.сәуір


Б.Момышұлының «Ұшқан ұя»

романы бойынша оқырмандар конференциясы


Конференция мақсаты: Жазушы шығармаларын кеңінен насихаттау, оқушылардың өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастыру,өскен ортасына,отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру.


Көрнекілігі : Слайд,қанатты сөздер.


Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

І-бөлім. Жазушының өмірі мен шығармашылығы

ІІ-бөлім.Шығарманы талқылау

ІІІ-бөлім Қорытынды.


Кітап көрмесі «Қазақтың қайталанбас қаһарман батыры»


Жүргізуші: Біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз.Осындай бейбіт өмірді қаһарман аға-апаларымыз алып берді.Олар болашақ ұрпақ үшін қасық қандары қалғанша соғысты,апа-әжелеріміз тылда тынбай еңбек етті.Олардың көпшілігі бүгінде біздің арамызда жоқ,бірақ есімдері мен ерліктерібіздің жадымызда.Солардың бірі Халық қаһарманы-Бауыржан Момышұлы.

Найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар,қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол,ұрпақ мүддесін ойлаған,қара қылды қақ жаратын,әділдіктен жаратылған,қимылы қылыш Б.Момышұлының батырлығын,шыншылдығын еске алып,қадірлей білуге,жазушы шығармаларын насихаттау мақсатында майдангер –жазушының «Ұшқан ұя» романы бойынша оқырмандар конференциясын бастаймыз.

Кітапханашы: Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы ,Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келген.Өз анасы Рәзиядан ерте қалып,әжесі Қызтумас пен әкесі Момыш (Момынәлі) тәрбиесінде болады.Әжесі немересін халықтың аңыз-әңгімелеріне,ертегілеріне,ән-жырына сусындатып өсірген.Әкесі жастайынан арабша және орысша әліппені,арифметиканы үйретіп,ұлын орысша оқып-үйренуге талпындырады.Ол 1924 жылы жеті жылдық мектепке түсіп,1928 жылы мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалімдік қызмет атқарады.1932 жылы әскер қатарына шақырылып,1936 жылы Ленинград қаржы академиясы жанындағы курсты бітіреді.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда қазақ халқының аңызға айналған атақты ұлы, даңқты жауынгер,Панфиловшы,гвардияполковнигі,кеңес жазушысы Алматы қаласында жасақталған 316 –атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды.Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және ерен ерлігімен көзге түсті, батырлық атақ-даңқы аңызға айналды.

Александр Бек «Арпалыс» шығармасында, «Волоколам тас жолы» романында Момышұлының командирлік қабілетін,соғыс кезіндегі тапқырлығы мен ерлігін көркем суреттесе,А.Омаровтың «Мәңгі тірі Момышұлы»,Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабында соғыстан кейінгі бейнесін жаңа қырынан ашып берді.Кейінде ол туралы аз мақалалар жазылған жоқ.Солардың ішінде оның майдандас серігі Д.Снегин «Шалғай шепте», «Шабуылда» повестерінде,Совет Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин «Менің майдандас достарым» кітабында да ол туралы көп жазылған.


Жүргізуші :Майдангер -жазушы шығармашылығы туралы айту үшін келесі сөз кезегін оқушыларға береміз.


1-оқушы : Майдангер жазушы Б.Момышұлы әр жылдары өз көңіл күйіне оралған сезімдерін қағазға түсіріп отырған. Соғыс біткеннен кейін 1956 жылдан бастап біржола шығармашылық жұмыспен айналысады.Ол шығармаларын орыс-қазақ тілдерінде бірдей жазып,өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді.Оның қаламдарынан туған,өмір шындығын арқау еткен тамаша романы әңгімелері оқырман шығармаларына айналды.

Жазушы шығармалары негізінен патриотизмді,адалдықты,шыншылдықты,ерлікті ту етеді.Батырдың қаламынан шыққан «Офицер күнделігі», «Бір түннің оқиғасы», «Москва үшін шайқас», «Майдандағы кездесулер», «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы» атты шығармалары жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін дүниелер.

Отты жүректің ыстық қанымен жазылған «Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов» романдары соғыс кезінде ерлік көрсеткен батыр-солдаттарға мәңгілік ескерткіш болып қалды.

«Москва үшін шайқас» кітабы шыншылдығымен, москва түбіндегі драматизмге толы шайқас картиналарын бедерлі бейнелей білуімен көрініс тапқан.


2-оқушы: Б.Момышұлының отаншылдық тақырыбындағы қанатты сөздері,мақалдары, тәрбиелік мән-мағынасы өз алдына бір төбе.Оның соғыс ,отаншылдық тақырыбындағы қанатты сөздері шырқырап,шындық іздеген жан айқайының жаңғыра шыққан үні іспеттес.

Нақыл сөздері майдан газеттерінде ұран тәрізді боп, «Момышұлының қырық мақалы» деген атпен жариялана бастады.Жазушының қамал бұзар қаһарлы сөздері жауға тастаған бомба тәрізді қуатты ,жауынгерлерге рух,қуат беретін асыл да айбынды,шыншыл да өткір болды.Оның көптеген ұлағатты сөздері жастарды ұлтжандылыққа,адамгершілікке тәрбиелейді. «Парыз сезімі,адамгершілік-жеке басының,ұлттың,Отанның мақтанышы». «Бүгінгі батырды қадірлеу-ертеңгі ұрпақтың ұранын ардақтау» сынды сөздерінен айқын көрінеді.


3-оқушы : Майдангер-жазушы,қаһарман батыр Б.Момышұлы елін қорғауда көрсеткен ерлігі үшін көптеген ордендермен марапатталды.

Соғыс кезінде «Қызыл Ту» ордендерімен, «Москваны қорғағаны үшін» медалімен,І дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен 2 рет марапатталды. Соғыстан кейін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.,2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды.

Б.Момышұлының аты туған аулына,ірі қалалардың көшелері мен мектептеріне берілді. Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп таралған қазақ елінің ақиық қыраны Б.Момышұлының ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындылары ұлы құбылыс болып қала береді.Туған елінің бақыты үшін күрескен халықтың қаһарман перзенті Б.Момышұлы-өнегесі ұрпаққа үлгі болатын ұлы тұлғалардың бірі.


Жүргізуші : Бүгінгі оқырмандар конференциясы әдебиетіміздегі адамгершілік тақырыбына арналған жазушы Б.Момышұлының балалық шағынан сыр шертетін шығарма,жазушы, негізінен,өзі өсіп-өнген ортасы мен алған таным-тағылымын суреттейді. Сондай-ақ,бұл шығарма қазақтың «қонақ күту кәдесі», «қыз ұзату», «көкпар тарту»,т.б. салт-дәстүрлерін тиек етеді,қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін шынайы бейнелейді.

Шығарма мектеп қабырғасындағы жас жеткіншектердің өмірге көзқарасын,олардың өскен ортасына деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда зор тәрбиелік маңызға ие.Енді романды талқылайық.


Шығарманы талдауға арналған сұрақтар:


  1. Шығарманың «Ұшқан ұя» аталуының себебі неде?

  2. Жазушының шығарманы жазудағы ойы қандай?

  3. Шығарманың көркемдік ерекшеліктері неде?

  4. Әжесінің ақылдылығы,рухани байлығының қайнар көзі неде деп ойлайсыңдар? Сенің айналаңдағы жандардың сондай болып қалыптасуы үшін не қажет?

  5. әкесінің Бауыржанға берген тәрбиесі саған қалай әсер етті?Оның үлгі алар қандай қасиетін алар едің?

  6. Шығармадағы Момынқұл образы

  7. Шығармада ауыл тұрмысы қалай суреттелген?

  8. Салт-сана,әдет-ғұрып қалай бейнеленген?

  9. Адамның жақсы жан болып қалыптасуы тек Бауыржан заманына ғана тән нәрсе ме? Бұл туралы ойларың қалай?

  10. Шығарманың тәрбиелік мәні неде?


Қорытынды: «Ұшқан ұя» романының басты құдіреті-ұлттық,адами тұрғыда дәуір шындығын, сырын көрсетуді мақсат еткен шығарма екендігі.Романдағы адамдардың іс-әрекеттері және жоғары адамгершілік қасиеттері-жас ұрпақтарға үлгі тәрбие беру ісіне жәрдемін тигізеді, жастарды адамгершілікке,отбасы туын жоғары ұстауға насихаттайды, сондықтан да романның тәрбиелік мәні жоғары деп танимыз.







































Желбіре,Жеңіс жалауы!


Мақсаты : Оқушылардың адамгершілікке,Отанын сүюге,оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып,өз елін,жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.


Көрнекілігі : Слайд. Кітап көрмесі .


Өткізілу барысы :

1.Кіріспе

2. «Жеңіс күні» Баяндама

3.Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы өлеңдер оқу)

4. Ешкім де,еш нәрсе де ұмытылмайды! (слайд)

5. «Отты жылдар елесің,кітаптан оқып білесің...» (кітап көрмесі)

6.Қорытынды


Жүргізуші : Жеңіс күні 9-мамыр-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе,бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауырпалығын өз мойынымен көтеріп,Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан,Жеңістің туын желбіреткен,Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.Сондықтан да бүгінгі «Желбіре Жеңіс жалауы» ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!


1-оқушы : Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір,төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.

Қирады талай арман көңілге алған


2-оқушы : Ұлы Отан соғысына қатысқан : Бауыржан Момышұлы,Мәншүк Мәметова,Әлия Молдағұлова,Мәлік Ғабдуллин,Талғат Бигелдинов тағы басқа да және өз жерлестеріміз де бар.

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған,ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп,еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп,кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

(1 мин үнсіздік)


Жүргізуші : 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын –қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.Ұлы Отан соғысы басталды.Отанымыздың басына ауыр күндер туды.Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді.Осы жылдары республикамыздан 2 млн-ға жуық адам қару асынып,майданға аттанды,қалғандары тылда жұмыс жасады.Иә,кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда дайын.Ұлы Отан соғысы туралы толығырақ мәлімет алу үшін баяндамашымызға сөз берейік.


Баяндамашы: өз баяндамасын оқиды.


Жүргізуші : Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді.Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.Олай болса сұрапыл соғыс және елін,жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік.






1-оқушы :


Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.


2-оқушы :


«Жеңіс» деген –жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.


3-оқушы :


Шынында бұл –оралған мыңнан бірің,

Бақ нұрына жүзіңді туған күнің.

Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі,

Майдангерлер бәріңнінң туған күнің.


4-оқушы :


Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңде ұста,құрметте!


5-оқушы :


Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,

Қолындағы ұзын таяғын.


6-оқушы :

Денесін оқ паршаласа да,

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе,қарағым?

Сенің келешегің үшін берді ол,

Азаттық жолында аяғын.


7-оқушы :

69- жыл бейбіт көктем таң атқалы,

69-жыл шуақты күн таратты әнін

Елімде сонан бері 69 рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Соғыста өлгендер тек оралмады.


8-оқушы :

Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген.


9-оқушы :

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары!


10-оқушы :

Сарғая күткен ұлы күн

Шұғыласы бүгін жарқ етті,

Бағына талай миллионның

Баянды жеңіс күн жетті.


Жүргізуші : Соғыс бітті... Ауыр да азапты жылдапр артта қалды,біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді.Ананы-баладан,баланы –анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ... Ұлы Отан соғысы тақырыбын оқырмандарға толық және дұрыс түсінік беретін,майдангерлеріміз туралы,еліміз, жеріміздің тарихы туралы нақты дерек беретін Ұлы Отан соғысы жайында жазылған кітаптар мен естеліктер болып табылады.Осы мақсатпен көрме ұйымдастырған мектебіміздің кітапханашысына сөз берейік.

Кітап көрмесі: «Отты жылдар елесің,кітаптан оқып білесің...» Слайд.


12 –оқушы :

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!


13-оқушы :

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс !

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!


Жүргізуші : Осымен сіздерге арналған «Желбіре,Жеңіс жалауы» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Қонақтарымызға рахметімізді айтып,денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз!

Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!




Е.Өмірбаев орта мектебі



Ашық тәрбие сағаты





Өткізген : Оразбекова С.

Беришбаева А.

3 «в» сыныбы






2013-2014 оқу жылы

Е.Өмірбаев орта мектебі



БАЯНДАМА





Дайындаған : Беришбаева А.






2013-2014 оқу жылы





Отты жылдар елесің,

кітаптан оқып білесің ...

Желбіре,Жеңіс жалауы!








Хабарландыру !



Бүгін 8.05.2014 жылы сағат 10.40-та 3 «в» сыныбында


«Желбіре , Жеңіс жалауы»-


атты ашық тәрбие сағаты болады



Болатын орны : 202 кабинет







Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі






Өзара сабаққа қатыс туралы ақпарлама





Дайындаған : Әбілқадырова Д.





2013-2014 оқу жылы

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі






Өзара сабаққа қатыс туралы ақпарлама





Дайындаған : Сафиева Г.





2013-2014 оқу жылы




Күні

Пәні

Сыныбы

Мұғалімі

Тақырыбы

Технологияны пайдалануы

Көрнекілігі

Алған әсерім

Қорытынды







































































































Кітапхана меңгерушісі

  1. Лауазымдық міндеттері

  1. Мектеп кітапханасы жұмысын ұйымдастырып, оның негізгі міндеттері мен функцияларының орындалуын қамтамасыз етеді.

  2. Қор жинақтауды, есепке алуды, жүйелеуді ұйымдастырады.

  3. кітапханаың каталогтары мен картотекасын ұйымдастырып, жүргізеді.

  4. Түрлі формалар мен әдістерді пайдаланып, кітаптарды насихаттаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

  5. Оқырмандарға қызмет көрсету тиімділігін арттыру, оқырман мүдделерін зерттеу және оның оқуына басшылық ету жөніндегі ұсыныстарды оқушыларды жүйелі оқуға дағдыландыру мақсатында әзірлейді.

  6. Кітапхана құжаттамасын жүргізеді.

  7. Кітапхана қызметінің жоспарлары мен есеп берулерін жасайды.

  8. отандық кітапханалардың озық жұмыс тәжіребесін зерттеп, оны өз кітапханасының жұмысына енгізеді.

  9. оқушылар арасында кітапхана – библиография білімдерін насихаттаумен шұғылданады.

  10. мектеп кітапханаларының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысады.

  1. Мыналарды білуге тиіс.

  • Үкіметінің мәдениетпен кітапхана ісін дамытуды белгілейтін қаулыларын;

  • Жоғары тұрған органдардың кітапхана жұмысының мәселелері жөніндегі нұсқама - әдістеме материалдарын

  • Кітапханатану теориясы мен практикасын;

  • Отандық және шет елдік кітапханалардың озық жұмыс тәжірибесін;

  • Еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен сақтану ережелерін

  1. Біліктілік талаптары

Стажына талап қойылмайтын жоғары немесе арнаулы орта білім

Жоғары білім немесе кітапханада ең кемінде 2 жыл жұмыс стажы бар орта педагогтік білім немесе кітапханалық білім минимумын тапсырғанын кейінде курстық даярлықтан өткен соң.

Кітапханашы.

1.Лауазымдық міндеттері

1. Оқырманға тез әрі сапалы қызмет көрсетеді

2. Әдебитті таңдауға көмек көрсету мақсатында оқырманның ынтасы мен талаптарын жүйелі түрде зерттейді.

3. Әдебиетті техникалық жөндейді.

4. Қорларды орналастырып, сақтайды

5. Каталогтар мен картотекаларды ұйымдастыру жұмысына қатысады

6. Кітаптарды насихаттауға араласады.

7. Өз жұмысының есебін жүргізеді.

8.Кітапханаға көмектесу үшін оқырмандар активін ұйымдастырады

2.Мыналарды білуге тиіс

- Үкіметтің мәдениет пен кітапхана ісін дамытуды белгілейтін қаулыларын;

- Жоғары тұрған органдардың кітапхана жұмысының мәселелеріне қатысы бар реттеуші және нұсқама - әдістеме құжаттарын;

- Кітапханатану негіздерін;

- Кітапхана туралы ережеге сәйкес оның жұмысының негізгі мазмұны;

- Еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен сақтану ережелерін

3.0

Жоғары білім немесе кітапханадағы жұмыс стажына талап қойылмайтын педагогтік білім немесе кутапханалық білім минимумын тапсыратын жалпы орта білім.




08-01 Кітапхананы

пайдалану ережесі


08-02 Кітапхананың жұмыс

жоспары


08-03 Кітапхананың жұмысына

есеп беру


08-04 Берілген оқулықтарды

есепке алу құжаттары

(карточкалар, оқушылар тізімі)


08-05 Әдебиетке жазылуды

рәсімдеу туралы құжаттар

(тізімдер, каталогтар, өтінімдер)






08-06 Кітапхананы – қабылдау –

тапсыру актісі


      1. Кітаптарды және

мерзімді басылымдарды

есептен шығару актісі



08-07-02 Оқулықтарды есептен

шығару акті


08-08 Кітапхана жұмысын

тексеру актісі


08-09 Көркем әдебиеттер қорына

есеп жүргізудің түгендеу

кітабы



08-10 Әдістемелік және

анықтамалық кітаптарды,

оқулықтарды есепке

алу кітабы



    1. Кітапхана қорының

сомалық кітабы


08-12 Әдебиеттерді тіркеу кітабы

оқырмандардың жоғалтқан

және орнына қабылданған

кітаптар


08-13 Берілген оқулықтарды

тіркеу кітабы



08-14 Оқырман формулярларын

қайта тіркеу журналы



08-15 Кітаптардың каталогы

(жүйелік, алфавитті, пәндерге)


08-16 Оқырмандардың

формулярлы карточкалары



    1. Істер номенклатурасынан

үзінді



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Шал?ан" ертегісі

Автор: Базарбекова Гульнур Уланбековна

Дата: 15.01.2015

Номер свидетельства: 155569


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства