Просмотр содержимого документа
«Ша?ын орталы?ты? 2-ші кішкентай топ балаларына арнал?ан "Кішкентай ба?бан "ертегіне саба? жоспары»
“Қатынас”
Тіл дамыту
“Кішкентай бағбан”
Мақсаты: Мәтіннің мән-мағынасын бұзбай әнгімелеуді үйрету,балаларды сын есім мен зат есімнен туған сөздердің дыбысталуына қарай көңілдерін аудару ,тілдік қорын байыту,дамыту.Еңбек ету дағдыларын дамыту.Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Балалар,бүгін бізде Тіл дамыту оқу іс-әрекеті,бүгінгі тақырыбымыз “Кішкентай бағбан”,-деп аталады. Мен сендерге қазір М.Төрежановтың “Кішкентай бағбан” әнгімесін оқып беремін.Мұқият тыңдаңдар.
Садықтың әкесі – Бағбан.Садық әкесіне үнемі көмектесіп жүреді. Қар кетіп ,жер дегісімен әкесі мен баласы бақта құмырсқаша қыбырлап еңбек етеді.Бір күні Қалел жүгіріп келіп:
Кеттік,Садық,ойынға,-дейді.
Менің жұмысым көп,-деп жауап береді Садық оған.
Жұмыс деген немене тәйірі!Әкең бәрін істейді ғой.Ойын деген қызық емес пе?!
Қалел ойыншықтарын бірінен кейін бірін алып көрсете бастайды.Садық ойнағысы келіп кетсе де,өзін-өзі басып,жұмысын жалғастыра береді.Күз де келді.Бақта жеміс пен жидектің сан алуан түрі өсіп,жетілді. Садықтың өзі де қарық болды,досын да барынша сыйлады.Қалел тойып алып:
Бәрін де түк қалдырмай жеп қоямыз,-деді.
Қалады,-деп жауап береді Садық.
Әкем: “Кім ойынға елікпей еңбек етсе,жер соны қарық қылады”,-деген.
Бағбан деген кім?
Тақырып бойынша сұрақтар.
- Әнгіме қалай аталады?
- Неге ол “Үлкен бағбан” деп аталмаған?
- Қалел Садыққа не деді?
- Садық неге ойнауға бармады?
- Қалел Садыққа не көрсетті?
- Күзде бақта нелер пісті?
- Қалел тойып алып не деді?
- “Кім ойынға елікпей еңбек етсе,жер соны қарық қылады” дегенді қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті
Гүс өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Оның аты – еңбек.
Қырға шықсаң өрлеп,
Оның аты – еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Садық қандай бала?
Еңбекқор, жақсы бала.
Еңбекқор деген сөзді қалай түсінеміз?
Ата-аналарыңның,үлкендердің айтқан сөзін тыңдап,берген тапсырмаларын бұлжытпай орындайтын балаларды еңбекқор,еңбек сүйгіш деп атаймыз.
Осындай еңбекқор жақсы балалар жайлы кім тақпақ айта алады?
Асыл : Ата менен ананың,
Айтқан тілін аламын.
Үлкен кісі жұмсаса
Қайда борлсын барамын.
Аяулым : Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай
Болайықшы,досым – ай.
Өте жақсы балалар.
Ал,балалар,Қалел ше,ол қандай бала?
Қалел,жалқау,өзімшіл,тойымсыз бала.
Иә,ата-анасының сөзіне құлақ аспай,айтқанын уақытында орындамайтын,көмектеспейтін,жұмыс істегісі келмейтін балаларды жалқау,тіл алмайтын бала деп айтуға болады.
Ал, кім айтады Қалелдің орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер.?
Иә,балалар,Еңбек – адамның атақ-даңқын шығарады.Еңбек еткен адам елдің алғысына бөленеді.Еңбектенген адам жеңісті,қуанышты болады.Еңбектенген адамды,бәрі жақсы көреді,сыйлайды,құрметтейді.
Мақал-мәтел мағынасын түсіндіру.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей .
Тақтадағы суреттер бойынша әнгіме құрастыру.
Ойын: “Мен еңбекқор баламын”.
Балалар дөңгелене тұрып,ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні туралы айтып,допты басқа балаға лақтырады.
Қорытындылау.
Балалар,біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде тілалғыш,ұқыпты,еңбексүйгіш бала болуды үйрендік.Садық сияқты еңбекқор жақсы баладан үлгі алуға талпындық.Еңбек етудің қуаныш екенін,еңбектің бізді бірлікке,достыққы,жақсылыққа жетелейтінін білдік!