Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: « Шаңырақ» күні « » ________20___жыл
Тәрбиеші: Шарипова Ж.М
Білім саласы : Вариативтік компонент
Тақырыбы: Саусақ ойыны «Біз бір үйде нешеуміз»
Мақсаты: Ойыншықты сипаттау арқылы әңгіме құрастыра білуге үйрету. Ойыншықтарды сипаттау арқылы сөздік қорларын толықтыру және ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу
Әрекет кезендері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациалық қозғаушы | Шаттық шеңберінде тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. | Шеңберге тұрады, бір бірлеріне жылы лебіздер білдіреді. |
Іздену ұйымдасты- рушы | -Балалар, жол-жөнекей сандық тауып алдым, ашайын десем ашылмайды, оны ашу үшін жұмбақтарды шешу керек. Бір үйде бес кісі Бірінен бірі кіші Бәрінің аты бар Ең кішісі шеткісі. -Жұмыртқаны жарып шыққан батыр, сап-сары, үлпілдек жүнді. Бұл не? Сипаттаңдар. Осылайша бірнеше жұмбақ оқылып, оның жауабын шешкізеді. Жұмбақтың шешуі болған ойыншықтарды сипаттайды. Сергіту сәті. Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық | Қызығушылық танытады. -Шешуі:Бес саусақ -Балапан. Балапанды сипаттайды. |
Рефлексивті коррекциялаушы | Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ғажайып қалтадағы заттардың аттарын, түр- түсін сұрау. Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін өорытындылайды. | Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже
Білу: қысқаша әңгіме құрастыруға арналған тапсырманы;
Игеру: жануарлар мен олардың төлдері туралы мәліметтерді;
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:Шарипова Ж.М күні « »________20____жыл
Тобы.: «Шаңырақ»