Мақсаты: Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыру,сопақша және жартылай дөңгелек пішіндерден тұратын бейненің суретін үзік сызықтар арқылы бастыруды дағдыландыру.Эстетикалық талғамын дамыту.Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар,мақта таяқшалары,қоңыр бояу,сүрткіштер.
Сөздік жұмыс: Саңырауқұлақтар.
Билингвальды компонент: Саңырауқұлақ-гриб.
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Сергіту сәті
Шаттық шенбер!
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Құлпырады даламыз.
Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын,шешуін тауып көріндер.
Тіреумен тіреп ақырын,
Көтеріп тұр шатырын. Ол не?
Саңырауқұлақтар туралы суреттерді көрсетіп,ормандағы саңырауқұлақтардың түрлерімен таныстыру.
Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ-гриб.
Ғажайып сәт: Топқа саңырауқұлақ кіреді.
Оң саусағым шаршады,
Сол саусағым шаршады.
Саусақтарым қосылып,
Билеп-билеп алады.
Балалар,енді осы саңырауқұлақтың суретін бастырып бояйық.
Алдымен үзік сызықтарды қарындашпен бастырып алайық.
Содан соң саңырауқұлақтың қалпағын мақта таяқша арқылы қоңыр гуашьпен бояймыз.
Балалар,сурет салғанда бояуды сыртына шығармай,біркелкі бояу керек.
Билингвальды компонент: Саңырауқұлақ-гриб.
-Жарайсыңдар балалар, суретті жақсы бояпсыңдар енді осы суреттерді көрмеге ілейік.
Балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі,тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтады.
Жұмбақтың шешуін табады.
Мұқият тыңдап,өз ойларын айтады.
Қайталайды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар мақта таяқшасын оң қолдарына ұстап,езілген дайын қоңыр гуашьпен сызықтын ішетіне шығармай бояйды.