Шал?ан ертегісі ар?ылы б?лдіршіндердін к?нілін, логикасын дамыту.
Просмотр содержимого документа
«Саба?тын та?ырыбы: "Шал?ан ертегісі"»
Атай шалқан егіпті. Шалқаны үйдей боп, содан соң үйден де дәу боп өсіпті.
Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады. Олай тартқылайды, бұлай тарқылайды, тартып суыра алмайды.
Атай әжейді шақырды. Әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып суыра алмайды.
Әжей немересін шақырады. Немере қызы әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып суыра алмайды.
Немере күшігін шақырады. Күшік немере қыздың етегінен ұстайды, немересі әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды- олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып суыра алмайды.
Күшік мысықты шақырады. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың бұрымынан ұстайды, немере қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды- олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып суыра алмайды.
Мысық тышқанды шақырады. Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың бұрымынан ұстайды, немере қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды- олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, суырып алыпты шалқанды.