Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді? -Дұрыс айтасыңдар арине. Суды адамдар не үшін пайдаланады? Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? Ал судың пішіні болады ма (тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар! Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер айтып берейін. Судыңда сұрауы бар. Су анасы — бұлақ, Сөз анасы — құлақ. Сумен ойнама — батарсың, Отпен ойнама — жанарсың. Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу. Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жұмбақтар: Дәміде жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. (Су) Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын? (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды. Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба-нұсқасы (№1 қосымша) (Балалардан сызбаны қайтадан қайталатқызып сұрау) Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше тәжірибелер жүргізіп көрейік. I Тәжірибе «Су — мөлдір» ● Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес». ● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі. II Тәжірибе «Суда дәм жоқ» ● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін. III Тәжірибе «Судың иісі жоқ» ● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады. Сергіту сәті Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық, Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап, Қане, жүзіп алайық, Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық. Ғажайып сәт Баяу әуен естіліп, топқа сиқыршы кіреді. I Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады) Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка) Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су құймастан бұрын сыйқырлы сөз айтамын (сим салабим!) ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске боялады. Балалар аң-таң болып қалады. IІ Сыйқыр (фокус) көрсету: Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз. 1.Стақанға таза су құйып, суға шикі жұмыртқаны саламын. су түбіне батып кетеді. 2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып жұмыртқа қоя тұрып, стақандағы суға тұзды жақсылап ерітемін. 3.Енді жұмыртқаны қайтадан осы суға саламын суға батқан жоқ! |