kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы : "М?лдір су"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: "М?лдір су"

Саба?ты? ма?саты: су туралы т?сініктерін ке?ейту;

Саба?ты? ?дісі: с?ра? - жауап, т?сіндіру, к?рсету, эксперимент.

Саба?ты? к?рнекіліктері: су, стакан, бояулар, т?з, ж?мырт?а, ?ант, ванилин.

Саба?ты? барысы:

Жылулы? ше?бері

Ж?мба? жасырып, саба?ты? та?ырыбын аштым.

Эксперименттер жасату;

1.Т?жірибе: "М?лдір су"

2.Т?жірибе: "Суды? д?мі жо?"

3.Т?жірибе: "Суды? иісі жо?"

Тосын с?т; си?ыршы келу

фокустар жасайды.

С?ра?тар ?ойып, саба?ты ?орытындылау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы : "М?лдір су"»

Технологиялық карта


Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: Мөлдір су

Мақсаты:

1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.

2.Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау.

3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: тәжірибе жасап көрсету, түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,ойын.

Көрнекіліктері: су, қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер және т.б




Оқу іс-әрекеттерінің

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.




Балалар іс – қимылдар жасайды

Ұйымдастырушылық-ізденістік































Ұйымдастырушылық-ізденістік





















Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді?      

-Дұрыс айтасыңдар арине.

Суды адамдар не үшін пайдаланады?          

Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет?

Ал судың пішіні болады ма

(тарелкага суды құйып көрсету)

Өте дұрыс, жарайсыңдар! Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер айтып берейін.

Судыңда сұрауы бар.

Су анасы — бұлақ,

Сөз анасы — құлақ.

Сумен ойнама — батарсың,

Отпен ойнама — жанарсың.

Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.

Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақтар:

Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардың жауаптары тыңдалады)

Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба-нұсқасы (№1 қосымша)


(Балалардан сызбаны қайтадан қайталатқызып сұрау) Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше  тәжірибелер жүргізіп көрейік.

I Тәжірибе «Су — мөлдір»

● Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».

● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

II Тәжірибе «Суда дәм жоқ»

● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III Тәжірибе «Судың иісі жоқ»

● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.

Ғажайып сәт

Баяу әуен естіліп, топқа сиқыршы кіреді.

I Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады)

Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка)

Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су құймастан бұрын сыйқырлы сөз айтамын (сим салабим!)  ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске боялады. Балалар аң-таң болып қалады.



IІ Сыйқыр (фокус) көрсету: 

Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз. 

1.Стақанға таза су құйып, суға шикі жұмыртқаны саламын. су түбіне батып кетеді.

2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып жұмыртқа қоя тұрып, стақандағы суға  тұзды жақсылап ерітемін.

3.Енді жұмыртқаны қайтадан  осы суға саламын суға батқан жоқ!  





Балалардың жауаптары тыңдалады 


Балалар өз ойларын ортаға салады.








Жауабын тапқан бала сол суретті тақтаға іледі


Рефлекциялық-түзетушілік

Сонымен балалар, бүгінгі сабақта не туралы айтылды?

Су қайдан пайда болады екен?

Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық?

Су-түссіз, бояу қосқанда өзгеред і.

Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді


Балалардың жауаптары тыңдалады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: судың мөлдір болатынын және тіршілік үшін қажет екендігін түсіне біледі ;

Игереді: су туралы жұмбақтар және нақыл сөздермен танысады;

Меңгереді: судың тіршілік үшін қажет екендігін ұғынып, оның маңызы туралы білімді;

Технологиялық картаға жауапты тәрбиеші: Э.Б.Мустабекова

Әдіскер:



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы : "М?лдір су"

Автор: Мустабекова Эльмира Берикболовна

Дата: 15.02.2016

Номер свидетельства: 293632


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства