а) білімділік: Қазақ халқының ғалымы Ш.Уәлиханов өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы кең түрде мағлұмат беру.
ә)дамытушылық: Шоқан еңбектерінің құндылығы, ғылымға қосқан үлесі жайлы талдау.
б)тәрбиелік: Оқушылардың бойында еліміздің біртуар ұлы ғалымы Шоқанның өміріне деген қызығушылық сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Ш.Уәлихановтың шығармалар жинағы, слайдтар, баспасөз материалдары, нақыл сөздер, тарихи шығармаладан үзінді.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, бейнелеу өнері, орыс тілі мен әдебиеті.
І. Ұйымдастыру.
а) Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау.
ә) Балалар, бүгінгі сабағымыздың –басқа сабақтардан өзгешілігі бар. Бүгін біз " Шоқан – ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы" атты тақырыпта портрет сабағын өтеміз. Бұл сабақтың өзіндік ерекшелігі оқушыларға алдын ала тапсырма беріліп, ізденіс жұмыстарын пайдаланып, оқушы пікірі тыңдалады.
ІІ.Нәтиже сабақты орындау.
Мәтінді оқы: Шоқан Уәлиханов. (1835 -1865) Атақты ғалым , кемеңгер ойшыл, от –жалынды азамат, ержүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім.Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты. Шоқан Уәлихановтың ұлы қасиеттерінің бірі – өмірін де,білімін де,асқан дарынды талантын да туған халықының игілігіне жұмсағандығы. Ол қараңғы даланың аспанынан сәуле түсірген шам-шырақтай аз уақыт жанды да, тез сөнді.Өз басы кішіпейіл, еңбекқор,елгезек,жарқын жүзді адам болды. Шоқан 1847 жылы,12 жасында Омбының кадет корпусына түскенде,орысша бір ауыз сөз білмеген.Өзінің зеректігі,алғырлығы арқасында орысшаны тез үйренген.Корпустың соңғы кластарында Шоқан ғылым,философия,көркем әдебиет кітаптарын оқып,әлеуметтік тіршілікке көңіл аударған. 1854 жылы Шоқан генерал Госфортпен бірге ұзақ саяхатқа шығып, Аягөз, Тарбағатай, Қапал тауларын аралады.Алматы,Қарқаралы,Баянауыл,Көкшетау жерлеріне соғып, Омбыға оралады. 1856 жылдан бастап Шоқан қырғыз халқының тұрмысын, Ыстықкөл жағасын, Күнгей Алатау, Сарыжаз , Алматы, Қапал тауларын кезіп, халықтың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, әдеби мұраларын зерттеп, бай мағлұмат жинады. 1856 жылы Шоқанның Қашқарға жасаған саяхаты оның ғалымдық атағын көкке көтерді. Шоқанның бұл күнделік дәптері КСРО Ғылым академиясының мұражайында осы күнге дейін сақтаулы. Шоқан Уәлиханов шығармалары ең алдымен, өз халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын зерттеуге арналған.
Грамматикалық тапсырмалар: I . Мәтіннен синоним, антоним, омоним сөздерді табыңдар. Тест сұрақтар:
Сабақты бекіту: 5 жолдық тұжырымдама: 1. Кім? (Шоқан) 2. Қандай? (Алғыр, ақылды, білімді, өнерлі, зерек) 3. Не істеді? (зерттеді, саяхат жасады, аралады) 4. Синоним. (зерттеуші – ғалым, алғашқы – тұңғыш, атақты – белгілі, танымал –әйгілі) 5. Бір сөйлем. (Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш әскери ғалымы) Рефлексия . Ой толғаныс. – Ал, балалар, көңіл – күйлерің қалай? Сонымен бүгінгі сабақта кім туралы айттық? Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз? Сабақты қорытындылау. Білімдерін бағалау. Үйге тапсырма: «Егер мен ғалым болсам...» тақырыбына эссе жазу.
Мәтінді оқы: Шоқан Уәлиханов. (1835 -1865) Атақты ғалым , кемеңгер ойшыл, от –жалынды азамат, ержүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім.Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты. Шоқан Уәлихановтың ұлы қасиеттерінің бірі – өмірін де,білімін де,асқан дарынды талантын да туған халықының игілігіне жұмсағандығы. Ол қараңғы даланың аспанынан сәуле түсірген шам-шырақтай аз уақыт жанды да, тез сөнді.Өз басы кішіпейіл, еңбекқор,елгезек,жарқын жүзді адам болды. Шоқан 1847 жылы,12 жасында Омбының кадет корпусына түскенде,орысша бір ауыз сөз білмеген.Өзінің зеректігі,алғырлығы арқасында орысшаны тез үйренген.Корпустың соңғы кластарында Шоқан ғылым,философия,көркем әдебиет кітаптарын оқып,әлеуметтік тіршілікке көңіл аударған. 1854 жылы Шоқан генерал Госфортпен бірге ұзақ саяхатқа шығып, Аягөз, Тарбағатай, Қапал тауларын аралады.Алматы,Қарқаралы,Баянауыл,Көкшетау жерлеріне соғып, Омбыға оралады. 1856 жылдан бастап Шоқан қырғыз халқының тұрмысын, Ыстықкөл жағасын, Күнгей Алатау, Сарыжаз , Алматы, Қапал тауларын кезіп, халықтың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, әдеби мұраларын зерттеп, бай мағлұмат жинады. 1856 жылы Шоқанның Қашқарға жасаған саяхаты оның ғалымдық атағын көкке көтерді. Шоқанның бұл күнделік дәптері КСРО Ғылым академиясының мұражайында осы күнге дейін сақтаулы. Шоқан Уәлиханов шығармалары ең алдымен, өз халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын зерттеуге арналған.
Грамматикалық тапсырмалар: I . Мәтіннен синоним, антоним, омоним сөздерді табыңдар. Тест сұрақтар:
ІІ. 1. Шоқанның әкесінің аты.
2.Шоқанның орыс досы.
3.Шоқанның атақты саяхаты.
4. Шоқанның әжесінің аты.
5. Шоқан зерттеген қырғыз жыры.
6.Қанша жасынды қайтыс болды?
ІІ. «Артығын тап!»
1. Шоқан Уәлиханов ...
Ғалым
Құрылысшы
Саяхатшы
2.Шоқан Уәлиханов саяхат жасаған жерлер...
Қашқарияға
Ыстықкөлге
Текеліге
3.Шоқан Уәлиханов шығармалары
«Абай жолы»
«Манас»
“Алты шаһарға сапар”
4.Шоқан Уәлихановтың ескерткіші орнатылған жер
Алтынемел
Астана
Алматы
5.«Аққан жұлдыз» романының авторы
С.Дөнентаев
С.Мұқанов
С.Мәуленов
ІІІ.Тест.
1. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Тар, кең.
Ә) Жақсы, жаман.
Б) Әлді, әлсіз.
В) Салт, дәстүр.
Е) Жас, кәрі.
2. Антоним сөздерді белгілеңіз.
А) Қызыл, жасыл.
Ә) Қарт, қария.
Б) Ұлы, ақылды.
В) Әдемі, көрікті.
Е) Қиын, оңай.
3. «Ө» қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
А) Жуан, езулік.
Ә) Жіңішке, еріндік.
Б) Жіңішке, езулік.
В) Жуан, қысаң.
Е) Езулік, жуан.
4. Негізгі түбір сөзді табыңыз.
А) Көрсету.
Ә) Түн.
Б) Ақылды.
В) Айлакер.
Е) Ойық.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарын көрсетіңіз.
А) Газет-журналдар.
Ә) Бейне фильмдер.
Б) Романдар, повестер.
В)Сабақтар, курстар.
Е) Әңгіме, ертегілер.
6. Бір жылда неше ай болатынын табыңыз.
А) Он.
Ә) Он екі.
Б) Он төрт.
В) Жеті.
Е) Он бір.
7. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.
А) Мөлдір су.
Ә) Ескі дос.
Б) Кең көше.
В) Жаңа дүкен.
Е) Ақ көйлек.
8. Бірінші және соңғы дыбысы ұяң дауыссыздан болған сөзді көрсетіңіз.
А) Жаңбыр.
Ә) Жапқыш.
Б) Жаз.
В) Жұрт.
Е) Жеңге.
9. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Құрмет.
Ә) Дәреже.
Б) Байлық.
В) Үлкен.
Е) Қарындас.
10. Зат есім тудырушы жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз.