Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: "Отбасында?ы с?йіспеншілік" »
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев.
Сабақтың тақырыбы: “Отбасындағы сүйіспеншілік”
Мақсаты: «Сүйіспеншілік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту
Білімділік: оқушыларға “отбасындағы сүйіспеншілік” ұғымы туралы түсінік беру. Әке, шеше, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.
6. Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері:Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата-ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Біздің ұранымыз
1,2,3 жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз
Қайырлы күн, менің сүйікті оқушыларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ - өзін-өзі тану сабағы. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Барлығымыз шеңберге тұрып, бір-бірімізге жақсы сөздер айтып амандасайық.
- Сәлеметсің бе, Венера, сен сүйкімдісің.
- Сәлеметсің бе, Әминат, сен қайырымдысың.
- Сәлеметсің бе, Дидар, сен ақылдысың.
- Сәлеметсің бе, Ариана, сен мейірімдісің.
Балалар орындарына жайғасады.
Дәйексөз: - Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.
Өзіммен - өзім: Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздеріне ең жақын, сүйікті отбасы мүшелерін, өз үйлерін көз алдарына елестетеді. Өз отбасылары туралы ең қымбат, ғажап сөздерді айтып, өз ойларымен бөліседі.
«Отбасы» туралы қандай тақпақтарың естеріңе түсті. Ана, әке туралы тақпақтар айтқызу.
Әминат: А.Бақтыгереева «Менің апам»
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын.
Амандық:
Папамызға еркелеп,
Мамамызды тыңдаймыз.
Әжем айтар ертек көп,
Атамызға сыйлаймыз.
Ерасыл:
Өсіп келе жатырмын,
Өз әжеме еліктеп.
Әжем мені жасымнан,
Тастамайды қасынан.
Дәптермен жұмыс.
Мына суреттегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріне теңер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер. Суреттерді бояңдар.
Ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т.б. айтылады.
Сергіту сәті: (музыка) Атамның алып күрегін
Ауланың қарын күредім
Әжеме мен құдықтан
Су әкеліп беремін
Еденді де жуамын
Шаң-тозаңды қуамын
Ғажайып сөздер
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.