Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Ба?ытты? т?сі ?андай? »
Садыкова Айжан Болатовна мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Тасқұдық бастауыш мектебі
ВАЛЕОЛОГИЯ.
Сабақтың тақырыбы: Бақыттың түсі қандай?
Сабақтың мақсаты: Балаларға жақсылық пен қуаныш яғни өзара жағымды қарым-қатынастарға үйрету. Күлкінің маңызымен таныстыру, ізгі сөздерге үйрету. Ұжымда бірлесіп, әрекет ету қабілеттерін дамыту. Басқа балалардың, үлкендердің тілін, сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу.
«сәлеметсіңбе, жұлдызша Аяулым!» деп, жұлдызшаны ұсына тұрып, сәлемдеседі.
2.Өткен сабақты қайталау
3. Жаңа сабақ:
«Айна» ойыны
1. нұсқа: балалар кезек-кезек бастаушы боп қимылдар көрсетіп, ал қалғандары соңынан қайталайды.
2. нұсқа: балалар екіден жұптасып, бірі айна болып, екіншісінің қимылын қайталап көрсетеді, сосын рөлмен ауысады.
Сергіту сәті: орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
«Күлкі туралы аңыз». Мазмұндап, талдау.
«Үнді елінде тайпа көсемінің балалары «Жарқыраған күлкі» мен «Көңілсіз күн» өмір сүріпті.
-балалар қалай ойлайсыңдар, оларды неге солай атаған?
«Жарқыраған күлкі» ақкөңіл , қайырымды, ізетті болыпты. Адамдар оны көрсе, қуанып, онымен көп істерін шешеді. Ал, көңілсіз күн ақылды болыпты, бірақ ренжігіш, өкпелегіш, достары да аз болыпты. Оның жүрген жерінде құстар сайрауға, адамдар күлуге, көңілді болуға қысылады екен. Олардың әкелері «Көсем» қартайыпты, мұрагерін таңдайтын уақыт жетіпті, ақсақалдар кеңесін өткізіпті.
- ал, сендер кімді таңдар едіңдер?
Ақсақалдар ұзақ кеңесіп, «көңілсіз күн» ақылды болғанмен, онымен адамдарға қиын. «жарқыраған күлкі» әр істі әзіл-қалжыңмен шешіп беретін болғандықтан оны таңдайды.
«Мен күлгенді ұнатамын» ойын-жаттығуы
-тұнжыраған және көңілсіз, жабырқаған және ойланған.
-көңілді және күлкілі, қайырымды және қуанышты. Т.б. кейіпке еніп, бір-бірімен рөлге кіріп, адамдардың бейнесін келтіруді ұсынады. Балалар айнаға қарап, әдемі бақытты кейіпте күлімдеседі.