kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С-З дыбыстарын ажырату.Мамандыктар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: C – Ш  (З – Ж ) дыбыстарын ажырату. Мамандықтар

Мақсаты:    Білімділік: Ш (Ж) дыбысын сөздерде, сөйлемдерде, сөйлеу барысында дұрыс айтылуын бекіту. Меңгерген дыбыстарды айтудағы кемшіліктерді сөздерді, сөйлемдерді айтқызу, сөйлеу  барысында түзету.   Дамытушылық: Танымдық белсенділігін арттыру. Тыныс алу, артикуляциялық аппараттың, саусақ бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысын жетілдіру. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Фонематикалық қабылдауын дамыту;Тәрбиелілік: Лексикалық тақырып бойынша сөздік қорын толықтыру, жалпылау сөздерін қолдануға үйрету.  Балаларды ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С-З дыбыстарын ажырату.Мамандыктар»

Ересек топтар үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Тақырыбы: C – Ш (З – Ж ) дыбыстарын ажырату.Мамандықтар

Мақсаты:

Білімділік: Ш (Ж) дыбысын сөздерде, сөйлемдерде, сөйлеу барысында дұрыс айтылуын бекіту. Меңгерген дыбыстарды айтудағы кемшіліктерді сөздерді, сөйлемдерді айтқызу, сөйлеу барысында түзету.

Дамытушылық: Танымдық белсенділігін арттыру. Тыныс алу, артикуляциялық аппараттың, саусақ бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысын жетілдіру. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Фонематикалық қабылдауын дамыту;

Тәрбиелілік: Лексикалық тақырып бойынша сөздік қорын толықтыру, жалпылау сөздерін қолдануға үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнді – дамыту орталығы: Айна, С- Ш, З-Ж дыбыстарына байланысты суреттер, ойыншықтар, «Сиқырлы дорба»,«Мамандықтар» пазлы, сюжетті суреттер, жапсырғыштар


Іс-әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

  сәлемдесу.

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға салайық,

Жүрегіме басып ұстап қалайық.

Сондай жарық, мейірімді көңілмен,

Сабағымызды бастайық.

Бір-бірлерімен амандасады.


Ұйымдастырушылық ізденушілік

Артикуляциялық жаттығу. «Апамның ала мысығы» ертегісі.

Апамның ала мысығы,

Таң атысымен тұрыпты.

Жоғары-төмен, жоғары-төмен,

Арқасын кере иіпті.

Беті-қолын жуыпты,

Тіс щеткасын алып ап,

Жақсылап тісін де ысыпты.

Тарағымен таранып,

Ас бөлмеге кіріпті.

Кеседегі ақ сүтті

Жалап-жалап ішіпті.

Шелпек пенен қаймақтан

Одан да ауыз тиіпті.

Тойып алған бұл мысық,

Доп ойнауға шығыпты.

Тоқылдақ та, маса да,

Доп ойнауға келіпті.

Ойнап болып бұл достар,

Машинаға мініпті.

Ырылдатып моторын,

Алыс жолға шығыты.

Тыныс алу жаттығуларын орындау:ағаш жапырағын үрле,қар үрле,қақпаға доп кіргіз.

С – Ш дыбыстарының сипаттамасы.

  • Шар, қуыршақ, алаша сөздерінде қандай дыбысты жиі естисіңдер?

  • Ал, сабын, аспан, қас сөздерінде ше?

-«Сиқырлы дорба» ойыны.

  • Сөздерде С-Ш дыбыстарының кездесуіне қарай, ойыншықтарды топтастыру.

-Сен ША (ШО, ШҰ, ШЫ) буынын айт, ал мен екінші буынды айтып аяқтаймын.

ША(НА) ШО(ПАН) ШҰ(БАТ) ШЫ(БЫҚ) ША(ҒАЛА) ШО(РТАН) ШҰ(БАР) ШЫ(БЫН)

ЖА(СА) ЖА(З) СА(ША) СЫ (ЛАҚШЫ)

ЖА(ЗА) ЖА(С) СА(ҚШЫ) ЖА(ЗУ)СА(УЫНШЫ) СУ(ШЫ)

- Саусақ ән-жаттығуы «Қуырмаш»

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға бидай шаш.

Шоқып-шоқып жем жейміз.

Шоқып жем жейміз.

Балапандар келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

кел, билейік айнала.

Қане, келіңдер.

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға бидай шаш.

Құт-құт, құт-құт, құт-құт,

Туықтарша әнге бас.

Балапандар келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Кел, билейік айнала.

Қане, келіңдер.

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға бидай шаш.

Бір-екі-үш, бір-екі-үш, бір-екі-үш.

Тауықтарша қанат қақ.

Балапандар келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Кел, билейік айнала.

Қане, келіңдер.

-«Мамандықтар» пазлы

- Біз, балалар, әр маманға қандай зат керек екенін табуымыз керек. Және ол мамандықтың атауы қандай екенін атайық.

Сөздік: Шаштараз, суретші, теңізші, құрылысшы және т.б.

-. «Аспазшыға көмектес» ойыны.

-Заттарды атау.

-Заттарды топтау, жалпылау сөздерін қолдану.

-Балалар, аспазшыға асханаға қандай заттар қажет, және олар не үшін қажет?

Сөздік: Азық-түліктер, жиһаздар, көкөністер.

Артикуляциялық жаттығуды айнаға қарап орындайды





















Тыныс алу жаттығуларын орындайды.


Сұрақтарға жауап береді





Логопедпен бирге ойын ойнайды.




Логопедтің соңынан қайталап, тілдерін жаттықтырады



Саусақ жаттығуын жасайды.
























Пазл жинайды



«Аспазшыға көмектес» ойынын ойнайды.


Рефлексивті түзетушілік

  • Балалар бүгін біз қандай дыбыстарды ажыратуды үйрендік?

  • Қандай мамандықтар болады екен балалар?

  • Жарайсыңдар, балалар.

Сабақтан алған әсер-лерімен бөліседі. Қойылған сұрақтарға белсене жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: C – Ш (З – Ж ) дыбыстарын ажыратуды.

Нені игереді: Ш (Ж) дыбысын сөздерде, сөйлемдерде, сөйлеу барысында дұрыс айтылуын.

Нені қолдана алады: Айнамен жұмыс жасауды және сюжетті суреттермен жұмыс жасауды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С-З дыбыстарын ажырату.Мамандыктар

Автор: Танкеева Гулим Ерболовна

Дата: 17.12.2018

Номер свидетельства: 491289


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства