kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сәбилерге арналған тоқаштар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сәбилер кандай токаш житиндигин балаларга айту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сәбилерге арналған тоқаштар"»

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы : «Сәбилерге арналған тоқаштар»

Мақсаты: Ермексазбен жұмыс істей білуді дамыту: оны жұмсарту, астына қоятын тақтайшаны және сүрткішты көзделген мақсат бойынша пайдалану. Ермексазды алақанның арасынд түзу қимылдармен жазып, «таяқшалардың» арасын қосып оңай заттарды мүсіндеу дағдысын бекіту. Ұқыптылық пен ыждағаттылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, үйрету, көрсету, сұрақ-жауап, үлгіні талдау, айналдыру, есу тәсілі, мадақтау. Қажетті құралдар: Тоқаштар суреті, ермексаз, сүрткіш, үлгі.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалардың назарын аударып, тоқаштың суретін көрсету.

Тоқаш – ұннан жасалған тәтті нан. Тоқаштың пішіні дөңгелек тәрізді, түсі сары болады. Тоқаш туралы балаларға сұрақ қою, суретке қарап әңгімелету.

Тоқашпен танысады. Суретте көргендерін әңгімелеп береді.


Ұйымдастыру-іздестіру

Тосын сәт. Осы кезде есік қағылып, «аспазшы апай» келеді. Амандасады. Ол көрші балабақшадан келгенін, сәбилерге арнап тоқаш пісірсе күйіп кеткенін айтады. Балалардан көмек сұрайды.

- Балалар аспазшы апайға көмектесеміз бе?

- Аспазшы апай сіз балалардың жанына отырыңыз, біздің балалар сізге тоқаш жасап береді (аспазшы отырады).

Балаларға ермексаздан тоқашты қалай жасау керектігін түсіндіру, жасап көрсету.

- Алдымен ермексазды жұмсартамыз;

- Ермексазды алақанның ерсілі-қарсылы қимылдарымен жайып есеміз: алға-артқа.

- Ұзын шұжықша пайда болады. Шұжықшаны сақина етіп ораймыз.

- Екі ұшын біріктіріп жабыстырамыз да, қосылған жерін саусағымызбен тегістеп қоямыз, сонда әдемі тоқаш болып шығады.

Сергіту сәті:

Бала, бала балақан

Қане қайсы алақан

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың жұмысын қарап, жасай алмай отырған балаларға көмектесу.

Аспазшы «рахмет» айтып кетеді.

Балалар амандасады.



- Ия, ия көмектесеміз.





Тоқашты жасау әдісімен танысады.








Сергіту сәтін орындайды.



Балалар жасаған тоқаштарын аспазшы апайға береді.

Рефлексивті - түзетушілік

- Балалар бүгін біздер не жасадық?

-Тоқаштар неден жасалады?

- Пішіні қандай?

Оқу қызметін қорытындылау. Балаларды мадақтау.

- Тоқаштар.

- Ұннан жасалады.

- Дөңгелек.





Күтілетін нәтиже:

Білу керек:Ермексазбен жұмыс істей білу керек.

Болу керек: Ұннан жасалатын тағамдарды үнемді пайдалану, қастерлеу.

Баланың қолынан келу керек: Ұқыптылық пен ыждағаттылық қолынан келеді.

.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Сәбилерге арналған тоқаштар"

Автор: Саргожаева Мариана Бердихановна

Дата: 07.11.2017

Номер свидетельства: 437330


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства