Просмотр содержимого документа
«"Ризашылық" "Бәйтерек" тобы»
Мұнайлы ауданы №10 «Ақбота» балабақшасы
«Ризашылық»
(тақырыптық оқу іс-әрекеті)
Тексерген: Жупбанова А
Тәрбиеші: С.Текеева
2015-2016 оқу жылы
Күні: 01.03.2016
Білім беру саласы: Таным, Қатынас.
Оқу іс – әрекет: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Ризашылық».
Мақсаты: Балаларға көңіл күй сыйлау, бір-біріне деген сезімталдығын тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мот-лық қоз-лық
Шаттық шеңбері:
Күнде шат күліп күн
Өміріміз жайнайды
Мәңгілік бақыттың
Өзіміз – айғаы
Күлеміз ойнаймыз,
Демалып алаңсыз
Ризамыз саған біз
Ұлы Отан – анамыз.
Балалар шаттық шеңберіне жиналады, енді бәріміз бүгінгі күніміз тамаша өтуіне арнап жақсы өлеңдер айтайық.
Ұйым-лық ізденістік
Кіріспе әңгіме:
Суретпен жұмыс:
-Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
-«Ұлттар достығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Егеменді еліміздің ерекшелігін және онда тұратын көптеген ұлттардың достығы сыйластығы, татулығы бірлігі туралы негізгі ойды ұғындыру мақсатында жалғастыруына болады. Қазақстанда қазақ өзбек орыс, грузин, неміс, армиян т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың бәрі бір-бірімен дос, жолдас және тату-тәтті өмір сүреді. Олардың тілі мен әдеп – ғұрпы салт – дәстүрлері басқа болғанымен тілегі мен мақсаты бір. Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ол олардың Отаны –Қазақстан. Осындай татулығы жарасқан халқы бар. Біздің Отан – бақытты.
«Ағайынбыз бәріміз» ойыны ойналады.
Ойынның шарты: балалар бір-бірімен вальс билеп жүріп, әр ұлттың киіміне сай өз сыңарын табу қажет.
Мақал-мәтел:
Ынтымақ бар жерде, бақыт бар.
Аққуды атпа,
Досыңды сатпа.
Шын дос үшін қалайда,
Тік көтер басыңды
Айыра біл алайда
Досың менен қасында.
Сергіту сәті орындалады:
Зеңгір аспан көгілдір
Алтын күні төрінде
Тамылжытып төгіп нұр
Шаттық сыйлап көңілге
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы
Тұрса күндей төгіп нұр
Жандарымыз жайдары.
Балалар ыңғайлап отырып алыңдар терең тыныс алыңдар енді көз алдарыңа Қазақстан болашағын елестетіңдер.
Балалар шеңберге тұрып,Отанға деген өз ризашылықтарын білдіреді.
- Қазақ, орыс, түркмен, татар, кәріс.
- Тату тәтті өмір сүру дегенді.
Балалр мұқият тыдайды.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Мақал-мәтелді педагогпен бірге қайталайды.
Өлең жолдарына байланысты сәйкес қимылдар орындайды.
Балалар Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері тату достық риза екендігін түсінеді.
Балалар тапсырманы орындайды.
Реф-лық түзетушілік
Қорытындылау:
Әні: «Ризашылық»
Сөзі мен әнін жазған: Луиза Хей.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз ,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге.
Балалар әнді орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Балалар еліміздің халықтар достығын біледі.
Оған ағайын бауыр екендігін сезініп түсінеді.
Отанның бірлігі – елдігінде екендігін түсінеді.
Мұнайлы ауданы №10 «Ақбота» балабақшасы
(ертеңгілік)
Тексерген: Р.Текеева
Тәрбиеші: А.Жупбанова
Ж.Джетмекова
2015-2016 оқу жылы
«Анам мәңгі жасасын»!
Қатысушылар: жүргізуші, көктем ханшайымы, қасқыр, қызыл телпек.
Жүргізуші:
Аяулы біздің аналар мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!
Армысыздар, аяулы аналар,
Армысыздар әжелер мен апалар!
Мерекемен құттықтайды сіздерді,
Шашу шашып, өнерімен балалар.
№12 «Бәйтерек» ересек тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
- Балалар, сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем.)
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады, құстар қайтып келеді.)
- Қазір қандай ай? (Наурыз.)
- Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі.)
Жүргізуші:
Бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Бұл кім?
Балалар: Ана! Ана! Ана!
Жүргізуші: Аналарға енді жырдан шашу шашайық.
Ән: «Нұрын төккен ана»»
Жүргізуші:
Ендеше, қонақтар бүлдіршіндердің тақпағын қарсы алыңыздар.
Айберген: Назерке:
Өмірде ана – бұлақ, ана-пана Ана деген асыл жандар болаттай
Өмірді өркендетер ана ғана Ана деген мөлдір жандар бұлақтай
Өсірген талай ақын, талай дана О, адамдар қадірлей біл ананы
Ана дейміз бәрімізді аңқылдап Жат қылыққа ақыл-ойды тоқтатпай
Ана дейдің жас сәбиде жарқылдап Құрметтейік, о, адамдар аналарды
Ана –деген - бәйтерегі өмірдің Бізді өмірге әкелген даналарды
Ана деген – алтын қазық алтын бақ. Себебі Ана деген асыл жан ғой
Орындайтын: Жарылғас Ақерке. Ойлауменен істелік әр қадамды.
Бейбіт: Жайна:
Ана біздің гүліміз Аялаған саялаған
Ана біздің гүліміз Бар бақыттым берекем
Ұландарды қуантып Апатайым құттықтаймын
Ұзақ өмір сүріңіз. Бүгін сенің мерекең.
Инабат: Кәусар:
Мәпелейсің мені анам, Бәрімізге анасың
Қолыңдағы құсындай Біз үшін күн болып мейрамсың
Құлпыра өсіп дем алам Құтты болсын мейрамың
Құшағыңда қысылмай Құттықтаймыз анашым
Бізді өсірген апатай Өнерлі боп өсеміз
Еңбегі де зор екен Өмір сырын шешеміз
Құтты болсын апатай Өсіріп ой-сананы
Құтты болсын мерекең Қуантамыз ананы
Жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың Ана деген - рәмізі сұлулықтың Ана деген - бір жыр бар шырқалатын Асқақтатар биікке ұрпақ атын Дауысына сүйсініп тамсанайық Ерке ұлдың талантына тәнті болып, Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Жүргізуші:
Осы кезде қонаққа «Көктем» келеді.
-«Көктем» келіңіз, біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз! Көктем балалармен ойын ойнайды.
Би: «Гүлдер» (қыздар)
Жүргізуші:
Ендеше балалар ата-аналар қызыл телпек ертегісінен үзінді ташалайық.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен концертіміз аяқталды, дей отыра бүлдіршіндеріміздің өз қолдарымен дайындаған аналарына арналған тартуын қабыл алыңыздар! Қош сау болыңыздар!
Мұнайлы ауданы №10 «Ақбота» балабақшасы
(ертеңгілік)
Тексерген: Р.Текеева
Тәрбиеші: С.Текеева
Ж.Ауданбаева
2015-2016 оқу жылы
«Келін келді ауылға»!
Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу,өшкенді жаңғырту,ұрпақ санасына ұлттық сезімді ұялату.
Жүргізуші:
-Ау жараңдар,армысыздар! Жаңарсада санамыз
Ұлыстың ұлы күнінде, Дәстүрді кім ұмытар,
Ағайын туыс бармысыздар! Ата салты бабамның
Наурыз тойы басталды, Алып келді ұлыс күн.
Салт-дәстүрмен жараса, Бүгінгі біздің дәстүрді
Қайта құрып жаңаша Көргенде арманда,
Жарыса өнер көрсетіп, Көрмегенде арманда,
Той тойлайық тамаша! Қызықтан тыс қалмаңдар!
Жүргізуші:Құрметті қауым,қадірлі жамағат «Бәйтерек» пен «Жауқазын» тобы келін түсіру салтын көрсеткелі отыр, қабыл алыңыздар. Дәулет ауылында Майлан атамыздың немересі Рысбек келін алып келді. Кәне, бәріміз бірге қарсы алайық.
-Жеңгеміз өз көшімен жеңгелерімен,сіңілілері мен жақындап қалды, олай болса бәріміз бірге қарсы алайық.
Ән: Жар-жар.
Жеңгесі: Жанат
-Ал келіңдер қозғалыңдар! Кіші атаның келіндері шымылдық алып шығыңдар, ошаққа от қойып, май дайындаңдар.Келген келіннің аяқ асты жұмысақ болсын деп қой терісін төсеңдер!
Келін: Кәусәр
Күйеу жігіт: Рысбек
Келінге орамал салатын: Ақсыңдар
Келіннің қолтығын сүйейтін: Акерке, Динара
Шымылдық ұстайтын: Бағила мен Асем
Жас келіннің бетін ашу. Әжелер
Жүргізуші: Келген келінге басына ақ орамал жабылып ,орамалдың бір шетіне түрлі-түсті орамалдар байланып,бір шеті сабауға байланады
Бет ашар рәсімі.
Айберген:
Ақ келін ау,ақ келін. Келін келді көріңіз,
Атыңның басын тарт келін, Анау-мынау демеңіз,
Сауысқанан сақ келін, Көрімдігін беріңіз.
Жұмыртқадан ақ ақ келін. Түсін атап қойыңыз.
Айналайын ақ келін,
Келіннің бетін ашайын.
Жүргізуші:
Келіннің беті ашылады. Келінге бір жеңгесі орамал салады, одан кейін отқа табындыру рәсімі өтеді.
Әже:
Болдықыз апай.
-От Ана, Май Ана шапағатыңды тигізе көр. Жарылқа!
Бата беру рәсімі.
Ерасыл:
Дастарханың мол болсын,
Уайым қайғы жоқ болсын.
Жарлы болсаң жасыма,
Бай болсаң тасыма.
Бақ дәулет берсін басыңа,
Ғұмыр берсін жасыңа.
Бәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасыңа.
Иманның байлығын берсін,
Құт-берекенің бәрі келсін.
Жүргізуші:
-Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын.Жаңа түскен жас келіннің қолынан шай ішіңіздер.
Қорытындылау:
Келін түсіру- отбасылық сән-салтанаттардың бірі,жан ұядағы ер жеткен ұлдың үйлену қуанышы.Қазақ халқының түсінігінде келін түсіру-әр әулеттің көптен күткен қуанышы саналады.Осы бабадан қалған салт-дәстүрді бүлдіршіндерге насихаттап,сахыналап көрсету.
Мұнайлы ауданы №10 «Ақбота» балабақшасы
(тақырыптық оқу іс-әрекет)
Тексерген: Р. Текеева
Тәрбиеші: С.Текеева
2015-2016 оқу жылы
Күні: 14.03.2016ж
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Төрлет Жаңа жыл»!
Мақсаты: Наурыз мерекесі, оның ерекшеліктері туралы айтып ойлау әрекетін дамыту; салт-дәстүр, әдеп-ғұрып туралы ұғындыру, оны бағалап құрметтей білуге үйрету.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мот-лық қозғаушы
Шаттық шеңбер:
Наурыз келді балалар
Көктеді қар жағалар,
Наурыз тойын тойлайық
Жаңа жылға ағалар.
Ғажайып сәт: Қонаққа әже келеді.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне Наурыз туралы жылы сөздер айтып амандасады.
Балалар қонақпен амандасады.
Ұйым-ру
ізденістік
Кіріспе әңгіме:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Жақында қандай мереке тойладық?
Көктемнің ең алғашқы мерекесі – аналар әжелер мерекесі.
Балалар барша адамның көптен күткен жыл мзгілі – көктем де келді. Көктемде Жер – Ана табиғат - барлығы ерекше әдемі болып кетеді. Көктеде ең тамаша мерекелердің бірі – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлаймыз.
14-ші Наурыз күні балалар адамдар бір-бірімен көріседі. Яғни кішілер үлкендердің үйіне барып көрісіп, жылдан – жылға аман есен жете берейік деп ақсы лебіздерін білдіреді екен. Наурыз мерекесінде пісірілетін асты Наурызкөже дейміз. Наурызкөже қыстық қалған сүрленген еттен, дәмді дәнді дақылдарды қосып дайындаймыз. Оған қатық немесе айран қосады.
Наурыз мерекесінің басқа мереелерден ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
Балабақшада Наурыз мерекесінде
қандай ұлттық ойындар ойнайды?
Қимыл – қозғалыс ойыны: «Ханталапай»
Ойын шарты: асық шашылады, балалар жинап алады, сақа кімнің қолына түссе сол ойынды бастайды. Тигізе алмай қалған бала педагогтің тапсырмасына ауап береді. Ойын жалғасады.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп – өніп толаыз.
Күнге қарай талпынып
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз
Қарылғаштай самаймыз.
Дидактикалық ойын: «Наурызкөже дайындау үшін не қажет»?
Ойн шарты: балалар суретте Наурызкөжеге қажетті таамдарды ай қарандашпен сызып көрсету керек.
-Көктем.
-8 наурыз аналар мерекесін.
Балалар әженің наурыз туралы әңгімесін тыңдайды.
Балалар педагогті назар салып тыңдайды.
-Наурыз мерекесінде наурызкөже пісіріп ұлттық ойындар ойналады.
Арқан тарту, теңге алу, қыз қуу.
Балалар ойынды бірлесе ойнайды.
Реф- түзетушілік
Сабақты қорытындылау:
Наурыз мерекесінің ерекшелігін балалардың өз ойларымен толық айтып беруін сұрау.
Наурызкөже қандай дәндерден жасалады?
Наурызкөжені кімдер асайды?
Балалар жауап береді.
Балалар сабақтан алған білімдері арқылы сұраққа жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Наурыз мерекесінде әжелер пісіретін наурызкөженің жасалу жолдарын біледі;
Түсінеді: Наурыз қазақ халқының ұлттық мерекесі екенін түсінеді;
Қолданады; «Наурызкөже» туралы дидактикалық ойынды;
Мақсаты: Балаларға көңіл күй сыйлау, бір-біріне деген сезімталдығын білдіру. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мот-лық қозғаушы
Шаттық шеңбер:
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Келген қонақтармен амандасайық балалар .
Балалар адам жанның жүрегінің кілті – біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға ата-анамызға тәрбиешілерге күлімдеп жадырап көңілді жүрсек біз мейрімді ақылды болып өсеміз. Олай болса:
Ел басымыз аман болсын!
Алғыс айтам оларға,
Ата-ана аман болсын!
Ризамын мен оларға.
-Сендердің көңіл күйлерің қалай?
Ойын жаттығу: «Өз күлкіңді көршіңе сыйла».
Мен бүгін жақсы көңіл күйдемін. Сол жақсы көңіл күйімді сендерге сыйлағым келіп тұр. (тәрбиеші қасындағы балаға күліп қарайды, ол келесі балаға күледі). Осы күлкі арқылы не сездіңдер?
Балаларға арналған видео ролик көрсету.
Балалар келген қонақтармен амандасады.
Балалардың жауаптары.
Балалар бәрі бірге қайталайды.
-Жақсы.
Өз ойларымен жауап береді.
-Жылылықты.
-Достықты.
-Ризашылықты.
Балалар тамашалайды.
Ұйым-іздестіру
Кіріспе әңгіме:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
Ай аттары?
Көктемде қандай ерекшеліктерболады?
Балалар «1-Наурыз Алғыс күні» аталынып өткелі жатыр. Мысалы балалар алғысты біз қай кезде айтамыз яғни үлкендер бізге жақсылық жасағанда алғыс айтамыз, ал біз қай кезде риза боламыз, яғни балаларға папалары үлкен машина алып бергенде, ал қыздарға мамалары әдемі қуыршақ алып бергенде риза боламыз.
Ал балалар сендер өздерінің ата-аналарыңды қалай риза қылғыларың келеді?
Балалар сендер риза болғанда оны қалай білдіресіңдер?
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Сиқырлы гүл».
Мен бүгін топқа кірсем Бектің орындықта көңіл күйсіз отырғанын көрдім.
-Оның көңіл күйі неге жоқ, қалай ойлайсыңдар?
Ойын шарты: ортада Бектің суреті ілініп тұрады, балалар біртіндеп жапырақтарды алып, оның жан-жағына іле бастайды. Балалар көздерін жұмып теріс қарайды. Сөйтіп ашулы баланың суретінің орнына көңілді Бек ілінеді.
Ойын жаттығу: «Мені еркелет».
Балалар өкпелі тұрған баланы сөйлетуге оны риза қылуға болады. Ортаға бір баланы шақырайық. (музыка ойнайды).
Бір бала орындықта отырады. Қалған балалар оны еркелетіп басынан сипайды.
Балалар бастарыңды жоғары көтеріңдер. Не деген керемет! Аспандағы керемет көріністер. Олар маған көңіл күй береді.
Сендерге қалай әсер етті?
Ғажайып сәт: Қоян келеді.
Осы кезде қонаққа қоян кіріп келеді. Ол балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап ойын ойнатады.
Жаттығу: «Мейрімді сандық».
Періште сендерге сандық жіберіпті , бірақ іші бос екен. Сандықтың ішін мейрімді сөзбен толтырып өзіне қайтарайық. (балалар өздерінің мейрімді сөздерін айтады.)
Үстел үстімен жұмыс:
Риза болып тұрған смайликтерді жапсыру.
-Көктем
-үш айдан.
-Наурыз, мамыр, сәуір.
Әрине күн жылына бастайды, қар ериді, құстар жылы жаққа ұшып келеді.
Балалар тыңдайды.
Балалардың жауаптары.
Балалар өз ойларын айтады.
Балалар ойынды бірлесе ойнайды.
-Мейрімділікті.
-Ризашалықты.
Риза болып қалдық.
Балалар қоянмен бірге сандықты мейрімді сөздермен толтырады.
Реф-түзетушілік
Міне біздің ойындарымыз да, оқу іс-әрекетімізде аяқталды. Сұрақ-жауап арқылы балаларды ойларын пысақтау. Балаларды мадақтау.
Балалар өз ойларын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: «1-Наурыз Алғыс күні» ретінде аталынып өтетінін.
Нені игереді: Алғыс, сыйластық, ризашылық туралы ұғымдарды.
Нені біледі: Өз ойларынша сұрақтарға жауап беруді.
Мұнайлы ауданы №10 «Ақбота» балабақшасы
(тақырыптық оқу іс-әрекет)
Тексерген: Р.Текеева
Тәрбиеші: А.Жупбанова
2015-2016 оқу жылы
Күні: 14.03.2016ж
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Амал келді, жыл келді!».
Мақсаты: Наурыз мерекесі, оның ерекшелігі туралы айтып, ойлау әрекетін дамыту; Салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптар туралы ұғындыру, оны бағалап құрметтей білуге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекет
кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мот-лық
қоз-лық
Шаттық шеңбер:
Наурыз келді балалар,
Көктеді қыр жағалар.
Наурық тойын тойлайық,
Жаңа жылда, ағалар!
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне Наурыз туралы жылы сөздер айтып амандасады.
Ұйым-лық
ізденістік
Кіріспе әңгіме:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Жақында қандай мереке тойладық?
Көктемнің ең алғашқы мерекесі – аналар, әжелер мерекесі.
Балалар, барша адамның көптен күтетін жыл мезгілі – көктем де келді. Көктемде Жер – Ана, табиғат – барлығы ерекше әдемі болып кетеді. Көктемде ең тамаша мерекелердің бірі – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлаймыз. 14-ші Наурыз күні балалар адамдар бір – бірімен көріседі. Яғни кішілер үлкендердің үйне барып көрісіп, жылдан-жылға аман-есен жете берейік деп, жақсы лебіздерін білдіреді екен. Наурыз мерекесінде пісірілетін асты наурызкөже дейміз. Наурызкөже қыстық қалған сүрленген еттен, дәнді дақылдар қосылып жасалады. Оған қатық немесе айран қосады.
-Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
-Балабақшада Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар ойналады?
-Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
Қимыл – қозғалыс ойын: «Ханталапай».
Ойын шарты: асық шашылады, балалар жинап алып сақа кимнің қолына тусе сол ойынды бастайды. Тигизе алмаған бала педогогтің тапсырамасына жауап береді.
Ғажайып сәт: «Әже» қонаққа келеді.
Дидактикалық ойын: «Наурызкөжені дайындау үшін не қажет!»
Ойын шарты: балалар суреттен наурызкөжеге қажетті тағамдарды қарандашпен сызып көрсету керек.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп – өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарылғаштай самғаймыз.
Көктем.
8-наурыз аналар мерекесін тойладық.
Балалардың жауаптары.
-Наурыз мерекесінде наурызкөже пісіріп, ұлттық ойындар ойналады.
-Арқан тартыс, теңге алу, қыз қуу.
-Тұсаукесер, бесікке салу, сүндет той.
Балалар бірлесе ойнайды.
Балалар әженің наурызкөже туралы әңгімесін тыңдайды.
Балалар ойын шартын назар аударады.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар қимыл-қозғалыспен орындайды.
Реф-лық түзетушілік
Сабақты қорытындылау:
Наурыз мерекесінің ерекешелігін балалардың өз ойларымен толық айтып беруін сұрау.
-Наурызкөже қандай дәндерден жасалады?
-Наурызкөжені кімдер жасайды?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Наурыз мерекесінде әжелер пісіретін наурызкөженің жасалу жолдарын біледі.
Түсінеді: Наурыз қазақ халқының ұлттық мерекесі екенін түсінеді.
Қолданады: «Наурызкөже» өлеңін мәнерлеп жатқа айтып береді.