kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Реттік санау, санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Реттік санау, санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту.»

Ұйымдастырылған оқу –әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным».

Тақырыбы:реттік санау,санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту.Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.

Бөлімі:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Мақсаты:реттік санауды түсіндіру, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету;санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын түсіну;заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,демонстрациялық көрнекіліктер,ойын,практика.

Қажетті көрнекі құралдар:көліктер суреті, цифрлар ,геометриялық фигуралардан құрастырылған көліктер.

Оқу іс-әрекетінің кезендері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балалар бүгін қонаққа қуыршақ Жәйна келді.

-Сәлеметсіз бе балалар.Мен сендерге қызықты тапсырмалар әкелдім.Қолымда алтын сандық бар,ол сандық ғажайып тапсырмалар мен толы.

Қуыршақ Жәйна алтын сандықты ашып тапсырманы алып шығады.

-Балалар дөңгелене тұрамыз бір-бірімізге жылы лебіздерді білдіреміз.

Куанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Балалар қуыршақ Жәйнамен амандасады.








Балалар бір-біріне жылулық тілектерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Қуыршақ Жәйна балаларға сандарды қайталатқызады.(1-5),екі тілде.Тақтада әр санға заттар ілініп тұрады:(Бір дегенде қуыршақ,екі дегенде дөңгелек,үш дегенде үшбұрыш,төрт дегенде төртбұрыш,бес деген де бес шар.


Билингвалды компонент:

Бір-один,екі-два,үш-три,төрт-четыре,бес-пять.

Көліктер-машиналар,автотұрақ-стоянка,дөңгелек-круг,үшбұрыш-треугольник.


1-тапсырма.

-Ал енді балалар дәптерді ашамыз,дәптердегі тапсырмаларды орындаймыз.

-Балалар,авто-тұраққа кіріп бара жатқан көліктерді бояндар.

Біріншісі қызыл түспен,екіншісі сарымен,үшіншісі жасылмен.

-Авто-тұраққа барлығы неше көлік кірді?

-Педагог авто-тұрақтан шыққан кезде соңғы көлік бірінші,ал бірінші көлік соңғы болатын айтады.

Қуыршақ Жәйна авто-тұрақтан шығып келе жатқан көліктерді бояуға тапсырма береді.

-Жасыл көлік авто-тұрақтан нешінші болып шықты?

-Ал қызыл ше?

-сары көлік нешінші болып шықты?


Сергіту сәті.

Оңға бір қадам,

Солға бір қадам

Айналып билейміз.

Алға бір қадам,

Артқа бір қадам

Айналап билейміз.

2-тапсырма.

Қуыршақ Жәйна сұрақ қойып,тапсырма береді:

-Үшбұрышта неше дөңгелек бар?

-Дөңгелекте неше шаршы бар?

-үшбұрыштағы,дөңгелектегі фигуралар санына сәйкес келетін цифрды бастырып жазыңдар?



3-тапсырма.Постер –«Көліктің бөлшектерін жабыстыру».

Балаларға көліктердің суретін көрсетеді:

Балалар, суретші көліктің суретін салды.Бірақ басқа затқа алаңдаймын , кейбір бөліктерін салуды ұмытып кетіпті.Жоғарыда тұрған көлікті мұқият қарап шығып, төмендегі көлікке жетпей тұрған бөлшектерді жабыстырып шығайық.




Балалар санайды.






Сөздерді екі тілде қайталайды.











Балалар көліктерді бояйды.


Авто-тұраққа үш машина кірді.







бірінші


екінші,үшінші.

Балалар жауаптарын береді.


Қимыл-қозғалыспен көрсетеді.








Бес дөңгелек.

Бес шаршы.

Әртүрлі орналысқанына қарамастан дөңгелекпен шаршының саны тең.




Балалар көліктерге жетпей тұрған жерлерін жабыстырып шығады.

Рефлексиялық-түзетушылық.

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Куыршақ Жәйна балаларға сабаққа белсенді қатысқан үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмыстарын қуыршақ Жәйнаның қолындағы үлгімен салыстырады.



Күтілетін нәтиже:Біледі:5 цифрын; реттік санауды;санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын; Игереді: «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруді, таңыс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыруды.

Меңгереді:санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы.



































Қызыл Қазақстан орталау мектебі















«Балдырған» атты шағын орталығы

Тақырыбы: «Реттік санау,санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту.Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.









Тәрбиеші: Айтпаева Жанар Ержановна.

















2017 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Айтпаева Жанар Ержанқызы

Дата: 06.02.2017

Номер свидетельства: 388444


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства