Мотивациялық- қозғаушылық | « Шаттық шеңбері» Көңілденіп күлемін Бақытты боп жүремін. Бәрін біліп алатын, Мен ақылды баламын. -Балалар, қандай қазір жыл мезгілі? -Неше ай бар бір жылда? -Бір аптада неше күн бар? Тәрбиеші қолдан жасалған әдістемесі бойынша апта күндерін қайталайды. « Апта деген ағайдың Жеті бірдей ұлы бар. Біріншісі- дүйсенбі Екіншісі- сейсенбі Үшіншісі- сәрсенбі Төртіншісі- бейсенбі Бесіншісі- жұма Алтыншысы- сенбі Жетіншісі- жексенбі». | Қол ұстасып, шеңберге тұрып, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады. Балалар сұрақтарға жауап береді. Апта күндерін қайталайды. |
Ұйымдастыру –іздестіру. Рефлексивті- түзетушілік. | - Балалар, есікті біреу қағып тұрған сияқты./ Топ ішіне Білім ханшайымы келеді/ Қолында әдемі оралған,кішкентай қорапшаларды көрсетеді: -Балалар, мына әдемі қорапшаларға қараңдаршы.Ішінде не бар деп ойлайсыңдар? Оны білу үшін сыртынан тыңдап көрейік. Бір бала келіп қорапты құлағына жақындатып тыңдайды.Аудиожазбадан масаның ызылдағаны естіледі. - Ненің дауысы деп ойлайсың? Осы ретпен балаларға көмектесе отырып қораптардың ішіндегілердің не екенің тапқызады. Дұрыс атаған сайын ішіндегі ойыншықтарды шығарып отырады. Тәрбиеші: -Жақсы, балалар! Ойын сендерге ұнады деп ойлаймын. Ал сендер, Білім ханшаймына не дайындадыңдар? / Өлең, тақпақтар, жұмбақтар/ 1. Қабат-қабат қапталған Асыл сөзбен апталған Парағы бар сөйлейтін Ол қазына өлмейтін. / Кітап/ 2. Гүл өсірсең терлеп Мұның аты – еңбек. Кесте тіксең зерлеп Мұның аты – еңбек. Қырға шықсан өрлеп Мұның аты- еңбек. Сабағына жөндеп, Әзірлеңсен - еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек! . Дидактикалық ойын: «Жануарлар қалай дыбыстайды? Мақсаты: өздеріне айтқызу арқылы кей дыбыстардың жіңішке, кей дыбыстардың жуан айтылатынын түсіндіру. Аю, арыстан, қозы, лақтың суреттерінен слайд көрсету. Аю қандай дыбыс шығарады деп ойлайсыңдар? Ал, кішкентай нәзік қозы қалай дыбыстайды? Бұзау қалай дыбыстайды? Міне , көрдіңдер ме, дыбыстардың кейбіреуі жуан, кейбіреуі жіңішке естіледі екен. Білім ханшайымы дыбыстар туралы айтады. олардың кейбіреулері созылады, кейбіреулерін созып айтуға келмейді, Дыбыстарды біз естимыз,айтамыз. Тіс пен тіл ауыз қуысында орналасқан. Дыбысты айтқанда ауа біздің өкпемізден аузымыз арқылы шығады. Тапсырма: Төрт дыбыстан сөз құрастыр. Сергіту сәті: Батыл, епті баламыз, Көкке ұшып барамыз. Жымыңдаған жұлдызды Теріп, теріп аламыз. Дидактикалық ойын: «Сөз ойла» Мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиеші бір дыбысты айтады да, допты бір балаға береді.Бала сол дыбыстан басталатын сөзді тез айтып, допты қайтарып береді. Ойын осы ретпен жалғасады. «Ішіне- сыртына» стратегиясы бойынша жұмыс жасау. / ішіне- дауысты дыбыстардың таңбасын салады, сыртына –дауыссыз дыбыстар таңбаларын./ Білім ханшайымы балаларға жұмыс дәптерін таратады. Дәптермен жұмыс. Дәптердегі суреттер бойынша жұмыс жүргізеді. Саусақ жаттығуы. Ну тоғайда, орманда Аю жүрер қорбандап. Тікірейтіп тікенін, Кірпі жүрер жорғалап. Кел, жазайық. Қарындашты дұрыс ұстауды,түзу отыруды қайталайды. Тапсырманы орындатады. « Бес жолды өлең» құрастыру стратегиясы. Не? | Балабақша | Қандай? | Керемет, әдемі | Не істейді? | Онда оқиды, ойнайды. | Не үшін? | Балалар күні бойы онда болады. | Ой түйіндеу. | Балабақша – біздің екінші үйымыз, мұнда біз оқимыз, ойнаймыз. | Білім ханшайымы қоштасып кетеді, балаларды мақтап, сыйлық ретінде жұлдызшалар таратады. Қорытынды бөлім: Балалар, қонаққа бүгін кім келді? « Инсерт» стратегиясы «+» білемін «-» білдім « ?» білгім келеді таңбалары арқылы қорытынды жасау./ әр бала өз пікірін айтады/ Балалар орындарынан тұрады: Орнымыздан тұрайық Шеңбер құрып алайық ! Көріскенше күн жақсы Сау-саламат болайық! | Білім ханшайымының қолындағы кішкентай қорапшаларды тамашалайды. Қорап ішінен шыққан дыбыстарды тыңдайды. Балалар Білім ханшайымына білген өлеңдер, жұмбақтарын айтады. Жануарлардың суреттерін тамашалап,даустарын салады. Балалар мұқият тыңдайды. Қимылмен көрсетеді. Балалар ойынға қатысады. Тапсырмаларды орындайды. Саусақтар гимнатикасын жасайды. Үлгі бойынша өлең жолдарын тәрбиешімен бірге жа сайды. Балалардың жауабы тыңдалады. Таңбаларды көтеріп өз ойларымен бөліседі. Балалар өлең жолдарын айтады. |