kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Өзін-өзі тану" сабағынан "Достық планетасы" тақырыбындағы конспект

Нажмите, чтобы узнать подробности

в данном конспекте воспитывает детей понятии о дружбе, быть честным и добрым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Өзін-өзі тану" сабағынан "Достық планетасы" тақырыбындағы конспект»



Жоғарғы топқа арналған өзін-өзі тану сабағының конспектісі



Тақырыбы: «Достық планетасы»

Мақсаты: Балаларға достық туралы түсінік беру, достықта адал болуға,мейірімді

болуға тәрбиелеу, қойылған сұраққа мағыналы жауап беруге үйрету.

Әдістері: жаттығулар, ойын, ұжымдық жұмыс.

Көрнекіліктер: хрестоматия, табиғат дауысы аудиожазбасы, мультфильм

«мысық Леопольд», интерактивті тақта, ойыншық телефон,

глобус, фломастерлер, әдемі открыткалар, әртүрлі нәсілдегі

балалардың суреттері, альбом


Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері

Балалар көздерін жұмып, қолдарын бір-бірінің иықтарына қойып, шеңберді айналып жүреді.

Шеңберінде достықтың біз жүреміз,

Досымызға әрқашанда сенеміз.

Бірімізге біріміз біз күнде де

Көмектесіп, қамқор болып келеміз.

Жарайсыңдар балалар, бір-біріңізге сенгендіктен шеңберде құламай, бір-біріңе кедергі жасамай, тақпақты да шатаспай айттыңдар. Әрқашан осылай бір-біріңізге сеніп жүргендерің жақсы.

Әңгімелесу

Армандаймыз.

  • Қане балалар бір-біріңнің нағыз достарыңды қастарыңа шақырыңдар, біздер басқа Планетадағы достарымызбен кездесуді армандайық.

  • Енді көзімізді жұмып өзге Плпнетаны елестетейік

(аудиожазбадағы «Табиғат әуенін» тыңдау).

  • Достық Планетасана достарымызбен саяхатқа барғанымызды елестетейік.

  • Планетаны қалай елестетесіз?

  • Онда кімдер тұрады?

  • Достық Планетасындағы адамдар бір-біріне қандай сөздер айтады?

  • Біздің саяхаты мыз аяқталды балалар

  • Елестеттіңдер ма?Қане айтып беріңіздер кім не елестетті?(балалардың жауабы)

  • Сіздерге рахмет балалар, сіздердің қиялдарыңыз ұшқыр, шексіз екен. Мен сіздердің әңгімелеріңізден рахаттанып қалдым.

  • Енді балалар қызықты ойын ойнайық Сергітуойын «Нағыз дос –бұл ...» деп аталады

(жақсы дос туралы айтылғанда балалар шеңбер айналып шапалақтайды, ал жаман адам туралы айтқанда отыра қалады)

«Шықшы, шықшы шеңберден,

Нағыз адал досымдай.

Шықшы, шықшы шеңберден,

Нағыз шыншыл досымдай.

Шықшы, шықшы шеңберден,

Нағыз жаман адамдай.

Шықшы, шықшы шеңберден,

Мейірімді досымдай.

Шықшы, шықшы шеңберден,

Нағыз сараң адамдай.

Шықшы, шықшы шеңберден,

Нағыз менің досымдай.»

Ойын осымен аяқталды, Нағыз достар анықталды.

  • Енді балалар сіздерді «Мысық Леопольд» мультфильмін қарауға шақырамын.

(Балалар мультфильм қарайды.)

-Балалар сендерге мультфильм қараған ұнады ма?

-Не түсіндіңдер?

-Мысық Леопольд қандай мысық?

-Тышқандар неге оған жамандық жасайды?

-Мысық Леопольд оларды неге кешірді?


  • Келесі жаттығу «Сыйқырлы телефон» деп аталады.

(Маман балаларға телефонның тетікшесін басып Достық планетасына соғуды көрсетеді. Оларға амандасып алып, достық туралы кез келген сұрақтар қоюға болатынын айтады. Сұрақтарға маман жауап беріп тұрады). Балалар амандасып болғасын өздерінің сұрағын қояды.

-«Сәламатсыз ба! Өтінемін айтыңызшы дос сараң болуға бола ма?»

-«Қайырлы күн! Айта қойыңызшы сіздің Планетада достар ұрсыса ма?»

-«Ал олар қалай достасады?»

-«Сізбен танысқаныма қуаныштымын. Өтінемін айтыңызшы сіздердің

Планетаңызда қандай жануарлар өмір сүреді? Сіздер оларды жақсы

көресіздер ме, қамқорлық жасайсыздар ма?»

  • Жарайсыңдар балалар. Сіздер сұрақтарды да жақсы қойдыңыздар. Әсіресе маған сыпайы амандасқандарың ұнады.


Дәйексөз

«Достық – асыл қасиет» (балалар маманмен бірге дәйексөзді қайталайды. Маман осы сөздің мағынасын балаларға түсіндіреді)

Шығармашылық жұмыс.

  • Балалар қазір біздер мына әдемі қиындылармен Достық Планетасының балаларына әдемі открытка жасайық. Олар сіздердің жасаған әдемі открыткаларыңызда көріп қатты қуанатынына мен сенімдімін.

  • Сіздердің столдарыңызда әртүрлі құралдар жатыр. Соның ішінен өздеріңе ұнаған ең әдемісін алып менің қолымдағы үлкен открыткаға жапсыра қойыңдар. (алдын ала түрлі түсті ленталар, фломастерлер, гүлдердің, күннің жұлдыздардың қиындылары дайындалған).

  • Қандай керемет открытка. Өте әдемі, көзтартымды болыпты. Кане енді айтып беріңіздерші кім қай қиындыны не үшін жапсырды, несімен ұнады?

(балалар өздерінің ойларын айтады)

  • Ал енді балалар сіздердің сол Достық Планетасындағы достарыңа қандай тілектерің, жақсы сөздерің бар соны айта қойыңдар мен открыткаға жазып жіберейін. (балалар айтады, маман жазады)

  • Жарайсыңдар балалар. Мен Махаббат Перизатына беріп жіберемін, ал ол Достық планетасына жеткізеді.


Ғажайып сөздер

Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталайды.

Мейірімді дос, шыншыл дос, адал дос.


Қорытындылау.

Балалар бүгін біз дос туралы, достық туралы көптеген әңгіме айттық. Мультфильм қарадық. Жақсы көрген досыңа айтатын жақсы сөздерді тағы есімізге алдық. Досы жоқ адамға өмір сұру қиын болатыны түсіндік.


Жүректен жүрекке.

Дос туралы жақсы сөздер көп екен,

Нағыз достар бірін-бірі ренжітпеген.

Шыншыл, ашық, нағыз досты бағалаймыз,

Доссыз өмір сүрген де қиын екен.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Өзін-өзі тану" сабағынан "Достық планетасы" тақырыбындағы конспект

Автор: Курманиязова Сая Саиновна

Дата: 18.05.2018

Номер свидетельства: 470100


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства