Мотивациялық қозғаушы | I Шаттық шеңбері. Балалар тәрбиешімен Х. Талғаровтың «Дос болайық бәріміз» өлеңінің бір шумағын бірігіп айтады. Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. | Шаттық шебер жасайды. Балалар өлең айтады. |
Іздену ұйымдастырушылық | II. Шығармашылық жұмыс. Әңгімелесу. Балалар, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы «Достық» аялдамасына назар аударайық. Бұл аялдамада біз «Дос» және «Достық» туралы әңгімелесіп, қалай достасу керектігін үйрнеміз. Қане, осы аялдамаға суретке қарап әңгіме құрастырайық. Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Жалғыз ойнасақ, алғыз серуендесек, алғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін біздерге дос, жолдас керек. III. Дәйексөз. Тәрбиеші «Дос – бәрінен де қымбат» деген мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. IV. Өзіммен- өзім. Балаларға өздерінің жақсы достары жайлы ойлау тапсырылады. Ол өзінің күнделікті өмірдегі достасып жүрген адамы, егер ондай досы болмаса, өз қиялындағы досы, немесе кіммен дос болғысы келетінін ойлау тапсырылады. - Өзімізге досты қалай табамыз? - Неліктен дос керек деп ойлайсыңдар? Ойын: «Досыңды тап». Мақсаты:. Өзара сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балалары көздері таңылып, өздостарын танып, табу ұсынылады. Олар өз досын қолын, шашын, киімдерін ұстап сипау арқылы табады. Достарын тапқан соң орындарына отырады. Қимылды ойын. «Поезд». V. Дәптермен жұмыс. - «Достасу қадамдарын» үлкендермен бірге оқыңдар. Қадамдарды өздеріңе ұнайтын түстермен бояңдар. Сергіту сәті. «Сұр қоян». VI. Жағдаяттар шешу. Тәрбиеші жағдаяттарды оқып рет- ретімен шешкен кезде бір- бірімен достаса білу ережесін құрастыратындарын айтады. | Балалар тәрбиешіні тыңдап, суретке назар аударады. Балалардың жауаптары тыңдалады. Тәрбиешіне тыңдайды. Балалар өз жауаптарын айтады. Балалар ойынға барлығы қатысады. Балалар дәптермен жұмыс жасайды. Балалар өз жауаптарын айтады. |
Рефлексифті түзетуші | Қорытындылау. VII. Жүректен жүрекке. | Балалар шеңбер жасап ән айтады. |