kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Өзім туралы"оқу іс-әрекеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы:Өзім туралы

Мақсаты:Заттарды топтастыра суреттеп айтуға,ыдыс аяқ түрлерімен таныстыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Өзім туралы"оқу іс-әрекеті»

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Өзім туралы

Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз

Мақсаты:

А) Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету, ыдыс – аяқ түрлерімен таныстыру.

Ә) Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру;Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға , әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.

Б) Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ыдыс - аяқтар – посуды, ас үй – кухня, асхана – столовая.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, мазмұнды – рөлді ойын құрадары, ыдыс – аяқтардың суреттері, гүлдер.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.


Балалар шаттық шеңберін орындайды.

- Сәләмәтсіздар ма?

- Здравствуйте?

- Gud morning?


Ұйымдастырушы

ізденуші

Гүл шоғы» ойынын ойнату.

Мақсаты: балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Қолданылуы: Ортада тұрған құмыраға өз есімдерін айтып, қолдарындағы гүлдерін салады.

- Балалар бұл не?

- Дұрыс айтасыңдар.

- Енді не істейміз бұл гүлді?

- Балалар сендердің үйлеріңе қонақтар жиі келе ме?

- Сендер үйге келген қонақпен қалай амандасасыңдар?

Дұрыс балалар, амандасамыз, қал- жағдайын сұраймыз.

Үстел басына шақырамыз.

- Үстелге не төсейміз?

- Дастарқанға не қоямыз?

- Тағамдарды неге саламыз?

- Ыдыс –аяқтардың қандай түрлерін білесіңдер?


Жарайсыңдар балалар, осы ыдыстырдың түрлерімен жақын танысу мақсатында біз қазір сендерге күнде дәмді тағам дайындайтын аспазшыға саяхат жасайықшы.


- Сәлеметсіз бе аспазшы?

- Балалар мен сендерді ыдыс- аяқтардың түрлерімен таныстырамын.

Кәстрөл – ет, сорпа дайындауға арналған үлкен ыдыс.

Шәйнек – шай ішуге арналған, оның ішіне сендер күнделікті ішетін сок немесе кисель құюға болады.

Таба – жұмыртқа пісіруге, рожки, картоп пісіруге арналған.

Тәрелке – дайын тағамды салуға арналған.

Кесе – шай ішуге.

Қасық –тамақ жеуге.

Шанышқы – тамақ жеуге арналған.

Қасық тәрелкенің оң жағында, ал шанышқы сол жағында тұруы тиіс.

Пышақ – нан кесуге, ет турауға арналған.Пышақты балаларға қолдануға болмайды.

Ыдыстардың түрлеріне тоқталу:

Дидактикалық ойын:

«Түріне қарай топтастыр»

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін арттыру, шапшаңдыққа баулу.

Шарты: Үш бала қатысады..Қысқы киімдер, ыдыстар, үй жиһаздарын ажыратып жинау керек.

Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз


құмыра және гүл

- келген қонақтарға сыйлайықшы.


- иә

- ұлдар «ассалаумағалейкум»

- қыздар «сәләматсыз ба?»




- Дастарқан.

- Дұрыс айтасыңдар.

- Дастарқанды үстелге немесе жерге төсейміз.

- тағамдар қоямыз.

- ыдыстарға

- кәстрөл, шәйнек, таба, тәрелке, шанышқы, қасық, кесе, тасқұман т.б түрлері өте көп екен.


Балалар аспазшыға баратынына қуанып келіседі.




– Сәлеметсіңдер ме?




Кәстрөл – ет, сорпа дайындауға арналған үлкен ыдыс.

Шәйнек – шай ішуге арналған, оның ішіне сендер күнделікті ішетін сок немесе кисель құюға болады.

Таба – жұмыртқа пісіруге, рожки, картоп пісіруге арналған.

Тәрелке – дайын тағамды салуға арналған.

Кесе – шай ішуге.

Қасық –тамақ жеуге.

Шанышқы – тамақ жеуге арналған.

Қасық тәрелкенің оң жағында, ал шанышқы сол жағында тұруы тиіс.

Пышақ – нан кесуге, ет турауға арналған.Пышақты балаларға қолдануға болмайды.

- темір, қола, әйнек, қауырсын.



Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.







Рефлексивті

коррекциялаушы

Қол ұстасып құрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы ,

Сау – сәләмәт болайық.

Өлең

жолдарымен оқу қызметін аяқтайды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ыдыстарды және олардың атқаратын қызметін білуі;

Игереді: жаңа сөздерді, ізгі сөздерді айтуды;

Меңгереді: ыдыстардың түрлерін ермексазбен мүсіндеуді, субояқпен бейнелеуді.



















Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Өзім туралы

Тақырыбы: Уақыт пен кеңістікті бағдарлау

Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық ұғымын қалыптастыра отырып,санауды геометриялық пішіндерді білуге үйрету, .Логикалық ойын дамыту.

Әдіс-тәсіл: көрсету,түсіндіру,санау,ойын

Көрнекілік: 1-10-ға дейінгі сандар геометриялық пішіндер.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Қуан,шаттан,алақай.

Қуанатын кез келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме,балалар!

· Еліміз аман болсын!

· Аспанымыз ашық болсын!

· Өте жақсы.Жарайсыңдар балалар!

Сендер тату-тәтті дос екендеріңді білдіріп бір-бірлеріңе жақсы тілектер айттыңдар!

Шеңберде тұрып орындайды, сәлемдеседі

Деніміз сау болсын!

Анамыз ауырмасын

Үш дегенім-үйім

Үйде жақсы күйің

Бақшадан да қалма

Тап-таза боп киін

Жаз,күз,қыс,көктем

Күз


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар біз бүгін қарапайым математика ашық оқу қызметінде тақырып,  «Уақытты бағдарлау» мен танысамыз.

Балалар уақыт бағдарлау 6-кезеңге бөлінеді.

1.Таңертең

2.күндіз

3.Түс

4.бесін

5.кеш

6.Түн

Балалар бәріміз бері қарайықшы.Бүгін бізге сиқырлы сандық қонаққа келіпті.

Сиқырлы сандықты ашсақ ішінен не шығар екен?

Сандықтың ішінде неше түрлі тапсырмалар бар екен.

· Қане,тапсырмамен танысып көрелік.

І-тапсырма

· Жылдың төрт мезгілін ата?

· Қазір жылдың қай мезгілі?

· Бір аптада неше күн бар?

ІІ-тапсырма

1-10ға дейін тура және кері сана.

ІІІ-тапсырма

Геометриялық пішіндерді ата?

· Балалар төртбұрыш қандай затқа неге ұқсайды?

· Дөңгелек неге ұқсайды?

· Үшбұрыш неге ұқсайды

· Логикалық ойындар

Оң қолымда үш алма

Сол қолымда екі алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?

-Өте жақсы,балалар жарайсыңдар!

Уақытты бағдарлау туралы тақпақтар айтамыз.

· Ұйқымыздан тұрамыз

Беті-қолды жуамыз

Әкемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз

Бұл қай кез болады балалар? (таңертең)

· Сабақ оқып, ойын ойнап,

Серуендеп қайтамын

Тамағымды ішіп

Түсте ұйықтап жатамын. (Күндіз)

· Біз тәртіпті баламыз

Сабақты да оқимыз

Серуенге шығамыз,қыдырамыз

Бұл қай кез? (Түс)

· Ұйқыдан тұрып,беті- қолды жуып

Төсекті жинап тазалықты сақтап,

Таза ауа жұтып,кешкісін үйге қайтамын

Бұл қай кез? (Бесін)

· Күн батады қызарып,

Мамамызды күтеміз

Бұл қай кез? (Кеш)

· Үйге келіп кино көріп

Ойыншықтарды жинастырып

Беті-қолды жуып,тісімді тазартып

Ұйықтауға жатамын

Бұл қай кез? (Түн)

Сандықпен қоштасу: сиқырлы сандықтың тапсырмасын орындап болсақ,сандықпен қоштасайық.балалар біз бүгін 1-10ға дейінгі сандар мен таныстық.Пішіндермен таныстық.Енді осы пішіндерден шайнек құрастырып жапсырайық.

Дидактикалық ойын: Кім жылдам?

Мақсаты: балалар қолының ұсақ қимылдарын дамыту.Түстерді ажырата білуге үйрету.






















Орындыққа, т.б

Алма,доп

Тау

Екі қоян болыпты

Сәбіз жинап теріпті

Біреуі қорқып қашыпты

Неше қоян қалыпты

Жауаптары тыңдалады

Іс-қимыл әрекетпен орындайды.

Сиқырлы сандықпен қоштасады.

Дидактикалық ойындарға жауап береді.

Сандық

Балалар қуанады







Мен қолдарымды жазамын

Суға сүңгіп аламын

Суда жүріп жүземін

Оң қолымды бір қағып

Сол қолымды бір қағып

Қолдарымды қатайтып

Мен азамат боламын.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар біз бүгін оқу қызмет барысында не үйрендік?

Қонаққа кім келді?

-Өте жақсы балалар!

-бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін күннің кәмпиттен жасалған шуағы арқылы бағалаймын.


Балалар

қуанады

Күтілетін нәтиже:

Біледі:1-10ға дейін тура санауды

Игерді: Дидактикалық ойындарды

Меңгерді: есту арқылы санай білуді,уақытты бағдарлауды меңгерді.


Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Драма

Апта тақырыбы: Өзім туралы

Тақырыбы: Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Мақсаты:

1.Білімділік: балалардың дағдыларын тереңдету, балаларға ұлттық салт- дәстүрді үйрету.

2. Дамытушылық : балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру, аңғарымпаздыққа, зеректікке баулу.

3. Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

   Оқу іс- әрекетінің тәсілдері: ойын, сұрақ – жауап, қорыту.

   Көрнекіліктер: ата мен баланың, жабайы аңдардың, үй жануарларының суреттері.

  Сөздік жұмыс: ізет, құрмет.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Психологиялық сәт:

Армысың, алтын күн!                                           

Армысың, асыл жер!                                             

Армысың, жан досым!                                             

 Жылуыма жылу қос,                                           

Міне, менің қолым!

 

 - Балалар, бір- бірімізге жылы жүзбен қарап, қуаныш сыйлайық. Осы алған күш-қуатымызбен     оқу қызметін бастайық.

 -Қай Республикада тұрамыз?

 - Бас қаламыз қандай қала?                                     

 -Елбасымыз кім?

  -Бір аптада қанша күн бар?

 Сергіту сәті.

  Балаларға Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» атты әңгімесі оқылады.   

  Әкесі тағаны неліктен алдырғысы келді? 

 Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсыңдар?  

 Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?       Әкесі баласына қандай ақыл айтты?


Балалардың жауабы)

 

 

 (Балалардың жауабы)     

 
 (Балалардың жауабы)

 

 

 

(Балалардың жауабы)     

 

: Алдын үлкен кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Жөніменен кішілік

Әдеппенен қол берем.

:

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз,

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.



Ұйымдастырушы

ізденуші

Ал енді, балалар, қазір ойын ойнайық, ойынның аты «Үй жануарлары мен жабайы аңдарды тап» -аталады.

Шарты: Үстел үстінде жабайы аңдар мен үй жануарларының суреттері аралас қойылады, еқі бала тқтаға шығып, біреуі үй жануарларын, екіншісі жабайы аңдарды тауып, тақтаға іледі.

Біз «үлкенге ізет, кішіге құрмет» деген сөзді қалай түсінеміз, соны көрініс арқылы көрсетейік.

 

Аялдаман автобусқа қарт адам мінеді

Қарт:( Баланың қасына келіп) Балам, аяғым ауырып тұр, орын берші?

Бала: Ата, қойыңызшы өзімнің де аяғым ауырады.

(Келесі орындықта отырған бала естіп қалып: Ата, бері келіңіз, мында отырыңыз –деп, орын береді.

Ата батасын береді)

Балалар, жаңа әдепсіз баланың ерсі қылығын, әдепті баланың арлы қылығын көрдік.

«Кішіге құрмет» - деген сөзді түсіну үшін тағы бір көрініс тамашалайық. Кішкентай қыз бала

Қуыршағымен ойнап отырады, сол кезде, әдепсіз бала келіп, қолындағы қуыршағын тартып алады. Кішкентай қыз жылайды. Осыны көріп тұрған бала көмекке келіп, балаға әдептілік туралы түсіндіреді.

Сонымен, балалар үлкенге үнемі ізеттілік, кішіге құрмет көрсетіп жүру қажет. Балалар, біз тыйым сөздер білеміз бе?

Сергіту сәті:

Таңертен тұрамын,

Бетімді жуамын.

Тісімді тазалап,

Шашымды тараймын.

Киімімді киемін,

Балабақшаға келемін,

Мен әдепті боламын

 

-Сәлеметсіз бе, ағай- деп,

-Сәлеметсіз бе, апай! –деп,

-Есенсіз бе, әжей!-деп,

-Амансыз ба, атай! –деп,

Ұл- қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Балалар автобуста отырған болып, орындық алып отырады.

 

 

Айым:Үкеннің алдын кесіп өтпе.

Өзіңнен кішіні ренжітпе.

Адамнын үстінен аттама.

 

 

Автокөлік ыңғайлы- автобусқа мінемін,

Онда қалай отырып – тұру мәнін білемін,

Кимелемей, итермей, алға қарай өтімін,

Билет алып, жайғасып, аялдамамды күтемін.

Әдептілік әдебін әр кез сақтап жүремін,

Егер кірсе қарт адам, тұрып орын беремін.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар, қорыта айтқанда,

Біз үнемі әдепті болуымыз қажет, үлкенді сыйлап, кішіге көмектесу керек. Үйде, балабақшада, көшеде қай жерде болмасын, өзіміздің тәрбиелі екендігімізді көрсетейік.


Балалар

келіседі


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: - әдепті болу ережелерін

Меңгеруі: - үлкенді құрметтеу керек

Істей біледі: - өзіне – өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын.


















Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Өзім туралы

Мақсаты: Өзі және өзінің жағдайы, көңіл – күйі туралы түсініктерін кеңейту. Өзінің дене мүшелері (қол, аяқ, бас, көз, құлақ, т.б), олардың атқаратын қызметі туралы түсініп, айтып беруге үйрету. Өзіне деген сенімділігін нығайтып, құрметі мен дербестігін арттыру. Тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Өзіне – өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларына тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: «Менің көңіл күйім»тақырыбына (қуанып, ашуланып, ренжір тұрған балалардың әрекеті) түсірілген бейнефильм немесе суретті слайд.

Құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, құрастыруға арналған қағаздан қиылған дене мүшелерінің бөліктері, сырты матамен қапталып, әртүрлі көлемде түймелер тігілген жлақшалар, қарағай бүрі т.б әр балаға ішіне су құйылған және құм, күріш, бұршақ, ұн, тары, т.б дәнді – дақылдар салынған үрленбеген шарлар (ойынға арналған)

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, жетекші құралдар арқылы төмендегі үлгідей әңгіме жүргізу:

Балалар, бүгін біз өзіміз туралы әңгімелесеміз.

Әйгерім, сенің қасында тұрған кім?

Қалай ойлайсың, Ұлан ұл бала ма, әлде қыз бала ма?

Дастан, сен кімнің қасында отырсың?

Балжан ұл бала ма, әлде қыз бала ма?

Ұлан.



Ұлан – ұл бала.

Балжанның қасында отырмын.



Балжан – қыз бала.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Осылайша қыздар мен ұлдардың қандай ойыншықтармен ойнайтындығын, немен айналысқанды ұнататындықтарын, қандай киім киетіндіктерін сұрайды.

Осыдан кейін балаларға өздеріне таныс өлең жолдарын айтып, сергіту жаттығуын жасауды ұсынады.

Ұл, қыз болып бір жолда,

Иықтасып жүреміз.

Қиындықта қол үшін

Береріне сенеміз.

Балалар педагогтың сұрақтарына төмендегі үлгідей жауап береді:

Балалар, ұл, қыз бала туралы біледі екенсіңдер. Ал өздеріңнің дене мүшелерің туралы білесіңдер ме?

Педагог балаларға адамның дене мүшелері: бас, мойын, аяқ , қолдары туралы сұрақтар қояды.

Балалар, сендердің үйлеріңде үлкен айна бар ма?

Сендерсол айнаға қарап тұрмын деп елестетіңдерші, не байқадыңдар?

Жарайсыңдар, балалар, енді алдарында тұрған суреттерге назар аударыңдаршы. Бұл – қағаздан қиылған қуыршақтың дене бөліктері. Қазір сол бөліктерді құрастырамыз. Ол үшін бастарыңды алдыға, артқа, солға, оңға қозғалтып көріңдерші, қозғала ма?

Демек, басты не қозғалтып тұр?

Яғни біздің басымыз мойында орналасқан екен. Олай болса басты мойынға орналастырамыз.

Енді мен қазір допты лақтырамын, сендер допты қағып алуға тырысыңдар (педагог допты жоғарыға лақтарғандай қимыл жасайды, бірақ лақтырмайды).

Сендер допты қағып алу үшін не істедіңдер?

Яғни, қол бізге не үшін керек екен?

Енді қолдарыңды созып, жинап көріңдерші, не байқадыңдар?

Енді үстелдің үстінде тұрған дәптерді алыңдар?

Дәптерді ұстап тұру үшін не қажет екен?

Саусақ қайда орналасқан?

Ал қолымыз қайда орналасқан?

Олай болса сопақша пішінге қолды орналастырыңдар?

Енді нені орналастырамыз?

Аяқ адамға не үшін керек?

Міне, балалар, біз қуыршақтың дене мүшелерін құрастырдық? Бір – бірлерінің құрастырған бейнелеріне қараңдаршы, айырмашалақ бар ма?

Жарайсыңдар, балалар, қалай ойлайсыңдар қуыршақтарды толық құрамтырып болдық па?

Мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін тауып, сол жұмбақтың шешуіне байланысты сурет салыңдар.

Педагог ауыз, мұрын, құлақ туралы жұмбақтар жасырады.

Мысалы:

Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерің? Ол не?

Міне, балалар, сендер қуыршақтың бейнесін құрастырыпта болдыңдар?

Қуыршақты құрастыру үшін денесіне қандай жансыз бөлшектерді құрастырдыңдар?

Бас, қол, аяқты бір сөзбен қалай айтуға болады екен?

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл – күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Өздеріне дене мүшелері не үшін керек екендігін сұрап қорытындылайды. Педагог дене мүшелері туралы қосымша ақпарат бере отырып зерттеу жүргізетіндігін айтады.

Кәне, көздеріңді қолдарыңмен жабыңдар?

Мен не істеп жатырмын?

Ал, енді көздеріңді ашыңдар да үстелдің үстінде не жатқанын атап беріңдер?

Оны қайдан білдіңдер?

Демек, балалар, көз көру үшін керек екен.

Енді құлақтарыңды жауып, маған қараңдар. Мен сендерге шағын ғана өлең оқып беремін. Сендер өлеңнің мазмұнын маған айтып бересіңдер?

Не себепті естімей қалдыңдар?

Демек, құлақтың қызметі қандай екен?

Жарайсыңдар, балалар, тағы бір зерттеу жұмысымыз қалды. Бұл зерттеуді жүргізу үшін сендер алдарыңда тұрған заттарды пайдаланасыңдар (әр балаға сырты матамен қапталып, әр түрлі көлемде түймелер тігілген жолақшалар, қарағай жаңғағы т.б сипап сезуге арналған заттар беріледі).

«Сыңаран тап» ойыны. Ойын шарты бойынша әр балаға ішіне су құйылған және құм, күріш, бұршақ, ұн, тары, т.б дәнді – дақылдар салынған үрленбеген шарлар беріледі. Мысалы, екі көк шар берілсе, біріне құм салынады, екіншісіне су құйылады. Дәл сондай шарлар келесі үстелдің үстінде бірнеше шарлардың ішінде орналасады. Ішінде құм салынған шарды алуы тиіс.

Білеміз. Балалар өздерінің дене мүгелеріне байланысты сұрақтарға жауап береді.


Балалар өлең жолдарын айтып, мазмұнына сай қимылдар жасайды.

Бар.





Өзімізді көрдік.

















Мойын қозғалтады. Балалар бастарын қозғалтып, қозғалатындығын айтады.







Балалар қолдарын жоғарыға созып, допты қағып алатындай қимыл жасайды.

Қолымызды жоғары создық. «Еңбек ету үшін», «бір затты алу үшін», «затты бір жерге қою үшін», «бетімізді жуу үшін керек»

Қолымыз иіледі және жазылады.

Балалар дәптерді алып ұстап тұрады.

Саусақтар қажет.

Қолымызда.

Денемізде.

Балалар мойынның төменгі жағына сопақша пішінді қойып, екі қолды орналастырады.

Аяқтарды орналастырамыз.

Аяқ жүру үшін, жүгіру үшін, ортырып – тұру үшін керек.

Көз.



Жұмбақтың жауабына қарай қөздері құрастырған қуыршақтың бейнесіне көз, мұрын, ауыз, құлақтың суретін салады.

Бас, мойын, екі қол және екі аяқты алып құрастырдық.











Адамның дене мүшелері.















Балалар көздерін жұмады немесе алақандарымен басып тұрып ештене көрмей тұрғандығын айтады. Балалар ұстелдің үстінде тұрған заттарды атап береді.

Өйткені үстелдің үстіндегі заттарды көріп тұрмыз.

Балалар құлақтарын жауап педагогқа қарайды.

Балалар педагогтың оқыған өлеңін естіп және сөздеріне байланысты қимылдыр ойластырып жасайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Педагог балалардың бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл – күйлерін, немен айналысатындарын, не үйренгендерің сұрайды.


Өздерінің көңіл күйлері туралы айтып, дәптердегі таңбаларға белгілейді. Дене мүшелерінің қажеттілігі, қызметі туралы айтады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: - адамның дене мүшелерін, олардың атқаратын қызметін;

Меңгеруі: - өз дене мүшелерінің (бас, мойын, көз, қол, аяқ, құлақ) атқаратын қызметін біледі;

Істей біледі: - өзіне – өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын.
















Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Мүсіндеу

Апта тақырыбы: Өзім туралы

Т Мақсаты:Ермексазбен домалату, шымшу, жалпайту тәсілдерін қолдана отырып қоян мүсінін мүсіндеуді үйрету

білімділік:Ұқыпты жұмыс жасауға үйрету;

дамытушылық: Мүсіндеу дағдыларын, қиялдарын дамыту;

тәрбиелік:Ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Үлгі сурет, ермексаз, тақтайша, су, сүлгі, дидактикалық ойын.

ақырыбы: Менің ойыншықтарым

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

«Жүректен-жүрекке» ойынын ұйымдастыру

Шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздер айтады.


Ұйымдастырушы

ізденуші

«Шапшаң құра»

Мүсіндеу тәсілін түсіндіру:

1. Ермексазды

жұмсартқызу;

2. Бөлшектерге бөлгізу;

3. Бөлшектерді домалатып қоянның басын жасатып, шымшып екі құлағын жасату

Сергіту сәтін ұйымдастыру:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып ытқып секірді.



4. Ермексазды есіп, сопақша денесін жасату.

5. Төрт кіші бөлшектерді естіріп, аяқ, қолын жасату.

6. Бөлшектерін біріктірту

Түрлі пішіндерден қоян бейнесін құрастырады.

1. Ермексазды

Жұ

мсартады;

2. Бөлшектерге бөледі.


3. Бөлшектерді домалатып қоянның басын жасайды, шымшып екі құлағын шығарады.


Жан-жаққа қарап тындайды,

Қолдарымен толқын жасайды.

Қос аяқпен секіреді.


4. Ермексазды есіп, сопақша денесін жасайды

Рефлексивті

коррекциялаушы

Көрме ұйымдастыру

. Төрт кіші бөлшектерді есіп, аяқ, қолын жасайды.

6. Бөлшектерін біріктіреді.

Жасаған жұмыстарын көрмеге қойып, достарыныкімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Ойыншықтарды тани білу.

Түсінеді:Сұрақтарға жауап беру,ұжыммен жұмыс жасай білу.

Қолданады: қарандашпен еркін жұмыс істейді,ұқыпты бояйды.











Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Дұрыс тамақтану. Дәрумендер

Тақырыбы: Алма бағы

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайлы түсініктерін кеңейту,күздің ерекшеліктерін,белгілерін атай отырып,қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.Алма ағашының құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес оның бөліктерін,бір-біріне қатынасын дұрыс бере білуді үйрету.Ағаш бұтақтарын қылқаламның ұшымен жіңішке етіп,жапырақтарын тігінен сүйкей жағу,алманы дөңгелектей бояу тәсілімен салуға жаттықтыру.

Әдіс-тәсіл: әңгімелеу,түсіндіру,көрсету.

Қолданатын көрнекілік:Алма бағындағы алмалар көрінісінің суреттері,бояу,қылқалам,су,сүлгі.

Билингвистикалық компонент: алма-яблока

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балалар бір-бірімізге қолымызды беріп,алақан арқылы жылулық танытып,жақсы лебіз білдірейік.

-Жарайсыңдар балалар осы жүрегіміздің жылуын үнемі бір-бірімізге сыйлап жүрейік.

Есік қағылып,Күз падишасынан хат келеді.

Күн суып салқындап,

Ағаштар сарғайып,жапырағын төгеді.

Көкөніс,жеміс,жидек піседі.

Қырман мол астыққа толады.

Жел соғып,жиі жаңбыр жауады.

Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Айтыңдаршы,балаларым бұл көрініс жылдың қай мезгілінде болады?


Күз мезгілінде болады.


Ұйымдастырушы

ізденуші

-Өте жақсы бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Күз сыйлығы» деп аталады.

Күз падишасының тапсырмаларын орындау.

1-тапсырма. Күз айларын атаңдар?

2-тапсырма.Жыл мезгілдерін ата?

-Балалар,біз қазірсурет көрмесіне саяхат жасаймыз.Суреттерге зер салып,дұрыстап қарап алыңдар.Содан соң,кімге қандай сурет ұнағанын әңгімелеп беріңдер.

-Суретте қандай көрініс бейнеленген?

-Күзді неге алтын,жомарт күз деп атайды?

-Неге қараша айын қоңыр күз деп атайды?

-Күз туралы кім тақпақ біледі?

Ал балалар біз суретші болғандықтан мынадай ойын ойнайық. «Бір түсті заттарды ата?»

Сурет көрсетіп,ондағы алма бағындағы ағаштар жайлы сипаттап,алма ағашының құрылысына ,ерекшеліктеріне назар аудара отырып,ағаштың бұтақтарын тігінен сүйкей жағу,алманы дөңгелектей бояп салу тәсілдерін көрсетемін.Сурет әдемі,тартымды болу үшін алдымен ойланып сюжет құру,түстерді тиімді пайдалана білу керектігін түсіндіремін.

Сергіту сәті.

Ағаштар шайқалып,

Желменен билейді.

Басылса жел енді,

Тыныштық енеді.






Қыркүйек,қазан,

қараша.

Қыс,көктем,жаз,күз.




Күз мезгілі бейнеленген.

Күзде өсімдіктер, астық піседі.Жаңбыр жиі жауады.


-Қызыл түсті

-Сарғылт түсті

-Жасыл түсті

Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.



Сергіту сәтінде қимылды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Оқу қызметінің соңында балалардың жұмыстарын мақтап,мадақтап «Бояулар шашырап кетті» ойынымен қортындылау.

Еліміз аман болсын,ата-анамыз аман болсын.

Деніміз сау болсын.

Нанымыз көп болсын.

Желбіреген көк туымыз биік болсын.

Елімсізде тыныштық заман болсын.



«Бояулар шашырап кетті» ойыны ойнатылады


Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек:түстерді орынды пайдалануды білуі керек.

Нені игерді: күздің ерекшеліктері мен белгілерін айыра білуді игерді

Нені үйренді:қоршаған ортаны аялай білуді және жемістің суретін салып үйренді




































Білім беру саласы: Әлеумет

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Апта тақырыбы: Дұрыс тамақтану. Дәрумендер

Тақырыбы: Жемістер мен көкністер

Мақсаты:Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп,табиғатты сүюге,қамқор болуға үйрету.Таным белсенділігін арттыру.Күз мезгілінің атауларын ,олардың ерекшеліктерін ұғындыру.Күз байлығы әсемдікті ,сұлулықты сезіне білуге,сурет бойынша әңгімелесіп,сұраққа жауап беруге үйрету. Балалардың ойларын жүйелі анық жеткізе алуға үйрету.
2)Дамытушылығы:Ой-өрісін,тілін,сөйлеу мәнерін дамыту.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

-Балалар,жұмбақ жасырамын,шешуін тауып көріңдер.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды
Олай болса күнге қарап амандасайық.

.(Күн сәулесі)

Күніміз жарық болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Еліміз аман болсын,
Бейбітшілік заман болсын.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Д/ойын: «Доп лақтыру»
1.Қызғылт ,сары жапырақ бұл қай кезде болады.
2.Күз мезгілінде неше ай бар, оларды ата?
3.Күз мезгілінде нелер піседі.
4.Күзде құстар қайда кетеді?
Жарайсыңдар,балалар!
Жұмбақ жасыру (Мнеомо техника кестесі арқылы)
1.Бұтаққа ілініп тұрамын,
Түскенде себетке құладым 2. Түрі шар сияқты,
Түсі қан сияқты,
Дәмі бал сияқты. Ол не?
-Балалар,сендер жаз мезгілінде жемістер туралы қандай тақпақ жаттадыңдар.
Д/ойын: «Көкөніс мен жемістерді ажырат»
Тәрбиеші балаларға көкөністер мен жемістердің суреттерін таратады.Сол суреттерді атап,тақтада тұрған себет пен ағашқа ажыратып жапсыруын ұсынады. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жемістер мен көкөністер жайында тереңірек танысамыз.Тәрбиеші тақтадағы суреттер мен слайд арқылы әңгімелеседі.
Тәрбиеші:Қоян, мынау тұрған адамның сұлбасы не үшін керек?
-Ол менің қарауылым, аты Жақып ағам.
Ол менің бау-бақшамды қорғайды.
Балалар,қараңдаршы Қоян қандай еңбекқор.Күні-түні тынбай еңбек етеді.
Еңбек туралы мақал-мәтелді еске түсірейікші
Мақал-мәтел:
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Жұмбақ жасыру.
(Мнеомо техника кестесі арқылы)
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.,
(Жуа)
Үстіне тігіп көк шатыр
Астында қызыл дәу жатыр (Қызылша)
Жасыл ала дөңгелек
Бақшада жатыр дөңгелеп. (Қарбыз)
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(Қияр)
Қоян:
-Жарайсыңдар,балалар!
Сендерге көп-көп рахмет. Мен сендерге осындай көрсеткен өнерлері үшін бау-бақшамның тәттісін сендерге сыйға тармамын. Апайларың балабақшаларыңа барған соң таратып береді.
Тәрбиеші: Қоян енді біздің балабақшаға оралатын уақытымыз келді.
Мына берген сыйлығың үшін үлкен рахмет. Балалар енді
бақшамызға жазық жолмен ән салып барамыз.
Ән: «Бау-бақша белдер»

(Алма)


(Шие)

........
Алма пісті ,алмұрт түсті
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып,қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.


.........
Жемісі көп не деген
Жеп тауыса алмайсың
Өрік,шие балы бар,
Қарбыз,қауын бәрі бар.


.......:
В огороде много гряд:
Тут репа, и салат,
Наш зеленный огород
Нас прокормит


........
Red leaves fallindg
On the ground
Autumn –time is coming
All arjund


Рефлексивті

коррекциялаушы

-Балалар оқу қызметімізді қандай тақырыпта болды.
-Бізге қонаққа кім келді?
-Қоянмен бірге бәріміз қайда бардық?
-Бау-бақшада нелер өседі?
-Сендер еңбек туралы қандай мақалды естеріңе түсірдіңдер?
Д/ойын: «Неден дайындайды?»
Ойын шарты:Тәрбиеші: Үстел үстіне көкөністерден және жемістерден дайындалған тағамдарды көрсетеді.Құрамындағы көкөністер мен жемістерді тақтадан атын атап,көрсетеді.
Тәрбиеші оқу қызметіне белсене қатынасқан балаларды мадақтады

Балалар

ойынға

қызығы

қатысыды

Күтілетін нәтиже:
Нені білді:. Көкөніс пен жемістерді атауды және оларды ажыратып топтастыруды білді.
Нені меңгерді: Бау-бақшада нелер өсетінін,олардан қандай тағамдар дайындалатынын меңгерді.
Нені жасай алды:Балалар сурет бойынша әңгімелесе отырып,ойын шартын түсініп ойнай алды.











Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Дұрыс тамақтану. Дәрумендер

Тақырыбы: Тазалық – денсаулық

Мақсаты: Балалардың жеке бас тазалығын сақтау ережесін

қалыптастыру.Бір-бірімен тұлға аралық қарым-

Қатынасты дамыту.Тазалыққа тәрбиелеу.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Жылулық шеңбері. күн шуағы. жарқырап, Бізге жылуын төгеді. Жылынамыз бой жазып,

Күлімдесіп, төс қағып.

Бір-бірімізге иіліп,

Сәлемдесіп қол созып.

Жұмбақ жасыру

Аяғы жоқ,қолы жоқ

Бірақ тыныш тұрмайды,

Сақтамасақ қорын тек.


Балалар шеңбер

бойына тұрады.

Қолды жоғары созып,

екі жаққа созады.

Қолды алға созу,

Қолды кеуде тұсына

қойып,басты

төмен ию.

Балалар ойланып,

Жауаптарын айтады

Шешуі:(су)

Ұйымдастырушы

ізденуші

Барша тіршілік қурайды.

Ол не?

Балалар ойланайықшы:

Тазалық сақтау үшін

не істеу керек?

Денсаулық деген не?

Балаларға судың денсаулыққа

пайдасы туралы түсінік беру,

Суретке қарап әңгіме судың қасиетін ,оның пайдалану ережусін түсіндіру.Судың түсі болмайды. Дос бол сабынсумен сен, Жиі-жиі жуып сен : Таңертең де кеште де Жуын күндіз-түсте де Жуын тамақ алдында Жуын тамақ соңында Жуын ұйықтар кезіңде Жуын тұрған мезгілде, Су мен сабын-бір жолдас Жоймас олар кір болмас.

Қолды су сабынмен

жуу керек.

Қолды ауызға салмау

керек.

Денсаулық деген

ол спорт,

таза ауа


су мөлдір


Балалар тақпақты қайталай отырып жаттайды.

Жандос:

Таза бала мұнтаздай

Сүйсінеді қараған,

Ұқыпты деп бұл қандай?

Жақсы көреді бар адам.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Ойын:су,жер,аспан су-дегенде балықтарды жер-дегенде жануаларды ,аспан дегенде құстарды атайды Ойын ережесіне бағынып ойнауға үйрету

Балалар ойынға қызыға қатысады . Балық, акула,делфин,кит,


Қоян,қасқыр,аю,арыстан, қарға,саусқан,тоқылдақ.

Күтілетілетін нәтиже:

Білу керек:Таза жүрген баланың дені сау болатынын

Болу керек:зерек,шыдамды,белсенді,болуға

Үйрену керек:Ойын ережесін түсініпойнау.








Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Дұрыс тамақтану. Дәрумендер

Тақырыбы: Нешінші? Саны бойынша қайсысы?

Мақсаты: 10 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. Тура және кері тәртібімен. Қызықты математикадан өткен білімдерін қайталату. Сұрақ қою және дағдыларын дамыту. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды табуы. Логикалық ой өрісін дамыту, есепке қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтай отырып, бекіту. Айтқанды мұқият тыңдауға, өзгенің ойымен келісе білуге, сыпайы бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: суреттер, теледидар, қарындаштар, ақ парақ, карточкалар, смайликтер, сандар

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.

Шаттық

шеңберін

орындайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

- Балалар, бізге бүгінгі оқу қызметінің қонақтар келіпті. Қонақтар сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді байқамақшы. Олай болса, сабаққа белсене қатысайық.
Бізде қазір қызықты математика оқу қызметі
- Математика сабағынан біз не үйренеміз, балалар?

- Дұрыс айтасыңдар балалар, математика сабағында біз сандармен пішіндермен, пішіндер көлемімен, түстермен танысады екенбіз және есеп шығарып үйренеміз.
- Балалар, тақтада Айман қуыршағымыздың суреті тұр, қуыршағымыздың моншағы үзіліп қалыпты.

Тақтада әдемі салынған қуыршақ суреті ілініп тұрады
- Сәлеметсіздер ме, балалар, менің атым Айман, сендерге көмек сұрап келдім. Менің әдемі моншағым үзіліп қалды, егерде сендер менің тапсырмаларымды орындап берсеңдер, моншақтар заңдылық тәртібімен тізіледі. Моншағымның заңдылық тәртібі жоғарыда суретте көрсетілген. Тапсырма орындайсыңдар ма балалар?
(Балалар жауаптары)
Қуыршақтың тапсырмаларын хаттан алу.
№1 тапсырма.
- Балалар, сендер 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санай аласыңдар ма?
- Айман қуыршақ біздің балалар санап қана қоймайды, санау әнін де әндетіп айта алады.
Слайд көрсету.
1. 1 - ден 10 - ға дейін тура санау.
2. 10 - нан 0 - ге дейін кері санау.
3. 1 - ден 10 - ға дейін реттік санау.
4. 10 - нан 0 - ге дейін кері санау.
- Тамаша, олай болса 1 тапсырма орындалды, Айман қуыршағымыздың бірінші моншағын тізуге көмектесейік. Қәнекей, жіпке тізуді бастайық. Заңдылық бойынша, Бірінші қандай түсті моншақ тізіледі?
Моншақты ілу.
Келесі тапсырманы алайық.
№2 тапсырма
«Кім мықты?» деп аталады, бізге сурет берілген, қанекей қарайық.
Суретте түрлі - түсті шарлар беріліпті. шарларда есептер және сандар берілген. Әр шардың түсін атап, есепті шығарып, шешіміне қарындашпен сызып көрсету керек.
(Балалар есептерді шығарып, бір - бірлеп келіп қарындашпен сызып, шешімін табады)
Айман қуыршағымызға моншағын тізейік, заңдылық бойынша, қандай моншақ тізіледі?
Түстерді дұрыс айтқандарың үшін және есептің шешімін дұрыс тапқандарың үшін моншақты тізейік.
№3 тапсырма.
«Кім жылдам?» ауызша есеп. Бізге теледидардан есептер беріліпті. Соларды ауызша шығарайық.
Теледидардан слайд көрсету.
Айман қуыршағымызға кезекті моншағын заңдылық бойынша тізейік.
№4 тапсырма. «Көрші санды тап» карточкамен жұмыс.
Алдарыңда карточкалар берілген, онда сандар көрсетілген. Жанындағы тор көзге, алдарыңдағы жатқан сандар ішінен көрші санды тауып қоясыңдар. Мұқият қараңдар алдыңғы немесе келесі көрші санды тауып қоюларың керек.
Балалар жұмыстары.
Айман қуыршаққа келесі моншақты тізу.
№5 тапсырма.
«Суретпен есеп» Алдарыңда суретпен 2 тапсырма берілген.
- 1 - інші суреттегі тапсырма. Сандарды суреттердің санына қарай сәйкес сызықпен қос.

Балапандардың түсін, санын, қажетті санға апарып сызасыңдар.

Дұрыс, балапандардың түсі сары, саны 4 - еу.
2 суреттегі тапсырма. Әр шаршы ішінде қанша сурет бар? Егер олардың екеуин сызып тастаса, қанша сурет қалады? Керекті санды айналдыра сыз.

Айман қуыршаққа моншақ заңдылық бойынша ілейік.
- Қанекей балалар бір сергіп алайық.
№6 тапсырма. «Сиқырлы пішіндер»
- Қандай пішіндерді білесіңдер?
Алдарыңдағы пішіндерден әртүрлі суреттер құрастырып, жасайсыңдар.
Балалар жауаптары.
Балалар жұмыстары.
Моншақ тізу.
- Әмина пішіндердің көмегімен қандай сурет құрастырдың?
Енді осы пішіндерге арналған сергіту сәтін жасап, сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Слайдпен.
Моншақ ілу.
№7 тапсырма. Есеп - жұмбақ
А)- Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансаң,
Барлығы қанша балапан?
(төрт)
ә)- Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды?
(2)
б)- Тал бойында тізіліп
Бес жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті үшеуі.
Ілініп тұр әлі
Жапырақтың нешеуі?
(3)

в)- Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма?
Моншақ тізу.
№8 тапсырма. Графикалық диктант. Айман қуыршақтың құрбысының шағын орталыққа келетін жолын жаса.
Балалар жұмыстары.
Моншақ ілу.
№9 тапсырма. Дидактикалық ойын «Келісемін - келіспеймін»
Кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырманы мұғалімнің айтуы бойынша барлық балалар бірге жауап береді.

Келісемін – келіспеймін.
1. Үйдің шатыры төрт бұрышқа ұқсайды.
2. Қарбыздар талдың басында өседі.
3. Жазда шанамен сырғанаймыз
4. Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді.
5. Лимон тәтті болады.
6. Шыршаның түсі қызыл.
7. Алма шаршыға ұқсайды.
8. Балықтар талда өседі.
9. Сиырдың 4 аяғы болады.
10. Керіктің бойы аласа.
11. Балмұздақ ыстық болады.
12. Дөңгелек пішіннің екі бұрышы болады.
13. Қоян балды жақсы көреді.
14. Пілдің тұмсығы қысқа.
15. Кітап – білім береді.

(Балалар жауаптары)






(Балалар жауаптары)


Рефлексивті

коррекциялаушы

- Ал, енді балалар Айман қуыршағымыздың моншақтары әдемі болып тізілді, кәне санайықшы неше моншақ бар екен?

Заңдылық бойынша балалар моншақтарды санайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Тура және кері тәртібімен танысады

Қандай түсініктерді игерді: Логикалық ой өрісін дамиды

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:. Айтқанды мұқият тыңдауға, өзгенің ойымен келісе білуге үйренеді






























Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Дұрыс тамақтану. Дәрумендер

Тақырыбы: Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер

Мақсаты: Білімділік:Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Көкөністер мен жемістерді күтуге тәрбиелеу.

Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар:Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.

Әдіс – тәсілдер:сөздік,көрнекілік,ойын.

Қажетті құрал – жабдықтар:Сиқырлы қорапша,көкөністер мен жемістер муляжы.

Сөздік жұмыс: Күз, жеміс, көкөніс.

Қостілділік компонент : Күз-осень, жеміс-фрукты, көкөніс-овощь.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Жылулық шеңберіне жиналу.

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүлде шашылды.

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз,

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!

Балалар жылулық шеңберіне жиналып, тәрбиешімен бірге білетін өлең жолдарын айта бастайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

Жұмбақ жасыру.

1.Іші жұмсақ,сырты қатты,

Еті қызыл,сүті тәтті.

2.Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

3.Жер астында жез қазық,

Жеуге болар ас қазық.

-Балалар,ойын ойнағыларың келе ме?

«Сиқырлы қорапша» ойыны.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына менің қолымдағы қораптың ішінде не бар?

-Жоқ.

-Жоқ,балалар,ол-ағашта өседі.

Бұл қораптың ішінде жеміс бар екен.Ал бірақ қандай жеміс екені белгісіз.Енді соны табыңдар.

-Жоқ.

-Иә,таптың,ол-алма.

-Екінші қораптың ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

-Жоқ,бұл затты жеуге болады.

-Жарайсың, таптың,ол-көкөніс.Бірақ қай көкөніс екенін табыңдар.

-Иә,дұрыс айтасың,ол-қызанақ.

-Жемістер мен көкөністердің адамға қандай пайдасы бар?

-Жемістерден нелер жасауға болады? -Жемістер қайда өседі?

-Қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер?

-Жемістер мен көкөністер-адам ағзасына өте пайдалы.Жемістер бақта,ағаштарда өседі,жемістерден әртүрлі дәмді тосаптар мен шырындар дайындайды.Шырынды адамдар сүйсініп ішеді.Көкөністердің құрамында адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар.Көкөністер бақшада өседі. Бірінші орталықтағы балаларға жемістердің,екінші орталықтағы балаларға көкөністердің туралмаған кездегі түрі,иісі,түсі және дәміне байланысты сұрақтар қояды.Соңынан ортасынан екіге бөлінген жеміс немесе көкөністі беріп,қайсысының иісінің қатты шығып тұрғанын сұрайды.Бірінші орталықтағы балаларға туралған жеміс түрлерінен,екінші орталықтағы балаларға көкөністерден салат жасауды тапсырады.Орталықта жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертеді.

Сергіту сәті.

Саусақ ойынын ойнату.

Жаңбыр жауса тырс-тырс,

Айтады гүл:

-Дұрыс,дұрыс!

Жаңбыр жауса тырс-тырс,

Айтады гүл:

-Ырыс,ырыс!

Тәрбиеші балалардың орындарын ауыстырады.

Д/о: «Иісінен тап!»ойыны.

.

Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.

-Қарбыз


-Жеміс


-Сәбіз.

Ия, ойнағымыз келеді.




-Ол ойыншық па?

-Машина ма?

-телефон ба?




-Ол алма ма?




-Ол кәмпит пе?

-Ол көкөніс пе?

-Ол қызанақ па?

Белсенді түрде жауап іздейді,өздерінің ой-пікірлерімен бөліседі.

-Тамақ жасауға болады.-Ағашта өседі.


-Сәбіз, қызанақ, қияр.


Жеміс-жидектер мен көкөністер туралы білетін өлеңдерін айтады.







Балалар әлі туралмаған көкөністер мен жемістерді қарап,зерттеу жүргізіп,түсі,иісі,дәмі қандай екендігін айта отырып,бүтін қалпын салыстырады,иісін анықтайды,қайсысының иісінің басым екенін айтады.

Бірінші орталықтағы балалар туралған жеміс-жидектерден (ананас,алма,банан,мандарин,йогурт)екінші орталықтағы балалар көкөністерден (қияр,қызанақ,аскөк,тұз)салат жасайды.

Балаларды екі орталыққа бөліп,екінші таңғы асқа дайындық жасау керек екенін айтады.





Сергіту сәтін қимылмен жасайды.







Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Ойын шарты:балалар көздерін жұмып,иісі арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табуы керек

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар, біз бүгін не туралы білдік?

-Ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?

Жемістер мен көкөністер туралы білдік.

Ия, ұнады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруды, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануды үйренді.

Қандай түсініктерді игерді:Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіндіктерін, олардан салат жасауға болатынын игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Жемістер мен көкөністерден салат жасай алады, қауіпсіздік ережесін меңгерді.




Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Аппликация

Апта тақырыбы: Дұрыс тамақтану. Дәрумендер

Тақырыбы: Көкөністер

Мақсаты: Балаларды күз сыйлықтарымен таныстыруды жалғастыру.
Білімділік міндеттері: Жемістердің пішіні мен оларға тән ерекшеліктерді жеткізіп көрсете білуге үйрету.
Дамытушылық міндеттері: Шаршы және тік төртбұрышты қағаздан әртүрлі пішіндерді қиып алу дағдыларын қалыптастыру.
Қосарлап бүктеу тәсілі арқылы бірдей заттарды қию жолдарымен таныстыру.
Тәрбиешілік міндеттері: Жапсыруға қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру.
Сөздік жұмыс: Шаршы, тік төртбұрыш, қосарлап бүктеу

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек.
Көңілді боп жүрейік.

Шаттық шеңберін

орындайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс. Қазір жылдың күз мезгілі.
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?
- Күзде күн суыта бастайды.
- Күзде құстар жылы жаққа ұшады.
- Күз туралы қандай тақпақтар
білесіңдер?
- Күз мезгілінде қандай жемістер,
көкөністер піседі?
- Бақта не өседі?
- Бақшада не өседі?

Д/о: «Заттың атын ата»

Шарты: Қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді қолдарына алып, олардың ерекшеліктерін айтады.
Ұйқасын тап.
Іші толған шәрбат,
Дәмі қандай әйбат.
Үзсең бірден жүзін,
Оның аты - (жүзім)

Доп – домалақ сары.
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп.
Оның аты –(өрік)

Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара, қанша?
Оның аты (алша)

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар.
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар,
Үп - үлкен боп өседі. Бүгін бізге қонаққа Бағбан атай келіпті.
Атай бізден көмек сұрайды.
-«Менің жеміс ағаштарым биыл мол өнім беріпті, соны теруге көмектесіңдерші» дейді.
- Кәне балалар атайға көмектесеміз бе?
Олай болса бүгінгі оқу іс - әрекетімізде жапсыру. Түрлі – түсті қағаздан алма мен алмұртты қосарлап бүктеу әдісімен қиып жапсырайық.
Үлгі бойынша жұмыс жасау.
Қайшыны, желімді абайлап, ұқыпты пайдаланамыз. Қию кезінде қағаздың бір бұрышынан бастап келесі бұрышына дейін қайшыны еркін қозғалыспен қозғалта отырып қиямыз.

Балалардың

жауаптары



Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар, біз бүгін не туралы білдік?


-Ұйымдастырылған қызметі ұнады ма?


Жемістер мен көкөністер туралы білдік.

Ия, ұнады.



Күтілетін нәтиже:

Қабалдайды: оқу қызметі барысында алған дағдыларын

Түсінеді: жемістердің әртүрл және әр түсті болатынын.

Қолданады: қағаздан салынған банка ішіне дайын суреттерді орналастырады


























Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Өзіңе және өзгелерге көмектес

Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар

Мақсаты: Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру, қылқаламмен ирек, түзу, ұзын, қысқа толқынды сызықтар сызуға дағдыландыру. Картоп бастырмасымен жұмыс жасай білуге үйрету. Бейнені қағаз бетіне орналастыра білуін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Алдын - ала жүргізілген жұмыс: Аквариумдегі балықтарды бақылау.
Көрнекіліктері: Суреттер, түрлі - түсті бояу, қылқалам, су.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ, картоп
Бастырмасымен сурет салу, электронды құрал пайдалану. құйған ыдыс, ақ қағаз, сүрткіш, картоп

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балалар бір сәт көзімізді жұмып, су астына түсе бастайық. Су салқын. Мен түрлі - түсті балықтарды көрдім.(сегізаяқ, ұлу, тасбақа, су жыланы) Теңіз түбінде өсімдіктер де өседі екен, сумен шайқалып, қозғалып, билеп тұрған тәрізді. Қайтадан судың бетіне қарай жүземіз. Су түбінен не көргендері жайлы сұрап, әр баланың ойын тыңдау.
Балалар мен бүгін сендерге сурет оқу қызметінде ненің суретін салатынымыз туралы жұмбақтап жасырамын.

Жұмбақ:
Жер бетіне бір шықпас,
Су түбінде тұншықпас.
Сөйлемейді, үндемейді,
Пісірсе оны кім жемейді.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды



Жұмбақтың шешуін табады

Ұйымдастырушы

ізденуші

Су асты патшалығына саяхатқа баратындығын хабарлау.

- Жарайсыңдар, балалар, сендер балық туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?

Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?
(Ойын шарты түсіндіріледі)
- Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
- Қармақпен не істеуге болады?
- Жарайсыңдар! Балалар, бұл - жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?
- Балалар, қараңдаршы қармаққа бір балық түсіпті, ол қандай балық болды екен?
Балалар, бұл - шортан балық. Қандай балық екен?
- Сазан, мөңке, бекіре, жайын.

Балалардың жауаптары



Ойынға белсене қатысыды

Рефлексивті

коррекциялаушы

Жарайсыңдар, балалар, енді аулаған балықтарыңа назар аударайықшы, сендер балықтардың аттарын білдіңдер. Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?
- Дұрыс айтасыңдар. Негізінде балықтардың түрлері көп.
Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
- Балықтардың мынау несі?

Балалардың

жауаптары

Күтілетін нәтиже

Біледі: Балықтардың сусыз өмір сүре алмайтынын

Түсінеді: Жұмбақтың шешімін тауып үйренеді

Меңгереді: Сурет салып үйренеді










































Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы: Өзіңе және өзгелерге көмектес

Тақырыбы: Қамқорлық

Мақсаты: а)Шығарманы оқып беру арқылы түсініктерін қалыптастыру.

ә)Әңгімелеп беруге, диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге дағдыландыру.

б)Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, Сұрақ-жауап, Сергіту сәті.

Көрнекілігі: Отбасы туралы суреттер.Слайд.

Қостілді компонент:Қамқорлық-покровитель.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Үлкенге де-сіз,

Кішіге де-сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз. 


Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын айтады.

 


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар «қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Сендер кімге қамқорлық жасай аласыңдар?

-Ендеше, бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелейміз.

 

 «Қамқорлық»  М.Төрежановтың                              әңгімесін оқып беру.

 

Сергіту жаттығуы

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз-

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Топ-топ басып аяқпен,

Орнымызға барамыз.

 

Сұрақ-жауап арқылы әңгімесін мазмұнын ашу.

-Әңгіме не туралы?

-Нақысбек қандай іс істеді?

-Нақысбектің істегені неге дұрыс деп ойлайсыңдар?

-Назымбек неге көмектеспеді?

-Сендер кімге ұқсағыларың келеді?

 

Дидактикалық ойын «Кімнің іс-әрекеті саған ұнады?»


Біреуге көмектесу, қиын сәттерде қол ұшын беру.

-Құстарға, достарымызға, табиғатқа.

 

 

 

Балалар әңгімемен танысады.

 

 

 

Балалар мәтін арқылы қимыл-қозғалыс жасайды.

 

 

 

 

 

-Қамқорлық туралы.

-Кішкентай балаға көмектесті.

-Кішіге қамқорлық жасады.

-Сабақтан кешігеміз ғой деді.

 

 

Балалар  суретті арқылы көрсетеді және балалар қылықтарын ажыратады.


Рефлексивті

коррекциялаушы

-Бүгін біз үлкендерге, кішілерге қол ұшын беріп, қамқор болуға үйрендік. Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес, қайырымды ісінен танимыз.

Оқу іс-әрекетін өлең жолдарымен аяқтау.

Біз қайырымды баламыз,

Тек жақсылық ойлаймыз.

Кішілерге қамқор боп,

Үлкеннің тілін аламыз.


Тәрбиешінің сөзін мұқият тыңдап, өлең жолдарын қайталау.

 

 



Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығарманың мазмұнын;

Игереді: үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру;

Меңгереді:бір-біріне көмек беріп, ренжітпей, сыйлау керек екендігін.

 






Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы: Өзіңе және өзгелерге көмектес

Тақырыбы: Қамқорлық

Мақсаты: а)Шығарманы оқып беру арқылы түсініктерін қалыптастыру.

ә)Әңгімелеп беруге, диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге дағдыландыру.

б)Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, Сұрақ-жауап, Сергіту сәті.

Көрнекілігі: Отбасы туралы суреттер.Слайд.

Қостілді компонент:Қамқорлық-покровитель.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Үлкенге де-сіз,

Кішіге де-сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз. 


Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын айтады.

 


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар «қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Сендер кімге қамқорлық жасай аласыңдар?

-Ендеше, бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелейміз.

 

 «Қамқорлық»  М.Төрежановтың                              әңгімесін оқып беру.

 

Сергіту жаттығуы

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз-

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Топ-топ басып аяқпен,

Орнымызға барамыз.

 

Сұрақ-жауап арқылы әңгімесін мазмұнын ашу.

-Әңгіме не туралы?

-Нақысбек қандай іс істеді?

-Нақысбектің істегені неге дұрыс деп ойлайсыңдар?

-Назымбек неге көмектеспеді?

-Сендер кімге ұқсағыларың келеді?

 

Дидактикалық ойын «Кімнің іс-әрекеті саған ұнады?»


Біреуге көмектесу, қиын сәттерде қол ұшын беру.

-Құстарға, достарымызға, табиғатқа.

 

 

 

Балалар әңгімемен танысады.

 

 

 

Балалар мәтін арқылы қимыл-қозғалыс жасайды.

 

 

 

 

 

-Қамқорлық туралы.

-Кішкентай балаға көмектесті.

-Кішіге қамқорлық жасады.

-Сабақтан кешігеміз ғой деді.

 

 

Балалар  суретті арқылы көрсетеді және балалар қылықтарын ажыратады.


Рефлексивті

коррекциялаушы

-Бүгін біз үлкендерге, кішілерге қол ұшын беріп, қамқор болуға үйрендік. Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес, қайырымды ісінен танимыз.

Оқу іс-әрекетін өлең жолдарымен аяқтау.

Біз қайырымды баламыз,

Тек жақсылық ойлаймыз.

Кішілерге қамқор боп,

Үлкеннің тілін аламыз.


Тәрбиешінің сөзін мұқият тыңдап, өлең жолдарын қайталау.

 

 



Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығарманың мазмұнын;

Игереді: үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру;

Меңгереді:бір-біріне көмек беріп, ренжітпей, сыйлау керек екендігін.

 
































Білім беру саласы: Әлеумет

Білім бөлімі: Экология негіздері

Апта тақырыбы: Өзіңе және өзгелерге көмектес

Тақырыбы: Табиғат бұрышы

Мақсаты: Табиғат бұрышындағы жануарлар, өсімдіктер туралы түсінік беру.Жануарлар мен өсімдіктердің келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөнінде білімдерін кеңету. Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

-Армысыз, қайырлы күн!

-Армысыз ,Аспан ата!

-Армысыз мейірімді Жер-Ана!

-Армысыз шұғылалы Алтын күн!


Балалар өлең жолдарын қайталап , бір-бірімен амандасады.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Табиғат бұрышы –мектеп, балабқшада тірі хайуанттар орналастырылған мүйіс.Мұнда өсімдіктердің түрлерін де өсіреді.Табиғат бұрышында балықтар, торда үй қояндары, кірпі, тасбақа , құстардың түрлерін т.б ұстайды.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Атжалман-жоны күрең, бүйірі қызғылт тышқан.

Қоректендіру-тамақтандыру.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс:

Сурет бойынша әңгімелеу.

Құмыраға гүлді отырғызудың әдісін сурет бойынша түсіндіру.

А. Мишараның бөлме гүлі туралы өлеңін оқып беру..


Мұқият тыңдайды, түсінбегендері бойынша сұрақтар қояды.




Тыңдайды.





Суреттен табиғат бұрышында тіршілік ететін жануарларды атады.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Сабақта алған білімдерін пысықтау.

-Табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға қандай қамқорлық қажет.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасау.

Меңгеруі: жануарлар мен өсімдіктердің пайдасы















Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Өзіңе және өзгелерге көмектес

Тақырыбы: Көмекшілер

Мақсаты: заттарды топтастыруға, оларды атай білуге (ыдыс – аяқтар – қасық, шанышқы, кесе, тостаған т.б.) үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: балаларды сұрақ – жауап әдісі арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге дағдыландыру;

Дамытушылық: сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ыдыс – аяқ, қасық, шанышқы, пышақ.

Үштілдік компоненет: ыдыс – аяқ – посуда – dishes , қасық – ложка – spoon, шанышқы – вилка – fork

Керекті құрал – жабдықтар: ыдыс – аяқтың суреттері.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Дос болып біз жүрейік,

Ойнайық та күлейік.

Достық деген тамаша

Міне, тұрмыз жараса.

(Х. Талғаров)

Қонаққа аспаз келеді (аспаз ойыншық). Ол өзінің көмекшілерін іздеп жүргенін айтады.

Балалар, аспаздың көмекшілері нелер деп ойлайсыңдар?


Жарты шеңберде тұрады


Жарты шеңберге кілем үстіне отырады. Қызыға, мұқият тындайды.



Қуана қарсы алады.



Әр баланың өз ойы.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Мен сендерге бір әңгіме оқып берім келеді.

«Көмекшілер» әңгімесін оқу

Оқылған әңгіменің мазмұнын көмекші, бағыттаушы сұрақтар қоя отырып айтқызады.

Әңгімені қайта оқи отырып, мазмұнын балаларға айтқызады.

Демонстрациялық көрнекілікті көрсету.

Балалар, ас ішерде дастарқанды кім дайындайды?


Сендер үйде қайтіп көмектесесіңдер?



Ал, суреттегі бала үстелге нені қоюды ұмытып кетті?

Топта сендер көмекші апайға көмектесесіңдер ме?

Қалай көмектесесіңдер?



Жұмбақ жасырады:

Өткір жүзді келеді,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі,

Ұсақтап та турайды ол.

(Пышақ)

Сабы бар,

Басы шатыр.

Тамақтарды ауызға,

Жеткізіп тастап жатыр.

(Қасық)

Сөздік жұмысы:

Тыныс алу жаттығуы.

Кеспелерге (қағаздан қиылған) «уф – уф – уф » деп үрлеуді көрсетеді.


Сергіту сәті:

Қанат жаям жалма – жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иілем де қол созам

Аяғымның ұшына.

Бір! Екі! Бір! Екі!

(С. Қалиұлы)

- Енді осы сөздерді басқа тілдерде де айтып көрейікші: ыдыс – аяқ – посуда – dishes (дишс) , қасық – ложка – spoon (спун), шанышқы – вилка – fork (фок)

«Заттың атын ата» дидактикалық ойыны.

Шарты: суреттегі ыдыс – аяқтардың атын атату.

Жеке жұмысты қажет ететін балаларға сұрақ – жауап әдісі арқылы әңгімелесуге тарту.

Ыдыс – аяқтарға – қасық, шанышқы, кесе, тәрелке жатады.

Мұқият тыңдайды.




Әңгіменің мазмұнын айтады.



Анамыз, апайларымыз дайындайды.


Нанның ыдысын алып береміз, майлық, қасық қоямыз.



Иә көмектесеміз.


Қасықтарды қоямыз, жинаймыз.





Пышақ.


Қасық.


Тыныс алу жаттығуын орындайды, алдарындағы кеспелерге үрлейді.


Қимылдарын келтіріп, сергіту сәтін орындайды.


Үш тілдегі баламаларын айтып, қайталап, есте сақтауға тырысады.




Суреттегі ыдыс – аяқтардың атын атайды, не үшін керек екенін өз тәжірибелері бойынша айтып береді.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Әр балаға суреттер ұсынады.



«Жылы сөз» шеңбері

Жүректен шыққан жылы сөз,

Жүрекке барып жетедi.

Жылы сөзден дос жүрегi,

Мейiрiмге толып кетедi


Мақтап, мадақтайды.


Әркім өз суреті бойынша ыдыстар туралы айтып береді.


Барлығы бірге қосылып айтады.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ыдысаяқтар аттарын қатыстырып, сөйлемдер құрастыра алады;

Болу керек: ыдыстардың не үшін керектігі туралы түсінік ;

Істей білу керек: жаңа сөздермен қарапайым сөйлемдер құрастыра біледі















Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Өзіңе және өзгелерге көмектес

Тақырыбы: Сандарды тәртібі бойынша атау

Мақсаты:  баланың даму деңгейін, пішін және түс  туралы түсінігін анықтау, заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту; баланың зейінін  тұрақтандыру; ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: әліппе дәптер, қима суреттері, пішіндер.

Сөздік жұмысы: пішін, дөңгелек, үшбұыш, тіктөртбұрыш.

                   Билингвальный компонент: пішін- фигура, дөңгелек-круг, үшбұыш- триугольник,

                   тіктөртбұрыш-четыреугольник.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларға шеңбер болып тұруға ұсынылады.

Амансың ба, алтын  күн!

Амансың ба, жер-ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

 

Балалар шаттық шеңберге тұрып қимыл қозғалыс жасайды.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Алғашқы және кйінгі сабақтарда бірінші есеп сюжетті картина түрінде беріледі. Картина бойынша балаланың қандай да бір математикалық түсініктер мен амалдар тәсілі туралы түсінігін қалыптастыру үшін әңгіме жүргізіледі

. Мәселен, бұл сабақта №1тапсырма балалар санайды, пішін мен түстерді көреді.

Түсті қабылдай алудың дұрыстығын тексеру үшін

2 тапсырма ойын-жаттығуын қолдануға болады. Тақтаға қолына қылқалам және кемпірқосақ түстерінен тұратын бояулар ұстаған суретшінің суреті ілінеді:

—          Суретші жеміс-жидектерді дұрыс боямаған. Қай жері дұрыс емес екенін айтыңдар

Ойын: шартты белгілер бойынша затты табу. Мәселен, дөңгелек, кіші, қызыл:

Сергіту сәті:

Көлдің беті кілегей,

Жер -сап сары бірегей.

Тырау-тырау тырналар

Түстікке бетті бұрды олар

Қара суық жел есті,

Күннің көзі көмескі

 №3 тапсырма заттарды түсі мен саны бойынша бөлуге арналады. Белгілі бір түспен белгіленген бос торкөзге суретте сол түсте неше зат болса, сонша таяқша салу керек Мұғалім оқушылардың қалай санайтынын анықтай алады.

Балалар мұғалімнің айтқан әңгімесін мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

.

 

 

Балалар қимылмен

көрсетеді

 

 

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балабақшада кімдер қызмет атқарады екен?

Балабақшада қандай бөлмелер бар?

Сендерге балабақша ұнады ма?

Қойылған сұрақтарға жауап береді


Күтілетін нәтиже:балаларда пішіндер туралы  түсінік  қалыптасады.

Нені білу керек: балалар пішіндерді ажырата білуі тиіс.

Түсінігі:балалар пішіндердің айырмашылығын түсінеді.

Көрсете біліу: балалар жасырынған пішіндерді тауып көрсете біледі.

 


















































Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Драма

Апта тақырыбы: Өзіңе және өзгелерге көмектес

Тақырыбы: Дос іздеген бота

Мақсаты: Балалар бойындағы ертегі кейіпкерлерінің іс - қимылдарын мәнеріне келтіріп ойнау қабілеттерін дамыту. Балалардың достық сезімдерін қалыптастыру, бір - біріне деген көмек көрсете білу сезімдерін нығайту.
Көрнекі құралдар: ертегілерге арналған сюжетті суреттер, ертегі кейіпкерлердің киімдері, күй таспа.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, ертегіні драматизациялау, ғажайып сәт, түсіндіру, көрсету, тақпақтар айту, жұмбақ шешу.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңберінде амандасу.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жарқырайды бақшамыз
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!

Шаттық шеңберінде амандасады


Ұйымдастырушы

ізденуші

 Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

- Қандай ертегіні білесіңдер?

- Ондағы кейіпкерлерді атаңдаршы?

- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

- Аңдар туралы тақпақ білеміз бе?
- Кім айтады, кәнеки?


Ғажайып сәт: (музыка ойнайды, бөлмеге Қызыл телпек кіреді)
Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме, балалар? Мен ертегілер елінен “Күншуақ” тобына сиқырлы сандық әкелдім. Не барын ашқан соң көресіңдер.
Тәрбиеші: Балалар, сандықты ашып көрелік. Ой, балалар, мынау не?

Тәрбиеші: Дұрыс таптыңдар. Ол бізге қай ертегіден келді деп ойлайсыңдар?

Ертегіні драмтизациялау: “Дос іздеген бота”

Автор: Ерте. ерте, ертеде бір боталы түйе болыпты. Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі. Бір күні анасы оған ақыл айтып тапсырыпты.

Түйе: Мен түйе, түйе, түйемін
Жануармын киелі
Жан - жағыма қараймын
Күн мен түнді санаймын.
Автор: Түйе баласына ақыл айтыпты.

Түйе: Боташым қара көзің мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнін үлбіреп
Қара көзің тоймайды.
Түйенің ботаға айтар сөзі.- Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. доссыз өмір қиын, әрі қызық емес.(Бота басын изеп тұрады)
Автор: Бота өзіне ұқсайтын жалт - жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп жолға шығады.
Бота: Бота, бота, ботамын
Ақылды боп атандым
Тостағандай көзім
Әдемімін өзім.

Автор: Бота жайылып жүрген қозы мен лаққа келеді.(Қозы мен лақ гүл жинап жүреді).
Бота: Бө - өө, мен дос іздеп жүрмін.
Қозы:- Мә - ә, мен қошақан қозымын
Момақанның өзімін.
Лақ: Мен лақпын қандаймын
Аппақ болған таңдаймын
Кел, бәріміз дос болайық
Бота: Жо - жоқ, сендер сияқты дос емес.
Қозы мен лақ: Мүмкін күшік болар.
Автор: Бота күшікке келеді.
Бота: Бө - өө мен дос іздеп жүрмін.
Күшік (үреді): Гаф, гаф. Мен күшікпін саққұлақ
Үй күзетем шапқылап
Дыбыс шықса маңайдан
Гаф, гаф деймін қаттырақ
Кел екеуміз дос болайық.
Бота: Жо, жоқ, сен сияқты дос емес.
Балапан: Мүмкін, Бақа болар.

Автор: Бота бақаға келеді.
Бота: Бө - өө мен дос іздеп жүрмін.
Бақа: Бақа, бақа балпақ
Басым содан жалпақ
Жәндіктерді көп жедім
Жүз жасаймын мен деймін. Кел, екеуміз дос болайық, бақ - бақ.
Бота: Жо - жоқ, сен сияқты дос емес.
Бақа: Мүмкін ара болар.
Автор: Бота, ұшып жүрген араға келеді.
Бота: Бө - өө мен дос іздеп жүрмін.
Ара: З - з - з. Ұшып келсем қасыңа
Менен, сен шошыма
Сен тимесең, тимеймін
Қастығым жоқ, досыма з - з - з
Кел, екеуміз дос болайық
Гүл терейік, бал жинайық.
Бота: Жо - жоқ, сен сияқты дос емес.
Автор: Ара қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, дос таба алмай, өзі анасына келеді.
Түйе:- Дос таптың ба, боташым?
Бота:- Жоқ, анашым сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.
Түйе:- Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, ботам.
Автор: Бота қуанып өзінің адал достары қозы, лақ, күшік, мысық, әтеш, балапан, бақа, араны ертіп келіпті.
Тәрбиеші: Балалар, ертек не туралы?
Балалар: Дос іздеген бота.
Тәрбиеші: Бота өзіне кімдерді іздейді?
Балалар: Дос іздейді.

- Иә.


-“Бауырсақ”,”Шалқан”,”Мақта қыз бен мысық”,”Қорқақ қоян”,”Түлкі мен ешкі”,”Маша мен аю”.


- Аю, қоян, түлкі, қасқыр.

- Аңдар

. 1 - бала: Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді.
2 - бала: Алып батыр балпаңмын
Ақ ниетім дарханмын
Басқа аңға тимеймін
Балпаң, балпаң билеймін.


Балалар: Түйе.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Оқу қызметін сұрақ жауап арқылы қорытындылау

Балалардың жауаптары


Күтілетін нәтиже:
Білу: адамдар бір - біріне қиын жағдай туғанда көмектесу керек екендігін білді.
Меңгеру: Ертегі кейіпкерлерінің іс - қимылын мәнеріне келтіру. Ойнауды меңгерді, тілдерді дамытады. Сөздік қоры молайды.
Жасай білу: Қиын кезде бір - біріне көмекке келуді үйрене білу.





























Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Өзіңе және өзгелерге көмектес

Тақырыбы: Біздің табиғаттағы достарымыз

Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы  түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс –тәсілдер: ТРИЗ әдісі, саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар.

Көрнекі – құралдар:  АКТ, тақырып бойынша суреттер, видео – слайд, теледидар.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздрімізді білдіріп таңғы шаттық шеңдерін жасайық.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң бақшамыз

Сәлеметсізбе!

Біз де куаныштымыз

 

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң бақшамыз

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар біз қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекендейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы:тәрбиеші «Жер шары» десе бала «адам» деп жылдам жауап беруі тиіс Жарайсыңдар балалар! Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар. Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз?

Дұрыс айтасыңдар біз бүгін сіздермен осы табиғат ұғымымен тереңірек танысамыз.

Ғажайып сәт

Экраннан хатты оқу

Табиғат аясындағы ақ қайың ағашынан келіп тұр екен.

. Хат

Сәлеметсізбе, құрметті балалар! Мен ақ қайыңмын.

Мен сендерге жазда жандарыңа сая болатын едім. Кәзіргі кезде менің қалым нашарлап бара жатыр маған адамдар көңіл бөліп қарамайды. Менің бұтақтарым сынып,сусыз қурап бара жатырмын. Мен сендерден сұрайтыным маған көмек беріңдерші. Сәлеммен Ақ қайың Балалар сендер, мейрімді де ақылды, сүйкімді балаларсындар ақ қайыңға көмектесемізбе?

Ендеше Табиғат аясына саяхатқа шығып ақ қайыңға көмектесейік.

Табиғат аясында жүргенде ережеледі айтып жүру.

Табиғат ананы ластамай тазалықты сақтай біліуіміз керек.

• Тағы қандай ережелерді білесіңдер?

Тыныштық сәті: Табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдау.

Тәрбиеші: Балалар не естідіңдер?

Ненің дыбысы деп ойлайсыңдар?

Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады.

Табиғат – бізді қоршаған орта, туған елім, ауа, күн мен жер және су, орман мен жануарлар.

Табиғат екіге бөлінеді. Ол тірі табиғат және өлі табиғат.



Балалар

оқу

қызметіне

белсене

қатысады



Сұрақтарға

жауап

береді



Рефлексивті

коррекциялаушы

Міне балалар біз табиғат аясындағы ақ қайыңғада көмектестік. Ендеше саяхатымызды аяқтап балабақшаға оралайық.

Балабақшаға оралу.

- Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

- Балалар бізге хат жолдаған не еді?

- Балалар біз табиғат аясында нені білдік?

- Тірі табиғатқа нелер жатады екен?

-Ал өлі табиғатқа ше?

-Ендеше бүгінгі саяхаттан алған білімдеріңізді байқау үшін қазір

«Таңдап алда, атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға шақырамын

Ол үшін ғажайып дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып,алған заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті фланеграфқа апарып орналастырасыздар.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Балалар, біз табиғат туралы айттық. Сендерге ұнады ма! Барлығың да бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар

Ия

Ақ қайың

Табиғаттың екіге

бөлінетінін.

Аңдар,құстар,

жануарлар,ағаш,гүл

шөп жатады.

Тас, су, ауа, құм жатады.




Күтілетін нәтиже


Біледі: Балалардың ойлау қабілеттері дамиды


Түсінеді: Өлі және тірі табиғат жайында біледі

Меңгереді: Табиғатты аялауды





Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Мүсіндеу

Апта тақырыбы: Өзіңе және өзгелерге көмектес

Тақырыбы: Ит – адамның досы

Мақсаты:  Балаларды  сурет  бойынша күшіктің бейнесін  ермексазбен басу тәсілі арқылы толықтыруға үйрету. Күшіктің бейнесін жасай алуға баулу, ермексазбен  ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру,  үй жануарларына  қақамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Балалардың есту, көру, сөйлеу қабілетін дамыту және сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін  (дауыс ырғағы, ымдау, қимыл-қозғалыс, дауыс құдіреттілігі, интонация)  қолдануды  дағдыландыру, ит-жеті қазынаның бірі екенің айтып түсіндіру. Жануарларға  қамқор бола  білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Жеті қазына, арсылдайды, ырылдайды, қыңсылайды .

Көрнекілік: Жұмсақ  ойыншық, үлгі суреттері, үн таспа.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Жұмбақ жасырылады:                            

Адамға сері   күзетке бері

Балалар, ит қандай жануар түріне жатады?

–Иттің баласын не деп атайды?                

–Күшік қандай  дыбыс шығарады?        

     –Бәріміз  қайталайықшы.


Балалар сабаққа әзірленеді.

Ит.

Үй жануары.

Күшік.

Үреді.

Әуп-әуп.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар, қандай күшіктің  суреті ? әңгімелесейік. 

–Педагог күшіктің бейнесін үлгі бойынша талдау жасайды.

–Күшік туралы әңгіме айтуды ұсынады;

– Күшік  кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді, әдемі.

Педагог балаларға күшікті ермексаздан жасауға ұсынады.

Ең біріншіден педагог үлгі ретінде

балаларға жасалу жолдарын көрсетеді.

Барлық балаларғы ақ парақ қарғаз  беріледі.

Ол қағазда күшіктің бейнесі берілген.

Енді ол бейнені ақ, қоңыр, қара ермексазды алып басы тәсілі

арқылы кішіктің бейнесін толықтырамыз.

С\сәті:


Қолғабысы  күшіктің,                   

Тақиясын ұшырып,                                   

    Жел  інімді  жылытты.                   

  Бірақ  оның  күшігі,                               

Әкеп  беріп  жұбатты.

 Балалар педагогпен әрі қарай жұмыстарын жалғастырады.                               

–Қане,оған  ат қойып көрейікші?            –Үйді күзететін қандай жануар?              Балалар  ит- жеті қазынаның бірі, адамның досы, қорғаушысы.

Ойын «Дауысынан тап». Педагог балаларға белгілі аңдардың дауысын тыңдатады. Ал балалар болса тыңдап болған соң кімнің дауысы екенін тауып айтып беру керек.


Балалар тыңдайды                –Күшік  кішкентай, сүйкімді.

– «Досын, анасын жоғалтып алды, мүмкін ауырып тұрған  шығар, сондықтан көңілсіз»          –Ит-досымыз.

 

 

  Балалар педагогті тыңдайды. Үлгісіне қарайды.

 

Сұрақтарды қояды.

 

 

 

 

Бәрі бірге өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

 

  Бәрі бірге әрі қарай жалғастырады.

 

  –Ақтөс, Барбос, Құтжол т.б.                            - Ит                                                          

 

  Барлық балалар қызығушылықтарымен ойнайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

–Біз  күшікке  жылы сөздер айтайық. Сонда күшік біздің адал досымыз, серігіміз болады.  Сұрақ-жауап әдісі  арқылы сабақтың тақырыбын қалай  меңгергенін тексереді.

Күшігім менің, кішкентайым менің, Ақтөсім менің.                    –Ит-жеті қазынаның бірі.

Күшік сүтті, етті (сүйекті) ұнатады. Т.б.



Күтілетін нәтиже:

Нені    біледі: Ермексаздан жасалған цилиндр пішіндерден  күшікті бейнелей біледі, оның дене бөліктерін басу тәсілі арқылы үйренеді. Іскерлік – дағдылары қалыптасты.

Қандай түсініктерді  игерді: Жылы  сөздер мен тілектер айтып  жұбатуды  игерді.                                                                                  

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ит-адамның досы, жеті  қазынаның бірі екенің  меңгерді.


































Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Біз күштіміз ептіміз

Тақырыбы: Балалар жаттығу жасайды

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балалар сәлеметсіңдер ме?



Балалар мені таныдыңдар ма?

Мен кіммін?

Балалар мен сендермен бүгін жаттығу жасағым келеді.

Балалар келген қонаққа қарайды

Амандасады

-Ия мен таныдым

-Тауық

Балалар тыңдайды

Жаттығу жасауға келіседі.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Жаттығу жасайды.


Ал балалар сендер енді маған ойыншықтармен жаттығу жасап көріңдерші


Балалар айтыңдаршы жаттығуды не үшін жасаймыз?


Сергіту сәті:


Көптілділік.


Жеке жұмыс:

«Суреттерді құрастыр» ойыны


Балалар, енді бәріміз осы жаттығу жасап жатқан балалардың суретін салайықшы


Балаларға үлкен текшелер беріледі, сол текшелерде суреттердің бөліктері бар, сол сурет бөліктерін дұрыс қойып құрастыру керек

Жалпы дамыту жаттығуларына дайындық.

2. Тік тұру: Қолды жоғарыға көтеріп, аяқтың басына тұру. Б. Қ. тік тұру 3 - 4р.

3. Аяқты алшақ қою, қолдың басын шалқайтып, қолды жоғары қағу. Құйрықпен алға жылжу.

4. «Жем жейміз» «еңкейіп жерден жем шоқу», шалқаю.

5. «Шаттану» шалқадан жатып, аяқпен қолды кезекпе - кезек қозғау.

6. Секіру. Тынысты реттеу.

Балалар доппен, обручьпен, секіргішпен жаттығулардың түрлерін жасайды.

Қайрат – доппен секіреді

Сезім – секіргішпен секіреді

Айару – обручьты айналдырады

-Жаттығуды ұйқымызды ашу үшін жасаймыз.

-Денсаулығымыз мықты болу үшін жасаймыз

-Үлкен болып өсу үшін жасаймыз.

сөздерді буындап айту. Ой-ын-шық, қу-ыр-шақ, ма-ши-на, доп

. Балалар ойынға белсенді қатысты. Суреттерді құрастырды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Жарайсыңдар, балалар өте жақсы жұмыс жасадыңдар

Балалар қуанып қалады


Күтілетін нәтиже

Біледі: Спорттың денсаулыққа пайдасын

Түсінеді: Қаламды дұрыс ұстауды

Меңгереді: Сурет салуды үйренеді


Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Құрастыру

Апта тақырыбы: Біз күштіміз ептіміз

Тақырыбы: Үш дос

Мақсаты: Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру. Достық қатынасты бағалай білуге баулу. Достаса білуге, адал достыққа тәрбиелеу. Құрастыра білуге үйрету


Қолданатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, жұмыс дәптері.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы –

Достығымыз жарасқан.

Бір-біріне қуаныш сыйлайды.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Кіріспе әңгіме (суретпен жұмыс).

-Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Кәне, осы суретке қарап әңгіме құрастырайық.

-Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
-Достық дегеніміз – екі адамның арасындағы сыйластық. Ендеше, балалар, бір-біріңе адал, қамқор, тату дос болуларың керек. Қазіргі оөылатын әңгіме: «Үш жолдас» деп аталады.

Хрестоматиядан «Үш жолдас» әңгімесін оқу. Әңгіме желісін, мазмұнын айту.

Сергіту сәті.

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін, жақсысын

Досымызға сыйлайық.

Сұрақ-жауап.

-Әңгіме не жайында болды?

-Шынай дос қандай болуы керек?

«Достық» туралы мақал-мәтелдер айту.

Досы көпті жау алмайды,

Дұшпаны көпті дау алмайды.


Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.


Енді осы үш достың бейнесін құрастырайықшы



Балалардың жауабы.





Достар тату болуы керек.






Тыңдайды.



Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.




Дос туралы.

Адал,шыншыл

Балалар педагогпен бірге қайталайды.

Балалар жұмысқа кіріседі

Рефлексивті

коррекциялаушы

«Менің досым» ойынымен аяқтау. Допты лақтырып, қағып алған балаға педагог досының атын, білетін болсағ достық туралы мақал-мәтел айтқызады.

Ойын ойналады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығарманың мазмұнын.

Игереді: достық қатынасты бағалай білуді.

Меғгереді: адал дос болуды, досты сыйлауды, шығармашылықтары кеңейеді









































Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Біз күштіміз ептіміз

Тақырыбы: Жақсы бала, қандай бала

Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының мейірімді, қайырымды құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері: Жақсылық, жағымды әдеттер туралы түсініктерін кеңейту. Бір-біріне көмек көрсету дағдыларын дамыту. Жақсылыққа, жағымды әдеттерге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сабақ мазмұнына сай көрнекіліктер, слайд.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Шеңберге мен шақырамын,

Мейіріммен бас қосуға,

«Өзін-өзі тану» пәні

Көмектесер достасуға.

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздің бәрі – Ақ тілек!

Балалар үлкен шеңберге тұрып шаттық шеңберін қимылмен орындайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

2. Әңгімелесу. Алдын-ала ата-аналармен, балалармен дайындалған сұхбаттар бойынша видеоны көрсету. Видео мазмұны бойынша сұрақтар қою.

- Балалар, Алмат қандай бала екен?

- «Жақсы бала» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Ата-аналар өз балаларын қандай болуын қалайды?

«Жақсы бала» деген- бір-бірін ренжітпейтін, біріне-бірі көмек көрсететін, бірге ойнайтын, қолындағы тәттілерімен бөлісетін бала. Сондықтан да, жақсы бала- достықтан басталады делінеді.

3. Ертегіні

магнитафоннан естірту

4. Ойын «Жақсы мен жаман»

- Әжеге көмектескен бала қандай бала?

- Ағашты сындырған бала?

- Құстарға жем берген бала?

-Ойыншықтарын сындырған бала?

- Үстел басында сөйлесіп тамақ ішкен бала?

- Киімін жинайтын бала?

5.Сергіту сәті

Біз ұқыпты баламыз

Айтқан тілді аламыз

Кірлесе егер киміміз

Өзіміз жуып аламыз

Едендегі шаңдарды

Шаңсорғышпен сорамыз

Біздің қолда он саусақ

Барлық іске жарамды

6. Ғажайып сөздер

Жақсы

Қайырымды

Мейірімді

Ақылды

7. Дәйексөз:

Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

*****

Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

- Балалар, енді осы кезде

сендер өздеріңе таныс жақсылық, әдептілік, қайырымдылық мағынасы бар өлең шумақтарын және мақал-мәтелдері естеріңе түсіріңдерші!

«Не деу керек?»

«Өзім жақсы баламын»

Мақал-мәтел

Балалар теледидардан көрсетілген видеоны мұқият қарап, мазмұнын түсінеді.

Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп отырады.

Балалар тәрбиешінің айтылған әр сөзін мұқият тыңдауын жалғастырады.

Өз ойларын да қосып отырады.

Ертегі мазмұнын түсінеді.

Жақсы іс-әрекеттер айтылса, көңілді смайликті көңілді күннің көзіне іледі. Жаман іс-әрекеттер жасалған сөйлем айтылса, көңілсіз смайликті мұңды күннің көзіне іледі.

Сергіту сәтін орындайды.

Мақалды жаттайды.

Мағынасын түсінеді.

Балалар өздеріне таныс өлең шумақтарын естеріне түсіреді.

Мақал-мәтел

Рефлексивті

коррекциялаушы

8. Дәптермен жұмыс

(Балалар туралы көңілді әуен естіліп тұрады).

-Балалар, сендер есейген кезде қандай адам, қандай маман иесі болатындықтарың туралы сурет салыңдар.

9.Қорытындылау. «Жақсы бала» деген атаққа лайық болу үшін әдепті, қамқор, шыншыл болуымыз қажет. ( Ақ жүрек бос тұрады, ал балалар өз жүректерін тілек айтып ақ жүректің ішіне толтырады.)

- Міне, балалар ақ таза жүрегіміз жылы тілектер арқылы мейірімге, ақ пейілге толды. Сендер әрқашан жақсы бала болыңдар.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Балалар жылы тілектерін айтып ақ жүрекшені кішкентай қызыл жүрекшелермен толтырады.

Нені білді: Адамның жақсы қасиеттері туралы білді.

Қандай түсініктерді игерді: Өлең сөздерін естеріне сақтап, мәнеріне келтіре, жатқа айта білу түсінігін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Бір-біріне деген сыйластық дағдысын меңгерді.






















Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Біз күштіміз ептіміз

Тақырыбы: Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру

Мақсаты:Қарапайым таразы көмегімен өлшеу

барысымен таныстыру, заттарды таразы арқылы салыстыруға үйрету. Ай аттарын,

уақытты дұрыс атау дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру; зейіндерін және

логикалық ойлауларын дамыту.

Көрнекіліктер: Көрнекі бейнеленген суреттер.

Сөздік жұмыс: салыстыру,

ажырата алу

Билингвальдық компонент: салмақ -вес, таразы –весы.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Жеміс жидектер дүкенінде»

ойынын ойнату.

Ойынға деген қызығушылықтары пайда болады.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Дәптердегі 1- тапсырмада

берілген таразыны қарауларын сұрау.Балалар онда ненің суретін көріп тұрғанын

айтады.

Неге таразы бір жағына

еңкейіп тұр?

Тақтада және үстелде балалар

цифр, таңба жазылған карточкалардан суретке байланысты жазулар құрастырылады.

Таразыны тексеру үшін не

істеуге болады?

11- кестенің көмегімен

осыған ұқсас жағдайлардың үлгісіне талдау жасайды.

Содан соң №2 тапсырма осыған ұқсас

орындалады.

Жеміс жидектерді салмағына

қарай таразыға дұрыс орналастырыңдар (жапсырыңдар).

Неге осындай жапсырмаларды

таңдап алыңдар?

Дүкендегі таразылар туралы

әңгіме жүргізеді. Оларды суреттен көрсетеді. Жылдың қандай мезгілінде ненің

пісетінін сұрайды.

Осы кезде ай аттарының

атауларын қайталаған тиімді. Өз аймақтарында өсетін жемістер мен

көкеністердің суретін таңдап алуға болады.



Дәптердегі 1-тапсырмаға қарап,

таразыға не салынғанын айтады. Таразының екінші жаққа неге еңкейгені туралы

қорытынды жасайды. Теңестіру нұсқасы ұсынылады. Бір жемісті алу немесе тағы

бір жеміс қосу.



Таразыға байланысты берілген

логикалық тапсырмаларды шығарады.

2- тапсырманы орындау үшін,

қажетті жапсырманы іздейді. Қорытынды жасайды. Дүкендегі таразылар туралы әңгімеге

қатысады.

Рефлексивті

коррекциялаушы

№3 тапсырмада берілген

кестедегі заңдылықты тауып, керекті машинаны жапсырады. Сондай ақ таразы

туралы әңгімемен жалғастырады.

Қай машина ауырырақ?

Оқушылардың іс әрекеті

қорытындыланады. Біз бүгін дүкенде болдық. Онда не сатылды?

(Жемістер мен көкеністер)

Ненің ауыр, ненің жеңіл

екенін не арқылы анықтадық.

Тәрбиеші орындаған

жұмыстарын мадақтап, сабақты аяқтайды.

№3 тапсырманы орындайды. «Ең үлкен, ауыр»

деген қорытынды жасайды


Күтілетін нәтиже:

Біледі : салмақты

таразыда өлшейтіндігін, таразыны теңестіру үшін, таразы табағына зат қосу не

затты алу керектігін;

Игереді

: дүкендегі таразылар, таразыда

затты өлшеу барысы туралы түсінікті;

меңгереді: таразы бойынша

теңдік және теңсіздік құрастыру, ауыр заттың таразының қай жағында екенін

анықтауды (қай табағы төмен болса).





































Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Біз күштіміз ептіміз

Т Мақсаты: Балаларды «жас эколог» (табиғатты сүйетін, әрқашанда және барлық жерді зерттейтін) түсінігімен таныстыру. Алдын-ала жұмыс және оқу іс әрекетіне дайындық: Экология туралы әңгімелесу Сөздік жұмыс: қою, сұйық, араның үйі «омарта»
Дидактикалық материал: Суреттері, глобус, проекторақырыбы: Жас экологтар

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, апайлар,
Қайырлы таң, достар.
Жоғары қарап тау көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға иіліп,
егеменді ел көрдім

Шаттық шеңберңне тұрып орындайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар бүгін біз әдемі планетамыз туралы әңгімелесеміз. Бізідің планетамыз қалай аталады?
Балалар қараңдаршы бұл - глобус, біздің планетамыздың кішірейтілген түрі.
- Қараңдаршы біздің планетамыз қандай әдемі, глобуста қай түс көп?
Тәрбиеші: Біздің планетамызды « жасыл әлем» - деп атайды. Көк түс нені білдіреді?
Ал жасыл түс нені білдіреді?

Сары, қоңыр түс

Ия, біздің планетамызда әдемі жерлер көп.

Сауысқан келеді ұшып. Хат тастап кетеді.
Хатты Эколог жіберіпті. Балалар біздің планетамызда ауа, сулар ластанып, орман ағаштары өртеніп, кесіліп жатыр. ауа ластануынан балалардың демалысы қиындап
көп ауыра береді. Завод, фабрикалар, түрлі өндіріс орындары және машиналар, космос корабльдері көбейді. Бірақ та, бұлар бізді қуантпайды. Біздер бақтардың гүлдегенін, құстардың сайрағаннан, ағаштардың жайқалып өскенін, жәндіктердің жыбырлап жүргенін өзендерден сылдырлап таза су аққанын, көбелектердің қанатын қағып ұшқанын қалаймыз.
Балалар, сіздер де бізге көмекке келіңіздер.
Балалар, қоршаған ортаны қорғауға, ластамауға, көркейтуге бізді эколог мамандары шақырып жатыр екен, көмектесеміз бе?
Балалар, халықаралық "ГРИНПИС" орталығы бар. Ағылшын тілінен аударғанда "Жасыл әлем "- деген сөз. Бұл барлық ұлттарды, халықтарды біріктірген орталық. Осы қоғамда эколог мамандары жұмыс жасайды. Эколог адамның өмірімен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға ондағы құстар, өсімдіктер, жануарлар және адамдар өмірін қорғайтын, ауа мен судың ластанбауына көмектесіп, қорғайды.
Соңғы кезде табиғат көп өзгеріске ұшырады. Себебі, көп машиналар лас газды ауаға шығарып, заводтар мен фабрикалар қалдықтарын ауа мен суларға төгеді.
Эколог мамандарының арасында химиктер, физиктер, географ, дәрігерлер көп.
Олар өте білімді адамдар.
Д/О « Құстарды қорғау»
Д/О: "Экологиялық белгілер" Тиым сөздер
Құстың ұясын бұзуға болмайды.
Орманда от жағуға болмайды.
Суды ластауға болмайды.
Құстың ұясын бұзуға болмайды.
Д/О: «Жануарларды қорғау»: Қисынын тап (Суреттерді құрастыру)
Д/О: « Қолтырауынның баласы нені дұрыс нені дұрыс емес жасады?» сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Эколог келеді балалар сендер табиғатты қорғауға көп көмектестіңдер, көп біледі екенсіздер. Мен сіздердің топтарыңды осы қоғамның мүшесі етіп қабылдап значок тапсырамын - деп балаларға значокты кеуделеріне тағады. "Жасыл әлем" қоғамына қабылдау.
Дәрілік өсімдіктерден жасалған фито шәй беру.

Жер

Көк, жасыл түс.

Теңіз, мұхит, өзендер

Орман, егіндік

Тау, дала, шөл, шөлейт

Ия











Балалар тәрбиеші апайды мұқият тындайды.





Балалар жауаптары




Балалар апайды мұқият тындайды.




Балалар қуанады

Рефлексивті

коррекциялаушы

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

Балалар қуанады


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: экологияны қорғауды аялауды білуі керек
Түсінеді: Табиғатты , еңбекқорлықты үйренуді меңгерді

Қортынды: : Кез – келген жұмысты достарымен бірлесе істеген оңай екенін білді















Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Аппликация

Апта тақырыбы: Біз күштіміз ептіміз

Тақырыбы: Спорт құралдары

Мақсаты: Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту,Отанын, жерін қорғауды түсіндіру, дене мүшелері туралы түсінік беру, тазалаққа үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа үйрету т.б.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сәлем сөздің анасы

Жүректен жүрекке

- Жылдың қазір қай мезгілі?

- Күз неше ай қонақта болады?

-Күз айларын ата?

- Мына суреттерге қарап күзгі ерекшеліктерді атаңдар және суреттегі балаларға есімдер қойып олардың іс-әрекетін талдаңдар:

 


- Аспанымыз ашық болсын!

- Еліміз тыныш болсын!

- Бақшамыз бақты болсын!

- Жеріміз гүлдене берсін!

- Елімізде бейбітшілік болсын!

- Ынтымағы жарасқан ел болайық!

- Қазақстан гүлдене берсін!

- Отбасымыз аман болсын!

- Деніміз сау болсын!

- Жеріміз бай болсын!

-Әрқашан күн сөнбесін!

 

- Күз

-3 ай

-Қыркүйек, қазан, қараша

Ұйымдастырушы

ізденуші

Сайқымазақ: Балалар біз қазір “Денсаулық еліне саяхатқа шығамыз”. Ол жерде тек дені сау адамдар мен түрлі аң құстар тату-тәтті өмір сүріп жатыр екен. Ол жақта Салауат деген атай тұрады. Ол алдына келген барлық науқастарды емдеп, жазып жібереді екен.

 

Тәрбиеші: Балалар Салауат атай туралы білгілерің келе ме?

 

Салауат атай ол дәрігер адам. Ол алдына келген барлық науқастарды емдеп жазып жібереді. Мына суретте аюдың қолы, түлкінің аяғы, үйректің қанаты ауырады екен. Олар Салауат ағайға ем іздеп келіп жатыр. Ал маймыл болса ағайдың көмекшісі екен. Ол алдына келген науқастарды рет-ретімен, кезегімен жіберіп көмектесіп тұр екен.

 

 

 

Ал, мына жерде бір топ құстар: Тоқылдақ, үкі, торғай, тотықұс, кептер, үндік, тіпті ала қарға да келіп Салауат атайға өзінің алғыстарын айтқалы келіпті.

 

 

 

 

Балалар қараңдаршы мына аң, құстар бізді тектен-тек Салауат атаймен кездестіргісі келмей отыр. Олар бізге денсаулыққа қажетті спорт құралдарын жапсырсақ жібереміз дейді

 


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды



























Балалар жұмыс жасайды

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалардың жұмыстарын талқылау. Жақсы жасаған балаларды мадақтау

Балалар қуанып қалады

Күтілетін нәтиже:

 Білу керек: Денсаулық сақтау үшін таза, ұқыпты жүру керек.

 Болу керек: Баланың естеу сақтауы, зейіні, ойлауы, тілді-сөздік қоры,

байланыстыра сөйлеуі т.б.

 Баланың қолынан келуі: Берген тапсырмаларды орындау








































Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы:

Тақырыбы: Әдемі көйлек

Мақсаты: Көйлек үлгісін әшекейлейге үйрету.

Саусақпен сурет салу дағдысын арттыру

Үш тілділік Көйлек-платье-shirt

Көрнекі құралдар: көйлектің сұлбасы.бояу


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

Шаттық шеңберге тұрып, өлең сөзіне сәйкес қимыл жасайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Қуыршақ Айсананың жылап отырғанын айтады,

Қуыршақтан кім ренжіткенін сұрайды.Айсана

-Маған ешкім тиіскен жоқ.Бірақ күшік досым қонаққа шақырған еді,енді киетін көйлегім жоқ деп жылап отырм.

-Балалар Айсанаға көмектесеміз бе?

Топтағы қыздардың көйлегі қандай екенін сұрап.әдеміліктерін айтамыз.

Алдымыздағы койлектің сұлбасын алдымыздағы бояулармен әшекейлеп бояйық.

Сұқ саусағымызды бояуға батырып саламыз

.

Үш тілділік Көйлек-платье-shirt


Сергіту сәті

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.


Тыныс алу жаттығуын жалғастырады.






иа



Өздері таңдаған бояумен жасайды.






Сергіту сәтін балалар қимылмен жасайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

«Әдемі көйлек салғандарына мәз боп.Айсана қоштасады


Балалар сұрақтарға жауап береді.


Күтетін нәтиже :

- Көйлектер Әртүрлі болатындығын

Игереді Адамдарға көмектесуді

Меңгереді:

- Саусақтың көмегімен салуды.










28.11.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы:

Тақырыбы: Менің әжем

Мақсаты: өлеңнің мазмұнын түсініп, оны жаттай білуге үйрету,есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Кішіпейілдікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, ұнтаспа, жұмыс дәптері.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Сағындым, әже, өзіңді,

Мейірімді көзіңді.

Ертегіңді сағындым,

«Құлыным» деген сөзіңді.

Қайырмасы:

Сағындым, әже, сағындым,

Мейіріміңе табындым.

Демалысқа шығамыз,

Аяғында мамырдың.

Сағындым, әже, сағындым,

Ағайын-туыс, бауырды.

Қуат алып келейін

Топырағынан ауылдың.


Өлең

жолдарын

жаттап

алады

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Балалар, өлең кім туралы?

-Сендердің әжелерің бар ма? -Ендеше бүгін ақын Қадыр Мыржа Әлидің «Менің әжем» өлеңімен танысып, ол өлеңді жаттаймыз. Өлеңді оқып беру. Менің әжем Менің әжем, ақ әжем- Ұл мен қыздың бағы әжем. Ертегі айтып бер десең, Айтып берер тағы әжем. Менің әжем жыр әжем- Шуағы мол нұр әжем, Ақ таяққа сүйеніп Аман-есен жүр әжем. Сұрақ- жауап (суретпен жұмыс) -Суретте кімді көріп тұрсыңдар? -Әжем үстіне қандай киім киген? Әжені Кимешек

-Әжем не істеп отыр?

Сергіту сәті

Күндей болып күлеміз

Гүлдей болып өсеміз

Құстай болып ұшамыз

Көбелектей қонамыз.

Дәптермен жұмыс:

1. Қазақтың қандай ою-өрнектерін білесіңдер? 2. Ою-өрнек арқылы сыпмақты безендіріңдер.










Әже туралы Бар Тыңдап, мазмұнын түсінеді және өлеңді жаттайды.


Сырмақ сырып, көрпе құрап отыр. Кимылдар жасайды. Тапсырманы орындайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балаларға тәлім-тәрбие туралы мақал-мателдер айтып аяқтау.

Әдемілік белгісі-иіліп сәлем бергені. Сыйласаң, сыйлы боларсың.

Мақал-мәтелдерді қайталайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңнің мазмұнын түсініп, жаттай біледі.

Игереді: өлең жаттауды.

Меңгереді: Жақсы қасиеттерді.


28.11.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Құрастыру

Апта тақырыбы:

Тақырыбы: Үй

Мақсаты: Балаларды пішіндермен (үшбұрыш, төртбұрыш) таныстыру;

Міндеттері:

Білімділік: геотметриялық пішіндерден үй құрастыруды үйрету;

Дамытушылық: тілдерін дамыту;саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру;

Тәрбиелік: балаларды қамқор және жанашыр болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы:құрылысшы

Көрнеліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар,ойыншықтар, магнитті тақта, дайын пішіндер, жалауша.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балалар, бір-біріміен танысайық!

Балаларды шеңбрге тұрғызады. Топтағы бір баланың атын атап, жылы шыраймен шақырады да, қолына жалаушаны береді. Бала педагогке рақметін айтады. Ол келесі баланы шақырып, оған жалаушаны береді. Осылайша шеңберде тұрған барлық баланың аты аталады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.



Ұйымдастырушы

ізденуші

Ғажайып сәт

Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді екен,қараңдаршы.

Педагог қолыңа ұл бала бейнеленген қуыршақты киеді.


Қуыршақ:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Менің атым – Азамат. Мен құрылысшымын.

Маған үй салуға көмектесіңдерші.

Сөздік жұмысы: құрылысшы

Педагог: - Үй салмас бұрын пішіндерді ажыратып алайық.

Педагог балаларға түрлі пішіндерді таратады.

Дидактикалық ойын:

«Пішіндерді ажырат».

мынау – үлкен төртбұрыш.

Мынау – кішкентай төртбұрыш.

Мынау – үшбұрыш.


- Кішкентай төртбұрыштың түсі қандай?

Үлкен төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбрұштың түсі қандай?

Енді үй саламыз.

Педагог магнитті тақтаның ортасына үлкен төртбұрышты қоямыз.

Ал енді жұмысқа кіресейік.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

- Қызыл.

- Көк.

-Қызыл.








Балалар үйді құрастырып шығады.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау

Балалар сұрақтарға жауап береді


Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: түстер мен пішіндерді ажырата біледі;

Түсінеді: үйдің терезесі, есігі, төбесі,қабырғалары болатынын;

Қолданады: үйді геотметриялық пішіндерден құрауды қолданады




















































Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы:

Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз

Мақсаты: Балаларға заттарды топтастыра суреттеуге үйрету, ыдыс – аяқ түрлерімен таныстыру. Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру;Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға , әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.Балаларды қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ыдыс - аяқтар – посуды, ас үй – кухня, асхана – столовая.
Қолданылатын көрнtкі құралдар: Доп ,Ыдыс-аяқ суреттері.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,триз әдісі.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балалар мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіріп таңғы шаттық шеңберін жасайық.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң бақшамыз
Саламатсыңдарма!
Здраствуйте!
Good morning!

Балалар шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң бақшамыз

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қай айы?
-Қыс мезгіліндегі ауа-райындаға өзгерістерді айтайықшы?
-Дұрыс айтасыңдар балалар қыс мезгілінде күн салқын болғандықтан бүгін мен сендермен «Көңілді доп» ойынын топта ойнағым келіп тұр.Сендер ойнағыларың келеме?
Ойын: «Көңілді доп».
Мақсаты :Ыдыстардың аттарын атауды үйрету. Шарты: Тәрбиеші балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,допты лақтырады,қағып алған бала ыдыстың атын атайды.
-Жарайсыңдар балалар ендеше орындарыңа жайғаса қойыңдар.
-Балалар біз өткен оқу іс –әрекетімізде Әйгерімге дастархан әзірлеуге көмектескен болатынбыз. Қане есімізге түсірейікші.
-Жарайсыңдар балалар өткен оқу іс-әрекетін жақсы меңгеріпсіңдер.
- Балалар сендердің үйлеріңе қонақтар жиі келе ме?
- Сендер үйге келген қонақпен қалай амандасасыңдар?
Дұрыс балалар, амандасамыз, қал- жағдайын сұраймыз.
Үстел басына шақырамыз.
- Үстелге не төсейміз?
- Дастарқанға не қоямыз?
- Тағамдарды неге саламыз?
- Ыдыс –аяқтардың қандай түрлерін білесіңдер?
Жарайсыңдар балалар, қазір біз осы ыдыстырдың түрлерімен жақынырақ танысамыз.
Жаңа тақырып. «Қонақтарды күтеміз».
Таңғажайып сәт:(Дымбілмес келеді). Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бізге ертегідегі Дымбілмес қонаққа келді.
Дымбілмес өзінің атын білмейтінін қонақ емес екенін ,адасып қалғанын,ыдыстарды ұстап шатастырып айта бастайды.
Тәрбиеші: Дымбілмес сен асықпа біз қазір осы ыдыстар жайлы тақырыпта айтып жатырмыз сен де бүлдіршіндермен бірге отырып тыңда.
Ыдыс-аяқпен таныстыру.(суретпен жұмыс)
Кәстрөл – ет, сорпа дайындауға арналған үлкен ыдыс.
Шәйнек – шай ішуге арналған, оның ішіне сендер күнделікті ішетін табиғи шырын немесе кисель құюға болады.
Таба – жұмыртқа пісіруге, рожки, картоп пісіруге арналған.
Тәрелке – дайын тағамды салуға арналған.
Кесе – шай ішуге.
Қасық –тамақ жеуге.
Шанышқы – тамақ жеуге арналған.
Қасық тәрелкенің оң жағында, ал шанышқы сол жағында тұруы тиіс.
Пышақ – нан кесуге, ет турауға арналған.Пышақты балаларға қолдануға болмайды.
-Балалар қараңдаршы Дымбілмес ұйықтап бара жатыр ендеше орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту жаттығуы.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Допты алды қолына,
Қайта қойды орнына.
Оңға қарады,солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
Дымбілмес, балалар біз ыдыс-аяқпен таныстық,сендердің бүгінгі тақырыпты меңгергендеріңді бақылау үшін қазір ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын:
«Түріне қарай топтастыр»
Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Шарты: Ыдыстар, қысқы киімдер, үй жиһаздарын ажыратып жинау керек.
Дымбілмес: Балалар мен шыныныда да ештеңе білмейді екенмін, мен сендерге қонаққа келіп көп затты үйреніп алдым.Балалар мен сендерге өтініш айтайын мені енді Дымбілмес деп атамаңдаршы.
Тәрбиеші: Расында да балалар біз енді Дымбілместі Саламат деп атасақ қалай болады.
Саламат қуанып қоштасып шығып кетеді.
-Балалар біз қазақ деген ұлтпыз я, қазақ ұлты өте қонақжай халық.Сондықтан да үйге келген қонаққа ілтипатпен қарау керек екен.

-Қыс мезгілі.
-Желтоқсан айы.
Қар жауады,күн суық болады.Адамдар жылы киінеді.

-Ия

Балалар ойынды ойнайды.

Балалар өткен оқу іс-әрекетін естеріне түсіреді.


-Ия жиі келеді.
-Саламатсызба деп.

-Дастархан.
-Балалардың жауаптары.

Балалар мұқият тыңдайды

Балалар орындарынан тұрып өлең жолдарын қимылмен қайталай отырып бойларын сергітеді.

Балалар Дымбілмеспен бірге ойынды ойнайды.

-Ия .

-Сау болыңыз


Рефлексивті

коррекциялаушы

-Балалар бізге қонаққа кім келді?
-Дымбілместің атын қалай өзгерттік?
-Нелермен таныстық?
-Балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін сұрай отырып ,оқу іс -әрекетін қорытындылау,жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Дымбілмес
-Саламат
-Ыдыстармен.


Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ыдыстарды және олардың атқаратын қызметін білуі.
Игереді: Жаңа сөздерді,қонақтарды ілтипатпен қарсы алуды.
Меңгереді: «Ы» дыбысын меңгереді
































Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы:

Тақырыбы: Уақыт пен кеңістікті бағдарлау

Мақсаты: балалардың тәулік бөліктері, апта күндерінің реті, жыл айлары туралы білімдерін бекіту, тура, кері санауға жаттықтыру.

Қостілділік компонент: уақыт – время, кеш – вечер, түн – ночь, кеше – вчера.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды түгендеп, оқу іс - әрекетке назарларын аудару. Шаттық шеңберін жасатып, бір – біріне деген жылы лебіздерін білдірту.



Шаттық шеңберін жасайды.


Ұйымдастырушы

ізденуші

1 тапсырма.

Әр адам күн тәртібін сақтайды, суретке мұқият қарап, өз күн тәртібі жайлы айтқызу. Таңертең, күндіз, кеш, түн, кеше, бүгін, ертең не істейтінін әңгімелету.


2 тапсырма.

Тақтаға күнтізбе ілінеді. 1 аптада 7 күн бар, олардың аттары бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. - Бүгін қай күн?

3. Сергіту сәті: Жаздық, жаздық, көп жаздық,

Шаршады біздің саусақтар.

Бір, екі, үш,

Демаламыз жинап күш.


4. «Апта күндері» ойынын ойнату. Шарты: күн немесе апта, апта немесе ай, ай немесе жыл екенін анықтату.

3 тапсырма.

Балалар тапсырманы орындар алдында өз күн тәртібі туралы әңгімелейді және тиісті суреттерді жапсырады.

4 тапсырма.

Балалар шеңбер берілген торкөздерді бояй отырып, өз бетінше орындайды.



Тәрбиешінің

көмегімен

балалар

барлық

тапсырмаларды

орындайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Сұрақ – жауап әдісі бойынша сабақты қорытындылау.





Күтілетін нәтиже:


Нені біледі: балалардың тәулік бөліктері, апта күндерінің реті, жыл айлары туралы

Қандай түсініктерді игерді: білімдері беки түседі, тура, кері санауға жаттықтығады.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:өз бетінше жұмыс істеуге төселеді.



Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Драма

Апта тақырыбы:

Тақырыбы: Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Мақсаты: Балалардың әдептілік туралы ұғымдарын кеңейту, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрнекілік, сергіту сәті, ойын, қорытындылау.
Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты әдепті және әдепсіз әрекетті бейнелейтін көркем суреттер, сары түсті күн шуағы, жылы және суық түсті текшелер

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңберге жиналу.
Армысың, Алтын күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан достым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!

Балалар шаттық

шеңберін

орындайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

Тәрбиеші: Балалар, біз шеңбер бойына жиналып бір - біріміздің қолымыздан ұстағанда нені сезіндік ?

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар?

Тәрбиеші: Қандай айлар?

Тәрбиеші: Қазір қай айы?

Демонстрациялық құралмен жұмыс.
Тәрбиеші: Балалар, мына суретке қарап әңгіме құрайық. Суретке қарап көргендеріңді өз қиялдарыңмен толықтырып, әңгіме құрап көріңдер.
Жақсы, ал енді осы суреттердегі жақсы әрекеттерді жылы түсті текшелермен, жаман әрекеттерді суық түсті текшелермен белгілейік.
Балалар, берілген суреттерді әңгімелеп, жетекші сұрақтар арқылы неліктен жақсы, жаман әрекетке ажыратқандарын дәлелдейді, тәрбиешінің нұсқауы бойынша текшелермен белгілейді.
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген сөзді қалай түсінеміз?
Тәрбиеші: Әрқашан үлкенді сыйлап, кішіге ізеттілік көрсетуіміз керек.Балалар біз бүгін сіздермен « Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында оқу іс-әрекет жүргіземіз.
- Кәне, балалар ізеттілік туралы қандай тақпақтар білеміз?

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.
Ойын: «Жақсы, жаман»
Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші төмендегідей әрекеттерді кезекпен айтып тұрады, ал балалар дауыстап ол әрекеттің жақсы, жаман екенін айтады.
- ағаштың бұтағын сындыру,
- гүлдерге су құю,
- қарт адамға күлу,
- әжеге көмектесу,
- бауырыңды ойнату,
- құстарға ұя жасау,
- ағаш бұтағына қонған торғайды таспен ату,
- өзіңнен кішкентай баланы қорқыту, жылату,
- үлкен кісіге орын беру.
Сергіту сәті:
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Тәрбиеші: Ал, енді балалар, тақтадағы суретке назар аударайық.
Бұл күліп тұрған күннің көзі.
-Не жетіспейді?
Балалар: Күннің шуағы жетіспейді.
Тәрбиеші: Олай болса, жылы сөздер айтып, күннің шуағын жапсырайық.
Тәрбиеші әрбір жауапқа күн шуағын іліп отырады.
-Ал, енді балалар, сендердің бойларыңда өздерің айтқандай қасиеттер болса мына күннің шуағындай бойымызда жылулық болады да, біз бәріміз күн нұрын қалай жақсы көрсек, бізді де айналамыздағылар солай жақсы көретін болады. Сондықтан да мен сендердің күн шуағындай болуларыңды тілеймін.
« Ана алдында - құрмет,
Ата алдында - қызмет.
Сыйлап үлкен кісіні,

Балалардың жауабы:
- Достық.
- Жылулық.
- Бәріміз бірге екенімізді.

Балалар: Күз мезгілі.

Балалар: Үш ай бар.


Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша.

Балалар: Қараша айы.

:
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты білеміз.
Бәріне де ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.
Мейрамбек:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпен біз.


:
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Бәріне де ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.















сергіту сәтін орындайды


Балалардың жауабы:
- қарт адамдарға құрмет көрсету,
- кішіге қамқор болу.
- әрқашанда мейірімді болу,
- үлкеннің айтқанын тыңдау.
- әдепті болу.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Аялағын кішіні » - деген нақыл сөздерді әрдайым есімізде сақтаған жөн. Тәрбиеші тақырыпты қорытып, балаларды мадақтап, алғыс айтады

Балалар қуанып

қалады


Күтілетін нәтиже

Біледі: Балалардың әдептілік туралы ұғымдарын кеңейеді

Түсінеді: үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға үйренеді

Меңгереді: жаман әдеттен аулақ болуға, қоршаған ортаға қамқор болуға үйренеді






Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы:

Тақырыбы: Өзім туралы білгім келеді

Мақсаты: Балаларға дене мүшелері және оның қызметі туралы түсінік беріп, дене жаттығуы мен спорттық дене мүшелеріне әсерін түсіндіру.Адам өз денсаулығын сақтау үшін өзін-өзі тану және оны күту керектігі туралы айту.
Методикалық әдіс: Шаттық шеңбері, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, тосын сәт. т. б.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер, тазалық заттары.
Қостілділік компонент: Орган человека, голова,шея,нос,уши,рот,руки,нога,тело человека,сердце,печень,почка,мыло.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

.Шаттық шеңбері
Сәлем көздер ояныңдар,
Сәлем құлақтар ояныңдар,
Сәлем қолдар ояныңдар,
Сәлем аяқтар ояныңдар,
Сәлем достар, сәлем!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
-Балалар біз кімбіз?
Әрине біз адамбыз.
-Балақай сен кімсің?
Дұрыс айтасың.Біз адам болғаннан кейін, өз дене мүшелеріміз және өз есімдеріміз болады.
Қане, айта қойыңдаршы.Біз дене мүшелеріміз туралы не білеміз.

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Адамбыз.

Адаммын,және есімім Сексенбай Еркебұлан Ержанұлы
Балалар жауаптары

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Бас не үшін керек?
-Мойын не үшін керек?
-Екі көзің не үшін керек?
-Екі қолың не үшін керек?
-Құлақ не үшін керек?
-Ал аяғың не үшін керек?
Енді балалар , дене мүшелері жайында және өзіміз туралы толық мәлімет алу үшін сиқырлы тақтаға назар аударайық.
Сиқырлы тақта.
-Сонымен балалар адамның дене мүшелеріне нелер жатады екен? Осы адамның дене мүшелерін орыс тілінде айтып көрейік.
Балалар,
адамның бас мүшесінде ми орналасқан.Біз миымызбен көп нәрселерді ойланамыз, ақылмен шешеміз, тілімізбен сөйлейміз, көзбен көреміз, мұрынмен иіскейміз, құлақпен тыңдаймыз.
3. Тосын сәт.
Топқа медбике апай кіріп келеді.
Ой балалар,қараңдаршы біздің топқа медбике апайымыз келіпті, біз одан тазалық жөнінде кеңес алайық.
Медбике:
-Балалар, біз тазалықты сақтау үшін,әрдайым жуынып жүруіміз керек, тамақты уақтылы ішуіміз керек, таза ауада үнемі жаттығу жасауды әдетке айналдырыңдар.
Дос бол сабын суменен,
Жиі-жиі жуын сен.
Су мен сабын бір жолдас,
Жоймас олар кір болмас.
Тазалық заттарын орыс тілінде айтқызу
Сонымен балалар денсаулықтың кепілі не екен?
Өте тамаша, олай болса,әрдайым өз денсаулығымызды күтіп, спортпен шұғылданып жүрейік.
Сергіту сәті.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің басым,ақылды.
Барлық істі атқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған. Ақылмен ойлану үшін
Бұрылу үшін
Жақсыларды көру үшін
Елге көмек беру үшін
Ақыл кеңес есту үшін
Жүру үшін керек.

Балалар жауаптары.
Голова,шея,нос,глаза,уши,рот,
руки,ноги.

Балалар таңырқап қарайды.

сабын-мыло,су-вода,сүлгі-полотенца,тіс пастасы-зубная паста.
тазалық

Рефлексивті

коррекциялаушы

түзетушілік Балалар, біз бүгін не жайында айттық?
Дидактикалық ойын:
«Кім тапқыр?»
Топтарға бөлініп,адам дене мүшелерін құрастыра білу.
Тәрбиеші балалардың оқу қызметтерін қарап,мақтау,мадақтау сөздер айтып, оқу қызметін аяқтады.

Балалар

ойын ойнайды


сұрақтарға

жауап береді


Балалар қуанып

қалды



Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Дене мүшелері арқылы іс-әрекет жасайды.
түсінеді: Тазалық жайында, әдепсіз, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуды үйренді.
Қолданады: Тазалық заттарын күнделікті қолдануды түсінеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Өзім туралы"оқу іс-әрекеті

Автор: Асылова Құндызай Қалиқызы

Дата: 08.12.2018

Номер свидетельства: 489537


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства