kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Откыртый урок "Үй құстары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақтың  мәтіні жүйелі түрде ашылған. Сабақта үй құстары туралы толық мәліметтер берілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Откыртый урок "Үй құстары"»

Технологиялық карта



Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология

Тақырыбы: Үй құстары

Мақсаты: Үй қүстары жайында ұғымдарын дамыту: (тауық, әтеш, қаз, қалай дауыстайды, сырт пішіні, не жейтіні, калай жүреді, қай жерде өмір сүреді, балапандардың айырмашылығы, адамдарға пайда келтіреді). Оларға қамқорлық жасауға мейірімді болуға еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Балалардың қызығушылығын ояту. Сөздік қорын молайту, ой-өрісін дамыту. Ұсақ қол маторикасын дамыту.

Көрнекіліктер: үй құстарының суреттері, балапаның пайда болуы,ойыншықтар,макеттер,көлшіктер,көгал, кұстар ауласы құстар ұясы, иттің үйшігі,қоректі астар,үлестірмелі материал,музыка

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауада салайық

Жүрекке жылу сыйлайық

Осы жақсы лебізді

Балаларға сыйлайық.

Сұрақ-жауап бөлімі

Тәрбиеші: Балаларды орындыққа отырғызып, назарларын суреттерге аударады.

-Балалар мына суретте не бейнеленген?

-Әр үй құстарына жеке-жеке тоқтап атап беру.

Тәрбиеші: Барлығын бір сөзбен айтқанда қандай құстар?

-Балалар: Үй құстары

Жұмбақ жасыру

а)Бұрап қойған сағаттай

айқайлайды таң атпай (Әтеш)

Әтеш қауырсынды жүні жұмсақ, айдары бар,құйрығы ұзын, түрлі түсті болады, орақ, шалғы секілді иіліп тұрады.

б)суға барса сүңгиді

қамыс түбін үңгиді (үйрек)

Үйрек – мамығы жұмсақ, қауырсынды, еті пайдалы, тұмсығы жалпақ.

в)Адамнан қорықпайды,биікке ұшпайды

қыт –қыт деп айқайлайды. (тауық)

-Балалар біз бүгін үй құстарына тоқталамыз.

-Балалар,сендер білесіндерме, қораз бен тауық бірнеше жылдар бұрын жабайы құс деп аталған. Адамдар олардан өнім алу үшін асырап,ұй құстарына айналдырып алған. Қораз бен тауықтың өзінің бірнеше түрі болады. Олардын көпшілігін адамдар етін, жүмыртқасын жеу үшін және мамықтарынан жастық т.б тұрмысқа қажетті заттар жасау үшін өсіреді. Сол себепті оларға жемін беріп,қорасын жасап, өнімді көп беру үшін жағдай жасайды. Дегенмен олар суықа төзімді болап келеді.

-Олар жемді қалай жейді?

-Қораз бен тауықтар басқа қүстар сияқты дыбыс шығарады

-Кәне,есімізге түсірейікші қораз қалай дыбыстайды?

«Ку-ка-ре-ку» дейді.

-Ал,тауық ше?

-Қыт-қыттайды.

-Тауықтын өзі он шақты дыбыс шығарады екен. Олар өздеріне қауып төнген кезде сездіру үшін,балапандарын өздеріне шақыру үшінде дыбыс шығарады. Оларды дауыстарың қатты,бәсең шығуынан байқауға болады. Тәрбиеші бейне таспадан деректі фильм немесе мультфильм көрсету арқылы балапанның пайда болуын көрсетеді.

-Балапан қандай дыбыс шығарады?

-«Шиқ-шиқ»-дейді.

-Енді балалар балапанды басқа жыртқыш құстар мен ит, мысық жеп кетпеу үшін оны қорғау қажет екен.

Ғажайып сәт: «Шұбар тауық» жұмыртқасынан сұрақтар шығады.

Ойын: Құстар не жейді?

Әрбір ыдысқа кәмпит , тары,жем, нан т,б балалар қандай керегін тауып соны құстарға шашады.

Слайд көрсету арқылы әр құстың баласымен таныстыру.

Шұбар тауықтың екінші жұмыртқасының сұрағы.

Ойын: «Ұясын тап»

Ағаш басында ұя, иттің үйшігі, тауық ұясы болады. Тауық құсын қолдарына беріп,оның ұясын тауып отырғызады.

Сергіту сәті: балапандар би қимылы, канат қағады, су ішу,қолдарын жоғары төмен, оңға солға музикалық ырғақпен жасау.

(Слайд арқылы көріп жасайды)

Шұбар тауықтың үшінші жұмыртқасының сұрағы.

Ойын: « Қай кұстың баласы екенін тап» Көгал,көлшік, құс ауласы макеті еденде жасалынып тұрады. Балалар балапандардың макеттерін орналастырады.

Тәрбиеші: Балапандардың түстері қандай болады?

Балалардың жауабы: Әртүрлі сары, қара, шұбар

Тәрбиеші: Дидактикалық ойын « Мынау ненің даусы» Қазір құстардың дауыстары естіледі.

Үнтаспа арқылы құстардың дауысын тыңдау. Сендер сол дауысты ажыратып маған айтып беріңдер. Үй құстарының дауыстарын балалар ажыратып айтып береді.

Тәрбиеші: Сендер құстар жайында көп білдіңдер, екі топқа бөлініп суреттегі құстың көлеңкесін тап дидактикалық ойын,қолдың ұсақ қимылдарын дамыту арқылы үйрек балапанымен бірге толқынмен жүзейік, қаз балапанның суретін салып бітірейік. Балалар балапанның суретін үзік сызық арқылы салады. Тәрбиеші көрсетіп беріп, балалар өздері жұмыстарын аяқтайды.

Жұмыстарын қорытындылап мадақтау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Откыртый урок "Үй құстары"

Автор: Курманбекова Алия

Дата: 17.04.2017

Номер свидетельства: 409640


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства