kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок на тему"Жыл басына таласқан хайуанаттар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Жыл басына таласушы хайуанаттардың сөздерін рольге бөліп, диалог түрінде байланыстыра сөйлеуге үйрету.
  • Ертегіні әңгімелеу барысында жаңа сөз енгізе отырып сөздік қорын байыту. Ертегі мазмұны арқылы еңбек сүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелей отырып жаңа технологияны игерту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему"Жыл басына таласқан хайуанаттар"»

Күні: 15.04.16жыл

1.Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Мақсат-міндеттері:

  • Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Жыл басына таласушы хайуанаттардың сөздерін рольге бөліп, диалог түрінде байланыстыра сөйлеуге үйрету.

  • Ертегіні әңгімелеу барысында жаңа сөз енгізе отырып сөздік қорын байыту. Ертегі мазмұны арқылы еңбек сүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелей отырып жаңа технологияны игерту.

  • Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға үйрету, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу,

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, жұмбақ, логикалық ойын, сахналау, санамақ.
Көрнекіліктер: Жыл басына таласқан хайуанаттардың бетпердесі, үлестірмелі материалдар, АКТ.
Алдын-ала жүргізідетін жұмыстар: Ертегіні үнтаспадан тыңдау.
Билингвалдық компонент: Сары- желтый, сары- yellow
Қызыл- красный, қызыл- red

Жасыл-зеленый, жасыл-green
Көк-синий, көк-blue

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балаларды дөңгелене тұрғызу

«Сәлем сөздің анасы,
Сәлем берер әр қазақтың баласы»-демекші қонақтармен амандасып алайық.

Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар шеңберге дөңгелене тұрып, өлең жолдарын қайталап, апайлармен амандасады.

Ұйымдастыру-

шылық-ізденістік

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінің айларын атап беріндерші?

  • Ерекшеліктерін кім айтып береді?

-Балалар менсіздерге сыйлық алып келдім.

Ғажайып сәт: Сыйлық қорапшасынан шарлар ұшып шығады.

-Балалар мына шарлар қандай әдемі, олардың сендерге алып келген әр-түрлі тапсырмалары бар екен.Әр шардың өзінің жасырған ертегісі бар екен?

-Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса әр шардың түстерін үш тілде айтып беріндер.

Көк шар: Мысығым, мысығым бері келші, мен миіз тауып алдым......

Қызыл шар:
Атамнан да құтылдым,
Әжемнен де құтылдым,
Қояннан да құтылдым

Енді сеннен құтыламын.......





Сары шар:

Есікті ашыңдар, мен сендердің аналарыңмын, жоқ, біздің анамыздың дауысы жіңішке.



Жасыл шар:
Ерте, ерте, ертеде хайуанаттар жылдың басы болуға таласыпты. - Жыл басына таласқан хайуанаттарды есімізге түсіріп атап көрейік.

- Ал, енді осы ертегі кейіпкерлерін әр қайсымыз рөлге бөліп ойнап көреміз бе?

(Маскамызды киіп аламыз)

Балалар тақтада берілген жануарларды атап береді

Әр бала ертегі кейіпкерлерінің маскасын киіп, ертегіден үзінді сахналайды.

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты

(Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады)

-Тәрбиеші: -Жарайды, жарайды таласпандар, күн шыққанша барлығымыз отырып, бір тапсырма орындап уақыт өткізейік.

1- логикалық тапсырма:

«Менің базарым»

Мақсаты: Ертегідегі жануарлардың қандай өнім беретінін, қандай пайдасы бар екеніндігі туралы мәлімет бере отырып, оларды дұрыс таба білуге үйрету.
Шарты: жыл басына таласқан хайуанаттардың өнімдерін өз стақандарына апарып салу.

Ойын: Балалар шеңбер болып тұрады. Ойын бастаушының көзін байлау.Бастаушы ұстап , дыбысы арқылы ажыратады.

2-логикалық тапрсырма:«Орынын тез тап»

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Шарты: Берілген жануарларды өз орындарына апарып тез құрастыру.



-Балалар күннің шығатын уақыты да болып қалды.

Балалар осылайша күнді бәрінен бұрын Тышқан көріп, жыл басы болған екен. “Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалды”- деген сөз осыдан қалған екен. Осыдан бастап жыл аттары 12 атпен аталыпты. 12 жыл 1 мүше

-Көктем

-Наурыз, сәуір, мамыр

-Балалардың жауабы


Балалар түрлі – түсті шарларды көріп таң қалып қуанады.

-Балалар ертегілер еліне саяхатқа шығатынына қуанады.


-Иә әрине.

Көк-синий-blue

-«Мақта қыз бен мысық» ертегісі


Қызыл- красный- red

-«Бауырсақ» ертегісі






Сары- желтый- yellow

-«Жеті лақ» ертегісі




Жасыл-зеленый-green

-«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі

Жылқы (Ерәділ)
- Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын.
Түйе (Анеля)
-Ал мен сен көтере алмайтын ауырды көтеремін.Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Жыл басы болу маған лайық.
Сиыр: (Д.Амина)
Адам мені жегіп жер жыртып, егін егеді.Сүтімді ішеді, құрт май жасайды.
Қой
(Айша)
-
Мен болмасам киіз үйді немен жабар еді, жүнімді қырқып киіз басады, арқан жіп еседі, киім тоқиды. Шаруаға мен пайдалымын..
- Ит: Төрехан
Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Бөтен біреу көрінсе, үріп хабар беремін..
-Тышқан: Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын күнді көрсе, сол жыл басы болсын.

Интерактивті тақта арқылы жануарлар беретін өнімдерді өз стақандарына салады.

Балалар шеңбер болып тұрады. Ойын бастаушының көзін байлау.Бастаушы ұстап, дыбысы арқылы ажыратады.


Жыл басына таласқан жануарларды рет-ретімен өз орындарына орналастырады.








Тақтадан күн көрінеді.Сол кезде тышқан:
Күннің шыққанын мен көрдім

Мен жыл басы боламын!



Рефлексиялық -түзетушілік

-Балалар біз бүгін қай ертегіні сахналадық?

-Күнді кім бірінші көрді?

-Кім бойына сеніп жылдан құр қалды?

Оқу іс-әрекеті кімге несімен ұнады?

-Жыл басына таласқан хайуанаттар.

-Тышқан

-Балалардың жауабы



Күтілетін нәтиже:



Нені біледі: Балалар жыл атауларын біледі, оларды рет-ретімен атауды біледі

Қандай түсініктерді игерді: Сөздік қорлары толығып, ертегіні сахналай білу дағдыларын игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тапсырмаларды орындау барысында жан-жануарлардың қандай өнім беретіндерін біледі, үлкен-кіші ұғымдарын меңгереді






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Открытый урок на тему"Жыл басына таласқан хайуанаттар"

Автор: Оразай Венера Муратовна

Дата: 04.04.2019

Номер свидетельства: 505974


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства