kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок на тему "Ойна да, ойла"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар үлкендердің еңбегін, отбасында бір-біріне көмектесуге, ұйымшыл болуға тәрбиелеу. Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс тұрысына қызығушылық танытуға және кейіпкердің жүріс-тұрысын қайталай алуға үйрету. Ауыз екі сөз қорларын иолайту. Балалардың тіл байлығын арттыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему "Ойна да, ойла"»

Білім беру саласы: Коммуникация, таным, шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика

Тақырыбы: Ойна да, ойла.

Міндеттері:

Тәрбиелік: Балалар үлкендердің еңбегін құрметтеуге, отбасында бір-біріне көмектесуге, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Білімділік: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс – тұрысына қызығушылық танытуға және кейіпкердің жүріс тұрысын қайталай алуға үйрету.

Дамытушылық: Ауызекі сөз қорларын молайту. Балалардың тіл байлығын арттыру.

Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: Қуыршақ театры, бауырсақ ертегі кейіпкерлерінің киімдері, түрлі түсті бояумен боялған тұзды қамырдан моншақтар, қыстырғыштар, шыршаның бүршіктері, қағаздан кесілген суреттер, картоннан қиылған жыртық қолғаптар, фетр тақтасы, фетрдан қиылған кейіпкерлер.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Музыка әуенімен шаттық шеңбер:

Шаттық шеңбері.

Бір шаңырақ астында

Тату−тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Н.Айтов

Келген қонақтармен үш тілде амандасады. Тәрбиешінің қимылын қайталайды.

Ұйымдастыру-шылық, ізденістік

Кіріспе әңгіме.

−Бауырсақ мұңайып кіріп келеді. Келіп балалардан көмек сұрайды. Балалар мен атам мен апамнан адасып қалдым, ма,ан көмектесіңдерші.

Жолда келе жатқанда қоянды кездестіріп қалады.

Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Мені жемеңізші, мен атам мен апамды іздеп жүрмін.

Қоян: жарайды, жемеймін, бірақ менің бір шартым бар. Мен моншақтарымды үзіп алдым. Менің моншағымды қалпына келтіріп бересіңдер ме?

Бауырсақ: Иә, көмектесеміз.

Д/О: «Түрлі түсті моншақ»

Қоянға моншақты беріп, рахметін айтып ары қарай жүреді. Жолда қасқырды кездестіріп қалады.

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеңізші, мен апам мен атама бара жатырмын дейді.

Қасқыр: Олай болса сендер менің бір шартымды орындаңдар.

Бауырсақ: Айтыңыз біз орындаймыз, қоянныңда шартын орындадық.

Қасқыр: Менің басым қатып, мына суреттерді құрастыра алмай отырмын. Маған көмектесіңдерші.

Бауырсақ: Біз жылдам құрастырамыз, сізге көмектесеміз. Бізді жіберсеңіз болды.

Д/О: «Кесілген бөліктерді құрастыр»

Балалар жолдағы шашылып жатқан шыршаның бүршіктерін жинайды. Балалармен бірге бауырсақ жүріп келе жатқан кезде алдынан аю кездеседі.

Балалар сендермен бірге сергіп билеп алайық.

Сергіту сәті:

Бала, бала, балақан,

Қане айтшы алақан,

Саусақтарың айбат,

Былай, былай ойнат,

Топ, топ басайын,

Жалаудан күн жасайын,

Жаса, жаса жарқын күн,

Жаса, жаса алтын күн.

Аю: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: Мені жемеңізші, атам мен апамды іздеп жүр едім. Атам мен апамнан адасып қалдым.

Аю: Менің сендерге айтар бір шартым бар, соны істесеңдер кете берулеріңе болады.

Бауырсақ: Аю мырза айта беріңіз біз қоян, қасқырдың шарттарын орындап келе жатырмыз.

Аю: Балалар менің қолым тоңып кетті. Қолғабым болса жыртылып қалыпты. Сендер маған қолғабымды бүтіндеп бересіңдер ме?

Бауырсақ: Иә, аю мырза. Біз сіздің қолғабыңызды бүтіндеп береміз.

Д/О: «Пішіндерді дұрыстап қой»

Бауырсақ тағыда жолға шығып келе жатқан кезде жолынан түлкі шыға келеді.

Түлкі: Бауырсақ сен қайдан жүрсің? Мен сені жеймін.

Бауырсақ: Мен атам мен апамнан адасып қалдым, іздеп жүрмін. Мені жемеңізші. Мен Қоянның, қасқырдың, аюдың шарттарын орындадым, енді сіздің шарттарыңызды орындайын, шартыңыз болса айтыңыз. Менің жанымда достарым бар маған көмектеседі.

Түлкі: Олай болса мұнда тұрған суреттердің несі жетіспейтінін білмей тұрмын. Көмектесесіңдер ме?

Бауырсақ: Иә, көмектесеміз.

Д/О: «Не жетсіпейді»

Түлкі: Рахмет сендерге, жолдарың болсын бара берсеңдер болады.

Бауырсақ балалармен бірге атасы мен апасының үйін тауып келеді. Үйде апасы мен атасы мұңайып, бауырсақты күтіп отыр екен.

Ата мен апабалаларға рахметін айтады.

Ата мен апа балаларға бауырсақты тұзды қамырдан қалай жасайтынын көрсетеді. Балалармен бірге бауырсақ жасайды.

Балалар бауырсаққа атасы мен апасын іздеуге көмектесетіндерін айтады.

Бауырсақпен бірге атасы мен апасын іздеуге шығады.

Қоян, сіз бауырсақты жібере салыңызшы. Біз бауырсақты атасы мен апасына жеткізу керекпіз.

Балалар моншақты түстеріне байланысты бауларға өткізеді.





Қасқыр бізді жібере салыңызшы, біз сізге, кесілген суреттерді құрастыруға көмектесеміз.








Балалар жолда жатқан шыршаның бүршіктерін жинап теріп, салып алады.









Сергіту сәтін жасайды.

Бала, бала, балақан,

Қане айтшы алақан,

Саусақтарың айбат,

Былай, былай ойнат,

Топ, топ басайын,

Жалаудан күн жасайын,

Жаса, жаса жарқын күн,

Жаса, жаса алтын күн.





Аю мырза біз сіздің қолғабыңызды жамап береміз, сіз бауырсақты және бізді жібере салыңызшы. Балалар аюдың қолғабын жамап береді. Пішіндерді орнына қояды.






Түлкі мырза сіздің біз шартыңызды орындаймыз, жемеңізші.







Балалар бауырсақпен бірге түлкінің шартын орындап, тапсырманы жасайды.



Түлкіден кейін ормандағы ата мен апаның үйшігіне барады.

Бауырсақты ата мен апаға береді.


Балалар ата-апамен бірге тұзды қамырдан бауырсақ жасап үйренеді.

Рефлексиялық түзетушілік

Балалармен бірге фетр тақтасына барып қорытынды жасайды.

Фетрден жасалынған кейіпкерлерді орнына қояды.

Балалар бізге кім көмек сұрап келді?

Бауырсақ кімдерден адасып қалыпты?


Жолда қандай жануарларды кездестірдік?


Ата мен апа қайда тұрады?


Ата мен ападан не үйрендік?

Балалар фетр тақтасына барады.


Бізге бауырсақ келді көмек сұрап

Бауырсақ атасы мен апасынан адасып қалыпты.

Жолда қоян, қасқыр, аю, түлкіні кездестірдік.

Ата мен апа орманда үйшікте тұрады.

Ата мен ападан бауырсақ жасап үйрендік.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі кейіпкерлерінің аттарын.

Игереді: суретке қарау арқылы мазмұнын.

Меңгереді: тапсырмаларды көрсету бойынша орындап, кейіпкерлердің көңіл күйін сезінуді.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Открытый урок на тему "Ойна да, ойла"

Автор: Исан Сәулегүл

Дата: 31.01.2020

Номер свидетельства: 538028


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства