kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок"Бауырсақ ертегісі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

       «Бауырсақ» еретегісі

Автор

Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:

Шал

-         Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші

Кемпір

-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой

Шал

-         Әй,кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.

Автор

Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.  

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Қоян

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !

Бауырсақ

Жоқ,сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.

Автор

Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:

  Бауырсақ

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қоян

Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында. Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.

 Қоянның тапсырмасы:

-Ұн неден алынады ? (Бидайдан)

Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.)

  Автор

Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп:

Қасқыр

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !

Бауырсақ

- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Автор

Бауырсақ әндете жөнеледі

Бауырсақ

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқыр,сенен құтылу

Қиын емес бұл маған

Қасқыр

Қасқыр: -жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.

Қасқырдың тапсырмасы: Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып  алдық,енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.

1. берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина, қалам.

Автор Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.

 Аю

-         Әй,бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ

- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,

Маймақ,сенен құтылу,қиын емес бұл маған !

Аю

Аю: Әй, балалар, балалар!

        Менде қызық ойын бар,

        Ал ықылас қойындар

        Кәне, тәртіп сақтайық,

        Мен берген тапсырманы,

        Бұлжытпай орындайық.

Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата: Бауырсаққ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.

Автор

Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.

Түлкі

-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!

Автор

Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп,қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.

Бауырсақ

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым,түлкі,сенен құтылу,қиын емес бұл маған !

  Түлкі

Түлкі: оңай құтала алмассың, менің тапсырмамды орында

Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.

     1.  Қыста ақ,

          Жазда сүр.

                     (қоян)

2.Қорбаң- қорбаң етеді,

Орманда ол жүреді (аю)

3.Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай-шу.

                          (түлкі).

Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.

Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.

Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.

Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок"Бауырсақ ертегісі"»

Бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: “Маймақ қонжық”

Мақсаты:Табиғи заттардан маймақ қонжықты жасау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: жабайы жануары, түлкі, орман.

Көрнекіліктер: жабайы жануарлардың суреті, түлкінің суреті, үлгі сурет

Керекеті құралдар: қабыршақ,ермексаз,сүлгі,тақтайша.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация









II.Ізденіс-ұйымдастыру





























III.Рефлексия




Шаттық шеңбер:

-Балалар мен қазір бір жануарға сипаттама беремін, сендер сол жануарды тауып көріндерші.

- Орманда мекендейді, түсі қоңыр, өзі ірі. Ол қандай жануар деп ойлайсыңдар?

Ал, балалар , ойнайық.

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақ жасыру:

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. Аю.

Жұмбақ шешуін тапқаннан кейін балалардан енді осындай аю туралы қандай ертегі білесіңдер деп сұрайды. Ертігілерде аю қандай болып кездеседі?

Аюдың суретіне қарап, оның дене бөліктерін талдау (денесі, басы, құйрығы, құлағы, көзі).

-Аюдың баласын қалай атайды?

Балалар: аюдың баласын –қонжық дейді.

  • Аюдың денесінің пішіні неге ұқсайды? Басы, аяқтары ше?

  • Оның түсі қандай? Оның сыртқы пішініне қарап тұмсығы сүйір, үшкір, көзі қысық, айлакер қу екендігі бірден білінеді.

Қонжықты қабыршақтан жасайтынын балаларға түсіндіру және үлгісіін көрсету.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық.

Солға-солға түзу тұр.

Оңға-оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым.

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.

Дербес жұмыс: Балалар дербес жұмыс жасайды,ал педагог бақылап отырады,көмек береді.

  • Сонымен балалар біз бүгін нені жапсырдық?

  • Аю қандай жануар?

  • Аюдың түсі қандай?Балаларды бағалау.

Балалар сипаттамаға жауап айтады.






Жұмбақты шешеді.






Балалар сұрақтарға жауап береді.





Тәсілді балалар үйренеді.









сергіту сәтін бірге жасай







Балалар сұрақтарға жауап береді.




Күтілетін нәтиже:

Білу: Жабайы аңдарды білуі ;

Игеру: Маймақ қонжықтытабиғи заттардан жасау дағдыларын игерілуі;

Меңгеру: Жұмысты ұқыпты,тиянақты орындалуын меңгерілуі;




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Открытый урок"Бауырсақ ертегісі"

Автор: Елубаева Маржангүл Тоқтархановна

Дата: 28.05.2018

Номер свидетельства: 471309


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства