kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасында?ы с?йіспеншілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зін-?зі тану п?нінен "Отбасында?ы с?йіспеншілік" та?ырыбында?ы саба? жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасында?ы с?йіспеншілік»

Мектеп №15 Мерзімі: 0 «Ә» сынып


Оқу іс – әрекеті: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Отбасындағы сүйіспеншілік

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Отбасы, қуаныш, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік

Мақсаты: «Сүйіспеншілік»ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерін дамыту.

Үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурс

Оқушылардың отбасы мүшелерінің фотосуреттері










Әуен тыңдау

Авторы күйші Асылбек Еңсепов «Балалық шақ» композициясы











«Өзін-өзі тану» оқулығы

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1)Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

- -Балалар денелеріңді түзу ұстап,
бастарыңды жоғары көтеріп,
ыңғайланып отырыңдар.
Көздеріңді жұмсаңдар да болады.
Ауаны терең жұтып, еркін тыныс
алыңдар. Өздеріңнің тыныс
Алуларыңды бақылап,бақытқа,
махаббат пен тыныштыққа
толы таза шипалы ауаны тұла
бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал, енді көзімізді ашамыз!


2.Үй тапсырмасын тексеру


Балалар сабағымызды бастамас бұрын шеңберге жиналып бір – бірімізге жақсы сөздер айтып өткен сабағымызды тағы бір еске түсіріп жіберейік.
Сәлеметсің бе, .... сен сүйкімдісің.
Сәлеметсің бе, ...сен қайрымдысың.
Сәлеметсің бе, ....сен ақылдысың.
Сәлеметсің бе, ....сен сабырлысың.
Сәлеметсің бе, ....сен мейрімдісің... Сабақ барысын талдау:



3. Дәйексөз

«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің»


Отбасы- ол үлкен қуаныш, шаттық, мейрімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы. Балалар, сендер отбасындағы үлкен адамдардың айтқан ақылын тыңдап, оларды құрметтеп, кішкентайларға қамқор болып, оларға көмектессеңдер, өскенде ақылды, әдепті, жақсы адам боласыңдар. Үлкенді тыңдау, ұқыпты болу сендердің қолдарыңнан келеді.


4. Мұғалім сыйы

Әңгіме оқып беру.

«Бір ананың жеті қызы»


Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде олар алыста тұратын ұлына кетеді. Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғанғандарын айта бастады.
- Мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым,- деді біріншісі.
- Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім,- деді екіншісі.
- Мен мамасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым,- деді үшіншісі.
- Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын,- деді төртіншісі.
- Сен менің түсіме раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің,- деді бесіншісі.
- Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым,- деді алтыншысы.
Жетінші қызы үндеген жоқ.Ол шешесінің аяқкиімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.


Қыздар анасына өз сүйіспеншіліктерін қалай білдірді?
• Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?



Халық даналығы





























Гүл күлтешелері










Авторы: Левинцова Вера

5.Сергіту сәті


Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң – тозаңды қуамын.


6.Шығармашылық жұмыс


Гүл күлтелеріне оқушылардың отбасына деген жақсы тілектерін жазу. Оқушылар түймедақ гүлінің әр күлтесіне жүрегінен шыққан жақсы тілегін айтып, мұғалімнің көмегімен жазады, сүйіспеншілігін білдіреді. Мұндай тілектер жазылған гүлді әр отбасы мүшесіне арнап жасап, сыйға тартады.


Топпен ән айту.

«Әрқашан күн сөнбесін!» әнін 3 тілде орындау


Күн әдемі, көк әлемі, 
Бұл суреті жас баланың. 
Ақ қағазға салған өзі, 
Жазылған бар сөзі. 

Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін, 
Аспаннан бұлт төнбесін, 
Қасымда болсын мамам, 
Болайын мен де аман


Сабақты қорыту


  • «Отбасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасында қандай мерекелер болады?

  • Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?


Ойын

«Айналайын, толғанайын»


Мұғалім оқушыларды ортаға кезекпен шақырып, үлкен адамдардың өздерін еркелетіп, жақсы көріп, айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуды ұйымдастырады. Мысалы: «Жарайсың! Ақылдым менің! Қолғанатым менің, қадамыңнан айналдым! Айналайын, құлыным!».


Бұл ойын балалардың өздеріне арналып, айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады.


Оқушыларды бағалау, мадақтау.


Үйге тапсырма беру.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: отбасы мүшелерін атай біледі.

Болу керек: отбасына деген қуаныш, құрмет.

Үйрену керек: отбасында үйлесімді қарым- қатынас жасауға .


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Отбасында?ы с?йіспеншілік

Автор: Калиева Советхан Улыкпановна

Дата: 11.05.2016

Номер свидетельства: 325493


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства