1.Әңгіме жүргізу Педагог балалардың назарын ілулі тұрған суреттерге, слайдтарға аударады. - Суретте не көріп тұрсындар? Бұл біздің тәуелсіз еліміздің әскері адамдар. Теңізші,,шекарашы,танкист,ұшқыш,жауынгерлер Олар еліміздің тыныштығын сақтап,қорғайды. Сондықтан да 7-мамыр Әскерлер күні (Отан қорғаушылар күні) деп аталады. Әскери адамдардын киіміне назарларын аудару. Теңізшілер кемеде қызмет етеді.Олар бізді теңіз жақтан жаудан қорғайды. Ұшқыштар ұшақпен ұшады.Олар аспанды қорғайды. Танкист танкімен жүреді.Танк тімір және өте мықты көлік.Танкінің оқ ататын ұзын мойыны бар.Танкистің шуылдан қорғайтын бас киімі болады. Шекарашылар шекараны қорғап,шекара бұзушыны ұстайды.олар биікке шығып,айналаны бақылап тұрады.Оларға ақылды,жауды танитын ит көмектеседі. Ұлдар ер жеткенде ел қорғайтын әскер қатарына барады. -Сендер жауынгерлер(солдаттар) болғыларын келе ме? «Құыршақ пен солдаттар» қимылды ойыны Педагог балаларға «құыршақ» деп дауыстайды.Балалар қимылдамауы тиіс.Ал «жауыңгер» дегенде,балалар қолдарын шекесіне қойып,оңға-солға маршпен әрі-бері топ ішінде жүреді. Жылулық шеңбері: Педагог балаларды ортаға шақырып бәрі бірге әң шырқайды: Әрқашан күн сөңбесін, Аспаннан бұлт төңбесін! Қасымда болсын мамам, Болайын мен де аман! |