Оқыту: өсімдіктері туралы түсінік беру.Гүлдің атауларын,сырт келбетін,жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын,оларды баптап күту ережелерімен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы,ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Бөлме гүлдері, тамырланған гүл, ыдыс, тағы басқа қажетті заттар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Біз кішкентай баламыз
Өсіп –өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып
Көкке қолды созамыз.
Әлемдегі барлық адамдарға тек жақсылық тілейміз.
Сәлеметсіздер ме? Құрметті апайлар!
2.Негізгі кезең:
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын соны шешуге тырысыңдар, шешсеңдер біздің бүгінгі сабағымыз сол туралы болмақ.
Жұмбақ :Адамдардың бәрі қызығады,
Су құймасаң сәні бұзылады.( Гүл )
- Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет. Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін топырағын қопсытамыз. Балалар гүлдердің жақсы жайнап өсуі үшінгүлдерге су, жарық, жылу, топырақ қажет . Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек. Бөлме гүлдерінің ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? Махаббатта. Гүлдермен де тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, махаббатпен қарап ,еркелетіп тұру қажет,олар да өздерінше қуана да мұңая да алады екен .Ендеше осы аталған гүлдер біздің бөлмемізде бар ма?Мұқият қарайықшы кім көріп тұр?
-Ал сендер осы гүлдер туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Практиклық әрекет: Ал енді балалар біздің бөлмеде традесканция гүлі мен бальзамин гүлі жоқ екен қазір біз сол тамырланған гүлді ыдысқа отырғызайық. Сендер бүгін табиғат бұрышында жұмыс жасайсыңдар. Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет.Ыдысты алып түбіне бірінші тастарды саламыз.Ыдыстың түбі тесік болады.Содан кейін топырақ саламыз.Жәй даладағы топырақ емес құнарлы арнайы гүл отырғызуға арналған топырақы саламыз.Содан соң топырақ ортасынан құдықша жасап,гүл өсіндісін отырғызамыз.Енді бұл гүлімізді табиғат бұрышына қоямыз.Балалар гүл отырғыздық ,енді тек осылай қоямыз ба? Жоқ гүлге су құю керек. Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек. Гүлдерді жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды суқұйғышпен суарады. - Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек. - Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін. Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады.