kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ортаңғы топқа арналған мусіндеу сабағынан "Көкеністер" тақырыбы

Нажмите, чтобы узнать подробности

чвыдаярлық тобына арналған жгпшгпроиотоллдльрр

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы топқа арналған мусіндеу сабағынан "Көкеністер" тақырыбы»

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Жемістер» (алма, алмұрт)

Мақсаты: Пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру.

Дамытушылық: бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу; жемістердің пайдасын түсіндіру.

Көрнекіліктер:жемістер, жеміс муляждары, «Күз аруы» кейіпкері, бейнеролик.

Құрал- жабдықтар: ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көрме орнын даярлау.



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!

Тәрбиеші бейнероликті қолдана отырып, балалармен күз мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.

-Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?

-Суретте не көріп тұрсыңдар? Күзде қандай жемістер піседі екен?

-Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?



Балалар шаттық шеңберін жасайды



-Күн суытады. Аспанда бұлт торлайды. Жылы киім киеміз.

-Күз мезгілі.

-Алма, алмұрт, жүзім.

-Денсаулыққа пайдалы, көптеген дәрумендер бар.

Ұйымдастыру-шылық ізденістік

Осы кезде есік қағылады. Есіктен «Күз аруы» кіреді, қолында жемісі толы себеті бар.

-Балалар, қараңдаршы, бізге қонақ келді. Бізге әкелген тосын сыйы бар екен.



«Күз аруының» тапсырмасы: Балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.

-Мынау қандай жеміс? Мынау ше?

-Тағы қандай жемісті көріп тұрсыңдар?

-Балалар енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.

-Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алақанымызға салып жұмсартамыз, домалақ пішінге келтіреміз.

№1 жұмыс дәптеріндегі үлгіге қараңдар. басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұбақшасынан жасаймыз.

Сергіту сәті:

Кәне кімнің бойы ұзын?

Паровозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық. (2 рет)

-Енді алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті ермексазды алып, алақанға салып жұмсартамыз. Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғарғы жағын қысу арқылы алмұрттың пішініне келтіреміз.

Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз.

Жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлігін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақ пішінін кесіп алып, сабағына орналастырамыз. «Күз аруы мен тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарын аралап көріп, мадақтайды.

Балалар «Күз аруымен» амандасады. Қонақтың сыйымен танысады.

















-Алма, алмұрт, жүзім.









Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.











Балалар алмұртты мүсіндейді.

Рефлексиялық-түзетушілік

«Күз аруы мен тәрбиеші сабақты қорытады:

  1. Балалар жұмысынан көрме;

  2. Алма, алмұрт туралы сипаттап айту;



Жылу берген күнге рақмет,

Тіршілік берген жерге рақмет,

Өсім берген суға рақмет.

Бізге жеміс әкелген,

«Күз аруына» рақмет.

Балалар өз жұмыстарын көрмеге қояды. Алма, алмұрттың дәмі, түрі, түсі, пішіні туралы айтады.

Балалар рақмет айтады.

«Күз аруын» ортаға алып, онымен күлімсірей қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:жеміс-жидектер табиғаттың сыйы екенін;

Игереді: пайдасын түсіне отырып, заттарды мүсіндеуді




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ортаңғы топқа арналған мусіндеу сабағынан "Көкеністер" тақырыбы

Автор: Жанатай Райгүл Сағатқызы

Дата: 29.04.2020

Номер свидетельства: 548346


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства