kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ортаңғы топ балаларына арналған "Төрт саны және цифры" тақырыбындағы технологиялық карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 саны және 4 - ке дейін санау. Төрт санына қатысты ойындар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы топ балаларына арналған "Төрт саны және цифры" тақырыбындағы технологиялық карта»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы



Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: «4 цифры және санымен танысу»

Мақсаты: 4 цифры және санымен таныстыру, 1, 2, 3 сандарымен геометриалық пішіндер (шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш) туралы білімдерін бекіту.

Міндеттері:

Білімділік: бірнеше заттарды тобымен салыстыра білуге, үлкен санды атай алуға жаттықтыру.

Дамытушылық: тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: белсенділікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Демонстрациялық материал: 1-4 дейінгі сандар.

Үлестірмелі материал: 1-4 дейінгі сандар, геометриялық пішіндер.

Сөздік жұмыс: сандар, бір, екі, үш, төрт.

Үш тілдік компонент: бір – один - one, екі – два - two, үш – три - three, төрт – четыре -four, сандар-цифры- number.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық




Шаттық шеңбері:

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз.

Махаббат сөзін айтамыз,

Сүйеміз барлық әлемді

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз!


Жұмбақ жасырады:

Онжан тапқан,

Он жаңғақтан.

Екіден-ақ,

Еппен санап,

Балжан алды,

Әлжан алды,

Қалжан алды,

Қанша қалды?


Кілемде жарты шеңберде отырады.



Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.





Жауабын табады.







Төртеу екенін айтады.

Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу:

Өткенді естеріне түсіріп, сандарды қайталайды. 1-4 дейін санатады, ауада

салады.


Сандар туралы тақпақтар білесіңдер ме?




Сандарды естеріне түсіріп, қайталайды.




Тақпақтарын айтады.




















Қызықты ойындар ұсынады.


Дидактикалық ойын: «Төртінші артық»

Мақсаты: үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету.


Саусақ жаттығуы:

Саны болар оншақты,

Шашып алдым моншақты.

(саусақтарымен моншақтың санын көрсетеді)

Шымшып теріп аламын,

Қорабына саламын.

(саусақтарын түйістіріп, «шашылған моншақтарды» екінші қолына жинайды)


Дидактикалық ойын: «Сиқырлы пішіндер»

Балаларға әр түрлі геометриялық пішіндерден үй құрастыруды ұсынады. Кедергілерден өтіп, апасына жетеді.


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда.

Болады екен он саусақ.


Сөздік жұмыс: сандар, бір, екі, үш, төрт.

Үш тілдік компонент: бір – один - one, екі – два - two, үш – три - three, төрт – четыре -four, сандар-цифры- number.






«1»-ге ұқсайтын бұл не? 
Ол –кәдімгі ине 
Сабақтап жіп іл де, 
Қада онымен түйме (1 санын тақтаға ілу) 


Айдын көлдің бетінде 
Мойнын иіп жүзгенде, 
Бұл аққу ма, «2» ме? 
Деп қаламыз біз кейде. (2 санын тақтаға ілу)

 
Бабалар қару- жарағы 
Жебесі мен садағы. 
Жауларын атса жусатқан. 
Садақты «3»-ке ұқсатам.(3санын тақтаға ілу) 


Үй жануарларының ішінен жабай жануарды алып тастайды.





Саусақ жаттығуын жасайды.








Әртүрлі пішіндерден үй құрастырады.





Қимылдарын келтіреді, қайталап айтады.




Барлығы бірге қайталап айтады.

Сөздерді үш тілде айтады.













Дидактикалық ойын: «Кімге не? Қанша?»

Ойынның мазмұнын түсіндіреді, жануарлар не жейтінін сұрап, қанша беретінін айтады.

Мысалы: тиінге 2 жаңғақ, кірпіге 4 саңырауқұлақ.


Жұмбақ жасырады:

Екі балапан тұр,

Екі балапан отыр.

Шатаспай тез ойласақ,

Тура тауып атасақ,

Тұрғаны бар, отырған -

Барлығы қанша балапан?


Дидактикалық ойын: «Тауық және балапандар».

Мақсаты: дыбыс белгілерін санауды және дыбыстардың берілген санын қайталап салуды үйрету.

Тауық шықты серуенге,

Жас шөпті жұлып жеуге.

Ал оның соңында балапандар,

Кіп-кішкене балақандар.

Қыт-қыт-қыт, қыт-қыт-қыт,

Тым алысқа кетпеңдер.




Ойынның мазмұнын түсініп, не жейтінін шатаспай қояды.




Жұмбақтың шешуін табады:




- Төрт балапан.





Тауық үстелді қанша рет соқса, балапандар (балалар)

Сонша рет «пи» деп дыбыс береді (төртке дейін).


Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды

Сұрақтар қояды:

  • - Қандай санмен таныстық?

  • - Қандай пішіндерді білесіңдер?


- Қандай қызықты ойындар ойнадық?



Рефлексия:

Өз көңіл – күйлерінді білдіру үшін мына жұлдыздарды ала қойындар.

Міне, керемет аспанымыз жарқырап кетті.


Сұрақтарға жауап береді.


  • - 4 санымен таныстық.

  • - Үшбұрыш, шаршы, дөңгелек.

- «Төртінші артық», «Сиқырлы пішіндер»,

«Тауық және балапандар».


Өздеріне ұнаған (қызыл,сары) жұлдыздарды алады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: қанша, неше сұрақтарына толық жауап бере отырып сандарды ажырату.

Болу керек: 1, 2, 3, 4 санының реттілігін, заттарды санай алуды, есте сақтаулары.

Істей білу керек: ойынды толық түсініп, шарттарын орындай алуды, үлестірмелі көрнекіліктермен жұмыс жасауды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Шидерова Жадыра Усеновна

Дата: 28.11.2019

Номер свидетельства: 529170


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства