kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ортаңғы тобына арналған технологиялық карта. Білім беру саласы: Коммуникация.Сөйлеуді дамыту.Тақырыбы: "Күз бізге не әкелді?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортңғы тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы тобына арналған технологиялық карта. Білім беру саласы: Коммуникация.Сөйлеуді дамыту.Тақырыбы: "Күз бізге не әкелді?"»

Ортаңғы тобына арналған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырудың

технологиялық картасы

Топ: «Қарлығаш» (4-5 жас)

Тәрбиеші: Абишева А.М.

Білім беру саласы: «Коммуникация» Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Күз бізге не әкелді?»

Мақсаты: Бау-бақшада өсетін жеміс пен көкөністердің қасиеттерін (көлемі, иісі, түсі, дәмі, пішінін) білдіретін сөздермен сөздік қорын байыту. Жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздерді (жемістер, көкөністер) сөздік қорына еңгізу. Суреттер бойынша әңгімелей алуға тәрбиелеу.

ҰОҚ материалдары: қуыршақ, дорба, көкіністер, жемістер, суреттер.


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Қонаққа қуыршақ Қарақат келеді.

- Балалар бізге қонаққа кім келді?

- Ол қазір қай жыл мезгілі екенін білмейді. Оған қазір қай жыл мезгілі екенін айтып берейік.

Балалар таңғалады.


- Қуыршақ.


Қуыршаққа көмектесуге

келіседі.

Ізденушілік-

ұйымдастырушылық

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?


-Суретке қарап күздің ерекшеліктерін атаңдаршы.

- Ағаштардың жапырақтары не істейді?

- Далада жиі- жиі не жауады?


- Кім күз туралы тақпақ біледі?















































- Жарайсыңдар, балалар!


- Күз мезгілінде  бау- бақшаларда не піседі?


- Мен сендерге жұмбақ жасырамын тыңдап көріңдер:


1.Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

2. Қызыл түсті дөңгелек,

Ортасында дәмі бар,

Көрсең егер оны жеп,

Балдай тәтті дәмі бар.


3. Жер бетінде шашы бар,

Жер астында басы бар.


- Балалар, «Сиқырлы қапшық» деген ойын ойнайықшы.

- Сендер қапшықтың аузына қолдарыңды тығып, қолға  іліккенді алып шығарып не екенін  және түсі қандай екенін айтасыңдар. (көлемі, иісі, түсі, дәмі, пішіні).

Сергіту сәті:



- Ал, балалар, жемістер мен көкөністер туралы тақпақтарын айтсын:

- Балалар, көкөністер мен жемістердің айырмашылықтары бар ма? Жемістер қайда өседі?

- Ал көкөністер қайда өседі?



Ойын: «Бақта ма, бақшада ма?»

- Мына үлкен табақта жемістер мен көкөністер араласып жатыр, қане біз жемістерді жеміс ағашына, ал көкөністерді баққа апарып реттеп кояйық.

- Балалар, көкөністер мен жемістер адам ағзасына өте пайдалы. Дәрумендері өте көп. Сәбіз жесеңдер, бойларың өседі. Пияз бен сарымсақ әртүрлі сырқаттан сақтайды. Сондықтан оны жыл бойы жеп отыру керек екен.

Балалардың назарын куыршаққа назар аударады.

Суретке қарап отырып, балалар жауап береді.




Балаларды жауаптары.




Айша:

Сарғайды тоғай,

Сап- сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.


Адия

Ән салындар, күліндер

Жайнап гүлдей жүріндер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық.


Сұлтан

Сипат өткен самалға,

Тербеледі сары алма.

Шолып едім бақшаны,

Қауын біткен сап сары.


Айдана

Таза жездей жайнаған,

Сары бояу айналам.

Енді сары бояумен,

Күз суреттін салам мен.


Әділет

Алақай, алақай !

Шаттанады балақай.

Береке- салтты күз,

Мереке- алтын күз.

Карим

Көрініп еліме,

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме,

Күз дейтін мереке.


Әдемі

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Саида

Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр етеді.


-Көкөністер мен жемістерді піседі.

Жұмбақтардың жауабын ойлана шешеді.



- Пияз





- Алма.



- Сәбіз.





Балалар, ойын ойнайды.






Сергіту сәтін жасайды.



Балалар жемістер мен көкіністер туралы тақпақ айтады.




- Жемістер бақшада өседі.


- Көкөністер бақта өседі.




Балалар ойынға белсенді қатысады.





Балалар мұқият тыңдайды.








Балалар қуыршаққа сұрақтар қояды.

Рефлексивті-түзетушілік

- Балалар, біз бүгінгі сабақта не туралы әңгімелестік?

- Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Балаларды мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Мадақтауға риза болады.



Күтілетін нәтиже:

Бау-бақшада өсетін жеміс пен көкөністердің қасиеттерін ұғынады.

Жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздерді (жемістер, көкөністер) түсінеді.

Суреттер бойынша әңгімелеуді қолданады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Абишева Алия Мураткановна

Дата: 04.11.2017

Номер свидетельства: 436769


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства