l этап Мотивациялық-қозғаушы Мотивационно- побудительный | Шаттық шеңбері: Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал кәнекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге. Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Орнымызға отырайық. Демонстрациялық материалмен жұмыс -Қане, балалар, барлығымыз түзу отырамыз. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілі орыс тілінде қалай айтамыз?
- Қыста күн қандай болады? - Сонымен бірге жерде не болады? -Қар орыс тілінде қалай? - Қардың түсі қандай болады? -Қардан біздер не жасаймыз?. -Балалар біз бүгін сендермен үйірмеде ермексазбен жұмыс жасаймыз. | Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңберін жасайды Қыс мезгілі. Время года зима. Суық, аяз, боран болады. Қар. Снег Қардың түсі ақ. Аққала жасаймыз |
ІІ этап Іздену-ұйымдастырушы Организационно – поисковый | - Мен сендерге жұмбақ айтамын, сендер соның шешімін тауып көріңдерші. Жұмбақ жасыру. Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен мұрыны. Қыста қардан тұратын, Тауып көрші сен оны.
-Аққала орыс тілінде қалай болады? Сиқырлы дауыс. -Қараңдаршы бізге қонаққа сиқырлы орманнан Аққала келіпті. -Қане, барлығымыз Аққаламен амандасамыз. -Аққала сен неге көңілсізсің? Аққала: - Менің ойнайтын достарым жоқ. сондықтан мен көңілсізбін. -Ааа, солай ма?! Олай болса балалар саған көмектеседі. Сенің көңіліңді көтереді. Балалар сендер Аққала туралы тақпақ білесіңдер емес пе? Ортаға тақпақ айтуға Руслан, Айғаным, Дария, Сұлтан келеді. Аққала, аққала. Сені жасап мақтана. Қорғауменен жүреміз Бұздырмастан басқаға Қар жауғанда топ бала, Соқты келіп аққала. Мұрны сәбіз, үп-үшкір, Көзі көмір, қап-қара Балалар шықты далаға, Ойнап, күліп жүр енді. Шаналармен озады. Аққаланы соғады. Аула сырты, бақта да Тұрғызамыз аққала Аққаланы айналып, Ойнаймыз біз шаттана -Саған тақпақтар ұнады ма? Аққала: -Ия, ұнады бірақ та бәрібір менің достарым жоқ қой. -Аққала мұңайма. Енді қайттік балалар. Аққалаға қалай көмектестік? -Дұрыс айтасыңдар. Аққала біздің балалар сізге достар жасап береді. Жарайсыңдар балалар. Енді сендермен біраз сегіп алайық. Сергіту сәті: Домалатып ақ қарды. Ұлпа қарлар жасаймыз. Үлкен, кіші, орташа, Дөңгелетіп құраймыз Мұрнын жасап сәбізден Баскиімін шелектен. Көңілденіп, секіріп, Аққаланы жасаймыз. -Балалар Аққаланың достарын біз бүгін ерекше әдіспен жасаймыз. Әдеттегідей домалақтау арқылы емес, трафаретке ермексазды жапсыру арқылы жасаймыз. Бұл ерекше әдісті –пластилинография деп атайды. -Экранға назар аударыңдар: Пластилинография үлгісінде мынадай жұмыстар жасауға болады: Қане, қайталайық. -Жасамас бұрын үлгі суретке назар аударыңдар. -Бұл біз жасайтын Аққаланың үлгісі. Оны дұрыстап қарап зерттеп алайық. - Біздің жасайтын аққаламыз неден жасалған? - Бұл жерде Аққала неше бөліктен тұрады? -Қандай пішіндерден жасалған? -Дұрыс ермексаздан. Ермексаздың түсі қандай? - Тағы қандай ұсақ бөлшектері бар?
Енді жасалу кезеңдерімен танысайық: Трафаретті фонды қатты қағазға қойып аламыз. Ермексазды жұмсартамыз Жұмсарған ермексазды аққала бөліктеріне жұқалап жапсырамыз Жеке бөліктерін: көздерін, ауыз мұрнын жапсырамыз Міне біздің Аққала дайын болады.
Жұмысқа кіріспес бұрын қоларымыз бен саусақтарымызға жаттығу жасаймыз. Саусақ жаттығуы. Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ Ал енді жұмысты бастаймыз. Қауіпсіздік ережесін ұмытпаңдар. Ермексазды аузымызға салмаймыз. Стекалармен көзімізге апармаймыз. Ең алдымен ермексазды жұмсартамыз. Педагог балалармен жеке жұмыс жасайды. Жасалған жұмыстарды көрме тақтасына ілеміз. | Аққала Снеговик Сәлеметсіз бе Аққала! Тақпақ айтады. Біз оған достар жасап берейік Ия, жасап берейік. Өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды. Пластилинография Балалар үлгі суретке мұқият қарайды. екі. Ермексаздан Екі бөліктен: Днесі және басы Домалақтардан. Ақ түсті ермексаздан Екі көзі, бір аузы, бір мұрны бар. Мұқият қарап, тыңдайды. Өлең жолдарын қайталап саусақ жаттығуын жасайды. Қауіпсіздік ережесін естеріне түсіреді. Ермексазды жұмсартып, домалақтап, есіп алады. Трафарет бетін толтыраа жұқалап жабыстырады. Трафаретті ақырындап алып, ұсақ бөлшектерін жасап жабыстырады. |
ІІІ этап Рефлесивтік - коррекциялаушы Рефлексивно – корригирующий | Жарайсыңдар балалар. Жақсы жұмыс жасадыңдар. Кім қандай жұмыс жақсы жасалған деп ойлайды? Көрме тақтасына келіп көрсетулеріңе болады. Аққала міне балалар саған арнап достар жасады. Енді сенің көңіл күйің көтерілген шығар Аққала: ия, рахмет балалар. Мен қуаныштымын енді менің достарым бар. Сау болыңдар балалалар. Ал енді кім айтады, біз Аққаланы неден жасадық? Қандай әдіспен жасадық? Аққала қандай бөліктерден тұрады екен? Сендерге аққала жасаған ұнады ма? Сендерге разы болған аққала мынадай тәтті мұз кампиттерді беріп кетті. Алыңдар балалар. Енді сабағымыз аяқталды. Барлықтарыңа рахмет. | Балалар өз ойларымен бөліседі. Сау болыңыз аққала Ермексаздан Пластилинография әдісімен Ия, ұнады. |