kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орманда?ы ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Орманда?ы ойындар

 Білім беру саласы: ?атынас, Таным.

 Б?лімдері: Тіл дамыту, ?орша?ан орта.

 Ма?саты: Балалар?а орманда?ы а?дар туралы т?сінік бере отырып, жабайы а?дарды бір-бірінен ажырата білуге, оларды д?рыс атау?а ?йрету. Балаларды? ойлау ?абілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. ?ызы?ты ойындар ар?ылы балаларды? эмоциялы? сезімдерін дамыту. А?дар?а деген с?йіспеншілік сезімдерін арттырып, ?ам?орлы?пен ?арау?а, таби?атты аялай білуге т?рбиелеу.

 Алдын-ала ж?ргізілген ж?мыс: Ж?мба?тар жасыру, жабайы а?дар туралы ??гімелеу.

?діс-т?сілдер: ??гімелеу, т?сіндіру, с?ра?-жауап, ж?мба?тар жасыру, ойын.

 ?ажетті к?рнекі ??ралдар: Жабайы а?дарды? ж?мса? ойыншы?тары, орман келбеті, бетперделер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Орманда?ы ойындар »


Тақырыбы: Ормандағы ойындар

Білім беру саласы: Қатынас, Таным.

Бөлімдері: Тіл дамыту, Қоршаған орта.

Мақсаты: Балаларға ормандағы аңдар туралы түсінік бере отырып, жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге, оларды дұрыс атауға үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Жұмбақтар жасыру, жабайы аңдар туралы әңгімелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақтар жасыру, ойын.

Қажетті көрнекі құралдар: Жабайы аңдардың жұмсақ ойыншықтары, орман келбеті, бетперделер.

Қостілділік компонент: Орман-лес, жабайы аңдар-дикие животные

Іс-әрекет кезеңдері

Себепті қызығушылығын ояту

Балаларды «Жылулық» шеңберіне жинау, амандасу.

Тыныштықта елім бар,

Ну орманды жерім бар.

Күннен-күнге көркейген,

Қазақстан елім бар.

Балалар шеңберге тұрып, амандасады.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

- Балалар, қараңдаршы, бізге бейбітшілік құсы көгершін ұшып келді. Ол бізге хат алып келіпті. Қане, ашып оқиын. Балалар, бұл хаттың ішінде тапсырмалар бар екен, бірінші тапсырма жұмбақ екен, мұқият тыңдап жауабын айтайық.

Шаңғы, коньки тебетін,

Шана сүйреп жүретін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Балалардың жауабы)

- Қыс мезгілі

- Балалар, көгершіннің екінші тапсырмасы аюдың жүрісін, қимылын сал деген екен.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Балалар, көгершін сендерге рахмет айтып, жолдарың болсын дейді.

- Қане, олай болса, балалар орманға саяхатқа барайық.

Орманда қандай аңдар болады екен, таныс болайық.

- Балалар, ең қорқақ аңды білесіңдер ме?

- Қоян

- Ян-ян-ян, секеңдеген қоян.

- Бананды сүйіп жейтін аң не?

- Маймыл

- Ағаштан-ағашқа секіріп жүретін аң қандай аң?

- Тиін

- Балды жақсы көретін аң?

- Аю

- Ю-ю-ю, қорбаңдаған аю.

-Мысыққа ұқсайтын аң?

- Жолбарыс

- Ыс-ыс-ыс,

Сары ала жолбарыс.

- Алма мен саңырауқұлақты жасқсы көретін не?

- Кірпі

- Пі-пі-пі,

Тікені көп кірпі.

- Балалар, енді сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер.

- Орманда тұрады өзі бір қу,

Жүрген жері айқай-шу.

Бұл не?

- Түлкі

- Олай болса, балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Ойынымыз «Түлкі мен торғайлар» деп аталады.

Ойынның шарты: Бір бала түлкі болады, қалған балалар торғайлар, олар биік бөрене үстінде қонақтап отырады. Балалар торғайлар болып торғай жөнінде өлең айтып отырады.

Торғай, торғай, тоқылдақ,

Жерден тары шоқып-ап.

Бөтегесі томпиып,

«Шиқ-шиқ» десіп отырады.

Торғайлар ұшып-қонып жүреді. Сол кезде түлкі келіп, оларды қуа жөнеледі. Ұясына жетпей түлкіге ұсталған торғайлар алаңда, ортада қалады.

Логикалық ойын: «Аңдарды топтастыр»

Мақсаты: Балаларды аңдарды ажырата отырып, оларды топтастыра білуге үйрету.

Ойын шарты: Балалардың қолдарына жұмсақ аңдар беріледі, балалар қолындағы аңның жүрісін көрсетіп, топтастыру керек. Балалар таңдана қарайды.

Балалар өлеңді қимылын көрсетіп орындайды.

- Балалар ойын шартына сай ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Балалар ойынның шарты бойынша аңдардың жүрісін салып, топтастырады.

Іс-әрекетті бақылау кезеңі

- Балалар, біз қайда саяхатқа бардық?

- Орманнан біздер не көрдік? Қандай аңдармен таныстық?

- Сендерге саяхатымыз ұнады ма?

Өте жақсы, балалар, сендерге көп рахмет. ОрманғаАңдарды көрдік. Аю, түлкі, жолбарыс, тиін, маймыл, кірпі.

- Ия, ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Аңдарды бір-бірінен ажыратып, атай біледі.

Баланың меңгеруі: Жабайы аңдар туралы жұмбақты шеше білуді , олардың жүрісін салуды меңгерді.

Баланың жасай алуы: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерінше іс-әрекет жасай алады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Орманда?ы ойындар

Автор: Халиуллина Гульайман Кенжешовна

Дата: 19.05.2015

Номер свидетельства: 213180


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства