kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орман жануарларыны? ?ыстауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік:  Балаларды ?ыс мезгілі мен оны?  ерекшеліктері туралы т?сініктерін ке?ейту. Балаларды диалог ж?ргізе білуге, оларды ?з ойларын айту?а ?йрету. Балаларды? с?здік ?орларын молайту, ауызекі с?йлеу да?дыларын ?алыптастыру. Балаларды? жануарлар туралы білімдерін аны?тау ма?сатымен ?нгіме ??ру.Орманда?ы жануарларды? ?ыстауымен таныстыру.

Дамытушылы?: Сурет бойынша ??гіме ??растыра білуді, байланыстырып с?йлеуін жетілдіру, дыбысты? жатты?улар ар?ылы дыбысты? артикуляциялы? аппаратын дамыту. ?ыс мезгілі туралы балаларды? ой-?рістерін дамыту. Жануарларды? ?андай т?р ерекшеліктері бар, ?имыл-?оз?алыстарыны? ерекшеліктерін ажырата білуді дамыту.

Т?рбиелік: Таби?ат?а деген с?йіспеншілігін ояту, ?орша?ан ?лемге, тіршілікті? б?ріне мейіріммен ?арау?а, оларды ?ор?ай білуге т?рбиелеу. О?у іс - ?рекеті ?арым - ?атынасы ар?ылы балаларды досты??а, ?йымшылды??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Орман жануарларыны? ?ыстауы »

«Орман жануарларының қыстауы»

Абдикаликова Мейраш Турсыновна

КМҚК «Балақай» «Сылдырмақ» тобының тәрбиешісі

Қарағанды қаласы

Білім беру саласы «Қатынас»

Бөлімі: «Тіл дамыту»

Түйіндеме: Сабақ баланың тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын, артикуляциялық аппаратын дамытуға және сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуді, өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастырады. Орман жануарларының атауларын үйрету, ажырата білуге дағдыландыру, олардың қысқы мерзімдегі өмірі туралы мәлімет береді.

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы.

ІІ кіші сәбилер тобы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Орман жануарларының қыстауы»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды қыс мезгілі мен оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды диалог жүргізе білуге, оларды өз ойларын айтуға үйрету. Балалардың сөздік қорларын молайту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың жануарлар туралы білімдерін анықтау мақсатымен әнгіме құру.Ормандағы жануарлардың қыстауымен таныстыру.

Дамытушылық: Сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру, дыбыстық жаттығулар арқылы дыбыстық артикуляциялық аппаратын дамыту. Қыс мезгілі туралы балалардың ой-өрістерін дамыту. Жануарлардың қандай түр ерекшеліктері бар, қимыл-қозғалыстарының ерекшеліктерін ажырата білуді дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, қоршаған әлемге, тіршіліктің бәріне мейіріммен қарауға, оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Оқу іс - әрекеті қарым - қатынасы арқылы балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: құлақшын- ушанка, бөрік- шапка, тон-шуба, пима-валенки, қолғап-варежки, шәлі-шаль. Қыс - зима, орман - лес, қасқыр - волк, қоян - заяц, түлкі - лиса, аю - медведь.

Сөздік жұмыс: бөрік, аюдың апаны, жорытады.

Құрал-жабдықтар: Ақ қоян ойыншығы, қысқы орман суреттері, орман жануарларының сурет мозаикасы.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-оятушылық іс-әрекетке итермелеу


Тәрбиеші: Балалар, бізде бүгін «Орман жануарларының қыстауы» тақырыбында тіл дамыту сабағы өтеді.

Балалар, бүгінгі сабағымызда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын атап өтейін: Аюдың апаны- ол аюдың үйі, бөрік- ол ер адамның бас киімі, жорытады- жүгіреді, азығын іздеп, орманды аралайды.

Бүгінгі сабақта кездесетін сөздерді екі тілде қайталайық: қыс - зима, орман - лес, қасқыр - волк, қоян - заяц, түлкі - лиса, аю - медведь.

Есік қағып қонаққа Ақ қоян келеді.

Ақ қоян: Сәлеметсіздер ме балалар!

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Ақ қоян!

Балалар, айтыңдаршы қоянның түсі неге ақ? Дұрыс балалар, өйткені қоян қысқы ақ тонын киді.

Ақ қоян: Балалар сендер білесіңдер ме кәзір жылдың қай мезгілі?

Мен сендерді қысқы орманға қонаққа шақырамын.

Тәрбиеші: Балалар Ақ қоянмен қысқы орманға барамыз ба?

Біз қоянға қонаққа барғанда жолда тоңып қалмас үшін қалай киіну керекпіз?

Қандай киім киетінімізді менімен бірге екі тілде қайталаңдар: құлақшын- ушанка, бөрік- шапка, тон-шуба, пима-валенки, қолғап-варежки, шәлі-шаль. Ал қысқы аяздарда тоңбау үшін біз көп қимылдау керекпіз.

Сәлеметсіз бе!

Өйткені ол қысқы тонын киді.


Кәзір қыс мезгілі











Ия барамыз

Жылы киіну керекпіз.

Сөздерді екі тілде қайталайды

Ұйымдастырушылық –ізденушілік

Балалар шеңберге тұрып Ақ қоянға достық жылы сөздер айтайық.

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң! (қолымызды жоғары көтереміз)

Ормандар мен далалар. ( қолымызды жан жаққа)

Қайырлы таң! (күнге қарай созыламыз)

Достасқан бар,балалар. (қолдарымызды алдыға келтіреміз)

Қайырлы таң! (күнге қарай созыламыз)

Біздің балабақшамыз. (алақанымызды жоғары келтіріп қолдарымызды жоғары көтереміз)

Қайырлы таң! (күнге қарай созыламыз)

Жора-жолдас, ұл мен қыз.

Тәрбиеші: Балалар, қыс айларын атап өтейік менімен бірге қайталаңдар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Ал енді балалар қысқы орман туралы сурет қарайық, суреттен не көріп тұрмыз, қане кім әңгімелеп береді?


Балалар ортаға шығып көргендерін әңгімелеп айтып береді.

Жеке жұмыс: Қажетінше балаларға байланыстырып сөйлеуге демеу беру.

- Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?

Дұрыс айтасыңдар, балалар айналаның бәрін ақ қар басады. Жерді, тауды, тасты, орманды бәрін қалың қар басады. Ормандағы ағаштардың бәрі ақ көрпеге оранғандай болады. Қысқы орманның балалар ауасы таза, табиғаты тамаша болады.

(Сурет себетте жаңғақтар тур)

Ақ қоян: Балалар, мынау кімнің себеті? Орманда не жаңғақпен қоректенеді?

Балалар сендер білесіңдер ме, ормандағы жануарларда адамдар секілді қысқа дайындық жасайды: қысқа тамақ жинайды, жазғы тондарын қысқы тонға ауыстырады, ал кейбір жануарлар қысты тәтті ұйықыда өткізеді!

Тәрбиеші: Жабайы аңдардың тіршілігі қыста қиындау болады. Тоңады, ашығады. Қыста қоянның түсі ақ болады. Ақ қарда қоянды байқау өте қиын, ол қорғаныш қызметін атқарады. Қыста қояндар ағаштардың қабығымен, жас бұталармен қоректенеді.

Ал аю болса, жаз бойына жеміс- жидектермен, балықпен, балмен қоректеніп май жинайды, сол майын қорек етіп апанында қыс бойына ұйқыға кетеді.

Ал, кішкентай тиіндер ағаштан - ағашқа секіріп тыным таппайды. Құйрықтары ұзын, жүндері үлпілдек. Жаз бойы ағаштың қуысына жаңғақ, саңырауқұлақтарды кептіріп жинайды. Ал қыста сол жинағанымен қоректенеді.

Түлкінің қыста жүні қалыңдайды, түлкі жыртқыштарға жатады, олар етпен қоректенеді, қыста қардың астынан тышқан іздейді, өтірік өлген болып, қулығын асырады.

Ал, қасқыржа жыртқыштарға жатады ет іздеп орманды қысы жазы бойы жорытады.

Тәрбиеші: Балалар, біздің досымыз Ақ қоян ормандағы достары туралы жұмбақтар әкеліпті соны жасырғысы келеді.

Ақ қоян:

- Өзі ширақ, өзі қу.Жүрген жері айқай-шу.

-Үстінен тоны түспеген, Сонда да араз қыспенен.

-Бейғам елді іздейді.Малдан күдер үзбейді. Түсі сұп- сур ол....

-Қалқиып екі құлағы, елеңдеп қорқып тұрады.

Ақ қоян: қандай ақылды балаларсыңдар барлық жұмбақтардың дұрыс шешімін атадыңдар.

Дыбыстық жаттығулар жасау:

Қар қалай сықырлайды. Қырт - қырт, қырт - қырт.

Жел қалай турады: у - у - у - у - у - у - у - у.

Жаңбыр қалай жауады: -тырс-тырс-тырс

Қасқыр қалай улыйды: -ау-у-у-у-у-у

Жылан қалай ысылдайды: -с-с-с-с-с-с

Балалар қолы тоңғанда ай - ай - ай – ай, ой - ой - ой - ой - ой дейді.

Жарайсыңдар балалар. Отырып шаршадыңдар ма?

Сергіту сәті.

Ондай болса мен сендерге «Буги-вуги» ойынын ойнауды ұсынамын. (балалар шеңберде турады):

Оң қолыңды алға қой, сосын оны артқа қой

Қайта алға әкеліп сілкіп -сілкіп жіберіп.

Біз билейміз буги-вуги шыр көбелек айналып

Шапалақты соғамыз былай (хлоп-хлоп.)

(Сол қолыңды, оң аяқты, сол аяқты)

Қ-сы

Буги-вуги, о-кей.

Буги-вуги, о-кей.

Буги-вуги, о-кей.

Буги-вуги, о-кей.

Ақ қоян: Балалар, мен сендерге ормандағы достарымның суреттерін әкелген болатынмын бірақ....

Тәрбиеші: Ақ қоян сен неге көңілсізсің айтағой, біз балалармен саған көмектесейік.

Ақ қоян: Менің кіші бауырым, кішкентай көжек менің достарымның суреттерін жыртып тастапты, енді мен балаларға көрсететін суреттерім болмай тұр.

Тәрбиеші: балалар ақ қоянға көмектесейік. Біз сендермен төрт командаға бөлінейік

Ұстел үстінде мозайкамен жұмыс.

Мақсаты: Қима суреттерді құрастыру арқылы аңның сұлбасын құрастыру.

Баланың ой - өрісін, танымдық қабілетін дамыту.

Ойын шарты: Әр командаға бір сурет беріледі, әр команда суретті жинап болғаннан кейін ортаға шығып суреттегі жануардың ерекшелігін немесе қалай жүретінін көрсетеді, ал басқа балалар ол қандай жануар екенін табу керек .

«Мозайка» құрастыру. «Қасқыр», «Түлкі», «Қоян», «Аю»

«Аңдардың қимылы». Әр команданың бала шығады, оған ілесе балалар қимылын салады, осылайша аю, қасқыр, қоян, түлкі шығады. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бар сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер!

Шаттық шеңбер орындайды.











Желтоқсан, қаңтар, ақпан,

Орманда ағаштар өте көп. Қар бәрін басып тастады.




Су қатады, қар жауады, боран болады, айналаның бәрін қар басады.




Бұл тиіннің себеті.



Мұқият зейін қойып тыңдайды





















Жұмбақтардың шешімін табады

Түлкі

Аю


Қасқыр


Ақ қоян ол сенсің



Дыбыстық жаттығулар жасайды








Ия

Сегіту сәтін орындайды














Балалар зейін қойып мұқият тыңдайды





Үстел үстінде мозайкамен жұмыс жасайды

Қасқыр, қоян, аю, түлкі суреттерін жинап жануарлардың қимылын көрсетеді.




Рефлексиялық –түзетушілік

Тәрбиеші:

Балалар біз бүгін не туралы әңгімеледік? Қандай аңдардың өмірімен таныстық?

Ненің суреттерін құрастырдық?

Тәрбиеші белсенді қатысқан балаларды мадақтап, қорытындылайды.

Біз досымыз ақ қоянмен қоштасайық.

Ақ қоян: Орман саяхаты сендерге ұнады ма?

Орманға тағы қонаққа келіңдер!

Рахмет!Сау болыңдар!


Орман жануарлары туралы

Аю, қоян, тиін, қасқыр.



Ия қатты ұнады

Рахмет!Сау болыңыз!

Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: Орман жануарлары қалай қыстайтыны туралы біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Орман жануарларының ерекшеліктерін, орман жануарларын қорғау керек екенін түсініп игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері :Диалог жүргізе біледі, сұрақтарға толық жауап бере алады.


































3



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Орман жануарларыны? ?ыстауы

Автор: Абдикаликова Мейраш Турсыновна

Дата: 05.07.2015

Номер свидетельства: 222279


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства