kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Орман т?р?ындары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: ?леуметтік орта

Б?лімі:Экология негіздері.

Та?ырыбы:Орман т?р?ындары.

Ма?саты:1.Жабайы жануарлар туралы т?сініктерін байыту.

2. Жабайы жануарларды? (аю, ?оян, т?лкі, ?ас?ыр) сипатты? белгілерін бай?ай білуге ?йрету ар?ылы зейіндерін дамыту.

3. Таби?атты с?юге ж?не  о?ан ?ам?ор болу?а т?рбиелеу.

?олданылатын к?рнекі ??ралдар:жабайы жануарлар бейнеленген суреттер, ?й ж?не жабайы жануарлар с?лбасы, орман ?орушысы, ?лестірмелі материалдар.

С?здік ж?мыс: орманда тіршілік ететіндер.

Билингвальды компонент:жабайы жануарлар – дикие животные.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Орман т?р?ындары"»

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің жанындағы «Балбөбек» шағын орталығы

Сабақ жоспары

Экология негіздері.

Тақырыбы: «Орман тұрғындары»

Өткізген: Малгаждарова А.А.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі:Экология негіздері.

Тақырыбы:Орман тұрғындары.

Мақсаты:1.Жабайы жануарлар туралы түсініктерін байыту.

2. Жабайы жануарлардың (аю, қоян, түлкі, қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту.

3. Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:жабайы жануарлар бейнеленген суреттер, үй және жабайы жануарлар сұлбасы, орман қорушысы, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: орманда тіршілік ететіндер.

Билингвальды компонент:жабайы жануарлар – дикие животные.

Оқу іс әрекет кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотвациялық - қозғаушылық

1. Шаттық шеңбері.

-Балалар , мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күлкілерімен, мейрімділіктеріңмен менің жүрегімді жылытасындар. Қазір шеңбер бойымен жүріп, бізді қоршаған ортамен амандасайық.

2.Таңғажайып сәт.

-Бізге қонаққа орманшы аға келді. Ол бізге өзінің орманда тіршілік ететін жануарлары туралы айтқысы келеді.

Жабайы жануарлар – өз беттерімен тіршілік ететін жануарлар.

3. Билингвальды компонент: жабайы жануарлар – дикие животные

Шаттық шеңберге тұрады.

Армысын, ашық Күн!

Армысын, көк аспан!

Армысын, еркін жел!

Армысын достарым!

Сендерді көргенде қуанамын!

Қайталайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

1. Білімді өзектендіру:

Фланелеграфта қоян, түлкі, аю, қасқырдың суреттері ілінеді.

- Орманшы аға бізге жұмбақтар алып келіпті. Жұмбақтардың жауабын шешейік.

Педегог жұмбақ жасырады. Балалар жауабын тапқаннан кейін жұмбақтардың шешулері болған аңдардың суреттерін тақтаға іледі.

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)

Өзі қу, қызғылт сары түсті,

Құйрығы үлпілдек жүнді. (Түлкі)

Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп – кішкене арадан

Үп –үлкен боп қорқады. (Аю)

-Бұлар – жабайы жануарлар, олар орманда, далада, тауда тіршілік етеді және өз қорегін өзі тауып жейді.

-Аюды сипаттайық, ол қандай? (Үлкен, қалын жүнді, құлақтары кішкентай ғана, түсі қоңыр).

Осылайша қасқыр мен түлкіні, қоянды сипаттайды.

-Осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен? Ал ең кішкентайы қайсысы?

(Аю – ең үлкен жануар. Түлкі аюдан кіші. Қоян – ең кішкентай аң).

2. «Жабайы жануарлар» психологиялық жаттығуы.

-Қорбандап жүретін маймақ аюды бейнелейік.

-Түлкінің жүрісін салайық.

-Қорқақа қоянды бейнелейік.

3. Динамикалық үзіліс.

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлерден

Ытқып – ытқып жүгірді.

4.Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Тапсырманы түсіндіреді, балалардың дұрыс лорындауын қадағалайды.

5.Жеке жұмыс жүргізеді.

Суретке қарап, жабайы аңдардың аттарын айтады.

Жұмбақтардың шешуін табады.

Қоян, аю,түлкінің суреттеріне қарайды

Аюдың суретіне қарап, оны сипаттайды.

Түлкіні сипаттайды.

Қоянды сипаттайды.

Аюдың жүрісін салады.

Түлкінің жүрісін салады.

Қорқақ қоянды бейнелейді.

Қоянды бейнелеп, қоянша секіреді.

Тапсырманы орындайды

Рефлексиялық - тұзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс – әрекетінде алған білімдері қорытындылады.

Сұрақтарға жауап береді. Бір –бірінің жауаптарын тыңдайды.

Күтілетін нәтиже:

орындайды:жабайы жануарлардың сипаттық белгілерін байқап, оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды.

түсінеді: жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді.

қолданады: .жабайы жануарлардыңжүріс тұрысын қимылмен келтіре біду дағдыларын.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Қармен тәжірибе жасау.

Мақсаты: 1. Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту.

2. Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.

3. Табиғат сырларын танып - білуге баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: пластмассадан жасалған қалақтар, қар салуға арналған ыдыстар, ойыншықтар, аққала, үнтаспа.

Сөздік жұмыс: мереке.

Билингвальды компонент: аққала – снеговик, қар – снег, ақ – белый.

Оқу іс әрекет кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотвациялық - қозғаушылық

1. Таңғажайып сәт:

- Балалар, бүгін бізге қонаққа Аққа келді.

Аққаламен амандасайық, Бірақ Аққала көңілсіз. Не себепті көңілсіз екен? Аққала: Менің бүгін туған күнім. Мені ешкім құттықтамады және ешкім сыйлық бермеді.

- Аққаланы көңілдендіру үшін ойын ойнап, қардан гүл жасап берейік.

Аққаламен амандасады..

Ынталарын көрсетеді.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

2. Білімді өзектендіру.

- Педагог топқа қар салынған ыдысты алып кіреді.

- Балалар, қар өте суық, сондықтан біз қалақпен жұмыс жасаймыз. – Қардың түсі қандай?

- Қар қай мезгілде жауады?

- Жазда қар жауа ма? Неліктен?

- Қар неге бөлмеде ериді? (Бөлме жылы).

Педагог ыдыстардағы қарды пішіні әртүрлі ыдыстарға салады да, оларды балаларға таратып береді.

-Осы ыдыстардың көмегімен аққалаға арнап гүл жасайық.

3.Билингвальды компонент: аққала – снеговик, қар – снег, ақ – белый.

4. Балалардың өздік жұмысы.

- Балалар, Аққалаға сендердің сыйлықтарың ұнап қалыпты. Ойын ойнап, бұл гүлдерді қалай жасағанымызды еске түсірейік.

5. Саусақты тренинг өткізу.

Кірістірсек екі қолды жұмысқа,

Аққаланы тұрғызады бір сәтте!.

Сұрақтарға жауап береді.

Педагогтің бақылауымен қардан жасалған табақтарын жайпақ табаққа орналастырады.

Қайталайды.

Қарды ыдыстарға салып, әртүрлі пішіндегі гүлдер жасайды. Саусақтарын әртүрлі қимылдарға келтіреді

Рефлексиялық - тұзетушілік

Аққала: Балалар, қармен жасаған заттарың еріп кетті. Бірақ көңілдерің түспесін, қар еріген кезде сұға айналады, бізге жазда да су өте қажет!

Аққала балаларға рақмет айтып қоштасады.

Балалардың қардан жасалған пішіндері бөлме ішінде бірте – бірте ери бастайды.

Аққаламен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: қардан түрлі пішіндер жасауға берілген тапсырманы.

түсінеді: тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімді.

қолданады: тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білу дағдыларын.

Білім беру саласы: Әлеуметтік.

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау.

Мақсаты: 1. Балаларды жанды табиғат өкілдеріментаныстыруды жалғастыру.

2. Сөздік қорларын «құстың жүні, мамығы», «қанат» деген сөздермен толықтыру. Құстардың суреттерін көсету арқылы зейіндерін білуге деген құштарлықтарын арттыру.

3. Жанды табиғат өкілдеріне деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тордағы тотықұс, оған аранлған жем.

Сөздік жұмыс: тотықұс, табиғат бұрышы.

Оқу іс әрекетінің кезендері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

1.Табиғат бұрышына жақындап келіп, балаларға жұмбақ оқиды.

Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,

Басына бөрік киер, құндыс ұстап.

(Тотықұс)

-Кәне, біздің табиғат бұрышындағы тотықұс – Кешаға назар аударайық.

Балалар жұмбақтың шешуін тотықұс екнің табады.

Назарларын тотықұсқа аударады.

Ұйымдастырушлық - ізденістік

2. Әңгіме өткізу.

Балалардан тотықұс туралы білетіндерін сұрайды. балалардың жауаптарын тындап болған соң, тотықұс туралы ақпарат береді.

Тотықұс – құйрығы қысқа, түрлі түсті құс. Ол Африка, Ам ерика және Австралияда тіршілік етеді. Адамдар оны қоға үйретіп, торда ұстайды. Сөйлейтін тотықұстар да бар. Олар сенің айтқандарынды қайталайды.

3. Тотықұстың қанаттарын, тұмсығын, аяқтарын көрсетіп, олардың атқаратын қызыметімен таныстырады. Мысалы: қанаттары ұшу үшін, аяқтары жүру және бұтаққа қонып отыру үшін көрейік.

4. Сергіту жаттығуы:

Кәне, қанат жазайық.

Тотыболып ұшайық.

Ұшып ұшып алайық,

Қайта келіп қонайық.

Педагог табиғат бұрышында қатты сөйлеп, құстарды шошытып алмау керектігін айтады.

Тотықұс туралы білетіндерін айтады.

Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.

Бір – екі бала тордағы тотықұсқа жем салады, қалғандары оны қалай қоректенетінін бақылайды.

Қимылмен сергіту жаттығуын орындайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Сұрақ – жауап әдіс арқылы білімдерін қорытындылайды.

1. Бүгін табиғат бұрышында қандай құспан таныстық?

2. Оның қандай дене мүшелері бар?

-Тотықұспен таныстық.

-Оның басы, екі аяғы, қанаттары, тұмсығы бар (көосетеді).

Тотықұстың суреттерін бояйды.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: тотықұстың дене мүшелерін көрсетіп атауға және оның суретін бояуға арналған тапсырмаларды.

Түсінеді: тотықұстың тіршілігі туралы мәліметтерді.

қолданады: тордағы құстарды қалай қоректендіру керектігін іс жүзінде.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Орман т?р?ындары"

Автор: Малгаждарова Анар Аманбаевна

Дата: 02.02.2016

Номер свидетельства: 287062

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства