kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?у іс-?рекет та?ырыбы: "Жайлауда"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орта??ы топ балаларына арнал?ан о?у іс-?рекетіні? тех,картасы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?у іс-?рекет та?ырыбы: "Жайлауда"»

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: « Жайлауда»

Мақсаты: Жайлау және оның орналасқан жері және үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Олардың
қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: үй жануарлар аттрибуты, диск, плакат, геометриялық пішіндер.

Қызмет кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлел - ояту

-Балалар қараңдаршы бізге кімдер келіпті?

Олармен амандасып алайық!

Енді барлығымыз терезеге назарларымызды аударайықшы, далада күн не істеп тұр?

-Балалар енді біз күн сияқты жарқырайықшы.

Алақан арқылы бір-бірімізге жылу жіберу.

- Балалар қазір қай мезгіл?
- Көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Бір аптада неше күн бар?

-Балабақшаға неше күн келеміз,ал неше күн демаламыз?

-Қонақтар

Амандасады.




Шаттық шеңберін орындайды.



Қойылған сұрақтарға жауаптарын береді.

-Көктем мезгілі

-3 ай бар

- 7 күн бар

-5 күн келеміз,2 күн демаламыз.

Ұйымдастыру-іздену

Бүгін біз жайлауға саяхатқа шығамыз.

-Білесіңдерме,жайлауға немен барамыз?

-Енді балалар ат арбаға отырайық.

-Балалар біз жайлауға жай бара жатқан жоқпыз,тапсырмалар орындаймыз. Жайлауға жеткенше мен сендерге «Жайлауда»өлеңін оқып берейін.

Жайлауда

Атам биыл мені де,

Алып барды жайлауға,

Құлындар тұр желіде,

Биелер тұр байлауда,

Бұлағын да ұнатам,

Қыранын да ұнатам,

«Жылда -жылда» жайлауға,

Апарам - деп жүр атам.

-Өлең не туралы?

-Балалар ,қараңдаршы,алдымызда біреу тұрған сияқты,кім екен?

-Өзінен сұрайықшы?

-Сіз кімсіз?

-Кәне,балалар, малшымен амандасайық!

Малшы:-Балалар мен жай малшы емеспін,мен сіздерге көп тапсырма дайындап қойдым орындайсыңдар ма?

1 тапсырма:

Мына жайылып жүрген қандай жануарлар?

Үй жануарлары ма, әлде жабайы ма?

-Олардың қандай пайдасы бар?

2 тапсырма:

Д/о: «Кім қалай дыбыстайды?»

Мақсаты: Есту қабілеттерін дамыту және дыбыстай білу.

Сергіту жаттығуын орындау.

3 тапсырма: Жайлауда неше мал жайылып жүр?

-Үлкені нешеу,ал кішкентайы?

4 тапсырма: Д/о: «Геометриялық пішіндерден үй жануарларын құрастыру»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерден үй жануарларды құрастыра білу. Қол маторикасын дамыту.

Малшы: -Балалар рахмет барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Мектепте жақсы оқыңдар.

-Балалар малшыға рахмет айтып,тобымызға қайтайық.

Ұжымдық жұмыс.

Жапсыру. –Балалар ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Бұл жайлаудың суреті,ал жайлауға не жетіспейді?

-Жануарларды қиып жайлауға жапсырайық.

Өте керемет.

Балалар кім үй жануарлары туралы мақал-мәтел, тыйым сөздер біледі.





Жарайсыңдар, балалар! Сендер мақал мен тыйым сөздерді жақсы білесіңдер екен.

Ат арбамен.

Отырады.






Өлеңді мұқият тыңдап, не туралы екенін айтады.









Таңқалып қарап тұрады.


Малшымен амандасады.






Малшының тапсырмаларын қызыға орындайды.






Музыка ырғағымен сергіту жаттығуын жасайды.




Дидактикалық ойынды ойнайды.




Малшыға рахмет айтады.




Топқа қайтады.



Ұжымдық жұмысты жасайды.



Үй жануарлары туралы мақал-мәтел мен тыйым сөдер айтады.

Ұлжан: Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.

Арайлым: Жас ботаны бірден көзге түсірмейді.

Дастан: Малды тебуге болмайды.

Анэль: Екі қошқардын басы бір қазанға симайды.

Назым: Қонақ келсе,қой егіз табады.



Рефлексифтік-түзету



- Балалар, бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Жайлау.
- Үй жануарларын атап беріңдерші?
- Түйе, сиыр, жылқы, қой - ешкі.
- Төлдерді атайық?
- Бота, бұзау, құлын, қозы - лақ.
- Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар, сендерге көп - көп рахмет.
Ән: «Қошақаным»

Оқу іс-әрекетті пысықтап, сұрақтарға жауаптарын береді.





«Қошақаным »әнін орындайды.


Білу керек: Үй жануарлары туралы білу керек;

Меңгеруі: Бір-бірінен ажыратуды және олардан келетін пайда туралы айтуды меңгеру керек.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?у іс-?рекет та?ырыбы: "Жайлауда"

Автор: Берикбаева Алмагуль Сиркбаевна

Дата: 23.07.2016

Номер свидетельства: 337931


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства