kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқу қызметі: Қазақтың салт-дәстүрлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киімдерінің шығу тарихын таныстыру, ұлттық киімдермен таныстыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқу қызметі: Қазақтың салт-дәстүрлері»

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық, киімдерінің шығу тарихымен таныстыру, ұлттық киімнің түрлерін оқыту.Ұлттық, киімінің ерекшеліктері.Ұлттық киімдердің шығу тарихын және түрлерін оқыта отырып,баланың ұлттық, киімге деген ой қиялын дамыту және ұлттық киімдерді заманауи түрде сәндеу, модельдеу, әрлеу және ою-өрнектерін әшекейлеп дамыту.

Мотивациялық- қозғаушылық

(Балалар ішке кіреді. Орындарына тұрып «Әнұран» орындайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, енді сұрақ қоямын жауап беруге дайынсыңдар ма?

-Біздің туған еліміз, жеріміз қалай аталады?

-Қазақстан республикасы.

-Президентіміз кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Рәміздерімізді кім атап шығады?

-Әнұран, елтаңба, ту.

-Біздің балабақшамыз қалай аталады?

- «Болашақ» бөбекжайы

-Тобымыз қалай аталады?

- Көгершін тобы

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

-Жарайсыңдар балалар өте жақсы. Енді экранға назар аударамыз. (экраннан шыққан суреттермен таныстырады)

Домбыра – бұл қазақтың ұлттық аспаптарының бірі, домбыраны тартып әнде айтуға, күйде шертугеде болады.

Торсық- бұл бұйым ежелден келе жатыр. Торсыққа су, қымыз құйып ұзақ жолға шыққанда пайдаланады.

Киімдер- ұлттық нақыштағы киімдер.

Қамшы- бұл аңға, ұзақ жолға шыққанда ер адамдардың қолданатын құралдары.

Шығармашылық сәт. Осы қамшыны өріп үйренейік. (Ер балаларға көмекке қыздар көмектеседі). Қалған қыздар өздеріне қол сумкасына ою-өрнек жапсырады.

Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

-Арқан тартыс, қыз қуу, көкпар, асық ату, тақия тастау, т.б.

(Суреттерін экраннан көрсетіп тұрады).

Сергіту сәті.

(Көкпар ойынын ойнайды. Музыка қосылып тұрады).

Әрі қарай тағы да экранға назар аударайық. Бұл жерде біз қазақтың салт-дәстүрлерін көріп тұрмыз.

-Ұзату, бесікке салу, тұсау кесу, үйлену тойы, сүндетке отырғызу, т.б.

Енді осы тұсау кесу дәстүрінен үзінді қарайық.

«Тұсау кесу» рәсімінен қойылым.

Әже тұсау кесу туралы айтып бересіз бе?

Әже:Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.

Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.

Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.


Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Бұдан кейін 2 – 3 жасар балаларды жарыстырып, озғандарына бәйге береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды

Рефлексиялық-түзетушілік

Жарайсыңдар балалар біз бүгін көптеген нәрселерді білдік. Енді ән айтайық.

Ән: «Рухани жаңғыру»



Күтілетін нәтиже:


Білуі керек: Балаларды халқымыздың салт-дәстүрілерін;

Игереді: Салт-дәстүрлерді атауды;

Меңгереді: Сұрақтарға толық жауап беруді.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқу қызметі: Қазақтың салт-дәстүрлері

Автор: Ауезова Айгерим Сырымовна

Дата: 19.09.2020

Номер свидетельства: 557835


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства