kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқу іс – әрекеті: Қоршаған ортамен танысу,жапсыру. Тақырыбы: «Көңілді көліктер»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға қоршаған ортадағы көліктер туралы мәліметтер беру. Көлік жапсыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқу іс – әрекеті: Қоршаған ортамен танысу,жапсыру. Тақырыбы: «Көңілді көліктер»»

Оқу іс – әрекеті: Қоршаған ортамен танысу,жапсыру.

Тақырыбы: «Көңілді көліктер»



Мақсаты: Көлік түрлері туралы білім беру.

Білімділік: Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: түсіндіру, әңгімелесу, , көрсету, сұрақ-жауап.

Қолданылатын құрал: Техникалық құрал-жабдықтар, көлік түрлері, бағдаршам, әр бір көліктер слайдпен көрсетіледі.

Оқу іс-әрекетінің барысы:



Ұйымдастыру кезеңі - Балалар сендер күннен күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің  керек, солай  ма?

- Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді бастайық.

Жылулық шеңбер.

-Сәлем, саған алтын күн!
-Сәлем, саған көк аспан!
-Сәлем, саған жер ана!
-Сәлем, саған достарым!
-Сәлеметсіздер ме, қонақтар.


Жәрайсыңдар!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыста дала,ауа-райы қандай болады?

Апта күндерін білесіңдер ме?

Балабақшаға қандай көңіл күймен келдіңдер?

Сендер кіммен келдіңдер, қандай көлікпен?

Иә,балалар дала суық, жаяу жүрсек тоңамыз.

Әңгіме: «Көліктер».

 Балалар ендеше тыңдайық. Ертеде ата-бабаларымыз алыс жерлерге  жануарлар арқылы және жануарларға жегілген  екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінірек адамдар машина, автобус сияқты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол көліктері: пойыз, трамвайды ойлап апқан.(Интерактивті тақтада суреттері көрсетіледі.

- Балалар, сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме?  Міне, адамдар түрлі жолдарын ойластырған, ең алдымен әуе шары пайда болды да, кейін моторы бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.

- Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер  арқылы жүзіп өткен. Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан.

Тосын сый.

Балалармен амандасып топқа жол полиция қызметкері кіріп келеді. Балалармен көңілді амандасып, өзін таныстырады.

  • Балалар, сендердің бүгінгі тақырыптарың көлік түрлері болғандықтан мен сендерге жолда жүру ережелері жайында түсінік беруге келдім.

Бағдаршам туралы, бағдаршамның көздерін түсіндіреді, жолда жүру тәртібін үйретеді.(Жолақ жол мен бағдаршамды қойып,даярлық тобының баласы жол полициясы болады.

  • Балалар, сендерге бағдаршам ұнады ма және түсіндіңдер ме? Олай болса маған кім көрсетіп береді?

Ильяс,Әмірхан: өз бағытымыздағы қызыл түсте тоқтаймыз, сары түсте жүруге дайындалып тұрамыз, ал жасыл түсте жүреміз.

  • Өте жақсы балалар, сендердің бағдаршам туралы түсінгендеріңізге өте қуаныштымын. Қош сау болыңдар, жолда аман – есен жүріңдер

  • Сау болыңыз, жолыңыз болсын!

  • Сергіту сәтті «Көлік»


Көлік кетіп барады,

Жан – жағына қарады.

Бағдаршамда қызыл жанғанда,

Көлік тоқтап қалады.


 Ал енді, балалар, осы көліктермен танысайық.

 Слайдпен суреттер шығады, топқа бөліп түсіндіреміз

1. Әуеде ұшатын көліктер:
   2. Суда жүзетін көліктер:
   3. Жерде жүретін көліктер:


Дидактикалық ойыны. «Бұл қандай көліктер?»

Балалар дайын көлік суреттерін алып жол көлігі,әуе көлігі ,және су

көліктерінің суреттеріне барып үш топқа бөлініп тұрады. Дұрыс жасады ма? екінші топ тексереді. Осылай ойын жалғасады.(Музыка қойылады.)


Мақсаты: көліктердің ішінен суда, әуеде және жерде жүретін көліктерді ажырату. Балалар көліктерді үшке бөліп көрсетеді.

  • Балалар, көліктердің қандай пайдасы бар?

  • Балалар өз пікірлерін айтады.

  • Ал зиянды жағын кім айтады?

  • Балалар пікірі.

  • Қоршаған ортаны қорғау үшін көшелерге не отырғызылады?

  • Балалар жауабы.

  • Көліктерде мәдениеттілікті, әдептілікті қалай жасаймыз? Автобусқа отырғанда?

  • Балалар жауабы.


Бағдаршам туралы кім тақпақ біледі?      

Айханша

- Қызыл  көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары  көзін  ашқанда,

Қарап  қалма  аспанға.

Жасыл  көзін ашқанда,

Өте бергін  жасқанба

- Ал, машина туралы тақпақты кім айтады?

Әмірхан

Үлкен болып өскенде,

         Машина алам менде.

         Бірақ ол үшін әрине,

         Оқу керек күнде.

 «Көлік құрастыру,жапсыру». 

Ал енді,  балалар,  бүгінгі ұйымдастырылған  іс-  әрекетімізді қиылған суреттерді жапсырайық.. Топтағы балаларды Қиылған дайын көлік суреттерін үлгіге қара п,  құрастырады

(көңілді әуен  үнімен  балалар шығармашылық алаңына барады. Шығармашылық  алаңында  жұмыстар жүргізіледі.)


Қорытынды:

-Көліктің қандай түрлері болады?

-Адамға көлік не үшін қажет?

-Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?

-Не құрастырып жапсырдыңдар, балалар?

Жарайсыңдар, балалар!

Осымен бүгінгі  іс- әрекетіміз аяқталды.  Балаларды мақтау-мадақтау.


Қорытынды

  • Балалар біз бүгін не үйрендік?

  • Балалардың жауабы.

  • Үйде аға – әкеміз көлікпен жол жүруші болса не дейміз?

  • «Жолың болсын» дейміз

  • Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

  • Балалардың жауабы.

  • Бізге қонаққа кім келді?

  • Балалардың жауабы.

  • Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңыздар.

  • Жарайсыңдар, балалар. Барлығыңыз жол ережесін сақтап, көліктермен аман – есен жүрейік. Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасамыз. Қош сау болыңыздар!

Нені үйренеді: машина түрлерінің айырмашылығын айтады. Жолда жүру ережесін үйренеді.

Қандай түсініктері игерді: көліктердің түрлері және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: тақпақ айтады, сұраққа жауап беріп, көліктерді топтастыра алады.



«Жолың болсын!»- дейді.
Атам шықса сапарға
«Жолың болсын!»- дейді апам
Апам шықса сапарға
«Жолың болсын!»- дейді олар
Осы сөзден байқадым
Қуат барын, күш барын
«Жолың болсын!»- айтамын,
Алыс жолға шықса кім.
Сау болыңыздар!
Жолдарыңыз болсын!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқу іс – әрекеті: Қоршаған ортамен танысу,жапсыру. Тақырыбы: «Көңілді көліктер»

Автор: Райханова Инабат Сарсеновна

Дата: 31.07.2022

Номер свидетельства: 611403


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства